Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:21, реферат

Краткое описание

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Ақша-несие саясаты............................................................................................4
2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер................................................4
3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс..........................................................................5
4. Ақша-несие саясатының құралдары..............................................................6
5. ҚҰБ ақша-несия саясатының басты мақсаты................................................11
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

Файлы: 1 файл

ақша несие саясаты 12 бет .docx

— 33.51 Кб (Скачать)

Жоспар 

 
Кіріспе.......................................................................................................................3 

1.Ақша-несие саясаты............................................................................................4 
2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер................................................4 
3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс..........................................................................5 
4. Ақша-несие саясатының құралдары..............................................................6 
5. ҚҰБ ақша-несия саясатының басты мақсаты................................................11 

Қорытынды............................................................................................................13

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті  мемлекеттік реттеудің аса маңызды  құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау  арқылы кемітуге немесе белгілі шекте  шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты  жалақы мен өте баяу өзгеретін  баға денгейі кейнсиандық үлгінің  пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім  қабылдауға, яғни нені, қалай және кім  үшін өндіру қажеттігін айқындауына  бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай  ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін  артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал  етеді.

Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың  пікірінше, ақша көлемін артуы нақтылы  өндіріс пен іске тартуға тікелей  әсер етпейді, тек ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді.

Ақшалай ұсыныстың  артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті  де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның  шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде  өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға  қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына  сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара  қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.

Сонымен ұлғаймалы  ақша саясаты қысқа мерзімдік  өндірістің ұлғаюына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде  өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік  өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын  ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.

Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың  құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген  жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік  береді.

 

 

1. Ақша-несие саясаты

 
  Ақша-несие саясаты мемлекетті  реттеу саясатының бір бағыты  болып табылады. Соның ішінде  төлем балансын іске асырудағы  маңыздылығын баса айтып өткен  жөн. Ақша – несие саясаты  - нарықтық экономиканың тірегі  ретінде экономикалық дамудың  ажырамас элементін білдіреді. 
  Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. 
  Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.   
  Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

 

2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер

 
    Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне  көшу барысында Қазақстан Республикасындағы  өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен  әлемдік банктің технологиясын  ұштастыра білудің маңызы зор. 

 Несиені  өтеу қабілетін бағалау үшін  рейтинг агенттіктері елдің несие  рейтингін әзірлейді, бұл орайда  мына аспектілерге назар аударады: 
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді. 
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.

3. Нарықтық  экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың  рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің  дәрежесі, жеке меншік компаниялардың  жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын  өзгерту, корпарациялық басқарудың  тиімділігі, қоғамның салық салуға  қатысындағы өзгерістер және  төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру,  баға еркіндігі, жаңа отандық  және шетелдік компаниялар үшін  нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда  мен инвестициялық қызметтегі  ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және  оны реттеу, қаржы делдалдылығының  дамуы, қор нарығының және банктік  емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың  болуы).

4. Сауда ағындарын  қайта бағдарлау. Экспорт пен  импорттың өсу серпіні мен  құрылымы, халықаралық экономикалық  сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың  көзі ретіндегі шетелдік тура  инвестициялардың рөлі, менеджменттің  деңгейі технологияларды беру  арқылы бағаланады. 
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.

 

3. Ақша -несие саясатының ресурстары

 

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын және оның  анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие  саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның  тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі  мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді  көздейді.

Ақша-несие  – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін  өзгертуге, жалпы банк жүйесінің  қызметін реттеуге бағытталған шаралар  жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық  деңгейдегі субъектісі-Ұлттық банк болып  табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне  экономикадағы қолма-қол және қолма-қол  ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие  саясатының түрлері:

Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша-несе саясаты;
  2. экспанциялық ақша-несие саясаты;

Рекстикциялық ақша-несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін  шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар  жиынтығы.

Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие  беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы  ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне  байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын  қамтамасыз ету.

 

    1. Ақша-несие саясатының құралдары.

 

Пайыздық  саясат  ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие  бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық  күтімдеріне байланысты анықталатын  ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие  саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде  ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа  енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың  негізгі мақсаты- теңгені несиеге  деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді  қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек  айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі  керек.

Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте  пайдалануға мүмкіндік беретін  келесі бір факторға- шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен  кейін жарты жыл ішінде валютаның  бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің  болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының  қарыздық нарықтан еліміздің  валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын  теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері  мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер  және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының  көрсеткіштері арасындағы қатынастың  бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына  кері әсерін тигізеді.

Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің  өзгеру динамикасы – 2004 жылы қаңтар-ақпан  айларында 270%,  ал наурыз-тамыз  айларында 300%  құрады. Теңгенің айырбас бағамының  тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне  байланысты 2004 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі  қыркүйекте 280%-ға  дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 2004 жылдың аяғында ол 230%, 2005 жылы 52,5%, 2006 жылдың қыркүйегінде-30%, 2007 жылы -24% құрады.

Қаржы операцияларының  барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің  қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін  пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп  көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен  байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен  байланысты тәуекелдің деңгейі.

Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша  пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты  нарық пайыздық мөлшерлемелер 2004 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша  табысы Ұлттық банкінің ноталарының  пайызды және қарызды төлеу жағынан  несиеге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін  реттеу үшін, банктің өз міндеттемлері  бойынша төлей алмау тәуекелін  төмендету және жеке банктердің қызметтерін  реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша төлей алмау тәуеклін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

2003 жылы 1 қаңтарда  енгізілген «Қазақстан Республикасының  коомерциялық, кооперативтік және  жеке банктердің қызметтерін  реттеу туралы» Ережесіне сәйкес  міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл  ереже 2004 жылы мамыр айына дейін  қызмет етті, осы жылдан бастап  норматив банктердің теңге және  шетел валютасындағы жалпы депозиттік  міндеттемелер бойынша норматив 15% -ға дейін төмендеді.

Банк резервтерінің  шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы  қаражаттар) резервтік талаптардың  мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен  қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне  ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын бантердің корреспонденттік шоттағы  қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан  кем болмау керек еді. Ал 2005 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға , 2006 жылы 15%-ға дейін төмендейді.

Информация о работе Ақша несие саясаты