ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 09:11, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі».

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Файлы: 1 файл

Курсовая Талгат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ.......................................................................................................................5

1.1 Қазақстандағы  тікелей инвестицияларды мемлекеттік   қолдау........................5

1.2 Мемлекеттің  экономикалық және инвестициялық  – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар.....................................................................................9

1.3 ҚР-ғы шетелдік инвестициялық саясаттың дамуы мен оны жетілдіру жолдары……………………………………………........……………………...…...13

2 ҚР-ғы ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ .......18

2.1 ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі.......................................18 2.2 Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.......................20

2.3 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................30

 

КІРІСПЕ

      Курстық жұмыстың өзектілігі: Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

      Ал  Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа  ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа  айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуды талап етті.

      Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын  тартуды жандандыру үшін институттық  және нормативтік-құқықтық алғышарттар  жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы  Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда  болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

      Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға  кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

      Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР инвестиция саясатын кең ауқымда қарастыра келе, шетел инвестициясының экономикаға әсерін көрсете отырып талдау.

      Курстық жұмыстың міндеттері:

      - Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдауң мәнін ашу;

      - Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторларн айшықтау;

      - ҚР-ғы шетелдік инвестициялық саясаттың дамуы мен оны жетілдіру жолдарын көрсету;

      - ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейін қарастыру;

      - Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілерін анықтау;

      - Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді кең ауқымда талқылау.

     Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш бөлімнен тұрады.

      Бірінші бөлім «Инвестицияның экономикалық мәні мен инвестиция түрлері» деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау; Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар; ҚР-ғы шетелдік инвестициялық саясаттың дамуы мен оны жетілдіру жолдары;- деген тақырыптар қарастырылған.

      Екінші  бөлім  «ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі» деген мәтінде. Бөлім мазмұнында ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі; Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері; Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу;- деген тақырыптар қамтылған.

       

 

       1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ 

      1.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау

      Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:

      -инвестициялық  қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

      -жеңілдіктері  мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;

      -Қазақстан  Республикасының мүддесін инвесторлар  алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай  мемлекеттік органның болуы.Заңда  тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

      Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым  секторларында тауар өндірісін,жұмыс  пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады.

      Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына  жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

      —Жаңа технологияларды,алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;

      —Жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

      —Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

      —Экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

      —ҚР-ның  шикізат базасын ұтымды және кешенді  пайдалану.

      —Менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

      —Жаңа жұмыс орындарын құру;

      —Жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу;

      —Өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету;

      —Қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

      Басқарупроцесі  үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар  жүйесі басты мәнге ие.

      Соның ішінде,жеңілдіктер жүйесі:бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша  Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

      «Тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»заңды дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

      —Өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары);

      —Өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру);

      —Астана қаласының объектілері;

      —Тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі);

      —Ауыл шаруашылығы;

      Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.

      Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері,капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

      Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар  капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары-мемлекеттен  басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық  қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

      Бірінші жағдайда, инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлеміне-өндірістік негізгі  қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда,инвестор бағалы қағаздардан  дивиденд алу арқылы өзінің қаржы  капиталын ұлғайтады.

      Сонымен қатар инвестициялар тікелей  және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы  «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қорғау» заңы бойынша тікелей  инвестициялар - республиканың тәуелсіздік  кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа  арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

      Инвестицияның негізгі түрлері:

      - Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;

      Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелдік деңгеймен байланысты - венчурлық инвестициялар.

      Кәсіпорынның  өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл  саладағы  іс-әрекеті инвестициялық  іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты  инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

      Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар,тапсырыс берушілер,жұмысты орындаушылар,инвестициялық  іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі