Орталық банктің ақша – несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 14:43, курсовая работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................
I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................
1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

Файлы: 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

  Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі басқа  елдердің орталық банктерімен, халықаралық  банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республиксының мүддесін білдіреді [2].

  Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республиксының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. [3].

  Ұлттық  Банктің негізгі мақсаты Қазақстан  Республиксында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі  мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер  жүктеледі:

  • мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық  реттеуді  және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

  Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

  • айналыстағы ақша массасының  көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының   аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
  • банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
  • банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Респібликсының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді  және құқықтарды жүзеге асырады [4].

  2004 жылдан бастап Еуроодақ стандарттарына  және шарттарының Ұлттық 

  Банктің айырбастау бағамы  бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана  белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.

  Қазақстан Республиксы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республиксының Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу  мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару  арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды. Қаржы нарығының барлық  қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру  қаржы нарығын  реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторын, қаржы құралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді  дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр [5].

  Ұлттық  Банктің құрылымына мыналар кіреді:

- 10 департаменттен, 140 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;

- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал – Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;

- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;

- 5 есеп беретін ұйым.

- «Қазақстан Республиксы  Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп  айырысу орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

- «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны.

  Ұлттық  Банк:

- «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»;

- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»;

- «Қазақстанның Актуарлық орталығы»;

- «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы және «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

- «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

  Ұлттық  Банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республиксының  Ұлттық Банкі туралы» заңы  және «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі туралы» ережесі негізінде анықталады (сурет 1).  

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару  құрылымы 

                

          
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      Ескерту: Ақша, несие, банктер: оқулық/Жалпы редакциясын  басқарған Ғ.С.Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.  

      Сурет 1 

  Ұлттық  Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен

  басқарылатын  басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орыбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының  Президентімен бекітіледі.

  Басқарма  мәжілісі қажет кездерде  немесе айына бір рет өткізіледі.

  Ұлттық  Банк төрағасы Қазақстан  Республиксының Президентінің ұсынуымен алты жылға  сайланады.

  Ұлттық  Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

  Ұлттық  Банк төрағасы басқарманы, директорлар  кеңесінің  қызметін басқарады және Ұлттық Банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді.

  Ұлттық  Банкінің жедел басқару органы –  Директорлар кеңесі, ол Ұлттық Банк төрағасымен басқарылады. 

  Директорлар кеңесі, «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі  туралы» Заңға сәйкес  Ұлттық Банкінің қарауындағы басқа  басқа мәселелер бойынша шешім  қабылдайды. Оның құрамына – төраға, оның орынбасарлары  және департамент директорлары кіреді.

  Ұлттық  Банк өзінің негізгі қызметтерін  жергілікті өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді. 

   

    1.2  Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары  

  Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі –Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі  және агенті. «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банк туралы» Заңында былай  жазылған:       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.  
   Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басќа да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. 
   Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. 
   Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық Банкіні «банктердің банкі» деп атайды.

  Ұлттық  Банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:

- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;

- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;

- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;

- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

  Қазақстанның  Ұлттық банкi:

  - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.  
   Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады; 

  - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге ќатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;  
     - банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға несие беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;  
   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардан алған несиелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі  алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;  
     - банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргізу тәртібін  айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың  металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды; 
     - Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және  қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға (бұдан әрі – уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі  туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;  
      - қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;  
      - Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргізілуін ќамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;  
      - банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;  
      - Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;  
      - қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; 
     - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;  
    - Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың  жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi; 
     - қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет  органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;  
    - банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;  
    - барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республиксының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 
    - операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады; 
     - арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 
    - бухгалтерлiк есепке алу және қаржылыќ есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;  
    - уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;  
    - уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары  қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi; 
    - валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;  
    - банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру  жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;  
    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргізуші  субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; 
    - Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының  бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға  және олардың қызметіне қатысуға құқылы;  
    - қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды жәнее инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;  
    - Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;  
     -  елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ  мерзiмдi болжамды бағаларын әзірлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады [6]. 
     

     

1.3  Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері 

  Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875ж.) пен неміс жер банкі (1948ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн. Неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңесі Франфурт-на Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

  Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

  Директорат  – жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа  мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

  Жер орталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер  арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне  қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

  Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу  процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақыланған.

  Одан  бөлек, банктер кассалық активтер коэффициентін  касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициент ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициценті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.

  1971 жылдан кейін коэффициенттер  алынып тасталынды. Қарыздар бойынша  банкілік мөлшерлемелер енді  Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне  байланысты қойылмай, әр банк  жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

  Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Информация о работе Орталық банктің ақша – несие саясаты