Акша пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ақшанын бірінші қызметі — құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық, тауардын құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай қорсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Файлы: 1 файл

Ақшаның пайда болуы.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

       Тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып  табылады. Ол тауарды өндіру мен  өткізуге келетін қоғамдық қажетті  еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық таныған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктері мен сандық өрнектеу керек.

       Металл  айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа унция және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардын аты металл(алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келеді, ал салмақтың масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.

       Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрінде қалыптасып жатыр.

       Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде  ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке  айналуы ретінде құн өлшемі болып  айқындалады, бағалар мсаштабы –  металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.

       Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын  өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.

       Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының  Т-А-Т1 классикалық формуласының көмегімен  ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін  атқарады, оның негізі болып айырбас  баламысы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін керек. Осыған байланысты айналыс айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

       Тауар өндірісі және тауар айналымының  дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда    Т-А-Т1 айналымы барысында Т-А және А-Т1 деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатуға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлемқұралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі.    Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Стаып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, несиені жаба отырып,тек қана оны аяқтайды.

       Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

       Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа  ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді:тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.

       Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарды, төлемдер жеделдетіледі және қолма – қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін жүргізеді.

       Қазіргі кезде қоғамда несиелік, электрондық  ақшаның дамуы кезінде есеп айырылысудың басым формасы ретінде қолма – қолсыз есеп айырылысу қолданылады, яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен  салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма – қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер  төлем құралы қызметіндегі қолма – қол акшаларды қолданады. 

       Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы  ақша қаржыларын резервтерін құрудың  қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ  құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т1 айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т1 бөлінуімен байланысқан.

       Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді  қанағаттандырудан жиі бас тартуға  тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады және олар осы қызметте қоғамдық байлыөтың жалпы көрінісі болып саналады.

       Жоғары  инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жиналу құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып  алуға болатын тауарлар саны күннен – күнге төмендей берсе, ақша құнсызданады, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинақтаудан бас тартады.

       Жекеленген  адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде  қорлану қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кеплідейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.

       Ақшаның жинақтау және қазыналық қызметінің объективті алғышарты бар және ол ақша айналысы заңымен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау және керісінше жылжиды.

       Ақша  формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең  әлемдік ақша арқылы өрнектеледі.

       Ақша  барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра  отырып, ақша формасының тікелей логикалық  жалғасы болып табылады, ол қазыналық  және төлем құралы қызметінің тұтастығы  арқылы өрнектеледі. К.Маркс былай  жазған: «Қазына және жаппай төлем  құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жаппай құралы өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар деп есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады.

       Қазіргі таңда айналымда алтын монетаның жоқ болуына байланысты, несиелік ақшалар алтынға айырбасталмайды, әлемдік ақшалар ретінде алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылады.

       Жаппай  сатып алушылық құралы ретінде толыққұнды әлемдік ақшалар елдер арасында өзара қарым – қатынастар және есеп айырысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді.Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде  басқа елдерге несие ұсыну.

 

        1.3   Ақшаның металдық және  номиналдық теориялары 

       XVII-XVIII ғғ., ақшаның номиналистік теориясы  өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж.Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақшаның айналымда құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен және ақша болып табылатын баға масштабы мен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.

       Ақшаның номиналистік теориясының негізгі  идеялары төменде көрсетілген:

  • ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;
  • бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталаған бірлікте ешқандай ішкі құны болмайды.

             Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ.аяғы мен XX ғ.басында қол  жеткізеді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номенализмнен  айырмашылығы – оның қорғау объектісі  болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

             Неміс ғалымы Г.Кнаптың  ақша теориясында («Ақшаның мемлекеттік  теориясы») басты мақсат – мұрат  анық қалыптасты:

  • ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
  • ақша – бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;
  • ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда деп жазады.

             1923-1933 жж.экономикалық  дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.

             Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын  экономисі Дж.Кейнс өзінің «Ақша  туралы трактатында» қағаз ақша алтынға  қарағанда айналымда айналымда  ыңғайлы толыққұнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді – деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылады.

             Сонымен, Кейнс номинализмнің  тәжірибиелік мақсаты – алтын  стандартты жойып, қағаз ақшаның  айналымға еркін енуін және экономиканы  инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды.

             Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П.Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырады. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша – жасанды әлеуметтік шарт»- деп жазды.

             Номиналистік теорияның  пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен  пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде  ақша – металды  қатынастардың белгілі заңдылығы  мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінің жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды. Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі – мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

             Сонымен, номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылады.

                   Ақшаның металл теориясы XV – XVIIғғ. Ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-    У.Стэнфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда – А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық     табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алиын мен күміске теңеп,тауар шаруашылығындғы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырды.

       Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады – дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын емнкүмістің келуін қамтамасыз етеді – деп пайымдайды. Қазіргі  авторлар ерте металлизм теориясының  қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материялдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса;екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып, келуінде деп есептейді.

Информация о работе Акша пайда болуы