ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 09:11, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі».

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Файлы: 1 файл

Курсовая Талгат.doc

— 404.50 Кб (Скачать)

      Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  4. жер учаскесін алу немесе жалға алу;
  5. келісім құжаттарын дайындау;
  6. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
  7. объектіні қолдану,экономикалық көрсеткіштердің монитоингі.

      Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы  үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

      Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір  бөлігі инвестициялық операциялар  болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары  жайлы операция.

      Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

      - табиғи активтерге инвестициялар;

      - ақша активтеріне инвестициялар;

      - материалдық емес активтерге  инвестициялар.

      Табиғи  активтерге - өндірістік ғимараттар мен  құрылымдар, қызмет ету уақыты бір  жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

      Ақша  активтеріне - басқа да жеке және заңды  тұлғалардан ақша қаражатын алуға  болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер,қарыздар,кепілдер.

      Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін  жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға  құқық алу арқылы алынған құндылықтар  жатады.

      Нақты активтерге байланысты инвестициялар  мынандай топтарға бөлінеді:

      - Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;

      - Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты-өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;

      - Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.

      Жалпы инвестициялардың ішкі және сыртқы көздері  болады. Инвестицияның ішкі көздерін жинақтар құрайды, яғни алынған табыстардың  тұтынылмаған көздері жатады. Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп,ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық субъектілері жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.

      Инвестицияның сыртқы көздері:

      1.Шетелдік  тікелей инвестициялар - ҚР-ның  дербес кепілдіктеріне байланысты және ҚР-на берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.

      Шетелдік  тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны:

      а)Халықаралық  валюта қоры

      б)Халықаралық қайта құру және даму банкі

      2.Шетелдік  портфельдік инвестициялар.Жалпы  шикізатқа байланысты компанияның  акциясын сатып алу.

      3.Мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымның  гранттары.

      4.Шетелдік  несиелер мен қарыздар. Олар көбінесе  Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды  5-7 жылға дейін береді. Олрдың қатарына Ислам даму банкін, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

 

       1.2 Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар

      Біз Қазақстан табыстарының өлшемі деп санауға дағдыланған экономикалық өсу, қалай десек те, макроэкономикалық есептеулерге жақсы болғанымен, нақты өмірді бейнелеуге келгенде біржақтылық танытады. Мәселен, оған қарап кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық қалай қысқарғанын, тұтыну себеті қаншалықты өскенін тіпті түсінуге болмайды.

      Сондықтан да, соңғы жылдары Елбасы қазақстандықтарды бағалаудың жаңа терминіне – елдің бәсекеге қабілеттілігіне үйретуге баса назар аударып келеді. Ал Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев даму болашағына деген жүйелік көзқарасты – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жұрт назарына ұсынды.

      Қазақстан әу бастан-ақ осы заманғы нарық  экономикасын құруға күш салғаны  белгілі. Мұның өзі халықаралық  қоғамдастықтан лайықты бағасын алды. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып өзінің сипатына қарай нарықтық мемлекет деп танылды. Сонымен бірге сапалық серпілісті және әлемнің бәсекеге ең қабілетті елдерінің деңгейіне көтерілуді қамтамасыз ету үшін бәсекелі рыноктың базалық жағдайлары – бір медальдің екі жағы секілді бәсекелестік орта мен мөлдірлік әлдеқайда күшейтілуі тиіс. Президент Жолдауында да, іс жүзінде, экономикалық сипаттағы барлық шаралар да осынау өзекті екі арнаның төңірегіне топтастырылған.

      Бірінші: Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

      Бәсекелестіктің жоқтығы нарықтық өрістің бұзылуына  және бағалар мен тарифтерді белгілеуде монополистердің өктемдігіне соқтыратынын тәжірибе көрсетіп берді. Сонымен қатар бәсекелестік өрісін кеңейту рынокты әлдеқайда икемді әрі тұтынушының, яғни қатардағы азаматтың мүддесіне жұмыс істейтіндей етіп қалыптастырады.

      Бұл тұрғыда мемлекет пен қатардағы  азаматтардың мүдделері үйлесетінін айтқан жөн. Рынок халықтың мұқтажы мен қажетін қанағаттандыруға неғұрлым қабілетті болған сайын әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ соғұрлым аз түседі. Сайып келгенде, мұның өзі экономикалық өсу үшін негіз қалайды.

      Бұл алдағы кезде Бүкіләлемдік сауда  ұйымына өтуімізге байланысты өте өзекті мәселе болып табылады. Егер біз қазірден бастап өркениетті бәсекелестіктің нормалары бойынша өмір сүруге үйренбесек, онда ертеңгі күні бәсекелестік өріс кеңейген жағдайда тиісінше тиімді іс-әрекет жасай алмаймыз.

      Президент Қазақстан рыногында бәсекелестік өрісті айтарлықтай кеңейтуге тиісті тұтас шаралар кешенін белгіледі. Бұл шараларды шешуші үш нақтылы бағыттың төңірегіне топтастыруға болады.

      1) Монополиясыздандыру мен шағын  және орта бизнесті дамытуды  ынталандыру. Кәсіпкерлік бәсекелестік ортаны кеңейтудің шешуші факторы болып табылады. 2006 жылғы 1 ақпандағы мәліметтер бойынша елімізде 582,8 мың адам жұмыс істейтін 158,7 мың шағын бизнес кәсіпорны және 186,3 мың шаруа қожалығы болды.

      Мемлекет  шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыратын тетіктердің әрекет арнасын кеңейтуді көздеп отыр, ол қазірдің өзінде елдің бүкіл ІЖӨ-сінің үштен біріне жуығын өндіреді. Бүкіл осы жұмысты Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры үйлестіретін болады.

      Осымен  қатарласа бәсекелестікті арттыру  мақсатында монополияға қарсы заңнаманы реформалау жүргізіледі, бұл заңнама елдегі “жасырын” монополияны күйретіп, босаған экономикалық тауашаларды отандық және шетелдік компаниялар алуы үшін негіз қалайды деп күтілуде.

      2) Салықтық ынталандыру және шетелдік  инвестицияларды экономиканың жаңа салаларына тарту. Бәсекелестік ортаны арттыру рынокқа қатысушыларға салынатын салық ауыртпалығының деңгейіне тікелей байланысты. Бұл салмақ көп болған сайын бизнес субъектілерінің рынокта жұмыс істеуге қызығушылығы сондайлық аз болады.

      Мемлекет бәсекелестік ортаны ынталандыру үшін салықтық және бюджеттік құралдарды белсенді пайдалану ниетінде. Осыған байланысты қосымша құн салығын төмендету, әртараптандыруды салықтық және бюджеттік ынталандыру және экономиканың жаңа салаларын дамыту, бұл салаларға шетел капиталы мен жаңа технологияларды тарту қарастырылуда.

      Мысалы, бүгінде “кельт жолбарысы” деп  аталатын Ирландия салықтық ынталандырудың арқасында экономиканың қауырт өсуіне қол жеткізгендердің бірі болып  табылады. Мұнда корпорацияға салынатын  салық 65-тен 10 %-ға дейін елеулі түрде төмендетіліп, Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен болды. Мұның өзі экономикаға инвестиция тартып, бәсекелестік ортаны кеңейту үшін негіз қалады. Нәтиже көп күттіре қойған жоқ. Осы таяуға дейін шетелдік инвесторлар айналып өтетін “зүбәржат арал” жалпыұлттық өнімді жыл сайын 10 %-ға дейін ұлғайтып, оның өсу қарқыны бойынша бес жыл қатарынан Еуропада бірінші болып тұрды. Осылайша, баршаға бірдей жағдай туғызған және бәсекелестік ортаны күшейткен ирландиялықтар санаулы жылдарда жалпы экономикалық дамуда қауырт сілкініс жасады.

      3) Еңбек рыногында бәсекелестік  ортаны нығайту. Еңбек рыногына  қатысушылардың кәсіби бәсекеге  қабілеттілігін арттыру үшін  әлеуметтік көмек тетігін мақсатты  негізде кадрларды оқыту мен қайта даярлауға бағыттау көзделеді. Мұнда негізгі міндет жұмыссыздардың жұмыс істеушілер қатарына кіруі болуы тиіс. Мемлекеттің жоғары кәсіби және білікті қызметкерлерді тартуға күш сала отырып, шетелдік жұмысшы күшінің келуін ынталандыру ниеті оның еңбек рыногының бәсекелестігін арттыруға деген ниетінің айқындығын көрсетеді. Бұл шаралардың бәрі жиналып келгенде нарықтық ортаның бәсекелестігін күшейту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде арттыруы тиіс.

      Екінші. Экономиканың мөлдірлігін және экономикалық ортадағы әкімшілік ресімдерді арттыру

      Экономиканың  мөлдірлігі екі негізгі жәйтті қамтиды. Ең алдымен, бұл экономикалық құрылымдық құпиясыздық, ол жария және көлеңкелі экономиканың арасындағы арақатынаспен айқындалады. Екінші жәйт – экономикалық қатынастарды реттейтін әкімшілік ресімдердің мөлдірлігі, қолжетімділігі және ашықтығы.

      Бұл ретте соңғысы экономиканың жалпы  мөлдірлігінің айқындаушы факторы  ретінде көрінеді. Айқын да жолға  қойылған ресімдердің жоқтығы бизнестің  дамуы мен инвестициялар тартуға кедергі келтіреді, мұның өзі бүкіл жүйені тежейді. Басқаша айтқанда, мөлдірлігі жоқ жүйе өнімді болмайды, демек оның бәсекеге қабілеттілігі нашар келеді. Әкімшілік ресімдердің барынша мөлдір жағдайын жасаған елдер табысты дамып келеді.

      Мәселен, мемлекеттік саясаттың мөлдірлік  деңгейі бойынша әлемде көшбасшы болып табылатын Финляндияда  мемлекеттік инфрақұрылым әлемдегі озық болып саналады және ол көптеген элементтерді қамтиды. Бұл, ең алдымен, заңның үстемдігі, меншік иесінің нақты айқындалған құқықтары, бюрократиялық аппарат қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың әлемдегі ең төмен деңгейі Финляндияда деп саналады, ал сот жүйесі мен қолданыстағы заңнама тиімді де әділ бола отырып, бизнесті және салық төлеуді заңды түрде жүргізуге ынталандырады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде Финляндия экономикасы әлемдегі бәсекеге ең қабілеттілердің бірі болып табылады.

      Бұл тұрғыда ашық экономикалық саясатты іске асыруға байланысты Президент  Жолдауындағы идеялар өте өзекті болып отыр. Мұнда жаңартудың жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бес шешуші бағыты дараланып көрінеді. 

      1) Қатаң бюджеттік және салық  тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі  шаралар. Салық тәртібі және  тұтастай алғанда салық мәдениеті  мөлдірліктің және елдің бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы болып табылады. Егер шет елдердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, оларда салық заңнамасын бұзу қатаң әкімшілік, тіпті қылмыстық жазаға тарттырады. Бұл бұл ма, салықтан жалтару ұлттық қауіпсіздікке төнген ең елеулі қыр көрсетулердің бірі ретінде қарастырылады.

      Мемлекет  салық ауыртпалығын азайту түрінде  салық режімін ырықтандыруға  қадам жасай отырып, өз кезегінде  рынок субъектілері тарапынан ойынның  салық тәртібін сақтауды қатаң талап  етпек.

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі