ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 09:11, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі».

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Файлы: 1 файл

Курсовая Талгат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

      2) Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру. Энергетикалық ресурстарды игеру және пайдалану Қазақстанның экономикалық өсуінің аса маңызды ынталандырғышы ретінде көрінеді. Энергетика секторында аса ірі трансұлттық компаниялар мен Қазақстан инвесторларының мүдделері шоғырланған.

      Табиғат ресурстарын пайдалануға қатысты  биліктің ашық саясаты қолайлы инвестициялық  ахуалды сақтауға және нығайтуға  негіз қалайды. Бұл тұрғыда үстіміздегі  жылдың наурызында елімізде болған АҚШ  энергетика министрі С.Бодманның Орталық Азия өңірінің энергетика секторындағы Қазақстанның көшбасшылығын атап көрсетуі кездейсоқ емес. Оның пікірінше, бұған мөлдірлік, тұрақтылық және біздің инвестициялық ахуалдың болжамдылығы негіз болып отыр.

      3) Мемлекеттік активтерді басқару  тиімділігін арттыру. Мемлекет рынокты дамыту қисынын негізге ала отырып, бүгінде нарықтық қатынастардың бір субъектісі ретінде әрекет етеді. Ол экономикалық үдерістерге басқа субъектілермен қатар тең құқылы ойыншы ретінде қатысады, мұның өзі тұтастай алғанда рыноктың мөлдір болуына жәрдемдеседі.

      “Самұрық” холдинг компаниясының құрылуын нақ осы тұрғыдан қарастырған  жөн, ол алғашқы кезеңде бес компанияның  – “ҚазМұнайГаздың”, КЕГОК-тың, “Қазақстан темір жолының”, “Қазақтелекомның”  және “Қазпоштаның” мемлекеттік  үлестерін біріктіреді. Холдингтің басты міндеті – компанияларды басқару жүйесін жетілдіру, олардың бюджеттерінің мөлдірлігін арттыру. Қоғам күткен, ал бастысы – экономикалық қажеттілік талап еткен шара іске асты.

      4) Көлеңкелі экономиканың көлемін  қысқарту. Капиталға және мүлікке рақымшылық жөніндегі бастама экономиканың мөлдірлігін қамтамасыз етудің аса маңызды сәті болып табылады. Бұл ретте, көлеңкелі экономиканың көлемін ескере отырып, ал ол сарапшылардың бағалары бойынша ІЖӨ-нің 22-30%-ына жетеді, бұл мәселенің мемлекеттегі экономикалық саясаттың тақырыбы болудан гөрі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тақырыбына айналғанын түсіну қиын емес.

      Рақымшылық  шарасы көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартып, жинақталған ресурстарды экономикалық даму мақсатына толыққанды пайдалануға негіз жасауы тиіс. Осы арқылы мемлекет қазақстандық бизнеске рыноктың рухы мен нормаларына сай келетін нақты да айқын ойын тәртібін ұсынды.

      5) Жеке меншікті және келісім-шарттарды  қорғау тетіктерін күшейту. Елдің  нарықтық дамуының шешуші белгісі жеке меншікті және бизнес субъектілері қабылдаған келісім-шарттық міндеттемелерді қорғау болып табылады. Жолдауда жеке меншікті қорғауға жәрдемдесетін сот-құқықтық тетіктерді күшейтуге арналған арна нақты көрсетілген [1.2б].

      Өз  кезегінде мемлекет рынок субъектілері өздерінің келісім-шарттық міндеттемелерін сақтауы үшін экономикалық, әкімшілік, тіпті қылмыстық қудалау тетіктерін қоса алғанда барлық тетіктерді пайдалануды мақсат етіп отыр. Бұл тұрғыда мемлекеттің өзі нарықтық жағдайларда өзіңді қалай ұстау керектігінің үлгісін көрсетуде. Ол тәуелсіздіктің елең-алаңында шетелдік инвесторлармен жасасылған келісім-шарттар аясында өз мойнына алған міндеттемелерді орындауға кепілдік береді.

      Әлемнің ең күшті деген елдерімен тең  жағдайда сөйлесе алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жүйесінің мөлдірлігін қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу Президенттің биылғы Жолдауының басты мақсаттарының бірі болып табылады.

 

      1.3 ҚР-ғы шетелдік  инвестициялық саясаттың  дамуы мен оны       жетілдіру  жолдары

      Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының  келуі және олардың тиімділігі инвестициялық  жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі. Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

      Елде  инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту  шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық  климаттың жағдайы дерексіз түсініп емес,керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт,бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық,өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.

           

      1 кесте - Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 

      Фактор  атауы       Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)       әсер  ету белгісі.
1.Бюрократия.

