Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 14:43, курсовая работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
КІРІСПЕ................................................................................................................
I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................
1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезе олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздар бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді [34].
Ұлттық Банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей және қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек [35].
Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.
Бұнын бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы Қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемімен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргеді [36].
1995
жылдың ортасынан бастап, Ұлттық
Банк өзінің жеке меншік
Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық Банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық Банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.
Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық Банкінің нотоларының эмиссиясы жатады.
Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін).
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің екінші
деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту
көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге
дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша
өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3%
78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін
өсті.
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар
Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінiң экономикалық
саясатының негізгі мақсаттары: экономиканың
жоғары өсу қарқынын сақтау үшiн жағдайлар
жасау, бағалар тұрақтылығын қамтамасыз
ету, экономиканың "қызып кетуiн"
болдырмау және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыру болады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өз
iс-қимылында "Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында"
атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын
және басқа да стратегиялық бағдарламалық
құжаттарды iске асыру қажеттiгiн негiзге
алды.
2006 жылы экономикалық және әлеуметтiк
саясатты жүргiзу мынадай басымдықтарға
сәйкес жүзеге асырылатын болады:
- макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
ету;
- инновациялық экономика құру және
шикiзат емес секторды дамыту;
- шағын және орта бизнестi дамыту үшiн
жағдайлар жасау;
-аграрлық өндiрiстi дамыту;
- халықтың әл-ауқатын одан әрi жақсарту;
қоршаған ортаны қорғау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң
экономикалық саясатының басты мiндетi
елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты
сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық
факторлармен қатар экономикалық өсудiң
жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етедi.
2006 жылы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуi 8,3%-ды
құрайды, инфляция 5,7-7,3% аралығында болады
деп күтiлуде.
Инфляциялық процестердi реттеу шеңберiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi инфляцияның
монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына
ықпал ету шараларын қабылдады.
Инфляциялық процестердi реттеу
Қазақстан Республикасында инфляциялық
процестердi реттеу жөнiндегi 2005 - 2006 жылдарға
арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес
жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
инфляцияға қарсы кешендi саясаты:
- негiзiнен еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен
елде экономикалық өсудi ынталандыруға;
- халықтың нақты кiрiсiнiң өсуiмен салыстырғанда
еңбек өнiмдiлiгiнiң басып оза өсуiн ынталандыруға;
- монополист-кәсiпорындардың өз тауарлары
мен қызметтерiне бағалардың өсуiнiң бекiтiлетiн
шектi мәндерiн сақтауына;
- елдiң iшкi нарықтарында, атап айтқанда,
мұнай өнiмдерi, астық, электр энергиясы,
көлiк және байланыс қызметтері нарықтарында
бәсекелестiктiң дамуын қамтамасыз ететiн
жағдайлар жасауға;
- мемлекеттік бюджет тапшылығының белгiленген
деңгейiн сақтауға;
- инфляция бойынша белгiленген өлшемдермен
және экономиканың өсуiмен сыйысымды ақшалай
ұсыныс деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталатын
болады.
Мұнай
өнiмдерi, астық сияқты стратегиялық маңызы
бар тауарлар нарықтарындағы бағаларды
тұрақтандыру мақсатында оларды мiндеттi
түрде тауар биржалары арқылы сату тетiгi
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
баға жөнiнде сөз байласудың жолын кесу,
терiс пиғылды бәсекелестiктi, нарық субъектiлерiнiң
өздерiнiң үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын
айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi
iс-шараларды, сондай-ақ көтерме және бөлшек
сауда желiлерiн құруға жәрдемдесу, тауар
нарықтарында сауда инфрақұрылымын және
бәсекелi ортаны дамыту жөнiндегi iс-шараларды
жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының
Үкiметi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
тауарлары мен қызметтерiнiң бағалары
өсуiнiң шектi мәнiн айқындайды.
Ақша-несие саясаты шеңберiнде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
негiзгi мақсаты бағалар тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Инфляция
бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу
үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
2006 жылы ақша-несие саясатын жүргiзу, төлем
жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету,
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асыру, қаржы жүйесiнiң тұрақты
жұмыс iстеуiне жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттердi
iске асыруды жалғастырып жатыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi ақшалай ұсыныс мөлшерiне банк жүйесiнiң
өтiмдiлiгiн реттеу арқылы ықпал етудi ниет
етiп отыр. Екiншi деңгейдегi банктердiң
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi
депозиттерi қаржы нарығындағы кiрiстiлiктi
реттеудiң, сондай-ақ банктердiң шамадан
тыс өтiмдiлiгiн стерильдеудiң негiзгi құралдары
болып қалады. Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi оларды тарту көлемiне шек
қоймайды, алайда олар бойынша ставкаларды
реттеп отырады.
Сақталып отырған жоғары инфляциялық
қысым 2005 жылы басталған ақша-несие саясатын
қатаңдату жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру
қажеттiгiне әкеп соқты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi ақша-несие саясатының операциялары
бойынша ықпал ету шараларын күшейтедi
және өзiнiң негiзгi ставкаларының реттеушi
рөлiн одан әрi жоғарылатуға ықпал ететiн
болады.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының
реттеушi мүмкiндiктерiн күшейту үшiн оны
тоқсан сайын қайта қарау практикасы жалғасады.
Ақша-несие саясатының инфляциялық процестерге
ықпал етуiн күшейту үшiн 2006 жылы Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi ақша-несие
саясатының құралдары мен операциялық
негiзiн одан әрi жетiлдiрумен айналысып
жатыр. Бұл шаралардың түпкi мақсаты тарту
және орналастыру жөнiндегi ресми ставкалардың
көмегiмен нарықтық ставкалардың ең көп
және ең аз деңгейiн белгiлеу жолымен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң нарықтық
пайыздық ставкалар дәлiзiн бақылауы болып
табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қаржы нарығындағы қысқа мерзiмдi
операциялар бойынша кiрiстіліктi реттеуi
екiншi деңгейдегi банктердiң неғұрлым
ұзақ мерзiмдi операциялары, оның iшiнде
несиелер бойынша ставкаларына ықпал
етедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
"бiрыңғай ставка" саясатын жетiлдiрудi
ниет етiп отыр. Қазiргi уақытта бiрыңғай
ставка "дәлiзi" кең күйiнде қалып
отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
шаралары көрсетiлген дәлiз шектерiн жақындатуға
және қайта қаржыландыру ставкасы мен
депозиттiк ставкаларды өзара, оның iшiнде
қайтарылуына Қазақстанның депозиттерге
кепiлдiк беру қоры кепiлдiк беретiн жеке
тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары
(депозиттерi) бойынша шектi сыйақы ставкаларын
ресми қайта қаржыландыру ставкасына
байланыстыру тетiгiн ескере отырып байланыстыруға
бағытталатын болды.
Қысқа мерзiмдi ноталар шығару қысқа
мерзiмдi құралдар бойынша "табыстылық
ауытқымасы" деп аталатын кестеге сәйкес
жүзеге асырылатын болды. Ноталар бойынша
кiрiстiлiк аукционда айқындалады да, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi орналастырылатын
ноталар көлемiн ғана белгiлейдi. Бұл ретте
ноталарды орналастыру көлемi оларды өтеу
көлемiнен аспайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi оларды өтеу мерзiмiне қарамастан,
банктердiң барлық iшкi мiндеттемелерiн,
сондай-ақ резидент емес банктер алдындағы
мiндеттемелерiн банктердiң мiндеттемелерiне
қосу жолымен ең аз резервтiк талаптарды
есептеу тетiгiн одан әрi жетiлдiрудi жүргiзуге
ниеттенiп отыр, осы мiндеттемелер бойынша
олар ең аз резервтiк талаптардың нормативтерiн
сақтауға тиiс.
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты
сақтау, экономиканың қаржы секторын тұрақты
дамыту және банк жүйесiндегi бәсекелестiктi
жоғарылату айналыстағы қолма-қол ақшаның
өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердiң
өсу қарқынының басып озуына және экономиканы
монеталандыру деңгейiн арттыруға ықпал
ететiн болады.
Өтiмдiлiктi шектеу жөнiнде көзделген шараларды
ескере отырып, ақша агрегаттарының өсуi
қазiргi экономикалық өсу қарқынының сақталуын
қамтамасыз етедi.
Сақталып отырған жоғары өтiмдiлiк
жағдайларында инфляцияны реттеу жөнiндегi
мiндет Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң оны стерильдеудi жүргiзуге арналған
шығыстарын ұлғайтады. Сондықтан Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi мен Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгi мемлекеттiк
бағалы қағаздар шығару саласындағы бiрлескен
iс-қимылды күшейтедi.
Қазақстандық капиталды шетелдiк
нарықтарға неғұрлым белсендi экспансиялау
мақсатында жеке сектордың инвестициялық
шешiмдер қабылдауына мемлекеттiң әкiмшiлiк
араласуы қысқартылды. Бұл ретте, қаржы
ұйымдарының инвестициялық қызметiн реттеуге
қатысты бұл шара қолданылмайды.
Қаржы нарығын одан әрi дамыту
Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамыту тұжырымдамасына сәйкес оның барлық
сегменттерiн халықаралық стандарттарға
жақындату бағытында жүргiзiледi. Тұрақты
және тиiмді жұмыс iстейтiн, экономиканың
нақты секторының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын
қаржы жүйесiн қалыптастыру жалғасады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
экономиканың "қызып кетуiн" болдырмау
және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
жөнiндегi саясаты:
-
мұнай мен газ өндiрудiң оңтайлы қарқынын
айқындауға;
ақша агрегаттарының өсуiн бақылауды
күшейтуге, пайыздық ставкаларды өзгерту
арқылы ақша нарығына ықпал ету тиiмдiлiгiн
жоғарылатуға;
- екiншi деңгейдегi банктердiң сыртқы қарыз алуының өсуiн бақылауды күшейтуге;
- неғұрлым ұстамды, мемлекеттiк бюджет шығыстарының номиналды өсу қарқынының номиналды жалпы iшкi өнiмнiң өсу қарқынынан асып түсуiн көздемейтiн фискалдық саясат жүргiзуге;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында қаражат жинақтау саясатын жалғастыруға және оның экономиканың теңгерiмдi дамуы мен оның қызып кету қаупiн азайтуды қамтамасыз ететiн макроэкономикалық реттеушi ретiндегi рөлiн күшейтуге;
-
валюталық шектеулердiң бiртiндеп алынып
тасталуына байланысты валюталық режимдi
және капитал ағыны бойынша операцияларды
басқа да әкiмшiлiк сипаттағы бақылауды
одан әрi ырықтандыруға бағытталады[37].
Сыртқы қарыз алудың өсу себептерi мен
ықтимал келеңсiз салдарларын кешендi
бағалау және оны азайтуға ықпал ететiн
шараларды әзiрлеу мақсатында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының
Үкiметiмен бірлесiп, елдiң сыртқы борышын
басқару жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзетiн
болады.
Қазақстан Республикасында валюталық
режимдi ырықтандырудың 2005 - 2007 жылдарға
арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкi валюталық режимдi
ырықтандыру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
Валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру
да қазақстандық капиталды шетелдiк нарықтарға
неғұрлым белсендi экспансиялау үшiн жағдайлар
жасау жолымен шамадан тыс өтiмдiлiк тарапынан
болатын қысымды азайтуға ықпал етедi.
"Экономиканың қызып кетуiнiң" алдын
алу жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау
мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi елге шетелдiк валютаның ағылуы жөнiндегi
ахуалды қадағалайды және қажет болған
жағдайда басқа мемлекеттiк органдармен
бiрлесiп, туындайтын тәуекелдердi азайту
жөнiнде шаралар қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады.
Қаржы секторын одан әрi дамыту мақсатында
бағалы қағаздар нарығын жетiлдiру жөнiндегi
негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жалғасады. Атап
айтқанда:
- инвестициялау үшiн бағалы қағаздарды шығару үшiн мүмкiндiктердi, оның iшiнде коммерциялық бағалы қағаздар, инфрақұрылымдық облигациялар шығару үшiн жағдайлар жасау жолымен кеңейту;
- ұжымдық инвестициялау нысандарын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау;
-
бағалы қағаздар нарығындағы институционалдық
инфрақұрылымды және салық салу режимiн
одан әрi жетiлдiру көзделiп отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың
2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жалғасады, мұнда ұйымдар арасында
зейнетақы активтерi мен инвестициялық
кiрiстердi қамтамасыз ету жөнiндегi жинақтаушы
зейнетақы қорларын басқару жөнiндегi
жауапкершiлiктi нақты ажырату, инвестициялар
тәуекелдерiн хеджирлеу мақсатында зейнетақы
активтерiн туынды құралдарға инвестициялау,
жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiн
қадағалауды дамыту әрi оның тиiмдiлiгiн
арттыру және Халықаралық Зейнетақы реттеуiштерi
Қауымдастығының жеке зейнетақы қорларын
реттеу қағидаттарын енгiзу көзделедi.
Сақтандыру нарығының дамытудың 2004 - 2006
жылдарға арналған бағдарламасын одан
әрi iске асыру шеңберiнде сақтандырудың
ұзақ мерзiмдi еркiн және жеке жинақтау
түрлерiн дамытуды ынталандыру жолымен
азаматтардың әлеуметтiк қорғалу деңгейiн
арттыру, Сақтандыру жөнiндегi бiрыңғай
статистикалық дерекқордың жұмыс iстеуi
және оның қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету,
сақтандыру компанияларының қызметiн
автоматтандыру, мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң
тиiмдiлiгiн арттыру, жаңа сақтандыру өнiмдерi
мен технологияларын енгiзу, сақтандыру
қызметтерiнiң сапасын жақсарту, қайта
сақтандыруды дамыту үшiн жағдайлар жасау
жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде.
Республикалық бюджеттiң әлемдiк бағалар
конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту, экономиканы
әртараптандыру және мұнайдан алынатын
кiрiстi ұрпақтар арасында қайта бөлу мақсатында
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражаты қалыптастырудың және пайдаланудың
орта мерзiмдi перспективаға арналған
тұжырымдамасында көзделген шаралар iске
асырылып жатыр.
2006 жылғы 1 шiлдеден бастап Ұлттық қор жинақтарын
қалыптастырудың жаңа тетiгi енгiзiлдi,
оған сәйкес мұнайдан түсетiн түсiмдер
толығымен Ұлттық қорға жiберiлетiн болды.
Республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының
шығыстарын қаржыландыру Ұлттық қордан
берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферт есебiнен
жүзеге асырылады.
Тиісінше
инфляциялық таргеттеу
Негізгі
макроэкономикалық