Акша пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ақшанын бірінші қызметі — құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық, тауардын құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай қорсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Файлы: 1 файл

Ақшаның пайда болуы.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

                   КІРІСПЕ

       Ақшаны  калай түсінуге болады? Құн түрінің  дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл  техникалық айырбастау құралы емес, ол -жалпылама эквиваленттік роль атқаратын  тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын  ақшамен керсетеді. Ақша қандай қызметтер  атқарады?

       Ақшанын бірінші қызметі — құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық, тауардын құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай қорсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

       Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі  ерекше мүделікті байқатады. Сұраным  мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға ею мөлшердің яғни тауар құнымен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.

       Егер  тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құннын тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп  болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше — алтыннын құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады. Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.

       Екінші  қызметі — айналым құралы. Осы  қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналыдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белтілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.

       Американ  экономисі Пол Самуэльсонның  ойынша: «Ақша — бұл әлеуметтік шарттылық». Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық бағалылыктағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысы жоқ.. Бүрын айтқанымыздай, осындай қорытындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз, себебі несие ақшалар арнайы тауар болып табылады және олар айырбас құнына ие болады.

       Сондықтан да мемлекет ішіндегі түпкі төлемнің сауда-саттығы кезінде алтын талап  етілмейді. Әлемдік нарыққа қатысты  айтар болсақ, онда барлық төлем  есептеулершін құралы тек алтын  ғана болып табылады.

       Ен  соңында тарихтың пайдалы сабақтарын еске алуға тура келеді. Номиналистік теорияның алғашкы идеясы Ертедегі Римде пайда болған. Сол кездің өзінде мынадай хабар өмір сұрген: егер король немесе императордың ақшаны ақша деп дәріптеген жарлығы болса, кез-келген акшаның түрі, тіпті алтын монетанын өзі төлем күшіне енеді. Осы хабарды практикада Рим императоры Гай Калигулла (37-41 бғ.д.) жүзеге асыруға талпынды. Оған барлық, өкімет билігі қолында сияқты керінді. Ол өзінің жылқысын сенат мәжілісіне алып келді. Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүйуді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.

 

        1. АҚШАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ 

       1.1 Ақшаның пайда болуы 

       Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі  мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо,К.Маркс және т.б.еңбектерінде-ақ қарастырылған.Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал, П.Самуэльсон,Дж.Тобин,Дж.Хикс,Ф.Мишкин,М.Фридмэн және т.б.сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.

             Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ  пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі  тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік  және эволюциялық.

             Біріншісі (сол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

             Біздің пікірімізше,келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбас құн – бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.

             Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл  сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны(оны өндіруге кеткен еңбек шығындары)болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй,машина)байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

             Тауар айырбасының  дамуы тауарлар дамуы тауарлар құнының  әр түрлі формаларының ақырындап  алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:

  • қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде(1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама – қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
  • толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа туарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауарлардың құнымен (тұз,мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10  кг темірге, 1 қойға,1 қап бидайға айырбасталады;
  • құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар алынады(басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алиынға теңестіріледі.

          Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынады. Мысалы, солтүстіктіңхалқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б.қолданды.

          Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауаралр ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

        - құнның ақшалай формасы ары  қарайғы айырбас нәтижесінде  жалпы балама орнына бір ақшалай  тауарды қоюмен сипатталады. Бұл  рөлді тарихи тұрғыда алтын  мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды  олардың шынайы табиғи қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті,жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 унция – 1фунт стерлинг, Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни орлардың құны кез-келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастай баламалардың айырбасы болып табылады.

       Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде  тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы  бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

       Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен  өрнектеледі:

       - ақшаның жалпы тікелей айырбасталу  қасиеті бар, яғни оны тауарлар  мен қызметтер үшін төлем құралы  ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;

       - ақша тауардың айырбас құнын  белгілейді. Соның көмегімен тауардың  бағасы анықталады, ол айырбасты  қамтамасыз етеді және әр түрлі  тұтыну құны бар әр түрлі  тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;

       - ақша тауарда жинақталған жалпы  жұмыс уақытының көрінісі болып  табылады, жұмыс уақытының шығындары  арқылы тауарлар құны ақшамен  өлшенеді.  

 

        1.2 Ақшаның түрлері және атқаратын қызметі  

       Ақша  айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз – ақшаның белгілеген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға,қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

       Ақшаның материалдық – заттық ерешеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

       Толыққұнды  ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс)құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

       Толыққұнды  емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

       Ақша  өзінің даму эволюциясында мынадай  сатыларды өтті:

       1)Металдық;

       2)Қағаздық;

       3)Несиелік;

       4)Электрондық  ақша;

       Металдық  ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылады.

       Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

       Мемлекет  монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия  ережесін және т.б.белгілейді.

       Металл  ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды.

       Алғашқы монеталар б.д.д VII ғасырда Лидия  мемлекетінде құйыла бастады, ал б.д.д 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері  монета деп аталды.

       Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын – соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. 

       Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды  құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың  теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындары тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралы ретінде мемлекет қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін арналаған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептелінеді. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызмет атқарады: айналым құралы ретінде және төлем құралы.

       Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші  сипатта болады. Олармен  бірге  несиелік ақшалар әрекет етеді.

       Қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы  ақшаның маңызы мен рөлін өте  толық ашады деп есептей отырып, біз бес қызметін қарастырамыз:

       Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі  болып құндардың, бардық тауарлар құнының  өлшемі қызметі болып табылады,ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі болып саналады.Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады,сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады.Ондай тауар болып алтын есептеледі,оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты баолық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынанны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Информация о работе Акша пайда болуы