Инфляция және банктік процент

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:19, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе , соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін , екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.

Оглавление

Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Инфляция және банктік процент.DOC

— 178.00 Кб (Скачать)

Теңдестірілген инфляция  кезінде  әртүрлі  тауарлардың  бағасы  бір – біріне қатысты өзгерусіз  қалады, теңдестірілмеген  инфляция  кезінде  олардың   бір – біріне  арақатысы  өнбойы өзгеріп  отырады, оның  үстіне  әр  түрлі  үйлесімде.

        Болжаулық  (болжап айтушылық ) дәрежесіне  байланысты  :

Күтілген , болжамды  және  күтілмеген  шығу  немесе  пайда  болу  орнына  қарай : импортталынған  және  экспортталынған;

Сондай – ақ дпмудың  әркелкілігімен  сипатталатын  сатылы , баға  шамалы  өскен  немесе  өзгерусіз  қалған , бірақ  тауар тапшылығы  күшейген  кезде  тұқыртылған  инфляцияны ажыратады.

             Нақты  экономикалық  өмірде инфляцияның  бұл  түрлері  және  оларға  ілеспелі  салдар  тығыз  тоқайласады, өзін  өзара  толықтырады, бұл  инфляциялық шиыршық  деп  аталынатынды  тудырады , бұл  кезде  өндірістің  тұтынылатын   компоненттері  баға  мен  еңбекке  ақы  төлеудің  өсу  нәтижесінде   шығындардың  көбеюі   шығарылатын  өнім  құнының  артуына  соқтырады, мұнда  өнімді   тұтыну  жалақының  және  экономиканың  шектес  секторларында  материалдық   шығындардың  қосымша  өсуін  талап  етеді  және  осылайша  шексіздікке  кете  береді.

            Импортталынған  инфляция  - ол  шетелдік  валютаның  шамадан  тыс  түсімінен    және   импорттық  бағалардың   жоғарлауынан  туады.

           Экспортталынған  инфляция – тауарлар  мен  қызметтер  көрсетуге  экспорттық  бағаның  көтерілуінен  туады , бұл  тұтынушы – елдерде , соның  ішінде  дамып  келе  жатқан  елдерде  бағаның  өсуіне  соқтырады.

 

 

              Инфляция  елдің  әлеуметтік – экономикалық  жағдайына  көп  зардабын  тигізеді . Олар :

 

                                   ақшаның  құнсыздануына  сәйкес  халықтың, шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  мемлекеттің  барлық  қор  жинақтары   құнсызданады.

                                   құнсызданған ақшадан  ″ қашу ″ басталады. Ел қолда  бар  ақшасын  тауарға  немесе  еркін  айырбасталатын  валютаға  ауыстыруға  тырысады. Ал, осындай жағдай, бұрынғы  қалыптасқан  тұтыну  сұрамдылығының  құрылысын   бұзады , тауардың  жетіспеушілігі  пайда  болады.

                                   инвестициялық  белсенділік  төмендейді  .Ешкім  капиталын  өндірісті  дамытуға  салғысы  келмейді. Өндірістің  көлемі  азаяды,соның  салдарынан  жұмыссыздық  көбйеді.

                                   табысын  салық  салудан   жасыратын  бұқпантайшы экономика  дамиды

                                   халықтың  арасында   бұрын  болып  көрмеген  байлар  мен  кедейлер  тобына жіктелу  пайда  болады, ал бұл, өз кезегінде  әлеуметтік  қайшылықтар  туғызуы  мүмкін  .

Сондықтан , кез – келген  үкімет, инфляцияға  қарсы  тиісті  шаралар   қолдануы  керек. Оның  ішінде, бірінші  қатардағы  міндет, өндірістің , оның  ішінде жоғары  және  орташа  табыскерліктің, дамуын  қамтамасыз ету, олардың  өндірген  тауарларының  сапасын  жоғарлатып , бәсекеге  жарамдылығын  арттыру   болып  табылады.Әсіресе, қолда  бар  заттай ,не  ақшалай   байлықтарды  үнемдеу, оның  тиімділігін  арттыру  қажет.

                  Инфляция  кезінде  өндіріс  қарқыны    төмендейді, экономикалық   өсудің  пропорциясы  бұзылады . Ақша, несие , қаржы  және  валюта  механизмі  бүлінеді.

                  Елде  әлеуметтік  экономикалық   тұрақсыздық  күшейеді.Инфляция   халықаралық   экономикалық  қарым – қатынастарды  жұмыс  күшін  ұдайы  өндіру  шарттарын  бұзады, капиталды  экономиканың  ең  пайдалы  салаларына салуды  ынталандырады,  экономикалық  қылмыстар  мен  астыртын  экономиканың  дамуын  жедел  етеді.

               Инфляция  мен  жұмыссыздықтың   бірінен  - екіншісінің  туындап  отыратын, әдетте  бір – бірімен  тығыз  байланысты  процесті  - стагфляция  деп  атаймыз.

               Толық  жұмыспен  қамтамасыз  етілген  қоғамда  өндіріс  циклі  болмай, сұранысқа  уақытылы  жауап  бермей  немесе  сұраныстың   өсуі  тұрақты   және  ұзақ  уақытқа  бағаның  қымбаттауына  әкеледі. Мұнымен  бірге  толық  жұмыспен  қамтамасыз  ету  жағдайында  өндіріушілер   жұмыс  күші  үшін  өзара  бәсекеге  түсіп, ал  бұл  номналды  жалақыны өсіреді, ең соңында  инфляция – қымбаттылықты  күшейтеді.

                  Өз  кезеңінде  инфляцияның  күшеюі  жалақыны  өсіріп еңбек  нарығының  тепе – теңдігін   бұзып  тез  арада  жоғары  жұмыссыздықты  тудырады.

                   Жұмыспен  қамтамасыз  ету  нарығында  қиын  жағдай  қажетті  шаралардың  қабылдануын  талап  етеді. Оның  ішінде  ең  бастысы  қоғамдық  еңбекті  дұрыс  ұйымдастыру, уақытша  жұмыс  орындарын  ашып, кадрларды  қайта  оқытып, жаңа  мамандар  әзірлеу, жұмыспен  қамтамасыз  ету  қорларының  нормативін  көбейту керек.

                   Көптеген  елдер  экономикасында  кейде  мынадай  жағдайлар  қалыптасады : бағаның  жалпы  деңгейінің  өсуі  өндіріс  көлемінің  қысқаруымен  бір  мезгілде  болады. Экономиканың  бұл  жағдайын   стагфляция  деп  атайды.

               Стагфляцияның  барынша  айқын  себебі : жиынтық  ұсынымның  азаюы, яғни  өндіріс шығындар   инфляциясы. Стагфляцияның болу  себебін   инфляцияның  күтумен  байланыстырады. Дағдарыстан  шығу  үшін  ақша  бірлігінің  балансы  мен  тұрақтылығы,  оған  деген  сенімді  нығайту  керек. Баға  деңгейі  және инфляцияға  келсек, баға  мен инфляцияның  өсуін  бірдей  қараймыз, теңдестіреміз.Бірақ  арасында  өзгешеліктер  бар.Бағаны   шектейтін  мемлекеттік  саясат  инфляцияны  тежейді, бірақ  шығындар  азайса, осы  кезде  де  инфляция  өседі. Өндіріс  көлемінің  өсуін  тежеу  арқылы  мемлекет  инфляцияны  тоқтата  алмайды. Өйткені  баға  деңгейі  бұрынғыдан  жоғары  болады.

               Инфляцияны  ауыздықтаудың   дәстүрлі  жолы  ақша  ұсынысы  мен  мемлекттік  шығындардың  өсуін  тоқтату.

               Инфляция зардаптарын  бейтараптандыру  мақсатымен  мемлекет  инфляцияға  қарсы  саясат  жүргізеді. Мемлекеттің  инфляцияға  қарсы  саясатын  экономиканы  тұрақтандыру, баға  мен  жалақыны реттеу  қаржыны   сауықтандыру, несие  экономикасын   тежеу, ақшаны  эмиссиялауды  қатал  бақылауға  алу  сияқты  жалпы  экономикалық  шараларды  іске  асыру  арқылы  жүргізеді. Ал аса  төтенше  жағдайда  ақша  реформасы  жасалады. Инфляция ″ экономикалық  аурудың ″  ерекше  түрі болып  саналады. Ол  бір  мезгілде  материалдық  қаржылық   сәйкессіздіктің  әрі  салдары, әрі  себептері  ретінде  көрінеді. Оны бүкіл  шаруашылық  механизмімен  емдемей  жеңуге  болмайды, яғни  егер инфляциялық  вирус  инфляцияға  қарсы  саясаттың   жүзеге асуын  қиындататын  болса, экономиканы  сауықтыру  нәтижесіз  болуы  мүмкін.

            Ақша  реформасын  жүргізудің  екі  формасы  бар  бірінші, жаңа  ақша  жүйесін  құру – ол  алғашқыда  металл  ақша  жүйесін  құрғанда, сонымен   қатар   мемлекеттік  құрылым  өзгергенде, яғни  отаршылық   жүйе  құлап, оның  орнына  отаршылықтан  арылған   саяси  тәуелсіз  мемлекеттер  пайда  болғанда  және  90  жылдардың  басында  КСРО – ның орнына  ТМД  елдері  құрылғанда бұл  елдердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  өзіне  тән  жаңа  ақша  жүйесі  пайда  болды.

Екінші, ақша  жүйесінің  кейбір  элементтерін  өзгерту, яғни  жаңа  ақша өлшемін    енгізу , баға  масштабының , ақша  түрлерін  өзгерту.

             Соғыс  және  революциядан  кейінгі  жылдары  көптеген  мемлекеттер  ақша  айналысын  тұрақтандыру  мен  экономиканы  қалпына  келтірудің  ең  бір  қажетті  жолы  ретінде  мына  әдістерді  қолданады : нуллификация , рестврация ( ревальвация ), девальвация  және  деноминация.            

 

      Нуллификация –ол  құнсызданған  ақшаны  жойып, орнына  жаңа  валютаны  енгізу  әдісі.

      Реставрация- ол  ақша  өлшемінің  бұрынғы   алтын  ақша  өлшемінің  бұрынғы  алтын құрамын  қалпына  келтіру  әдісі.

      Девальвация- ол  ақша  өлшемінің  алтын  құрамын  төмендтету.

      Деноминация- ол ″ нольдерді  сызу ″ әдісі, яғни  баға  масштабын  ірілендіру.

            

                Қазақстанда  өндірісті  дамытуға  бағытталған  экономикадағы  сәйкәссіздіктерді  біртіндеп  жоймай  инфляцияға  қарсы  саясатты  құру  мүмкін  емес, осылай  инфляцияны  бәсеңдетуге  болады.

           Инфляция   кезінде  баға  мен  жалақы  қозғалысы  бірдей  қарқын   алмағандықтан

 

1.      түрлі талаптардың  арасында  табыс  пен  байлық  қайта  бөлінеді:

2.      бүкіл  экономика  деңгейінде  баға  мен  түрлі  тауарларды   шығару  көлемі  және  жұмыспен  қамту  қозғалысы  әр  түрлі  бағытта  жүреді . 

              Инфляция  бекітілген  номиналды  деңгейінде болған  кезде, процент  иелерінің  актив   табыстарын  бермек  төлемдері  үшін  бекітілген  номиналды  процент  ставкасы  бойынша  қайта  бөлуде   немесе  бөледі.Мұны  мысалы – тұрғын  үй  құрылысына  арнаған  процент  дефляция  жағдайында  төлемділік  болады.

              Инфляцияны  1%  төмендету  үшін  жұмыссыздық  жыл  бойына  өзінің  табиғи  деңгейінен  2 %  жоғары  болуы  керек.

            Инфляцияны  жұмыссыздықтың  есебінен  төмендету  әр  түрлі  шешіледі. 

             Инфляцияны  тауар  тапшылығының  басты  себебі  бола  тұрып  тауар  мен  азық – түлікті  белгіленген  норма  бойынша  бөлуге  мәжбүр  етеді.

              Инфляция  кешенді  себептердің  негізінде  пайда  болады  және  оның  маңыздылары  ьолып : мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы.Оны  азайту  мақсатында  мемлекеттік   бағалы   қағаздар  немесе  жай  қағаз   ақшалар  шығарылады.

              Инфляциямен  күрестің  басты  құралы – табыс туралы  мемлекеттік  саясат  енгізу  және  соны саналы  түрде жүргізу. Ол  бағаның  тұрақтылығымен  жұмыспен  қамтамасыз  ету, арасындағы  иілінушіліктің  жағымсыз  салдарынан   жұмсартады.

                Әлемдік  практикада   инфляциямен  күрес  тек  қана  ақша  бюджеті  және  ақша – несие  саясатынан  күшті  әсер  бере  алмады. Сонымен  қатар  табыс  саясатына  да  қажетті  және  тиісті  еңбек  төлемінің   өсуімен  кәсіпкерліктің  барлық  түрінен  асыруға  болмайды.

               Ақша – несие саясаты  инфляцияның  төмендеу  деңгейінің  бағыты  және  курстық    айырбастау  стабилизациясы  деңгейі  1994  жылдың  1 – ші  жарты  жылдығында  күтімді  нәтиже   бермеді.

                  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  статистикалық  комитеті  қаңтар – шілде  айларына  инфляция индексін 534,5 %- ден  құрды. Сонда  тұтыну  тауарлары  6 есе  қымбаттады. Ақша  несие  саясаты  Қазақстан  Республикасның

Орталық  банкі  2-ші  жарты  жылдықта , жалпы    республикада  бірінші  рет инфляцияның  қарқыны  113,3 %  -тен  тамыздан  қыркүйекке  дейін  109 %  -ке  түсті.Көптеген  елдерде  тауарлар  мен  өндірістік  емес  тауарлар   бағасы    бір   деңгейде   қалды, ал  кейбірінің  бағасы  түсті.

              Қазақстанның  табыс  саясаты  анық  емес  түрде, табыстың  шектелу  түрінде  жүрді. Мысалы  1996  жылы  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  еңбек  ақысы  4,7  есе  өсті, 1997  жылы  қаңтарда  92 %  шамасында  қолма – қол  ақша  көлемі  болды.

                   Табыс  саясатындағы  өндірістік  шығын  еңбек  ақының  өсуімен  инфляция  шығынына  әкеліп  соғады.

                   Экономикалық   саясаттың   негізгі  реттеушісі  болып   инфляциялық  факторлар  Қазақстанда  олар  инфляциялық  шығынды  анықтайды. Мұны  1992 – 1995  жылғы   өндірістің   құлдырауы   дәлелдейді.

                 Инфляция – ақша  жүйесінің  дағдарысты  жай – күйі.Ақшаның  құнсыздануына  мына  факторлар  әсер  себепші  болады :

 

      айналысқа  артық  ақшаның  шығарылуы

      қолайсыз  төлем  балансы

      үкіметке  сенімнің  жоғалуы

 

            Инфляция  әлемнің  көптеген  елдеріндей  экономиканың  қазіргі  дамуының  ең  өткір  проблемаларының   бірі болып  есептелді.

               Инфляцияның  көріну  нысандары :

 

  -   тауарлар  мен  қызметтерге  бағаның  өсуі,оның  үстіне  бірқалыпты  емес  өсуі, мұның  өзі  ақшаның  құнсыздануына,оның   сатып  алу  жарамдылығының  төмендеуіне  ұрындырады;

  -   ұлттық  ақша  бірлігінің  шетелдік  ақша  бірлігіне  қатысты  бағамының  төмендеуі;

  -  ұлттық  ақша  бірлігінде  көрінетін  алтынның  бағамының  көтерілуі.

          

   Инфляцияның    ішкі  және  сыртқы  факторларын ( себептерін )

айыра  білу  қажет. Ішкі  факторлардың   арасында  ақшаға  жатпайтын  және  ақшалай – монетарлық  факторларды  бөлуге  болады. Ақшаға  жатпайтындары – бұл  шаруашылық  сәйкестігінің  бұзылуы; экономикалық  циклдің  дамуы, өндірістің  монополизациялануы , инвестициялардың  теңгерімсіздігі. Ақшалай  факторларға  мемлекеттік  қаржының  дағдарысы – бюджет  тапшылығы, мемлекеттік  борыштың  өсуі, ақша  эмиссиясы, кредит  жүйесінің  кеңеюі.

           Дүниежүзілік  құрылымдық  дағдарыстар ( шикізат , энергетика, валюта  дағдарыстары ), басқа  елдерге  инфляцияны  экспортқа  шығаруға  бағытталған  мемлекеттік валюта  саясаты, алтында, валютаны   жасырын   экспортқа  шығару  инфляцияның  сыртқы  факторлары  болып  табылады.

            Инфляция  кезінде  мемлекет  іс- қимылын екі  нұсқасы  болады :

1.      Бейімделу саясатын  жүргізу  немесе  инфляцияға  бейімделу, бұл  кезде  салықтарды , жалақыны , пайыздық  мөлшерлемелерді, инвестицияларды  индекстеу  жөнінде  шаралар  қолданылады, компаниялар  мен  фирмалар  қысқа  мерзімді  жобаларды  өткізеді, жеке  тұлғалар  табыстың  қосымша  көздерін  іздестіреді  және  тағы  сол  сияқты ;

2.      Инфляцияны  төмендету  немесе  басу  жөнінде инфляцияға  қарсы  шаралардың  кешенін  жүргізу. Инфляцияға  қарсы  саясат – инфляциямен  күреске  бағытталған  экономиканы  мемлекеттік  реттеу   жөніндегі  шаралар  кешені. Мұндай  саясаттың  екі  негізгі  жалпы  белгіленген : дефляциялық  саясат  және  кірістер  саясаты.

                 Дефляциялық  саясат – мемлекеттің  шығындарды   азайту, кредит  үшін  пайыздық  мөлшерлемелерді  арттыру, салық  ауыртпалығын  күшейту, ақша  массасын  шектеу  жолымен ақша – кредит және  салық  механизмі  арқылы  ақша  сұранымын   реттеуді  қарастырады.Бұл  саясат  экономиканың  өсуін  тежейді.

Информация о работе Инфляция және банктік процент