2.Елдегіқаржы-салық режимі.

3.Құқықтық  инфрақұрылым.

4.Қаржы  нарығы.

5.Бөлу  арнасының етіспеушілігі.

6.Саяси  тұрақсыздық.

7.Айырбастау  бағамын реттеу.

8.Заң  шығару тұрақсыздығы.

9.Бұқаралық  ақпарт құралдары.

10.Коррупция.

      6,7

      3,6

      3,1

      4,6

      1,3

      3

      2,8

      3,9

      2,9

      6,1

      -

      +

      +

      +

      -

      -

      -

      -

      +

      -

Қайнар  көзі: Ихданов.Ж.О. Экономиканы мемлекеттік  реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы: Экономика, 2002,153б.
 

      Мемлекетке  қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

       1.Мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

       2.Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

       3.Экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

       4.Инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

       5.Нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

       6.Банктік жүйенің тұрақтылығы;

       7.Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

      Шетелдің  инвесторлары көбінесе жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды. Инвестициялық климат пен инвестициялық тәуекел бір бірімен тығыз байланысты. Егер инвестициялық жағдай қолайлы болса,онда инвестициялық тәуекел аз болады. Ал егер инвестициялық жағдайы нашар болса, онда инвестициялық тәуекел жоғары болады. Мемлекеттің әлеуетті нарықты сипаттайтын көрсеткіш-жалпы ұлттық өнім. КСРО кезінде біртұтас нарықтың әләуетін көп уақыт өте қарастырды және ол инвесторларға негізгі түрткі болып отырды. КСРО ыдырағаннан  кейін әлеуетті инвестор жеке  мемлекеттердің  нарығында жаңа бағыт жасау керек болды. ЖҰӨ көлемі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Түркіменстан алды болды. Демек, әлеуетті инвестор үшін Қазақстан нарығы сипаты бойынша тартымды болды. Инвесторлардың көбі Қазақстанның азиаттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді [2.5б].

      Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн.кв.км) ЕЭО (2,3 млн.кв.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Қазақстан әлемдегі шикі мұнай мен газдың ең ірі өндірушілердің бірі, бірақ үлкен иеленбеген территориялар бар және керекті инвестициялар болған кезде оның барлығы қолданылуы мүмкін. Біздің мемлекетіміз дүниежүзінде қоңыр көмір шығару бойынша екінші, тас көмір шығару бойынша үшінші болып тұр.

      Асыл  түсті және қара металдардың кен  орны алдыңғы 15-20 жылда шығарылатынның потенциалды бағасы 245,7 млрд. АҚШ  доллар немесе жылына 2,4 млрд.АҚШ доллар. Ал, эксплутациондық шығындар 160-180 млрд.доллар болып табылады. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы:көмір бойынша-685,5 млрд.,мұнай-222,5 млрд.АҚШ доллар. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4%-і өңдеуге, 11,1%-і көлік және байланысқа, 56,6%-і тау-кен өндірісіне жұмсалды. Мұның ішінде шетел инвестициясы 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 25,1% болып,  299,5 млрд.теңгені құрап отыр.

      Инвестиция  кәсіпорындар мен өндіріс орындарына,жекелеген  кәсіпкерлерге көп жылға берілетін  капитал екендігін білеміз. Қай  мемлекетте де экономикалық реформалауды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. ҚР-да 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді.Ол ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден бір құқықтық-экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан,кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы»Заң 1997 жылы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да өзге төлемдер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық бағасын жетілдіре түсуде.

      Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз»кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды  қаржыландыру  көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп,қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мекетеп салынды. Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының басты элементі бола отырып, оның мақсаттарымен, міндеттерімен сиптталады. Шетел инвестицияларын тарту мынандай мақсаттарға жетудің негізгі шарты болып табылады:

      - Мұнай саласын жабдықтаудың базасымен қамту,оны өңдеу мен өндіруді алдыңғы қатарлы технологины қолдану;

      - Мұнай-газ кешенінің мекемелерінің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асуы;

      - Мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан валюталық түсімдерді дамытуды қамтамасыз ету.

      1998-2008 жылдар бойынша шетелдік инвестицияның үлестік салмағының артуы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында әсіресе байқалып отыр. Негізгі капиталға инвестиция салу мұнай-газ секторының объектілері шоғырланған облыстарда байқалады: Қызылорда-69%, Маңғыстау-64%, Павлодар-64%. Бес жыл ішіндегі қаржы-экономикалық аймақтар шетелдік инвестициялардың негізіне Маңғыстау (82%) мен Ақтөбе (94%) облыстарындағы шикі мұнай мен табиғи газды өндіру бойынша объектілердің  құрылымына шығындалғанын көрсетеді.

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі