Экономиклық теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:07, статья

Краткое описание

Экономикалық теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып саналады. Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байлансты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан, «Экономикалық теория негіздері» курсы оқу маңызды болып саналады.

Файлы: 1 файл

ekonomikalyk_teoria[1].doc

— 547.50 Кб (Скачать)

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;  G – мемлекеттің сатып алуы;  І – жалпы  инвестициялар,

             Х – таза экспорт.

  1. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық  төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір  әдісі – қосымша құнға негізделген  әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

         ЖІӨ =ЖҰӨ -   сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің  жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті  капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында  орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

  ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

             Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық  ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық  сұраныс пен жиынтық ұсыныстың  сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

12.1.  график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

                           

    •  Р

                                                                    

 

                                                                                          АD

                                                                                                                      

   Ре

 

                                      АS

 

 

 

 

                                Qе                   Q

 

Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға  тоқтауға болады:

  • өндіріс көлемін  өзгертпей, бағаны көтеруге  болады;
  • өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.
  1. Егер АД<АS, бұл жағдайда:
  • өндірісті қысқарту қажет болады;
  • өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны  төмендетуге болады, сонда ұлттық  табыс азаяды.

Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға  дәрежесінің тепе-теңдігі,  Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.


Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй  шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға  деңгейінде  жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу  қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. 

12.2. график. Жиынтық сұраныстың  қисығы.

  Р

 

  Р1

           АD2

 

    

                                                   

  Р2                  

                   АD1                               

                                               АD

 

                          Q1            Q2       ЖҰӨ

    • Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері  жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға  (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

         Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің  көлемі.

 

12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

 

     Р                               АS

 

                                                        3

 

 

                                                  

                             2

               1

 

                                             Q

Жиынтық ұсынысқа мерзім  аралықтары әсерін тигізеді:

қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық,

ұзақ мерзімде  - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 

2 – аралық мерзім 

3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.


 

Жиынтық ұсынысқа бағасыз  факторлар әсерін  тигізеді:

  • Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
  • Нарықтық құрырылымы.
  • Өнімділік.
  • Құқық  заңдылық  нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю  нәтижелері жиынтық ұсыныс  қисығының  әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.                               

.

 

10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.

 

  1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының  негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

 

Негізгі  түсініктер мен терминдер

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

 

Дәріс мән-мәтіні

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз  ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен  қатар сапа  жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын  көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс  факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше  типке  бөлінеді.


 

 




 

 

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына  мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей  факторларға бөлінеді.

  • Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей  факторлар:

Жанама  факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының  төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды  мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің  экономикалық дамуының нәтижесі жалпы  қоғамдық өнімнің сан жағынан  өсу қарқындылығы арқылы бағаланып  отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының   жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –  шет  ел инвестициясының  және ішкі  жинақтың жоғары  дейгейіндегі  экономикалық  ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына  2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық  қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен  ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі  жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Информация о работе Экономиклық теория