Макроэкономикалык тепе-тендік. Ұлттық табыс денгейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 21:54, реферат

Краткое описание

Макроэкономикалық тепе-тендік теориясы
Ұлттык табыс
Инвестиция және колда үстаудын тепе-тендігі
Мультипликатор

Файлы: 1 файл

Макроэкономикалык тепе.docx

— 56.54 Кб (Скачать)

Макроэкономикалык тепе-тендік. Ұлттық табыс денгейі.

 

Жоспар:

  1. Макроэкономикалық тепе-тендік теориясы
  2. Ұлттык табыс
  3. Инвестиция және колда үстаудын тепе-тендігі
  4. Мультипликатор

Макроэкономикада ұлттык шаруашылыктың барлык қатысушыларынын бірлескен экономикалык қызмегінің нәтижелері мен зардаптары бір уакытта зерттеледі. Макроэкономика экономикага тән жалпы кұбылыстарды (инфляция экономикалык өсу жұмыссыздық) зерттейді.

Макроэкономикаға катысты зандар үкіметтін экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Экономикалык ілімді макро және микроэкономика деп бөлу XX ғасырдың 30-жылдары Д.М.Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер: меркантилистер, физиократтар. Классикалык саяси экономияның өкілдері-ұлттық өндірістің көлемі жұмыспен қамту денгейі. Инфляция және баскалар сиякты экономикалык мәселелелрге көніл койған.

Жалпы экономикалық тепе-тендік деп ұлттық экономикалық жағдайда нарыкта бір уакытта сұраныс пен ұсыныстың тепе тендігі камтамасыз етілген жағдайда айтады.

Нақты өмірде тепе-теңдік сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады.

Қоғамдык ұдайы өндірісте тепе-тендікке барлық тауарлар сатылған. Бірақ өндіріс құралдары және тұтыну заттары кайтарылған жағдайда ғана жетуге мүмкін.

Алгаш рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудын негізін салушы физиократ Франсуа Кенэ, кейін қоғамдык өндіріс денгейіндегі тепе-тендік мәселесімен айналысқан К. Маркс болды. Ол қоғамдық өнімнің барлық бөлігі күн және табиғи формада қайтарылса тепе-тендікке жетуте болады деп есептеді.

Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады.

Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай нысанда, сонымен қатар табиғи-заттай жүргізіледі.

Экономикалық айналым моделі

 

ҰЛТТЫҚ ТАБЫС

Макроэкономикалық теңдікті табу үшін, міндетті түрде жинакталған сұраныс пен жинакталған ұсыныстың категориясын карастырамыз. Жинакталған сұраныс-бұл ұлттық өнірістің нақты көлемі. Тұтынушылардын, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға денгейінде сатып алуы. АД - тауар нарығында ұсынылган сонғы тауарға және кызметке барлық сұраныс қосындысын көрсегеді: АД=С+І+ДР+Х С-үй шаруашылығының жиынтық сұраныс Л-капитал кұралдарына сұраныс ДР мемлекет тарапынан тауарға және кызметке сұраныс Д таза экспорт, шетелдік, отандық тауарға сұранысы мен отанның шетелдік тауарына сұранысы арасындағы айырма.

Экономиканы жүргізу кабілеттілігі ол немесе баска тауар мен кызмет көрсету көлемі колданып отырған өндіріс факторының саны мен сапасына ыкпал етеді (жер, еңбек, капитал). Өндіріс факторының санының өсуі немесе сапасының көтерілуі өндіріс куаттылығының өсуіне әкеледі.

Жннакталған ұсыныс баға денгейіне тәуелді. Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады. Ал өте томен баға керісінше өндірісті және тауарға ұсынысты кыскартады.

  1. Жинақталған сұраныс жинақталған ұсыныстан көп делік АД > А. Тепе - теңдікке шығу үшін екі вариантты болуы мүмкін.

-Өндіріс көлемін өзгертпей бағаны көтеру.

-Шығарылған өнімді кеңейту.

Егер фирма екінші жолды тандаса, онда шығарылатын өнім көбейеді, не өндіріс жиынтық шығыны өсуіне әкеледі. Сондықтан, жаңа нүктеде теңестіру өндіріс көлемінде үлкен мағынада сәйкестенеді. Қорытынды: ұлттык, табыс өседі.

  1. Жинакталған сұраныс ұсыныстан төмен болса ДД<А Мұнда да екі вариантты болуы мүмкін.

-Өндірісті қыскарту

-Өндіруді өзгеріссіз қалдырып, бірақ бағаны азайту жолы.

Кәсіпкердің бірінші әрекеті: өндіріс көлемін қысқартып тауарды тиімді бағамен коймадан сатады. Егер максатқа мүнымен жетпесе, онда дереу бағаны азайту керек.

Қорытынды: ұлттық, табыс төмендейді.

Ұлттық табысқа әсері белгісіз, өнім көлемі мен баға әр түрлі бағытта болады. Егер жинақталған сұраныс (АД) төмендесе, онда өнім шығару және баға түседі. Баға деңгейі азаюы қаркындап жұмысшыларды босатуға дейін алып келеді. Бұл ұлттық табыстың төмендеуіне әкеледі.

Инвестиция және қолда ұстаудың тепе-тендігі

Нарықтың тұтынудан кейінгі компоненті – инвестиция. Инвестиция – бұл табыс алу мақсатындағы елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзак мерзімді мемлекеттік және капитал салымдары.

Инвестиция төмендегідей салаларға бағытталады:

- Жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;

- Жаңа техника және технолотия, жаңа жабдықтар сатып алуға;

Шикізат пен материалдарды қосымша алуға;

- Әлеуметтік нысананы және пәтер құрылысына.

Осы бағыттарға байланысты:

-Негізгі капитал инвестициясы.

-Тауарлы материалдық қорлар инвестициясы;

-Адам капиталы инвестициясы болып бөлінеді. Бұдан басқа жалпы және таза инвестипиялар болады.

Жалпы инвестициялар – ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар (амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өcуi.

Таза инвестиция – негізгі капитал мен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса экономика өседі. Егер таза инвестиция нөлдік мөлшерді құраса (жалпы шығын мен амортизация тең болса), онда экономика статика (тұрақты калып) шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді кұраса (жалпы шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің қажеттілігін көрсетеді.

Инвестициялық сұраныс факторына жатадьг.

- табыс мөлшерінің күтімі;

- Банкілік мөлшердің пайыздык мөлшерлемесі.

Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болған сайын, инвестиция өседі.

Пайыздық мөлшерлеме - бұл фирманың қарызға акша алғанда төленетін бағасы.

Табыс пен инвестицияның тәуелділігі мультипликаторда көрінеді.

Мультипликатор.

Мультипликатор (латын тілінен-көбейтемін) – бұл инвестиция мен табыс мөлшері арасындағы өзгерісті көрсететін коэффициент. Инвестиция өскенде, ЖҰӨ-де көп мөлшерде өседі. Бұл өсудің көбейткіш әсерлі мөлшері мультипликаторлық әсер деп аталады.

Мультипликатор инвестиция көлемі көбейгендегі ЖҰӨ мөлшері көбеюін көрсететін сандық коэффициент. Айталық инвестиция артуы 10 млрд. теңгені құрайды, ал ЖҰӨ 20 млрд. теңгеге өсті. Сәйкес мультипликатор - 2.

Қорыта келгенде:

Халықтың тұтыну шығындары қаншалыкты косымша көп болса, онда мультипликатор шамасы да көп болады, сәйкесінше жетілдірілген ЖҰӨ жетілдірілген инвестиция көлемімен берілген.

Халыктың қосымша қор жинауы көп болса, онда мультипликатор мөлшері аз, жетілдірілген инвестиция көлемімен берілген. Табыс өсуінің инвестиция өсуіне әсерін белгілеуге акселератор ұғымы қолданылады.

Акселератор (латын тілінен-тездеткіш) – ағымдағы жылғы инвестицияның

өсуінің, өткен жылғы ұлттық табыс өсуіне сандық қатынасын көрсететін коэффициент.


Информация о работе Макроэкономикалык тепе-тендік. Ұлттық табыс денгейі