Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:21, реферат

Краткое описание

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Ақша-несие саясаты............................................................................................4
2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер................................................4
3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс..........................................................................5
4. Ақша-несие саясатының құралдары..............................................................6
5. ҚҰБ ақша-несия саясатының басты мақсаты................................................11
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

Файлы: 1 файл

ақша несие саясаты 12 бет .docx

— 33.51 Кб (Скачать)

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің   ақша-несие саясатының мақсаты валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету  болып табылады. Оның негізгі құралдары:  пайыз саясаты, ең төменгі резервтер  нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге  және Үкіметке берілетін несие, валюталық  нарықтағы интервенция.

Қазіргі уақыттағы  қазыналық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдаланудың негізгі  бағыттарын, қаржыландыру әдістері мен  қазынаны толтыратын басты көздерді анықтайды. Жекелеп алынған әрбір  елдегі қалыптасқан нақты тарихи жағдайларға байланысты бұл саясаттың  өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен бірге Батыс елдерінде  шаралардың жалпы жиынтығы пайдаланылады. Ол экономиканы реттеудің тікелей  және жанама түріндегі қаржылық әдістерін  қамтиды.

Тікелей әдіс арқылы бюджетті реттеу іс жүзіне асырылады. Мемлекеттік бюджетті реттеу іс жүзіне асырылады. Мемлекеттік бюджет қаржылары: 1)ұдайы өндірісті ұлғайтуға жұмсалады; 2)мемлекеттің өндіріссіз салаларының  шығыны өтеледі; 3) инфрақұрылымдарды  дамыту, ғылыми зерттеу шығындары  өтеледі; 4) құрлымдық саясатты жүзеге асыру; әскери-өндірістік кешендерді ұстап  тұру шығындары өтеледі.

Жанама әдіс арқылы товар өндірушілер мен  қызмет көрсетушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне  ықпал етеді және тұтынушылық  сұраныс мөлшеріне әсер етеді.2)Экономикалық  саясатты іске асырудың келесі аспаптарының бірі –мемлекеттің ақша-несие саясаты  болып табылады.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты дегеніміз  инфляцияның деңгейі мен өсімділігіне, инвестициялық белсенділік пен  басқа макроэкономикалық процестерге  ықпал ету жолымен экономикалық процестерге ықпал ету жолымен  экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша айналысы мен несиені реттеудің экономикалық шараларының жиынтығы болып табылады. Бұл саясат-рыноктік экономиканың дамуы  үшін ең қолайлы жағдайларды жасау  мақсатымен қоғамдық ұдайы өндірісті  мемлекеттік реттеудің маңызды  әдісі болып табылады. Бұл әдісті Орталық банк іс жүзіне асырады, ақша эмиссиясын  реттейді, коммерциялық банктерге несие беруді жеңілдетеді  немесе қиындатады. Осылайша Орталық  банк жеке инвестицияның  белсенділігіне, тұтынушылық сұраныстың өсімділігіне, баға деңгейіне ықпал етеді.

Ақша-несие  саясатының бұл шаралары рыноктік экономикадағы  елдерде құбылмалы құбылыстарға қарсы тиімді реттеушілікті жүргізуге  мүмкіндік береді. Өкімет қатал  ақша-несие саясатын жүргізу арқылы белгілі деңгейде ақша массасының көлемін  тұрақтандырады, немесе икемді ақша-несие  саясаты арқылы бір қатар берілген деңгейде өсімді (%)  есептеуді тұрақтандырады. Осылайша инфляцияға қарсы саясат қалыптасады.

 


Информация о работе Ақша несие саясаты