Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:19, реферат
Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе , соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін , екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Кіріспе
Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.
1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.
ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.
ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді.Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты,бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс :
Біріншіде, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
Екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріспен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.
Өршімелі инфляция кезінде бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен күрестің айырықша нысаны – естен тандыру терапиясы. Оның мәні – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде – халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуінде болады.
КСРО құлағаннан кейін Қазақстан және де басқа тәуелсіздік алған мемлекеттерде қаржы жүйесі сақталынып қалды. Реформа бөліктеп либерализациядан басталды . өндірістік бағаларға 90 –шы жылдардың аяғында, ал әмбебаптық өндіріске 1991 жылдың сәурінен басталған болатын. Бекітілген бағалардың саны тез қысқарды, еркін бағалаулы баға енгізілді, яғни мұнда максималды түрде пайда алу көзделді.
Қазақстанның 1993 жылдың қазанына дейін Ресейдің рубльдік аймағында болып келгені белгілі. Сондықтан Ресейдің экономикасында болып жатқан дағдарыспен инфляцияны күшейтуші жағдайлар Қазақстанның экономикасына тікелей баралды. Оның үстіне, көрші елдердің Ұлттық валюталарын енгізгендері, Ресейдің 1961 – 1992 жылдарда шығарылған ақшасын жаңа, 1993 жылғы ақша белгілеріне айырбасталуының салдарынан Қазақстанға жан – жақты миллиардтаған ескі, айналымда жоқ , Кеңес және Ресей ақша белгілері құйыла бастады.
Ресей үкіметі мен рублдік аймақты қайта құру жөніндегі жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. Олардың қойған шарттарын қабылдаған күнде Қазақстан іс жүзінде, өзінің егемендігін жоғалтатын болды. Осындай қиын жағдайдан шығу үшін Қазақстан Үкіметі ұлттық ақша – теңгені айналымға шығаруды жөн деп тапты. Шынында да бұл қиындықтан шығудың бірден – бір жолы еді. Бір жақсысы үкімет ұлттық ақша шығаруға алдын ала дайындалған болатын. Ең маңыздысы жеткілікті мөлшерде теңге басылып, әкелініп, енді айналымға шығуға дайын болатын. Сөйтіп, Қазақстанның ұлттық ақшасы ( валютасы ) – теңге дүниеге келді.
Ұлттық валюта енгізу - әр елдің тарихында бір – ақ рет болатын оқиға. Қазақстанда осындай есте қаларлық қуанышты сәтті бұдан 11 жыл бұрын 1993 жылы 15 қарашада бастан өткерді. Ұлттық валютаның теңгенің енгізілуі мен Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа шын мәніндегі өзгерістер кезеңі басталды .
Мемлекеттік маңызды теңге шығару тапсырысы барынша қысқа мерзімде және жоғары полиграфиялық деңгейде орындалды. Теңгенің алғашқы банкноттарын полиграфиялық дайындауды " Харрисон және ұлдары" фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Көрсетілген диаграммада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан осы күндерге дейінгі инфляцияның қозғалысы көрсетілген.
Мұндағы Ряд 1 1991 жылғы инфляция деңгейі көрсетілген. Бұл жылы инфляция 247,1 % -ті құраған. Ряд 2 1992 жылғы инфляция деңгейі 3061 % , Ряд 3 1993 жыл инфляция 2265% құраған. Бұдан байқайтынымыз теңге шықаннан кейінгі тұрақсыздық.
Жалпы теңгенің тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге болады :
1. – кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуы ( 1993 – 1996 жылдар) 1995 жылдың аяғында 8,2 % болған ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3 %-ға дейін төмендетуге қол жетті. /1994 ж ( Р4) -1258 % /
2. –кезең.Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау / 1997 – 1999/.Экономикалық реформаларды жалғастыру нәтижесі 1999 жылы ЖІӨ - нің 2,7 % өсуі, инфляция деңгейінің 17,8 % -ке төмендеуі және нақты жалақының индексінің 13,1 % жоғарлауы болды. / Р6 1996 – 28,7; Р7 1997 – 11,2 %, р8 1998 -1,7% /.
3. –кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы ( 2000 жылдан бастап ).
ЖІӨ - нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2000 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6 % болды. / Р10 2000 жылы инфляция 9,8 %, Р11 2001 жыл – 5,5 %, Р12 2002 жыл – 3,25 %, Р13 2003 жыл - 2,1 % болды /.
" Ұлттық валютаның ″ ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды.
Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер етеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша – кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде
Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жеткіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
Қазіргі кезде инфляцияның экономикаға әсері 2 бағыт бойынша жүреді :
I. Жалпы өндіріс көлемінен (макроэкономикалық тиімділік)
II.Ресурстарды орналастырудың экономикалық тиімділігінен көрінеді.
Бірінші бағытқа тән сипат, инфляция жұмыспен қамту және өндіріс көлемі жоғары дәрежеде болған кезде күшейеді және керісінше, инфляцияның төмендеуі өндірістің құлдырауымен жұмыссыздықтың өсуіне ілесе жүреді. Алайда қазіргі макроэкономика мынаны куәландырады инфляция мен өндіріс көлемі, жұмыссыздың деңгейі арасындағы тікелей байланыс жоқ.
Инфляцияның зардаптарына қарағанда болу инфляция ауыр экономикалық зияндар келтірмейді. Әрбір ұлттың экономикасының өзінің өз проценті
1) Марченко А.Г Егемен Қазақстан 2003 15 қараша инфляциясы және өзінің өсу қарқыны болады.Сол сияқты жақын және алыс шет елдермен, Қазақстанды механикалық ауыстыруға болмайды, көптеген елдердің өзінің спецификалық қиындықтары экономикалық бірлігі және әлеуметтік өкіметі бар.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мен мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Инфляцияға қарсы саясатта экономиканы тұрақтандыру,сонымен қатар экономиканы қадағалау керек.
Антиинфляциялық саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және рентабельділігі төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес,өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады.Сондай – ақ шет елдік несиелерді пайдалануда маңызды.
Бірсыпыра шет ел мамандарының пікірінше Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп және туризмді дамытуда инфляция салдарын баяулатуға болады.Сондықтан бұл салалардың дамуына айырықша көңіл бөлінуі керек. Сыртқы сауда мен айналысатын кәсіпорындарды толық өзін - өзі валюталық ақтауға кешіру, ұлттық ақша теңгені ендіру толық қажет .Сонымен инфляцияның халықтың әл – ауқатының деңгейіне теріс әсер ететін нәтижелерін азайту керек.
″ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға енгізілген және 1 қаңтардан басатп күшіне енген соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлттық банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды белгілейді.Тиісінше,Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды.
Адам өмірі өне бойы қозғалыста болғандықтан, ондағы қоғамдық қатынастар өзгеріп, жаңарып отырады.
Инфляция қағаз ақшалардың алтынмен салыстырғанда құнының төмендеп кетуімен туады да, товарлар бағасының көтерілуіне әкеп соғады.Экономика ілімінің дүниеге келуі адамзат қоғамының аяқтан тұруымен қатар жүрді.
Республикада осы өтпелі кезеңде ауыр да қарама-қайшы процестер болып отыр.Соның бірі инфляция болып отыр.
Бүгінде адамзат өмірі қай жағынан алып қарасаңыз да әр түрлі мәселелермен бетпе – бет келіп отыр,оның бірі экономиикалық жағдайлар.Қазірде жер бетінде сол сауалдар мен жағдайлар көп ескерілуде.
Шынын айтсақ, ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды.Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар ( бағларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғарғы деңгейі, импорт тауарларының қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір ) шет ел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше, бағамның өсуіне әкеп соқты.Теңгені енгізуге қатысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынған. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын.Алайда ,мысалы 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өтінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізіген кезден бастап алғашқы жеті айда 8 есе құнсызданды.
Ия, шынында теңгені енгізгеннен кейінгі екі үш жылда оның бағамы тұрақсыз болды, инфляция қарқыны көбейгендігі белгілі. Мұны теңге енгізілген кезде болжамдаған болатын. Бірақ, міне біз өзіміз көріп отырғанымыздай теңге нарықта тұрақтанды. Мүмкін оның алғашқыда құлдырау себебі, біздің елде КСРО құлағаннан кейінгі қаржы жүйесінің біршама сақталынуы және өз ұлттық валютамызды бірінші рет нарық сахнасына енгізуінде, теңгеге нарықтың әсері болуы шығар. Алайда,енді біз сеніммен теңгенің аяғына тік тұрып тұрақтанғанын
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады.Жоғарыда айтылғандай ұлттық банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады. Тағы да осы тақырып бойынша айтатын жаңалық ол 2004 жылы 27 қаңтарда Президентіміздің ұлттық банк төрағасы етіп Сайденов А.Г мырзаны тағайындауы. Ол ұлттық банк қызметінің тікелей ауысуына байланысты болар.Ендігі кезде бүкіл халық, Президентіміз жаңа ұлттық банк төрағасына сеніп ,әрі қарай еліміздің экономикасына тұрақтандыруға сенуде.Халқымыз үмітпен " Іске сәт ″ демек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әубәкіров " Экономикалық теория негіздері " Алматы 1994 ж.
2. Мәдешев Б " Нарықтық экономика теориясына кіріспе " Алматы 1995 ж.
3. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
4. Мельников В.Д " Экономика Казахстана " Алматы 1995 ж
5. Тобаяқов Б "Егемен елдің экономикасы "
Алматы 1995 ж.
6. Қаржы - қаражат 1999 № 1
7. Қаржы - қаражат 2000 № 9
8. Қаржы - қаражат 2002 №3
9. Егемен Қазақстан 2003 № 15 қараша
10. Казахстан в цифрах 2003, 20004
11. Статистикалық бюллетень 2004
12. Аль – Пари 2002 №3,4
29