Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 16:00, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері. Макроэкономика (makros – үлкен және oikonomike – үй шаруашылығын ұйымдастыру ережелері) ғылымы микроэкономика тәрізді экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.
Кіріспе
1 Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы
1.1 Негізгі макроэкономикалық көзқарастар
1.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкномикалық тұрақсыздық
2 Макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері
2.1 Макроэкономика пәні
2.2 Макроэкономиканың зерттеу әдістері : агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу
2.3 Макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері: ақша-несие (монетарлық) саясат, салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат, әлеуметтік саясат, сауда саясаты.
2.4 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
3 ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жабық экономикада секторлар тізбесі осымен таусылады. Ал ашық экономикада оларға сыртқы саудаға және елдер арасындағы капитал қозғалысына байланысы бар сыртқы сектор қосылады. Берілген сектор ұлттық төлем банасын және валюта бағамын зерттейді.
1) экзогендік шамалар – үлгілеуге дейін белгілі (анық) болған шамалар;
2)
эндогендік шамалар – үлгіні
талдау барысында анықтау
Барлық үлгілерді:
1 уақыттық факторлары (себеп-шарттары) бойынша: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
2
байланыстардың таралу деңгей»
бойынша: жабық (тұйықталған
3 үрдістерді анықтайтын фактор ретінде уақыт есебі бойынша: статикалық және динамикалық деп жіктейді.
Үлгілеуде 4 түрлі тәуелділік қолданылады:
1
Дефинициондық – түсініктің
AD
= C + I + G + Е
Мұндағы, AD – жиынтық сұраныс;
C – үй шаруашылығы секторының сұранысы;
I – инвестициялық сұраныс;
G – мемлекеттік сұраныс;
Е
– импортқа сұраныс.
2
Экономикалық субъекттердің іс-
С
= С' (Ү)
Мұндағы, С – тұтыну функциясы;
С' – тұтынуға шекті бейімділік;
Ү – қолда бар табыс.
V
= f (K, L, N)
Мұндағы, V – өнім көлемі;
K, L, N – өндіріс факторлары.
Т = t * Y
Мұндағы, Т – салықтық түсімдердің сомасы;
t – өкілетті органдармен бекітілген салық мөлшерлемесі;
Y – табыс.
2.3
Макроэкономикалық
саясаттың негізгі түрлері
Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Ақырғы мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Тарифтік автономия бойынша тарифтік әріптестер табысты (жалақыны) өздері реттеуге құқылы болғанымен, мұның ақыры табыстың әлеуметтік әділ бөлінуіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, мемлекет табысты қайта бөлудің құралдарын (прогрессивті салық, жалақының ең төменгі деңгейін белгілеу, трансферттік төлемдер) қолдана отырып, табыстың әділ бөлінуіне ықпал ете алады.
Табыстарды
бөлуді функционалдық және персоналдық
деп ажыратады. Функционалдық бөлу
ұлттық табыстың әртүрлі өндіріс
факторлары (еңбек, капитал, жер және
кәсіпкерлік қабілет) иелері арасында
бөлінуін білдіреді. Яғни, ұлттық табыстың
қандай бөлігі жалақыға, пайыздық табысқа,
ренталық табысқа және пайдаға сай келетінін
көрсетеді. Персоналдық бөлу ұлттық табыстың
ел азаматтарының арасында бөлінуін білдіреді,
мұндайда азаматтың қандай өндіріс факторының
иесі екені қарастырылмайды. Мысалы, ұлттық
табыстың 10 %-дық үлесі әлде қайда кедей
адамдардың, 20 %-ы өте ауқатты адамдардың
табысына сәйкес келеді.
Ел
Үкіметі 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында
басты-басты мақсаттарды айқындаған. Макроэкономикалық
саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит
жүйелерін реформалау жолымен шешілуі
тиіс бірқатар міндеттер тұр. Соңғы жылдары
Қазақстан экономикасының дамуына әсер
ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді.
Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының
өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға,
газ бен металға әлемдік бағаның артуына,
еуроға шаққанда доллардың айырбас бағамы
қатынасының өзгеруіне, шетелдік капиталдың
едәуір ағынына байланысты. Осы факторлардың
барлығы макроэкономикалық теңгерімнің
бұзылуына едәуір қатер төндіреді. Өйткені
инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының
шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізаттық
емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің
төмендеуі және экономиканың «қызып кету»
қаупі күшеюде. Осы жағдайда макроэкономикалық
саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге,
теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді
саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар
саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан
болмайтын тапшылықты төмендетуге, бизнесті
дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға
тиіс. Үкімет пен Ұлттық банк фискальдық
және ақша-кредит саясатының келісілген
түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады.
Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі
экономикалық өсуді көбінесе еңбек өнімділігін
арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық
әкімшілендіруді оңайлату, салық санын
оңтайландыру және салықтың жинақталуын
арттыру жолымен бизнес пен халықаралық
сауданы дамытуды көтермелеуге бағыт
ұстаған. Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді
оңайлату мақсатында салық заңнамасына
салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне
шағым жасауға өтініштер беру мерзімін
ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі
үшін акциздер бойынша ақы төлеу мерзімін
белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін
болады. Салықты және төлемдерді банкоматтар
мен Web-дүңгіршектер арқылы төлеу тетігін
енгізу жоспарланып отыр. Кеден ісі бөлігінде
кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату
жүргізіледі және кедендік әкімшілендіру
жақсартылатын болады. Бұдан басқа, салық
және кеден органдары қызметінің сапасын
бағалау өлшемі өзгертілетін болады. Бағалау
өлшемінің кешені бюджет кірістері бойынша
жоспарлардың орындалуын бағалауды алмастырады.
Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету
көзделуде. Атап айтқанда, өндірісті дамыту
және кеңейту мақсатында қосылған құн
салығына, сондай-ақ корпорациялық табыс
салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендейді.
Әлеуметтік салықты төмендету жалақының
көлеңкелі төлемдерін одан әрі барынша
азайтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ
салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру
жолымен олардың саны қысқартылатын болады,
арнайы салық режимдерін қолдану тетіктерін
жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Барлық салықтық реформалар бақылаушы
органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін
едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа
жетеді, бұл басты міндеттердің бірі болып
саналады. Осы мақсатта салық органдары
салық төлеушілерге ұсынатын электрондық
қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен
кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы
органдардың жеке байланысын барынша
азайту ұсынылып отыр. Бюджет саясаты
мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін
жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға жағдаятына
тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын
пайдаланудың тиімділігін арттыруға,
экономиканың басым секторларын дамытуды
ынталандыруға және халықтың неғұрлым
аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды
қамтамасыз етуге бағытталмақ. Үстіміздегі
(2006) жылы шілденің 1-нен бастап Ұлттық
қордың қаражатын қалыптастырудың және
пайдаланудың орта мерзімді перспективаға
арналған тұжырымдамасына сәйкес бюджетті
теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді
жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты
Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық
кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу көзделеді. Ұлттық қордың жаңа
тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы
мен жинақтау арасындағы қажетті тепе-теңдікті
сақтауды, экономиканың шикізат емес секторын
дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық
шарттар құруды, мұнай кірістерінің елеулі
бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың
әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып,
мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға
мүмкіндік береді. Бюджеттік жоспарлаудың
сапасын және бюджет қаражатын пайдалану
тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар
әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін
жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті
арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды
талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік
бағдарламалардың стратегиялық құжаттармен
үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін
болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің
кассалық атқарылуына емес, бюджеттік
бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі
мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет. 2007
жылы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы
сипаттағы ресми трансферттер туралы»
жаңа Заңның жобасы әзірленетін болады,
бұл орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар
мен алулардың мөлшерін бекітудің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік
қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі
мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту
тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты
инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік
Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың
қолында сол үшін барлық өкілеттіктер
мен құралдар бар. Ақша-кредит саясаты
және қаржы секторын дамыту саласында
инфляция процестерін реттеу тиімділігін
арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен
ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз
алуын жанама реттеу құралдарын жетілдіру,
сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті
ырықтандыру мен арттыру, оның орнықтылығы
мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі
міндет болып табылады. Өз Жолдауында
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев: «Ақша-несие
саясатының келесі міндеті қаржы нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция
өсімінің залалды зардаптарын төмендету,
сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді
ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының
икемділігін сақтап тұру», деп атап өтті.
Ұлттық Банк негізгі бағдары инфляция
деңгейі болып табылатын ақша-кредит саясаты
шеңберінде банк жүйесінің өтімділігін
реттеу арқылы ақша ұсынысының шамадан
тыс кеңеюін тоқтату жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын болады. Валюталық реттеу
саласында валюталық режимді одан әрі
ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты
тәуекелдерді реттеуге жаңа тәсілдерді
әзірлеуге бағытталған саясат жалғасатын
болады. Сыртқы экономикалық операциялар
жөніндегі ақпараттық база жетілдіріледі,
бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды
жүргізудің рұқсат ету тәртібінен кейінгі
мониторинг пен іріктемелі бақылау жүйесіне
тиімді көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Бұдан басқа, банк секторындағы
жүйелік тәуекелдерді барынша азайту
жолдары қарастырылады. Банктік бизнес
айқын, жоғары сараланған болуы, жаңа технологияларды
және клиенттерге қызмет көрсету әдістерін
белсенді енгізуі үшін қаржы секторында
бәсекелетікті одан әрі ырықтандыру және
арттыру үшін шаралар қабылданады. Шетелдік
банктердің қызметі үшін алынып тасталған
шектеулерден басқа олардың қаржылық
орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған
шарттар сақталған кезде Қазақстанның
аумағында олардың филиалдарының қызметін
шешу ұйғарылып отыр.