Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 16:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері. Макроэкономика (makros – үлкен және oikonomike – үй шаруашылығын ұйымдастыру ережелері) ғылымы микроэкономика тәрізді экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе
1 Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы
1.1 Негізгі макроэкономикалық көзқарастар
1.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкномикалық тұрақсыздық
2 Макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері
2.1 Макроэкономика пәні
2.2 Макроэкономиканың зерттеу әдістері : агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу
2.3 Макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері: ақша-несие (монетарлық) саясат, салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат, әлеуметтік саясат, сауда саясаты.
2.4 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
3 ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

макро. Макроэкономика пәні..doc

— 202.00 Кб (Скачать)
  1. қосымша құндар жиынтығы бойынша есептеу немесе өндірістік әдіс;
  2. шығындар жиынтығы бойынша есептеу немесе пайдалану әдісі;
  3. табыстар жиынтығы бойынша есептеу немесе үлестіру әдісі.

     1 ЖІӨ-ді қосымша құндар жиынтығы бойынша есептеу өндіріс үрдісінің әр сатысында қалыптасқан қосымша құндардың қосындысы арқылы жүргізіледі. Қосымша құн дегеніміз фирма өзінің сатылым бағасы мен өнімді өндіруге қолданылған өндіріс факторларын сатып алуға жұмсаған шығындары арасындағы айырма. Белгілі бір кезеңдегі ел аумағындағы өндріс үрдісінің әр бір сатысындағы барлық фирмалардың қосымша құндарының жиынтық сомасы ЖІӨ-ді құрайды.

  1. ЖІӨ-ді шығындар әдісі бойынша үй шаруашылығының, мемелекетиің тауарлар мен қызметтерді ақырғы тұтыну шығындары, ұлттық экономикаға жиынтық жеке инвестициялар, таза экспорт сомалары арқылы есептейді және бұл теңдікті макроэкономикалық теңдік деп атайды.
  2. ЖІӨ-ді табыстар бойынша факторлық табыстардың, яғни еңбек ақы, пайыз, рента, пайда, корпоративтік емес кәсіпорындар пайдасы, амортизация және жанама салықтар сомасы арқылы есептейді.

     Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық және инфляция. Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер серпіні.

     Әлуетті ЖІӨ. Экономикалық дамудың циклділігі (кезеңділігі) – өндірістің өсуі құлдырауымен, іскерлік белсенділіктің артуы кемуімен алмасып отыратын нарықтық экономиканың үздіксіз толқулары.

     Экономикалық  цикл – бұл бір экономикалық құлдыраудың  басталуынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең. Яғни, ол өндіріс, инфляция, жұмысбастылық деңгейінің қандай да бір уақыт аралығындағы өзгеруі. Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы және интенсивтілігі бойынша өзгешеленеді. Алайда, барлық циклдерге тән фазалары болады: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу.

     Экономиканың  циклділігінің негізгі себептері: тұтынудың, инвестицияның, негізгі  қорлардың жаңаруы, ақша массасының өзгеруі және тағы басқалары. Экономикалық циклдердің әр фазасында өзіне тән негізгі ерекше құбылыстар көрініс береді. Экономикадағы циклдік ауытқуларға әсер ететін факторларды ықпал ету сипаттарына қарай сыртқы және ішкі факторларға жіктейді. Сыртқы факторларға халық санының өзгеруі, түбегейлі технологиялық өзгерістер, ауқымды саяси оқиғалар, соғыстар, табиғи үлкен апаттар және осылар тәріздес басқа да құбылыстар жатқызылады. Ішкі факторларға тұтынуға, инвестицияға шығындардың өзгеруі, үкіметтің түрлі саясаттар көмегімен жүргізетін іс-шаралары және т.т. жатады. 

     Кесте 1 – Экономикалық циклдің әр фазасына тән негізгі ерекшеліктері

Цикл  фазасы Ерекшеліктер
Құлдырау 

(Сурет 1-дегі

 АӘ  қисығы)

өндіріс көлемінің  қысқаруы => жалақының төмендеуі => жұмыссыздықтың көбеюі => пайыз мөлшерлемесінің көтерілуі => банк, кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырай бастауы => елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы
Тоқырау 

(Сурет 1-дегі

ӘВ қисығы)

өндірістің, бағаның  төмендеуінің, тауарлардың босалқы  қорларының өсуінің тоқталуы => кәсіпкерлік сектордың жаппай банкроттыққа ұшырауы => жаппай жұмыссыздық  => өте төмен жалақы => пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі  => экономика шыңырауға (Сурет-1-дегі Б нүктесі) дейін құлап, тоқырауы => іскерлік белсенділікке негіз қалыптаса бастауы
Жандану 

(Сурет 1-дегі

ВС қисығы)

өндіріске инвестициялар  келе бастайды => іскерлік белсенділіктің жандана бастауы => жұмыссыздық  азая бастауы => бағалардың көтеріле бастауы => өндіріс көлемінің өсуі => экономиканың бұрынғы шың деңгейіне (Сурет 1-дегі А нүктесі)  жетуі
Өрлеу 

(Сурет 1-дегі

СД қисығы)

Бағалардың  едәуір өсуі => жұмыссыздықтың табиғи  деңгейіне дейін азаюы => шамадан  тыс жұмыспен қамтылу => жалақының  жоғары деңгейі => несиеге сұраныстың артуы => бос ақша капиталы ұсынысының өсуі => өндірістің экстенсивті ұлғаюы => тауарлардың артық өндірілуінің ұлғаюы (AS > AD) => экономиканың шың деңгейіне

(Сурет 1-дегі А және Д нүктелері)  жетуі

 

     Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды. Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция  (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
  1. Макроэкономиканың пәні мен зерттеу  әдістері
 
 

     2.1 Макроэкономика пәні 

     Экономиканың  ғылым болып болуына, оның негізін  қалаушылардың мына тұжырымдаманы  дәлелдегеннен кейін: байлықтың  негізгі көзі ретінде ондағы бар  табиғи ресурстар және елдің белсенді емес сауда балансы емес,қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың тиімді түрі екенін көрсеткеннен кейін ғылым болып қалыптасты. Сол кездерден бастап экономиканың зерттеу пәні болып өндіріс жайлы адамдардың арасындағы қарым-қатынас, шектеулі ресурстар негізінде материалдық игіліктер мен қызметтерді бөлу және қолдану болып саналады. Экономикалық теорияның екі бөлімі бар, олар: микроэкономика және макроэкономика. Осыны бөлу негізінде екі жағдай қалыптасады. Біріншіден, микроэкономика және макроэкономика бір-бірінен ұлттық шаруашылықты зерттеудің аспектісімен және әдістерімен ажыратылады. Микроэкономика курсында зерттеу негізі болып, экономикалық өмірдің күрделі емес көрінісі, нақты осы: жеке тұтынушылар, өндіруші-фирмалар қарастырылады. Тауарлар нарығы, оларға деген сұраныс пен ұсыныс, сонымен қатар ресурстар нарығы, тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетулерге әсер етеін нарық осылардың барлығы зерттеу обьектісі болып табылады. Ал макроэкономика алдында мүлдем басқа міндеттер тұрады. Олар жалпы экономикалық  үрдістерді түгел қамтып,бүкіл экономикалық субьектілердің нарықтағы қарым-қатынасын зерттейді. Осының барлығының тепе-теңдігін ұстап тұратын негізгі субьект – мемлекет. Сондықтан макроэкономикада мемелекет маңызды экономикалық агент болып табылады.

     Әр  түрлі шаруашылық құбылыстар олардың  жиынтығы бойынша макроэкономикада қарастырылады. Бірақ та, бірігіп жасалған істер экономикалық қатынастар қатысушыларын оң және теріс нәтиже беруі мүмкін. Осы жағдайда мемлекеттің экономикалық қатынастарға араласуы оларды түзету ретінде есептеледі. Шаруашылық қатынастарды қалпына келтіру және дамыту үкіметтің осы әрекеті макроэкономикалық саясат деп аталады.

     Мемлекет  ұлттық нарықта осындай  «ойын  шарттарын» белгілейді: салықтық саясатты, тарифтік мөлшерлемені, квоталарды, демеуқаржыларды, сонымен қатар экономикалық қатынгастар жүзеге асырылатын заңдарды да анықтайды. Мемлекет үкіметтің алдында нарықтың бір субьектісі ретінде болып, ұлттық мүддені белсенді қорғайтын және әрекет ететін тұлға ретінде көрінеді. Екіншіден, микроэкономика айырбас шаруашылығын зертейді, онда «сауда ақщасы» қолданылып, ақшаның қызметін белгілі бір өндіретін фирма атқарады. Осының барлығы микроэкономика тек қана нақты ұлттық шаруашылық секторын қарастырады дегенді білдіреді. Макроэкономикалық талдау мемлекетте  «несиелік ақшаның» бар болуымен, оның  мөлшерін (Орталық банкпен) мемлекетпен реттеліп отырылуынан басталады. Сондықтан макроэкономикада нақтымен қатар монетарлық сектор және осы екі сектордың өзара байланысын зерттейді. Бір-бірінен салыстырмалы дербестігіне қарамастан микроэкономика мен макроэкономиканың экономикалық құбылыстар мен заңдылықтар жайлы тұжырымдары жиі бін-бірі толықтырып отырады. Макроэкономикалық зерттеу пәнін түсіну үшін макроэкономикалық «ех роst» талдауын, немесе шаруашылық  (ұлттық) есепшілікті, және «ех аntе» талдауын – осы сөздердің өзіндік мағынасын макроэкономиканы білу қажет. Ұлттық есепшілік негізінде экономиканың қалай жұмыс істегені мен олардыңқандай нәтиже бергені жайлы макроэкономикалық параметрлердің өткен кезеңдегі ақпараттар анықталады. Осы ақпарат белгіленген мақсаттардың жүзеге асуы,экономикалық саясатты жасап шығару, әр түрлі елдердің салыстырмалы экономикалық әлеуеті жайлы анықтауға мүмкіндік береді. «ех роst» талдаудының негізінде макроэкономикалық тұжырымдамалардың түзетулері және жаңаларын ойлап табу жүзеге асырылады. «ех аntе» талдауы экономикалық құбылыстардың болжамдық модельдеуін және теориялық тұжырымдамалар негізіндегі үрдістерді құрайды. «ех аntе» талдауының мақсаты – макроэкономикалық парметрлердің құрылу заңдылықтарын анықтау болып табылады. «ех роst» талдауының негізінде ұлттық табыс тұтыну мен жинақтау арасында мынандай пропорция арқылы 3:1 анықталатыны айтады. ех апtе талдауы негізінде егер теңдестірілеген пропорция осы жағдайда жұмыссыздық жағдаятының болмауында өсуге лайық па деген сұраққа жауап береді. Енді макроэкономика пәніне көшеміз. Ғылыми әдебиеттерде макроэкономика ұғымының әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Ең тиімді екі анықтама келтірейік. Макроэкономика – экономиканың қызметін толықтай сонымен бірге жұмыссыздық, экономикалық өсуді, және инфляция деңгейін төмендетуді қоса зерттейтін экономиканың бір саласы болып табылады. Макроэкономика – ол экономикадағы агрегатталған мінез-құлық саласы. Макроэкономиканың пәні ол зерттеуге міндетті мәселелір болып табылады. Бірақ қазіргі уақытқа дейін ғалымдар арасында әлі де осы мәсележайлы ортақ пікір жоқ. Кейбір экономистер макроэкономиканың зертеу пәнін осы үш мәселе деп айтады: жұмыссыздық, инфляция және экономикалық өсу. Ал басқалары макроэкономиканың негізгі мәселелерін жиырма-отызға дейін жеткізеді.Бірақ осы жағдай да Аристотельдің сөзін еске алғанымыз жөн болар: «Әрбір нәрсенің негізгісін бөліп көрсету қажет» деген. Сондықтан жеті сакроэкономикалық мәселені немесе «ғажайып жетілікті» бөліп шығарамыз.

  1. Ұлттық өнім;
  2. Жұмыссыздық;
  3. Инфляция;
  4. Экономикалық өсу;
  5. Экономикалық цикл;
  6. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты;
  7. Ұлттық экономиканың сыртқы әсер етулері.

     Сонымен қатар макроэкономиканың зерттеу  объектілері уақыт өте келе түрленіп отырады, сондықтан белгілі бір мәселелер де өзгереді. Микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканың зерттеу   объектісін  нақты тұрақты деп айтуға болмайды. Экономикада болып жатқан үрдістер жайлы әр түрлі мектептер көптеген ой қозғайды. Әлемде  экономикалық ғылымның  ағылшын-сақ бағыты үстем болса да, соңғы он жылдықтарда германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Швецияның, Жапонияның, Қытайдың  және те басқа да елдердің  ғалымдарының беделі өсуде.

     Макроэкономика келесі міндеттерді атқарады:

  1. Оқытушылық: зерделеу,экономикалық үрдістер мен құбылыстарды талдау және түсініктеме беру;
  2. Тәжірибелік: макроэкономикалық мәселелерді шешу үшін экономикалық саясат жайлы ұсыныстар беру;
  3. Болжамдық: Әкономикалық даму мен экономикалық жағдаяттын келешекте бағалау және анықтау;
  4. Идеологиялық: Бүкіл қоғамның мүддесін байланысты әр түрлі экономикалық мәселелерді құру.

     Позитивті және нормативті болып макроэкономиканы ажыратады. Позитивті макроэкономика нақты экономикалық параметрлер  негізінде болып жатқан экономикалық үрдістерді және экономикалық саясатқа тиімді ұсыныстарды анықтайды.Осыдан позитивті макроэкономика экономикалық факторды талдайды және те оның басты мақсаты субъективті пікірлерден еркін болатын макроэкономикалық үлгілерді құру болып табылады.позитивті макроэкономиканың бекітулері статистикамен сай келуі және теріске шығарылуы мүмкін. Мысалы осындай тұрпатты позитивті пікір: «мемлекеттік бюджетің табысы табыс салығының мөлшерлемесіне тікелей байланысты».  Нормативті макроэкономика экономикалық салаларды бағалайтын  идеологиялық, әлемдік көзқарастық қағидаларын, экономикалық мінез- құлықтықң постулаттарын тұлғалайды. Нақтырақ айтсақ нормативті  макроэкономика экономика қалай жұмыс істейтіні жайлы жиынтық субъективті пікірлерді ұсынады. Мысалы осы пікір «кедейлер салық төлемеу керек», «салық салу ілгерлеушілік шкаласы бойынша құрылуы қажет» нормативті болып табылады.  
 

     2.2 Макроэкономиканың өзіндік зерттеу әдістері: агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу 

     «Әдіс»  сөзі (грекше methodos – «белгілі бір  мақсатқа бағытталу») қоғамдық өмір мен табиғаттың құбылыстарын зерттеп білудің жиынтықтарын білдіреді. Әрбір ғылымның зерттеу пәніне байланысты өз әдістері бар. Әдістер ғылымы өзінен өзі пайда болып және те зерттеу пәнінің мазмұны мен шекгін нақты анықтайды. Макроэкономика жалпы экономикалық теориядан шыққалы бері әдістері бойынша басқаларға қарағанда алда келе жатыр. Барлығымызға белгілі болғандай экономикалық теорияның әдістері мыналар болып табылады: индукция және дедукция, аналогия, ғылыми абстракция, абстрактіден нақтыға өтуі, синтез және талдау, тарихи және қисындық зерттеулердің сай келуі. Сонымен қатар макроэкономика өзінің айырықша әдістерімен алға шығады. Оларға мыналар жатады: агрегаттау, модельдеу және тепе-теңдік қағидасы. Енді жалны әдістерін қысқаша қарап өтейік. Талдау  – ол белгілі бір бүтінді бірнеше бөлікке бөліп және әрбіреуін жеке қарастыратын әдіс. Мысалы ретінде нарықтағы сұраныстың заңдылықтарын оған әсер ететін факторлары бойынша – баға, тұтынушылар табысы, олардың қалауы және те т.б зерттеу болып табылады. Синтез – талдауда зерттелген бөліктерді бір бүтінге біріктіру әдісі болып табылады. Нарық сұранысы тек оған кіретін компоненттер – баға, тұтынушылар табысы, олардың қалауларымен ғана зерттеліне алады. Талдау және синтез зерттеу үрдісінің бір-бірімен байланысты жақтары болып саналады. Индукция – жекеден жалпығы қарай әрекет ететін  әдіс болып табылады. Мысалы тұтынушы үшін әрбір сатып алған тауарларының уақыт өте келе пайдалылығы азаяды. Осыдан шығатын қорытынды егер де белгілі тұтынылып отырған тауардың бағасы төмендесе сонда ғана тұтынушы оны әрі қарай тұтынады. Дедукция ( Ш.Холмстың қолдануында ғана жақсы жүзеге асқан) – жалпыдан жекеге қарай әсер ететін әдісболып табылады. Мысалы жалпы қорытынды: әскери адамның арқа бітімі әдемі болып келеді. Егер де сіз далада арқа бітімі тік, әдемі кетіп бара жатқан адамды көрсеңіз, оны сіз әскерге қатысы бар деп санайсыз. Аналогия –  ол белгілі болған құбылыстардың құрамын ауыстыру немесе  белгісіз үрдістерін болжайтын әдіс. Сонымен бірге оның жетістіктері әр түрлі салада қолданылады. Нарық тепе-теңдігі физикалық тепе-теңдікпен бірдей деп есептейді. Экономика ғылымында ғылыми абстракция әдісі кең қолданылады. Ол зерттеу объектісінде негізгіні ажыратып, оны дерексіз, кездейсоқ, тұрақсыздықтан абстрактылаудан тұрады. Зерттеуші өзінің алдына қойған мәселесіне байланысты абстрактылау деңгейі де әр түрлі болады.Әрине нақты жағдайға қарағанда абстрактылау кедейірек болып табылады, бірақ та онсыз ғылыми категорияларды құрастыру мүмкін емес. Осы категориялар зерттелініп отырған жеке жақтардың мәнін анықтайды. Мысалға алсақ, «сұраныс көлемі»  категориясы тұтынушылар сатып алуға алуға дайын тауар көлеміне мен оның бір бірлікке шаққандағы бағасына тікелей байланысты екенін абстрактылау болжап, тұтынушылардың нарықтағы мінез-құлығын, олардың табысының өзгеруін , қалаулары, салт-дәстүрдің жоқ болуын сипаттайды. Зерттеу үрдісінде абстрактіден нақтыға өту әрекеті экономикалық заңдардың категориясы ретінде тұрақты сыртқы және ішкі байланыс объектілерін анықтайды. Экономикалық теорияның әдістері шындыққа жылжуда тарихи және логикалық біртұтастық қолданылады. Экономикалық жүйенің ішкі және сыртқы элементтері логикалық және тарихи тұрақтылықта болады.Тарихи және логикалық бірліктерді есепке алмасақ экономикалық зерттеу толық және нақты болып саналмайды. Енді макроэкономиканың  мамандырылған әдістерін қарастырайық.

Информация о работе Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы