Біріншілік профилактика

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 15:14, реферат

Краткое описание

Бұл мемлекеттік, медициналық, әлеуметтік, гигиеналық және тәрбиелік іс-шаралардың, стоматологиялық аурулардың алдын алуға, себептерін, пайда болу шарттарын жоюға бағытталған.
1-ші реттік профилактика әдістерін 2-ге бөлеміз:
1. Негізгі:
Толық рацоналды балансталған тамақтану
Рационалды жалпы ережені сақтау
Ауыз қуысының рационалды гигиенасы

Файлы: 1 файл

Біріншілік профилактика.docx

— 57.06 Кб (Скачать)

Одан кейін пародонт тіндерін зерттеуге  кіріседі. Қызыл иекті қараған  кезде оның түсін, беткейін, консистенциясын, тістің сауытына байланысты қызыл иек  бұрышында орналасуын және контурын, өлшемін, қанағыштығын, аурушаңдығын бағалайды.  
 Қалыпты жағдайда қызыл иек бозғылыт – қызғылт түсті, тығыз, біркелкі ылғалды, тісаралық емізікшелер үшкір пішінді, Пародонт ауруларының негізгі симптомдарының бірі қызыл иек қабынуы болып табылады. Қызыл иек қабынуының белгілері : толық қандылық, цианоз, қанағыштық, ісіну. 
 Қараудан кейін қызыл иектің шырышты қабығымен альвеолярлық бөлікті пальпациялайды. Бұл кезде қызыл иек консистенциясын, ауыратын аймақтарды анықтайды, қанағыштық пен патологиялық тіс қалталарынан бөлінділердің бөлінуін бағалайды.

Анықтамасы

Диспансерлеу - бұл тұрғындардың жұмысқа  қабілеттілігін жоғарылату, денсаулықты  сақтау және нығайту мақсатында қажетті  сауықтыруды әлеуметтік, гигиеналық және емдік профилактикалық шараларды  қамтитын, тұрғындарға медико- санитарлық қызмет көрсететін әдіс.

Диспансерлеу- ұзақ уақыт арасында динамикалық бақылауды қажет  ететін кешенді әдіс. Бұл жеке, топтық, әлеуметтік және медико-профилактикалық  шараларды жүргізу арқылы жүзеге асады.

 Диспансерлеудің мақсаты 

Диспансерлеудің мақсаты - тұрғындардың өмірін ұзарту, денсаулығын күшейту  және нығайту, әрі өмір ұзақтығын  жоғарылату болып табылады.

Науқас пен денісау адамдарды  диспансерлеу әдістері бірдей болып  келеді.

Диспансерлеудің міндеттері:

Жыл сайын халықты тексерген  уақытында адамның жағдайы мен  денсаулығын бағалау.

 Дені сау адамдардың, ауруға  деген қауып факторы анықталған  және ауру адамдарға дифференциялды  бақылау жүргізу.

 Тістердің ауруына алып келетін  факторларды анықтау және жою.

 Емдік-сауықтыру шараларды уақытылы  жүргізу.

 Медициналық көмектің сапасын  әрі жақсы нәтижесін жоғарылату. Барлық мекемелерде әр-түрлі маманданған  дәрігерлерді пайдалана отырып  жоспарлы түрде халықты тиімді  тексеруден өткізу үшін жаңа  автоматизацияланған жүйені орнату.

Диспансерлеуді ұйымдастыру.

Диспансерлеу халыққа стоматологиялық  көмек көрсетудудің негізі болып  табылады.

Диспансерлеудің мақсаты ауыз қуысының жане тістердегі ауруларды жою.

Диспансерлеу тұрғындардың ұйымдасуын қамти отырып бірінші кезекте  жас балалардың ауыз қуысындағы ауруларды  емдеу қажет, және балаларда кариестің, парадонт ауруларының және ауыз қуысындағы шырышты қабық ауруларының пайда  болуының себептерін анықтап оның алды алу қажет.

Ауыз қуысындағы жанама жергілікті факторларды жоя отырып, денді  сауықтыру шараларын жүргізу  керек.

Стоматологиялық аурулары бар және ауруға деген қауіп факторы анықталған науқастарды арнайы мамандандырылған дәрігерлер: терапевт-стоматолог, хирург, ортодонт және ортопед осылар диспансерлі  бақылау жүргізеді.

Диспансерлеу негізі  стоматологиялық  поликлиникаларда жүргізіледі.

Диспансеризация екі әдіспен жүреді:

Сауықтыру (санация) – бұл  зақымдалған тістерді емдеу, сақталмайтын тістерді жұлу.

Балалардағы парадонт ауруларын, ауыз қуысының кілігей қабық ауруларын  сонымен бірге ортопедиялық жане ортодонтиялық кірісулер жатады.

Санация түрлері.

1.Жоспарлы сауықтыру.

2.Бірінші реттік немесе кезеңдік, оқтын.

3.Жекеленген, көріну арқылы-бұл  кезде адамның емханаға баруы,  осы сауықтыру екі жолмен жүреді.

Сауықтырудың әдістері:

1.Орталықтандырылған

2.Орталықтандырылмаған

 Орталықтандырылған - бұл емдік  профилактикалық мекемеде жүреді.

 Орталықтандырылмаған – бұл  мектепте, балабақшада, әйелдер кеңесінде,  балалармен жүкті әйелдер стационарлық  стоматологиялық мекемелерде жүргізілуі.

Жоспарлы сауықтыру.

 Жоспарлы сауықтыру- белгілі  бір уақыт аралығында ауыз  қуысын қарау және сауықтыруды  тұрақты жүргізу.

Диспансерлеудің жастық кезеңі.

   Виноградова Т.Ф бойынша  үш диспансерлі жастық кезең  бар:

1)-0-3.

2)-4-6.

3)-7-15.

Әрбір диспансерлі тобы үш кезеңнен тұрады. «Д» әрібімен белгіленеді.

Диспансерлеу уақатының мерзімі:

«Д»-1 (2)

«Д»-2 (3)

«Д»-3 (4)

Балалар мекемелерінде диспансерлеу сатысы:

Ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру.

Диспансерлеуге өту.

Диспансерлеу жүйесіндегі профилактика.

Реабилитация

Стоматологиялық эпидемиялогия

Тұрғындардың стоматологиялық  көмекке қажеттілігін  дұрыс бағалау  үшін, эпидемиялогиялық тексерістерді  арнайы топ тұрғындарда жүргізеді.

Эпидемиялогиялық тексеру көмегімен  келесі негізгі тапсырмаларды  шешуге болады

-негізгі стоматологиялық аурулардың  таралуын және өзектілігін анықтау

-олардың емделуге қажеттілігін  анықтау

-ауыз қуысының санациясының  сапасын орнату

-әр аудандардағы стоматологиялық  аурулардың салыстырмалы анализін  жасау

-емдеу-профилактикалық жұмыс жүргізуге  қажетті күшті және қаражатты  есептеу

Эпидемиялогиялық тексеріс жылына 1-рет өткізіледі және үш кезеңнен тұрады:

дайындық кезеңі

тексеріс кезеңі

нәтижелерді санау және бағалау  кезеңі

Эпидемиялогиялық тексеріс жүргізу  ДДҰ бойынша келесі топтарға бөлінеді:

I топ- 5-6 жас

II топ- 12 жас

III топ- 15 жас

IV топ- 35-44 жас

V топ- 65 жастан жоғары

Эпидемиялогиялық тексеріс жүргізуге  қажет инструменттер:

Пародонтальды зондтар;

Стоматологиялық айна;

Стерильді мақталар мен валиктер;

Инструменттерді стерилизациялауға  арналған заттар;

Дезинфекция жасайтын ерітінділер;

Қолғаптар, маскалар, көзілдіріктер;

ДДҰ-ның тексеріс картасы.

Кариесті емдеуге және алдын  алуға керекті қажеттіліктер:

Кариозды бүліністері бар тұлғалардың  проценті;

Стоматологиялық емдеуді талап  ететін тістердің орташа саны;

Профилактикалық көмекті қажет  ететін тұлғалар саны.

Пародонталдық емдеуге қажетті  тұлғаларды анықтау былай жүргізіледі

Ауыз қуысының жеке гигиенасына  үйрету

Ауыз қуысына кәсіби гигиена  жүргізу

Хирургиялық емге

Кешенді емге

Алдын ала бағалау:

Стоматологиялық статустың көрсеткіш  динамикасы;

Профилактика бағдарламасын  тұрғындар  қалай қабылдағанын бағалау;

Осы бағдарламаға тұрғындардың қатысу дәрежесі.

Аралық бағалау профилактикалық  бағдарламаның модификациясын өткізуге, жақсы прфилактикалық әсерді алуға  бағытталған.

Қорытындыны, бағалауды 5, 10 немесе оданда көп уақыттан кейін  профилактикалық бағдарламаларды  медициналық және экономиклық әсерді есептегеннен кейін алады.

Стоматологиялық профилактиканың  негіздері.

Кешенді стоматологияның дамуы барысында стоматологиялық профилактика бір жүйе ретінде қаланды. Бұл жүйе ауыз қуысының және қоршаған тіндердің патологиялық өзгерістерін болдырмауға және жоюға бағытталған сауықтыру кешенін құрайды.

Стоматологилық ағарту – халыққа өзін өзі бағалау және іс қимылдарының ережелері мен әдеттерін дағдыландыруды қамтитын,  әртүрлі ағартулық жолдарды стоматологиялық аурулардын пайда болу факторларын мүмкіндігінше жою  және стоматологиялық аурулардын қанағаттанарлық деңгейде ұстау мақсатымен ұсынылады.

Стоматологиялық ағартудың  мақсаты – аурудың себебі жайлы білімді ғылыми тұрғыдан негізге ала отырып, халық санасында салауатты өмір салтын жүргізу туралы дағдыларды қалыптастыру.

Стоматологиялық ағарту өзінің негізінде екі негізгі бағытқа сүйену керек:

Профилактика туралы медициналық білімді тарату.

Салауатты өмір салтының ережелері мен әдістерін жүргізуді бағыштау.

Стоматологиялық профилактиканың  әдістері.

Белсеңді әдіс кезінде халық  қызыға қатысады. Әдістің артықшылығы  болып маман мен аудитория  арасындағы байланыс саналады. Олардың  ішіндегі ен нәтижелілеріне сұхбаттасулар  мен дәрістер. Бұл әдістер дәрігерге  тындармандардын  әлеуметтік, кәсіби және жеке дара ерекшеліктерін, олардың  біріншілікті дайындығын, қабылдау дәрежесін  ескеруге мүмкіндік береді. Жетіспеушілігі: аудиторияға әсер ету ұзақтығынын  аз болуы, тындарман санын аздығы,

Халықтың белсенді қатысуын қажет  етпейтін әдіс пассивті. Олардың артықшылығы: медициналық қызметкердің қатысуын қажет етпейді, ауқымды аудиторияға  ұзақ уақыт әсер етеді. Жетіспеушілігі: пациент пен маман арасында кері байланыстың болмауы. Мысалы: жарнама, баспасөз, хаттамалар. Егер оқу әдістемелік  материалдар саны жеткілікті болса, пассивті әдіс нәтижесі жоғарылайды. 

 

       Стоматологиялық  ағартудың нәтижелілігінін жанама  критерийлері болып халықты стоматологиялық  аурулар профилактикасы жайлы  анкеталарға жауап бері жатады.

Стоматологиялық ағартудың тәсілдері.

Радио

ТВ

Журналдар

Газеттер

Брошюрлар

Стоматологиялық ағарту жұмысы халық санына байланысты  3 ұйымдық деңгейге бөлінеді:

Жалпы 

Топтық 

Жеке

Тұрақты дағдыларды қалыптастырудың  кезеңдері.

Білім

Түсіну 

Көндіру 

Дағды 

Әдет 

Кезеңдері:

      Педагогтар мен стоматлогиялық емес медициналық жұмыскерлермен сұхбаттасулар мен семинарлар жүргізу. Профилактиканың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, оны жүргізетін іс – шаралардың шеңберін, жұмыс көлемін сызу, іске асыруға қажет жоспарлы уақыт пен шарттарды келістіру жатады. Жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешілер мен медициналық қызметкерлердің ролінің маңыздылығын түсіндіру. Олардың араласуынын  маңызын түсіндіру және жүргізілетін жұмысқа қызықтыру,  педагогтардың сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру. Ата-аналармен сұхбаттасу. Ата-аналардың алдында сөз сөйлеу қызықты иллюстрациялар мен слайдтарды қолдана отырып жүргізілуі керек. Екі міндетті шешу керек: 1) балалардың денсаулығынын жағдайы туралы ата-аналарын толғандыру 2) профилактикалық іс шараларды жүргізу мен қолдауға шақыру, қызықтыру. Бірінші міндетті шешу үшін ата аналардың назарын тіс аурыларының әкелетін күрделі, әрі жағымсыз болжамдарына аудару керек. Бұндай фонда профилактиканың мүмкіншіліктері туралы мағлұмат жақсы қабылданып, ата аналарды балаларының денсаулығы жайлы жауапкершілігі көбееді. Қорытындылай келе, ата аналарды ауыз қуысының мүшелерінің ауруларының профилактикасында белсеңді қатысуына шақыру қажет.

 

Балалармен денсаулық сабақтарын жүргізу 

Балаларды ауыз қуысының тазалығына 2 – 4 жастан жүргізу керек. Осы топтың психологиялық екершеліктерін міндетті түрде ескеруді ұмытпаған дұрыс. Еліктеуге немесе коллективпен жұмыс  істеуге бейімділік. Осы жас тобындаға  балаларды көндіру мүмкіндігі жоғары және оны қолдану қажет. Осы жастағы  балалар тобына 15 – 20 минуттық 7  сабақ жүргізген дұрыс. 1 сабақ  – баланың ауыз қуысын айна мен  шпательді қолдана отырып қарау. 2 сабақ – баланы тамақтанған  сон ауыз қуысын шаюға үйрету. 3 –  тіс щеткалары, оларды қолану мақсаты  туралы айтып беру, модельле демонстрациялық  үлгіде тіс щеткасын қолдану әдістерін  көрсету. 4 –  баларды тіс щеткасымен тазалауды жақ модельлерінде  жасата отырып уйреті, дағдыларды бағалау. 5 – тісті тіс сықпасын қолданбай  тазалау, дағдыны бағалау. 6 –  таңертен және кешке  ата – анасының бақылауымен  тісті тазалау. 7 – танертен және кешке ата – анасынын бақылауымен  тісті тіс пастасын  қолдана  отырып тазалау.

Ауыз қуысының гигиенасы – ауыз қуысының мүшелерінің жағдайына  және стоматологиялық аурушандыққа қарамастан барлық адамдар арасында жүргізілетін  басты профилактикалық  іс – шара, сонымен қатар адам жеке басының гигиенасының маңызды  бөлімі.

Ауыз қуысының гигиенасы өзінде профилактикалық этиотропты және патогенетикалық  механизмдерін қамтитындықтан бағалы, өйткені гигиеналық негізгі мақсаты  тіс жегі мен пародонт ауруларының  негізгі этиологиялық факторы саналатын  тіс қағын химико- механикалық  жолмен жою болып табылады.

Ауыз қуысының жеке гигиенасының құрал  заттары:

Негізгі заттар:

 тіс щеткалары;

 тіс сықпалары.

 қосымша заттар:

 тіс тазартқыштар;

 тіс жіптері (флоссы);

 тіс стимуляторлары;

 ершиктер;

 ирригаторлар;

 тілге арналған щеткалар.

Тіс щеткалары

Тіс және қызылиек беткейінен тіс  қағын механикалық жою тіс  щеткасының көмегімен жүргізіледі.

 

 

Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасының арғы тегі қайдан екенін білесіздер ме?

Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай  уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” деп аталған. Бертін келе тіс щеткасын 1498 жылы Қытайда шошқа терісінің қылшығынан жасаған. Оны саудагерлер Еуропаға әкелген. Бұл кезде Еуропада жылқы жалынан және борсық терісі қылшығынан жасалған тіс щеткасы қолданыста болған. Уақыт өте келе бұл щеткалардың бірі қатты, ал екіншісі тым жұмсақ болғандықтан, 1938 жылы АҚШ-ң “Дюпон” фирмасы нейлон талшығынан жасалған тіс щеткасын дайындайды. 1938 жылы 24 ақпанда Арлингтонда (Нью Джерси штаты) алғашқы нейлон өнімі-тіс щеткасы сатылысқа түсті

Сөйтіп 1961 жылы АҚШ-та электрлі тіс щеткасы қолданысқа енді. Яғни қолданып жүрген тіс щеткамыздың тарихы осындай екен.

Тіс щеткасын  қажетіне сай қолдана  отырып, максимальді  эффектілі мақсатпен  ойдағы нәтижеге жету үшін щетканы  таңдағанда

 өлшеміне;

 формасына;

 стоматологиялық және гигиеналық  дәрежесіне  көңіл бөлген жөн. 

Қазіргі замандағы тіс щеткалары  әртүрлі, алайда белгілерінің қатары бойынша  оларды 5 негізгі топқа жіктеуге болады:

1.  Щетканың түрі бойынша:

 табиғи;

 синтетикалық.

 2. Щетканың қаттылығына байланысты:

 өте жұмсақ;

 жұмсақ;

 орта жұмсақтылық;

 қатты;

 өте қатты

3. Жұмыс бөлігінің өлшемі бойынша:

 балаларға арналған;

 жасөспірімдерге арналған;

 ересектерге  арналған;

 біршумақтық;

 арнайы тағайындалған.

4. Іске қосу әдісі бойынша:

 мануальді;

 автоматты.

 5. Тағайындауына орай:

 стандартты;

 ортодонтты;

 арнайы тағайындалған.

Тіс щеткасы 2 негізгі элементтен тұрады:

Информация о работе Біріншілік профилактика