Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 16:00, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері. Макроэкономика (makros – үлкен және oikonomike – үй шаруашылығын ұйымдастыру ережелері) ғылымы микроэкономика тәрізді экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.

Оглавление

Кіріспе
1 Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы
1.1 Негізгі макроэкономикалық көзқарастар
1.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкномикалық тұрақсыздық
2 Макроэкономиканың пәні мен зерттеу әдістері
2.1 Макроэкономика пәні
2.2 Макроэкономиканың зерттеу әдістері : агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу
2.3 Макроэкономикалық саясаттың негізгі түрлері: ақша-несие (монетарлық) саясат, салықтық-бюджеттік (фискалдық) саясат, әлеуметтік саясат, сауда саясаты.
2.4 2006-2008 жылдардағы Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
3 ҚР 2010 жылғы макроэкономикалық саясаты
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

макро. Макроэкономика пәні..doc

— 202.00 Кб (Скачать)
     
  1. ҚР  2010 жылға арналған макроэкономикалық саясаты
 

      

     2010 жылғы Қазақстан экономикасының  даму болжамдары жаһандық экономиканың  баяу қалпына келу бағаларына  арқа сүйейді.Ағымдағы жылы халықаралық  валюта қоры әлемдік экономиканың 3,1 пайыз деңгейінде өсетінін болжап отыр. Әлемдік өсімнің негізгі локомотиві бірінші кезекте Қытай мен Үндістан болады. «Әлемдік экономикалық жағдайдың жақсаруы шикізаттық тауарлар бағасының, соның ішінде мұнай мен металл өсіміне әкеледі. Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына қарай, отандық өндірістің өсімі, металлургия саласының және тау-кен өнеркәсібінің ілеспелі салаларының өсімі қалпына келеді». 2010 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып табылады. Бірінші – макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру және экономикадағы оң үрдістерді бекіту. Екінші – елдің дағдарыстан кейінгі дамуына қолайлы жағдай жасау және экономиканың одан әрі орнықты өсімін қамтамасыз ету. «2010 жылы ішкі жалпы өнімнің өсімі 1,5-2 пайыз деңгейінде болжануда. Ағымдағы жылы тұтынушылық сұраныстың баяу қалпына келуі, өткен жылғы рекордтық астықтан кейін ауыл шаруашылығындағы өсім қарқынының төмендеуі, «Жол картасы» шараларын және Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен еңбек нарығындағы тұрақтылық күтілуде». Ұзақ мерзімді переспективада экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету үшін экспортқа бағдарланған және бәсекеге қабілетті секторларды дамыту үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданбақ. Елдің экономикасына инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Мемлекет пен жекеменшік сектор әріптестігі тетіктерін пайдалануға айырықша назар аударылады. Шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінеді. «Кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту Үкіметтің 2010 жылғы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады». Жалпы алғанда экономикадағы, сондай-ақ жекелеген маңызды нарықтардағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға үлкен көңіл бөлінбек. Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған министрлер кабинеті, бүгін 2010 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жария етті. Биыл Үкімет бірінші кезекте макроэкономикалық тұрақтылықты тапжылтпай ұстап, экономиканың оң үрдістерін нығайта түспек. Екіншіден, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуына қолайлы жағдай жасап, экономиканың одан ары тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Биыл ұлттық банктің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономикалық саясатының 2010 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі туралы мәселені қарастырады. Биыл әлемдік экономика 3,1 пайызға дейін өседі деген болжам бар. Соның арқасында мұнай мен металл сынды шикізатқа баға көтеріліп, Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сұраныс артпақ. Бұл ретте «металлургия саласы мен тау-кен өнеркәсібінің ілеспелі салалары өсімі қалпына келеді» деп те айту кете керек. Шағын және орта бизнесті дамытуға биыл Үкімет баса мән береді. Экспортқа бағдарланған және бәсекеге қабілетті секторларды ынталандыратын қосымша шаралар қабылдайды.  2010 жылы инфрақұрылымдық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шеңберінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысын тарту тетігі қаралады. Жобаларды жүзеге асыруға тартылатын қордың қаржылары мемлекеттің кепілдігінде болады және мөлшерлемелері субсидияланады. «Биыл екінші деңгейлі банктердің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау арқылы біраз борыштың өтелеріне жоспарда. Атап айтқанда, «Альянс банк» пен «БТА банктің» сыртқы қарыздары шамамен 10 миллиард долларға азаймақ. 2010 жылы 2015 жылға дейіңгі кезеңге арналған жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы басталады. Биыл 120-дан астам жоба белсенді деңгейде жүзеге асырылатын болады. Олардың арасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі, «ҚазМырыш» мыс балқыту электролизді зауыты, Мойнақ СЭС-і мен Көксарай суреттегіші сынды ірі жобалар бар. 2009 жылы дағдарысқа қарамастан, жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,1 пайызды құрады. Ал биыл жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,5-2 пайыз шамасында болады деп болжанып отыр. Инфляцияның деңгейі болса, 6-8 пайыз   аралығында тұрақтамақ. Үкімет, сондай-ақ, сырттан қаржы тарту мақсатында сыртқы капитал нарықтарына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды жоспарлауда. Қаржы нарығындағы қарымды саясат жетілдіріліп, ұлттық валютаның «шайқалуына» жол берілмейді.  Ұлттық банктің ақшалық-кредиттік саясаты жылдың басында айтқандай, доллардың орташа бағамы  1 50 теңге болады. Плюс, минус. Минус 15, плюс 10. Ұлттық банктің негізгі бағыты инфляцияны төмен деңгейде сақтау. Батыл болжамдармен өрілген Үкіметтің 2010 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттары туралы қаулы жобасы бірауыздан қабылданды. Ендігі мақсат айтқан үдеден ауытқымай шығу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

     Сонымен макроэкономика экономикалық теорияның  құрамдас бөліктері             (мемлекеттік сектор, бизнес және т.б) мен бүкіл аспектісін зерттейтін бір саласы болып табылады.Макроэкономикалық теорияның зерттеу пәні макроэкономикалық үрдістер болып табылады, олар тек қана бір саланы қамтымай бүкіл экономиканың салаларымен тығыз байланыста болады.Егер де макроэкономиканың кейбір сұрақтары жеке бір елге қатысты болса, ал кейбіреулері дүние жүзінің барлығын (мысалы, дүние жүзілік мұнай немесе қаржы дағдарыстары) қамтиды.Макроэкономика зерттейтін негізгі мәселелер осылар болып табылады: экономикалық өсу және оның қарқыны; экономикалық цикл және оның себептері; жұмысбастылық деңгейі ме жұмыссыздық мәселелері; бағаның жалпы деңгейі мен инфляция мәселелері; пайыз мөлшерлемесінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы, бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселелері және мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы мен валюта бағамының мәселелері; макроэкономикалық саясаттың мәселелері. Макроэкономика мен микроэкономика бір-бірімен тығыз байланысты. Микроэкономиканың түп негізі макроэкономикада жатыр.Олардың арасындағы аралық уақыт өте келе қысқаруда. Микроэкономика жеке нарықтардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық  қылығын зерттесе, ал макроэкономика оған қарағанда экономиканы бір бүтін ретінде зерттейді, экономикаға қатысты бүкіл мәселелерді зерделейді және те осындай жиынтық шамалармен анықталады: ЖІӨ, ҰТ, жиынтық ұсыныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағаның жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз және т.б. Сонымен бірге макроэкономика келесідей агрегатталған нарықтарды қарастырады: тауар нарығы, еңбек нарығы, ақша нарығы және те бағалы қағаздар нарығы.Жалпы экономикалық теориядан шыққан нақты бір ғылым ретінде макроэкономика барлық экономикалық әдістермен анықталады. Макроэкономиканың жалпы әдістеріне келесілер жатады: индукция және дедукция әдісі, талдау, ғылыми абстракция, аналогтық, синтез, тарихи және логикалық зерттеулер. Макроэкономиканың айырықша әдістері: агрегаттау, макроэкономикалық модельдеу және тепе-теңдік қағидасы жатады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

   1 А. Г. Грязнова, Н. Н. Думная. Макроэкономика. Теория и российская практика: Учебник. – М.: Кнорус, 2004. – 608 б.

   2  Агапова Т. А., Серегина С. Ф. Макроэкономика: Учебник. – М.: МГУ им М. В. Ломоносова, изд-во «Дело и сервис», 2000. – 416 б.

   3 Алексеенко Т. С., Дмитриева Н. Ю., Зенькова Л. П. и др.; Под ред Л. П.                             Зеньковой. Макроэкономика: Учеб. пособие.Новое знание, 2002. – 244 б.

   4 Видяпин В. И., Журавлева Г. П. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник. – М.: ПРОМО-Медиа, 1995. – 608 б.

   5 Гальперин В. М., Гребенников П. И., Леусский А. И., Тарасевич Л. С. Макроэкономика: Учебник. СПб: Изд-во СПбГУЭФ, 1997. – 719 б.

   6 Ивашковский С. Н. Макроэкономика: Учебник. – М.: Дело, 2000. – 472 б.  

   7 Костюк В. Н. Макроэкономика: курс лекций. – М.: Центр, 1998. – 384б.

   8 Селищев А. С. Макроэкономика. – СПб.: Изд-во «Питер», 2000. – 448 б.

   9 Чепурин М. Н., Киселева Е. А. Курс экономической теории: учебник – 10Киров: «АСА», 2004. – 832 б.

   11Чепурин М. Н., Киселева Е. А. Курс экономической теории: учебное пособие – Киров, 1993. – 478 б.

   12 Экономикалық орысша-қазақша сөздік / Жалпы редакциясын басқарған академик А.Қошанов – Алматы, 2008.- 1164 б. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Макроэкономиканың пайда болуы мен дамуы