Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:46, реферат

Краткое описание

Алғаш рет турист сөзі ағылшын тілінде 19 ғасырда пайда болды және ағылшын тілінен аударғанда өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін сапарды іске асырушы тұлға. БҰҰ анықтамасы бойынша турист – ол бір түнге немесе бір жылға келуші тұлға болып саналады.
Туризм – салыстырмалы түрде жаңа феномен болып табылады, бірақ тамырлары ұзақ жылдарға кеткен. Туризмнің тарихы – бұл туризмнің уақытша периодталануы.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................
1. Сервистік қызметтің қалыптасуы мен дамуы........................................
Сервистік қызметтің табиғаты мен сипаты..........................................
Сервистік қызмет адам қажеттілігін қанағаттандырудың формасы ретінде.........................................................................................................
Сервистік қызмет көрсету сапасы............................................................
Туризм саласындағы сервистік қызмет көрсетудің орны мен ерекшеліктері............................................................................................

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Жамбыл облысындағы туризмнің жаму болашағы.doc

— 359.00 Кб (Скачать)

Туристік саяхат мотивіне байланысты қалыптасқан қажеттіліктер, өз кезегінде келесі түрдегі тұтыну құнымен қанағаттандырылады:

-         біріншіден,  адам еңбегінің өніміне  жатпайтын тұтыну құны, табиғатпен дайын күйінде беріледі;

-         екіншіден, бұрын жұмсалған және қазіргі кезде тауарлы нысанды қабылдамайтын, әсіресе туристер үшін, адам еңбегінің онімі болып табылатын   тұтыну   құны.    Мәселен,   сәулеттік   кешендер       мен ансамбльдер және т.б.

-         үшіншіден, турист тегін колданып жүрген дене және затталған еңбектің үнемділік шығын ретіндегі тұтыну құны. Мәселен, қаладағы коммуналдық шаруашылықтағы дамуын қажет ететін еңбек шығыны және т.б.

-         төртіншіден, тауар немесе ақылы қызмет ретінде көрінетін тұтыну құны.

Сәйкесінше, туристік қажеттіліктің қанағаттандырылуы бір жағынан, ақылы қызметтер мен тауарларды сатып алуды қажет етсе, ал екінші жағынан тауар түріндегі емес, игіліктерді тұтынуды білдіреді. Осы игіліктерді төлеу, ақылы қызметтер мен тауардың жиынтығын сатудың өзгертілген нысанында жүзеге асырылады, сондай-ақ, бұлардың багасының құрамына «таза» (тауар нысанындағы емес) тұтыну құнын төлеуді жатқызсақ, ал оларды тегін пайдалану - бұл байланыс пен қатынастардың елес нысандары ғана болмақ. Туристік қызмет индустриясының ақылы қызметтерінің бағаларының бір бөлігі болып табылатын туристік рента, олардың орын алуының нәтижесі болып табылады.

Ақысыз болып көрінетін туристік қызметтер туристік қызметтер индустриясында өндірілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығын арқылы өзіндік құндық бағасын алады. Осылайша, жолдама құны демалушының туристік саяхатта болған әрбір сағаты үшін, белгілі бір ақша сомасының шығынынан тұрады.

Турист тұтыну процесінде саяхаттау фактісімен. байланысты да, үйінен тыс жерге сапарға шығумен байланыссыз да туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай шығындарын жұмсайды. Саяхаттау барысында туристік индустрияның (көлік, баспана, қоғамдық тамақтандыру және т.б.) қызметтеріне шығындарды жұмсай отырып, турист өзінің тұрғылықты жеріндегі шығындарын асыра түседі. Туристің саяхаттауда жұмсаған шығындары отырықтанған еліндегі шығындарымен бірдей немесе егерде, бағаның айырмашылығын ескеретін болсақ, одан да аз болуы мүмкін. Шығындардың артық жұмсалуы туристік тұтынудың беделділік факторына байланысты болуы сирек кездесетін жағдай емес және осындай жағдайда туристік қызмет аясындағы табыс пен шығыс мәселесі шиеленісе түседі.

Уақыт бойынша туристік тұтынуға сипаттама бере отырып, оның өзіндік ерекшеленетін жағдайлары орын алатындығын байқаймыз. Мәселен, туристің тұрғылықты жеріндегі саяхаттауға қажетті тауарларды (автомашина, арнайы жабдықтар және т.б.) сатып алуы және оны тұтынуы ұлттық тұтынудың бір бөлігін құрайды. Ұлттық рыноктан тауар неғұрлым көп сатып алынса, саяхат кезіндегі шығындар да соншалықты салыстырмалы аз болатындығы анық. Мұнда тұтыну алдындағы шығындардың жұмсалуын сөз етеміз. Ендігіде, саяхат уақытымен сәйкес келетін міндетті туристік тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығыны жұмсалады. Тұтынудың осы түрі толығымен туристік типке жатады. Ал енді, келешекте тұтынатын тауарлардың шығыны демалыс орындарында жұмсалады. Мұнда сатып алған кейбір тауарлардың тұтынылуы туристің тұрғылықты жерінде басталады.

Уақыт аспектісіндегі туристік тұтыну, туристік ұйымдардың туристік кірісі мен шығысына байланысты қалыптасады. Туристік шығындарды саяхатқа дейінгі сатып алынған тауарлар мен қызметтердің және ағымдағы тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарының сомасының қосындысы ретінде қарастырған жөн.

Туристік тұтынуы процесі уақытпен шектелетіндігін айта кеткеніміз жөн.

Туристің қолдағы бар қаржысын шығындау қабілеті уақытпен шектеледі және де мұнда олар қызметті тұтыну уақытымен үлкен дәрежеде, ал тауарларды тұтыну уақытымен аз дәрежеде лимиттеледі.

Тауарларды тұтыну кезінде тауарлардың ұсынысымен, баға деңгейімен, кеден ережесімен және валюталық квоталармен байланысты шектеулерді ескеру қажет. Осы шектеулердің бірқатары қызметті тұтыну үшін де сәйкес келеді. Қызметті тұтыну процесінің өзі ұзақ кезеңге созылады, сондықтан да кызметті тұтыну ең алдымен уақытпен лимиттеледі, тұтыну мүмкіншіліктері шектеледі. Осыған байланысты туристік ұйымдар қызмет ету уақытын мейлінше азайту бойынша, әсіресе туристің нақты тұтыну орнына қозғалысымен байланысты және күту уақытының шығынын қысқартумен байланысты түрлі шараларды қолданады.

Туристік тұтыну әрі кешенді, әрі ерекшеленген болып келеді. Кешенді, себебі ол туристің тұрғылықты жерден тыс жүргендіктен оның жиынтық тұтынуын қанағаттандыруынан тұрса, ол ерекшеленген, себебі ол тұрғылықты жердегі тұтынуынан құрылымы бойынша ерекшеленеді.

Тұрғылықты жердегі және туристік саяхаттау кезіндегі тұтыну құрылымының салыстырылуы ең алдымен, көлік қызметін пайдалану бойынша шығынның - 3-4 есеге және қоғамдық тамақтандыру қызметін пайдалану бойынша - 4-5 есеге артатынын көрсетеді.

Туристің тұтынуының кешенді сипаттамасы саяхаттау кезінде белгілі бір тауарлар мен кызметтерді сатып алу қажеттілігін айқындайды. Сондықтан да, туристік тұтыну мен сұранысты басқару үшін туристік тұтынуды құрайтын, бірін-бірі ауыстыратын және бірін-бірі толыктыратын тауарлар мен қызметтердің есебін кешенді тұрғыдан қарастыру қажет.

Туристік қызметтер аясы іскерлік кездесулерді, тапшы және сирек кездесетін тауарларды сатып алуды ұйымдастырады. Сондай-ақ, туристік қызмет нарығы мемлекеттің, өңірдін, қаланың әлеуметтік және ұлттық ерекшелігін сипаттайтын табынушылық және культурологиялық бағыттағы айрықша тауарлар мен қызметтерді сатып алуын шектеп қана енгізеді. Бұл тұрғыдан алғанда, туристік тұтыну мен сәйкесінше туристік қызмет нарығы ерекше культурологиялық сипатта болады.

Туристік қызмет аясындағы айырбас процесін ерекшелендіретін мезет -ішкі және сыртқы рыноктардағы туристік қызметтің өтімділігі (сатылуы).

Мазмұны жағынан туристік қызметтердің өтімділігі сұраным мен ұсыным, факторларына, рыноктағы қызметтің көрсетілуі және тұтынылуы жағдайларына байланысты қызметтердің бәсекелік артықшылығын білдіреді.

Қызметтердің тұтынушылармен бағаланатын қасиеттері көп болған сайын, олардың өтімділік деңгейі соғұрлым жоғары. Өтімділік деңгейі, өз тарапынан талғамдардың ұқсастығынан, табыстардың деңгейінен, қажетті болу дәрежесінен және де туристік қызметтің ерекшелігінің сақталуына деген талаптардың қойылуынан т.с.с байланысты.

Бүгінгі таңда туристік қызмет өтімділігі құшағының жайылуы ақпараттық технологиялардың таралуына байланысты. Әдеттегі рыноктық кеңістік екі жақтан көрінеді: шынайы рыноктық кеңістік және виртуальды рыноктық кеңістік. Соңғысы туристік қызмет өтімділігін жоғарылату факторы, клиенттердің уақыттарын үнемдеу, оларға тез және ыңғайлы қызмет көрсету мүмкіндігі ретінде байқалады. Ақпараттық технологиялар қызметтердің ұсынушылары мен тұтынушыларын жақындатады. Ақпараттың түрлі материалды иегерлерінің пайда болуы қоғамдағы тазалай жекеше өзара ара-қатынасты арзандатады, қарқындатады және тездетеді. Дегенмен де, ҒТП -пен ұсынылатын қызметтердің мүмкіншілігі тікелей ара-қатынас және субъектілердің араласуымен мүмкін қызметтер аясына толық эквивалент бола алмайды.

Мұндағы айта кететін негізгі ойымыз дифференциалданған игіліктерді қандай да бір сипаттамалар пакетімен (жиынтығымен) бейнелеуге болады, және де қызметтің арнауы тұтынушылардың таңдауына сәйкес келу дәрежесі жоғары болған сайын, қызметтің рынокта сатылу дәрежесі соғұрлым жоғары болатындығында. Осы сөйкестікке қол жеткізу үшін клиенттердің қажеттіліктерінің жүйесі мен серпіні туралы білудің маңызы бар. Оған қоса қызметті сататын адамның бойында қызметті көрсете алу қабілеті мен мүмкіндігі болуы шарт. Қызметті корсетудегі басты буын (негізгі капитал) -бұл   адами капитал.

Рыноктағы ынтымақтастық пен бәсеке жағдайында жұмыс істейтін қызмет салаларының (қонақ үйлер, көлік кәсіпорындары және т.б.), олардың рыноктарының және тұрғын халық пен қоршаған ортаның өзара әрекеттесе байланысуы еліміздің дамуына әсерін тигізеді. Рынок онімдерге жоғары талаптар қоя отырып, туристік қызмет салаларының жұмысын ынталандыра, олардың өнім сапасын арттырудағы жеке мүдделілігін қамтамасыз етеді. Кіріс алушы салалар тұрғылықты халықтың тұрмыс деңгейінің артуына әсерін тигізетіндіктен, олардың арасында жағымды пікірі мен козқарасы қалыптасады, ал ол өз кезегінде, қонақжайлылыққа кепілдік бере, инновациялық туристік жобаларлардың жүзеге асырылуын жеңілдетеді.

 

2.1   Туризм саласының Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайын талдау

 

        Соңғы кездері шетел туристтердің Қазақстан Республикасының туризм саласына қызығушылығы арта түседі. Бұл саланың дамуы ең біріншіден республиканың географиялық орналысуымен және туризм маршрутының үлкен потенциалының болуымен айқындалады. Қазақстанның туристік тартымдылығы ең алдымен табиғи зоналарымен, қорықтармен және әлем деңгейінде тарихи – мәдени қонақжайлығымен ерекше.

       Бұл ресурстарды ұқыпты қолдануы тәжірибе тұрғыда қарағанда бүкіл туризм түрін дамытуға әкеледі.

 

    Кесте 1 . Қазақстан Республикасы бойынша  туристік фирмаларлың туристтерге көрсетілген қызметтер, барлығы.

 

Көрсеткіш

2009жыл

2010жыл

+ : -

%

Ақмола

40726

58448

17722

143

Ақтөбе

8082

8176

94

101

Алматы

11144

18655

7511

167

Атырау

5863

8151

2288

139

Батыс Қазақстан

3181

5333

2152

167

Жамбыл

4286

1761

-2525

41

Қарағанды

13704

14958

1254

109

Қостанай

7889

7723

-166

97

Қызылорда

467

765

298

163

Маңғыстау

12703

16445

3742

129

Оңт.Қазақстан

5355

6103

748

113

Павлодар

9863

13465

3602

136

Солт.Қазақстан

4718

6283

1565

133

Шығыс Қазақстан

22533

22311

-222

99

Астана

28734

38082

9348

132

Алматы

168165

232678

64513

138

ҚР бойынша

347413

459337

111924

132

 

Жоғарыдағы кесте 1 талдайтын болсақ,  Ақмола облысында туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 40726 адамға қызмет көрсетілген, ал 2010 жылы дәл сондай көрсеткіш 58448 адамды құрады, яғни 17722адамға көбейді немесе 143% құрады. Ақтөбе облысында туристік фирмалардың туристерге көрсетілген  қызметтер 2009 жылы 8082 адамды құраса, ал 2010 жылы ол көрсеткіш 8176 адамды құрады,  яғни 94 адамға көбейді немесе 101%. Алматы облысында туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 11144 адам, ал 2010 жылы 18655 адам құрады, яғни 7511 адамға көбейді немес 167%. Атырау облысында туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 5863 адамды құрады, ал 2010 жылы олкөрсеткіш 8151адамды құрады, яғни 2288 адамға көбейді немесе 139%. Батыс Қазақстанда туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 3181 адамды құрады, ал 2010 жылы ол көрсеткіш 5333 адамды құрады, яғни 2152 адамға көбейді немесе 167%. Жамбыл облысындағы туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 4286 адамды құраса, ал 2010 жылы 1761 адамды құрап отыр, яғни 2525 адамға кеміді немес 41%. Қарағанды облысында туристік фирмалардың  туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 13704 адам құраса, ал 2010 жылы 14958 адам құрады, яғни 1254 адамға көбейді немесе 109% құрап отыр. Қостанай  облысында туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 7889 адам құраса, ал 2010 жылы ол 7723 адам құрап отыр, яғни 166 адамға кеміді немесе 97 % құрады. Қызылорда облысында туристерге көрсетілген қызметтер  2009 жылы 467 адам құраса, ал 2010 жылы 765 адам құрап отыр, яғни 298 адамға көбейді немесе 163%. Маңғыстау облысында туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 12703 адам құраса, ал 2010  жылы 16445 құрап отыр, яғни 3742 адамға көбейді немесе 129%.  Оңт.Қазақстан облысында туристерге көрсетілген қызметтер 2009жылы 5355 адам құраса, 2010 жылы 6103 адам құрады, яғни 748 адамға көбейді немесе 113%. Павлодар облысында туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 9863 адам құраса, ал 2010 жылы 13465 адам құрады, яғни 3602 адамға  көбейді немесе 136%. Солт.Қазақстан облысында туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 4718 адам құраса, ал  2010 жылы ол көрсеткіш 6283 адам құрады, яғни 1565 адамға көбейді немесе 133%. Шғыс Қазақстан облысында туристік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 22533 адам құраса, 222 адамға кеміді немесе 99%.  Астана қаласындағы рутистік фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 28734 адам құраса, ал 2010 жылы 38082 адамды құрады,яғни 9348адамға көбейді немесе 132%.Алматы қаласындағы туристік  фирмалардың туристерге көрсетілген қызметтер 2009 жылы 168165адамды құраса, ал 2010 жылы ол көрсеткіш  459337 адамды құрады, яғни 111924 адамға көбейді немес 132% құрады.

 

Кесте 2 ҚР бойынша туристік фирмалардың ішкі туризмде туристтерге көрсетілген қызметтер

Информация о работе Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы