Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:46, реферат
Алғаш рет турист сөзі ағылшын тілінде 19 ғасырда пайда болды және ағылшын тілінен аударғанда өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін сапарды іске асырушы тұлға. БҰҰ анықтамасы бойынша турист – ол бір түнге немесе бір жылға келуші тұлға болып саналады.
Туризм – салыстырмалы түрде жаңа феномен болып табылады, бірақ тамырлары ұзақ жылдарға кеткен. Туризмнің тарихы – бұл туризмнің уақытша периодталануы.
Кіріспе.............................................................................................................
1. Сервистік қызметтің қалыптасуы мен дамуы........................................
Сервистік қызметтің табиғаты мен сипаты..........................................
Сервистік қызмет адам қажеттілігін қанағаттандырудың формасы ретінде.........................................................................................................
Сервистік қызмет көрсету сапасы............................................................
Туризм саласындағы сервистік қызмет көрсетудің орны мен ерекшеліктері............................................................................................
Туристік рынок бірегей қызмет рыногының компоненттерінің біреуі ретінде қарастырылады, ал туристік қызмет жалпы қызметтерге тән және олардан ерекшеленетін қасиеттерге ие.
Туристік қызмет аясындағы экономикалық әрекеттер, туристік қызметтің ұсынылуы мен айырбасы, оның құндылығы және теориялық тұрғыдан маңызды басқа да құбылыстар «әдеттегі» тауарлардан ерекше түрде қалыптасады. Мұндағы осылайша қалыптасатын рыноктық қатынастардың ерекшеленуі көрсетілетін қызметтердің затсыздығына ғана байланысты емес, ең алдымен экономикалық субъектілердің туристік қызметті ұсынуы мен тұтынуындағы ара-қатынастарының тазалай жекеше сипат алуымен байланысты[11].
Туристік қызметтің табиғаты, өзінің техника-ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттамасы жағынан материалдық игіліктен ғана емес, басқада көптеген қызметтерден түбегейлі ерекшеленеді. Қызметтердің осы секторынан туристік қызметті мынадай біркатар ерекшеліктері оқшаулайды:
- пәндік нысан туристік қызметке тән сипат емес және ол материалдық өнім құнына айналмайды, сатып алушы тұрғысынан туристік тұтыну - бұл туристік елес. Туристік қызметтің осы сипаттамасы туризмнің қалған барлық өзіндік ерекшеліктерін және оның экономикасын қалыптастырады.
- қызметтердің барлық түріне сезілмейтіндігі, ұсталынбайтындағы мен бейматериалдық сипаттамалары тән және ол туристік қызмет үшін айрықша көріністе болады. Тұтынушыға өзінің не сатып алып жатқанын қарастыруы, бағалауы өте қиын, ол сатушыға жай ғана сеніп, үміт артады. Осындай қиыншылық сатушының өзінде де туады, себебі ол алдын-ала туристік қызметтің пайдалы әсерін тұтыну касиеттері туралы беймәлім болады. Туристік оператор мен туристік агент саяхатшы мен туристің көңіл - күйіне байланысты болатын армандарды сатады. Туристік кызметтің қасиетін басқа тұтынушылардың пікірі негізінде және жарнаманың көмегімен бағалауға болады. Тұтынушы қызметтің осы түрін сатып алғаннан кейін, өзінің қажеттілігінің қанағаттандырылу дәрежесін заттай дәлелдей алмайды, тек өзінің субъективті ойлауына сүйенеді, яғни алған әсерімен, сезімімен, білімімен шектеледі. Туристік қызметтің тап осы сезілмейтіндік қасиеті оны стандарттау мен пайдалы әсерін өлшеу мәселесін шешуді күрделендіре түседі, демек сәйкесінше туристік қызметтің сапасын бақылауда да біршама қиындықтар туғызады.
- «Ыдырату» қабілеті бар, негізінен «таза қызмет» (адамға тікелей
бағытталған) басымдылық ететін туристік қызметтің ерекшелігі болып
сипаттамалардың түрленуінің анағүрлым кең спектірі көрінеді. Мәселен,
туристік өнім түрліше берілетін артықшылықтар негізінде таңдалып, жеке,
жаппай, жанұялық туризм, рекреациондық, іскерлік, коммуникациялық және
т.б; автотуризм, теңіздік, круиздік туризм, жаяу туризмі, «шаруа
ауласындағы», «екінші пәтердегі», «таймшерлер» және т.б секілді
сипаттамалар бойынша саралануы мүмкін. Дж. Б. Кларк «Байлықты бөлу»
атты еңбегінде австриялық мектептің шектелген пайдалылық теориясын
қарастыра отырып, «пайдалылықтың шектелген үстелуінің» бастапқы
түсінігіне айтарлықтай түзетулер енгізді. Мәселен, маржиналистерде
осындай үстелулер игілікке қосымша бірлік қосуымен байланысты болды.
Кларктің көзқарасы бойынша тұтынудың шектелген үстелуі мен таңдап
алынуы жеке субъектілердің қандай да бір игіліктің сапасына артықшылық
берумен байланысты. Сондықтан да, ол игілікті пайдалылық жиынтығы
ретінде қарастыра келе, тұтыну қасиетін «ыдыратуға» тырысады.
- туристік кызметтің сақтау, жинақтау қабілетінің болмауы, оның және бір
ерекшелігі болып табылады. Ол туристік қызметтің кеңістік пен уақыт
бойынша өзгеретін сұранысқа бейімделуінде туындайтын қиыншылықтарда
байқалады: туристік маусымның соңында әуежай, қонақ үй және басқа да
қызметтерді басқа өңірге ауыстыруға болмайды.
Қызметтердің сақталмауы қызмет өндірісінің ерекше нысанын «тұтыну өндірісінің» нысанын құрайды. Мұнда тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін бағаламай тұрып, қызметтің құнын алдын-ала төлейді. Бұл тұтынушылардың қызметті өндірушілерге деген сенімдерін арттыру және қызметті кең көлемде насихаттауды -қажет етеді. Сондықтан да, туристік қызметті ұсынушылар тарапынан сұраныс пен ұсынысты теңестіруі бойынша ерекше шаралар қолға алынады: сарапталған бағаны бекіту, жеңілдіктерді қолдану, алдын-ала тапсырыс беру жүйесін енгізу, қызмет көрсету жылдамдығын арттыру, персонал қызметтерін қоса атқару . Шетел әуе компаниялары, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, сұраныстың өсуі мен құлдырау кезеңдерін анықтап, осының негізінде құлдырау кезеңіндегі сапарлар үшін ынталандыру жүйелерін әзірлеген .
Біз бұған дейін өндірісі мен бөлінуі тұтынушыдан бөлек іске асатын тауардан ерекшеленетін қызметтің, өндіруі мен тұтыну тұтастығын атай кеткен болатынбыз. Яғни, қызметтер тек тапсырыс келіп түскеннен немесе клиент келгеннен кейін корсетілетіндіктен, олар жинақталмайды және қызметтік айырбас тұтыну өндірісі - симбиоз жүйесінде жүзеге асырылады. Бұл өткізу қызметінің дамуына шектеулер қояды. Туристік қызмет аясындағы өткізу бөлімшелері шын мәнісінде насихат пен жарнама органдарымен түйіседі, ал олардың қызметі әртүрлі тұтыну сегментіндегі қызметтерді өткізуді ынталандырумен шектеледі[12].
Осыған орай, қызметті сатушы болып табылатын қонақ үй, мейманхана және т.б менеджерлері нақты уақытта көрсететін қызмет үшін қажетті персоналдар саны мен жабдықтар, материалдар мен қорлардың жеткіліктігін қамтамасыз етуі қажет. Қызметтерді алдын-ала көрсетуге болмайтындығына қарамастан, керек кезінде оларды көрсету мүмкіншілігі алдын-ала дайындалуы қажет. Мұндай мүмкіншіліктерді маусымдық және басқа да факторларға қарамастан, анағұрлым нақты жоспарлап қамтамасыз ету керек.
Туристік қызметтің болуы және оның қалыптасуы мен тұтынуының тұтастығы туристік қызмет аясын тұтынушылар мен өндірушілердің жеке байланыс аясына айналдыратындықтан, туристік қызмет кәсіпорындары клиенттермен қатынаста болатын персоналдарды дұрыс таңдау және оларды оқыту, көрсетілетін қызметтің сапасын камтамасыз ету, туристік қызметті дараландыру және кеңейту секілді міндеттерді орындай отырып, клиенттерді баулуға тырысады.
Қызмет өндірісінің (сатылуы) алдын-ала төленуін (алдын-ала төленетін туристік жолдамалар, туристердің өмірі мен жүктері үшін сақтандыру қорына жасайтын аударымдары) білдіретін туристік қызмет төлемдерін авансылау жүйесі кеңінен тарағандығын атап өту маңызды. Мұндай қаржыландыру жүйесі осы аяның айналым қорының негізгі көзі болып табылғандығымен, бүл тиімділіктің төмендеуіне еңбек қызметін ынталандырудың бұрмалануына, қызметті ұсынушы мен тұтынушының ақпараттық ассиметриясына алып келуі мумкін.
- тұтынушы туристік қызметтің сатушысына байланысты болады. Осы жерде туристік қызметтің табиғаты жалпы алғанда кешенді екендігін айта кету қажет, яғни туристік кәсіпорындар осы рыноктың тапсырысын жоғары деңгейде қанағаттандыратын көптеген фирмалармен тығыз байланыста жұмыс істеуге мәжбүр. Осы делдалдардың әрқайсысы атқаратын жұмысының әдісімен, коммерциялық мақсатымен, көрсетілетін қызметтің сапасымен және өзіндік қажеттілігімен ерекшеленеді[10]. Сондай-ақ, кішігірім кемшілік болған жерде, жоғары сапалы туристік қызмет көрсету мүмкін болмайды, себебі туристерге көрсетілетін қызметтер осы ұсақ-түйектен тұрады. Туристік қызметтердің атқарылатын көп қызметтерден тәуелді болуы, бір немесе екі критериесі тұрғысынан, туристік қызметтер аясы үшін жетілдірілген жіктеуді ұсынуды күрделендіреді.
Туристік қызметті тұтынушы (сатып алушы) қандай да бір қызметті қабылдауға дайын болмауы және де осылайша алғашқы салынған субстанцияны бұзуы мүмкін. Мұнымен қатар қарсы қызмет, яғни тұтынушыға зиянын тигізетін, оның өміріне ірікті салатын әрекеттер де қызметтік мазмұнын жоғалтады. Мұндай жағдайлар санаторлы-курорттық жерлердегі қызмет етуде және антитуризмнің (адамдардың оз еріктеріне қарсы шекарадан өткізу) орын алу кезінде кездескен.
Туристік қызмет аясының ерекшеліктерінің және бір түрі - қызмет көрсету, туристік қызметті ұсынушы мен тұтынушы арасында мүліктік қатынастардың өзгеруі мен меншік құқығының ауысуымен ілеспейтіндігі. Әрине бұл, сатудан соң көрсетілетін қызметті ескермегендегі, меншік құқығының ауысуымен ілесетін материалды игілік - тауардың сатылуынан ерекшеленеді, тауарды сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынас, әдетте, сатудан соң аяқталады.
Баршамызға мәлім, меншік құқығы дегеніміз - тұлғаның зат үстінен абсолютті өктемдігін білдіретін абсолютті «заттық» құқығы, затты иемденуге, пайдалануға мүмкіндік беретін тұлғаның негізгі құқығы немесе зат жөніндегі қатынас. Меншік құқығын берудің орын алмауының негізгі себебі, тұтынушының туристік қызметті сатушыдан тәуелді болуынан көрінеді, яғни сатушының қатысуынсыз туристік қызметті тұтыну не болмаса пайдалану мүмкін емес. Мәселен, егер де турист туристік оператордың немесе агенттің қызметін пайдаланатын болса, онда ол жолдамамен бірге сәйкес көлік түрімен мақсат еткен жеріне дейін жетіп алу құқығына, белгілі бір орналастыру орнында өмір сүру және мейрамханадан тамақтану құқығына, қатысу бағдарламасына енетін мұражайлар мен басқа да көрікті жерлерді аралау құқығына ие болады, бірақ та туристік жолдамаға енген қызметтің барлык түрінің төлемі туристтің көлік құралдарының, қонақ үйдің, мейрамханалар, мұражайлар мен көрмелердің меншік иесі бола қалғанын білдірмейді.
Кейбір туристік қызметтердің материалдық құндылыққа қатынасы болғандықтан, абсолютті заттық құқық ретіндегі меншік құқығы туристік қызмет көрсететін кәсіпорындар (қонақ үй , тамақтану кәсіпорны, көлік кәсіпорындары, әртүрлі көрікті жерлердегі объектілер) жағында қалса, онда туристік қызметтер аясында салыстырмалы құқық - тұтынушының жауапкершілігіне негізделген, көрсетілетін туристік қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне деген тұтынушының құқығы, сондай-ақ, тұтынушының орындаушыға қатысты міндеттемелері әрекет етеді. Туристік қызмет, тұтынушыға таңдауды негіздеу және қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде пайдалылықты мейлінше көтеруге мүмкіндік беретін, тұтыну сипаттамасының жиынтығында көрінеді.
Ендігіде, туристік қызметтің тұтыну барысындағы ерекшелігін, тұтынушы туристік қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы орнына алып келінген жағдайда ғана тұтынылу мүмкіндігі туатындығынан көреміз. Сапардың басталу кезеңінен бастап, аяқталғанға дейінгі тұтынудың ерекше түрі -туристік тұтыну орын алады. Туристердің бос уақытын отырықтанған мекен жайында өткізбеуі қандай да бір дәрежеде тұтыну құрылымының қалыптасуын айқындайды. Бұл міндетті, арнайы және қосымша секілді қажеттіліктердің жиынтығын қанағаттандыруды қарастырады.
Туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруда көлік, қонақжайлық және тамақтандыру қызметтері міндетті.
Міндетті қызметті тұтыну туристік әсер жайлы ой, курорттық қызмет пен ойын-сауықтар секілді туристің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырудың алғышарттары болып келеді. Егер де ағымдағы тұтынудың құрамына енбейтін тауарларды пайдалануы туралы әңгіме еткенде, бұл туристің қосымша қажеттілігін қанағаттандыруды ескергендігі. Осыған байланысты Пьер Дефер туристік саланың классикалық үштігіне, яғни «көлік + баспанамен қамтамасыз ету + ойын-сауыққа» көңіл аудара отырып, туристік тұтынудың осы ерекшелігінің туынды мультипликативті әсерін атап өткен[13]. Соған байланысты, бағаның функиялануының кеңістік шекарасы тұрғысынан, туристік тауарлар мен қызметтердің өткізілуі мынадай сипат алады:
- туристің тұрақты отырықтанған елінде әрекет ететін және баға белгіленуінің ұлттық шартын сипаттайтын баға бойынша сатылуы. Осындай баға бойынша машина, киімдер, сондай-ақ ішкі туризмнің қызметтері және т.б секілді саяхатқа қажетті тауарлар мен қызметтер сатылады;
- туристің уақытша қоныстанған елде әрекет ететін түрлі бағалар бойынша сатылуы. Осындай бағамен қосымша қызметтер көрсетіледі;
- әлемдік рынокта әрекет ететін және халықаралық деңгейде еңбектің қоғамдық қажетті шығынын сипаттайтын баға бойынша өткізілуі. Осы бағамен сатылатын халықаралық көлік қызметтері инклюзив-турларға немесе кешенді туристік қызметтерді өткізудің басқа да нысандарына біріктіріледі. Әлемдік рынокта туристік қызметтер, нақты елдің сауда саясаты мен ренталық факторларына байланысты ерекшеленетін бағалармен көрсетіледі.
Әрбір елде туристік тұтынуының ерекше құрылымы қалыптасады. Мәселен, ол баға түрінің нақты деңгейіне, қызмет ету деңгейіне, туристің тұрақты және уақытша қоныстану орындарының арасындағы қашықтыққа және т.б байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар туристің шығын құрылымының айрықша ерекшелігіне алып келуі мүмкін.
Туристік тұтыну процесі уақытша қоныстанған елдің немесе әлемдік баға жағдайымен қалыптасқанымен, тұтынушылар табысының пайда болуы тұрақты отырықтанған елдің шарттарымен реттеледі. Туристік игіліктерді тұтыну барысындағы осындай қайшылық, белгілі бір жағдайда жалпы халықаралық туризмнің дамуына әсер ететін фактор ретінде көрінеді. Сондай-ақ, дамыған елдердегі жалақы мен табыс деңгейінің салыстырмалы жоғары болуы және аса дамымаған елдердегі еңбек сыйымды қызметтер бағасының анағұрлым төмен деңгейі туристік қозғалыс ушін қосымша ынта болып табылады.
Туристің уақытша болған елден қызметтер мен тауарларды сатып ала отырып, тұрақты отырықтанған елдің бағасы мен уақытша қоныстанған елдің бағасын салыстыруы нәтижесінде, баға деңгейі сараланып, салыстырмалы сипатқа ие болады. Яғни, туристің тұрақты тұратын елінде әрекет ететін, ұқсас қызметтер мен тауарлардың бағасынан төмен деңгейдегі бағалар; бағасымен бірдей орта деңгейдегі бағалар; бағасынан жоғары деңгейдегі бағалар, онымен түрліше бағаланады.
Туристік қызмет көрсету құнының арасындағы айырмашылықтар, табыс деңгейі жоғары елдің тұрғындарына туристік қызметті, өз елі бойынша саяхаттауға қарағанда, аса дамымаған елдерде анағұрлым төмен бағамен тұтынуына мүмкіндік береді.
Туристік қызмет саласында болгар маманы С. Обрешковтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесі, туристердің сатып алу қабілеті арасындағы айырмашылықтар, олардың тұрақты тұратын елі мен уақытша қоныстанған елінің экономикалық даму деңгейіне байланысты екеніндігін көрсетті. Мәселен, АҚШ-тан келген туристер Грецияда 401 күнін өткізсе, ал Грецияның туристері АҚШ-та тек 31 күн ғана бола алады екен. Осыған қарап, бір елден басқа елдерге қарай қозғалып жатқан негізгі туристік ағымның бағытына, сондай-ақ жоғары өнеркәсіпті дамыған елдерден сыртқа шығу туризмінің жоғары даму себебіне, мұны өз кезегімен тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастыру орынды деп ескере кете, түсініктеме беруге болады.
Туристік қызметке деген баға деңгейінің айырмашылығы қоғамдық ұлттық қажетті еңбек шығынына байланысты. Кейбір елдерде туризм, олардың өмір сүруінің негізі болғанымен, әлемдегі елдердің көпшілігінде шетел туристерінің нақты қызметтер мен тауарларды тұтынуы, олардың жалпы сатып алуында айтарлықтай үлес алмайды.
Туристердің тұтынуы тегін және ақшаға сатып алынатын игіліктерді қамтиды. Көптеген жағдайларда саяхаттың мақсаттары ақшалай шығындарды талап етпейді, бүл туристік саяхаттың тағы бір ерекшелігі болып табылады. Мәселен, Көкшетаудың көркем мүйісін тамашалау үшін материалдық шығын жұмсаудың қажеті болмағанмен, осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін онда жетіп, баспана мен тамақтану қызметтеріне төлем жасау қажет болады.
Информация о работе Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы