Банкрот

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

Оглавление

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------3
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ---------5
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме------------------------------------5
I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі-----------------7
I.III Банкротқа ұшырау жолдары------------------------------------------------ 10
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ----------------------------------------------------------------------------------15
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері------------------------15
II.II Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі------------------------------------19
II. III Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау--------------------------22
ІІІ. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ----------------------------------------------------------------23
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау--------------------------------------23
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары--------------------------------------------------------------------------25

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

БанкротАР.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

    Сондай-ақ Т. Мухамбетов пен А. Нукушевтің көзқарастары бойынша банкроттық ұғымынан ықтауда заңдылық (құқықтық) және экономикалық (қаржылық) бағыттарды ұстанған жөн (Т.И.Мухамбетов, А.Г. Нукушев, Банкротство и антикризисное управление предприятием. Алматы, 2000).

    Бүгінде көбіне сол құқықтық бағытты көп кездестіреміз. Оның себебі-банкроттық заңының ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жалпы банкроттық мәселелерін жүйелендіретін бірден-бір нормативтік акт болуынан да шығар. Бұл бағыт бойынша қысқаша айтқанда банкроттық-ол тек сотпен ғана қуатталған дәрменсіздік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        I.III   Банкротқа ұшырау жолдары

         Ал экономикалық бағыттың өзі: макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме-нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме-фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.

    Ал  ресейлік экономистер банкроттықты анықтау үшін, алдымен оған ұшырау себептерінің екі категориясын (ішкі және сыртқы) ашып көрсетеді (Е.М.Шабалин. Как избежать банкротства. М.: Инфра-М, 1996). Олар ішкі себептеріне – экономикалық, саяси, демографиялық алғы шарттармен басқа да факторларды жатқызса, ал керісінше сыртқы себептеріне - халықаралық нарықта бәсекелестіктің күшеюі, ғылым мен техниканың дамуы және тағы басқаларын жатқызды.

    Банкроттық  ұғымын "етеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.

    Бірінші жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі" өлшемі бойынша борышкердің дәрменсіздігі туралы тұжырым тек салық немесе басқа да міндетті төлемдерді және несие берушілердің несиелерін борышкердің кері қайтара алмауы – оның қажетті мөлшерде тиісті мүлкі болмағандықтан деген болжамдардан тұрса, ал екінші жағдайда, яғни "төлемсіздік" өлшемін қолданған кезде борышкерді дәрменсіз деп табуға оның төлем қабілеттілігі жөнінде қандай да болмасын болжамдар емес, керісінше нақты мүліктік жағдайы ескеріледі.

    Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі)- ол "дәрменсіздік" екендігі қайта кеткен жөн.

    Қазақстан Республикасының заңнамасында банкроттық ұғымының анықтамасы "Банкроттық туралы заңның 1-бабында және де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52-бабында берілген. Яғни банкроттық - бұл борышкердің сот шешімімен танылған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де банкроттық қатынастарын реттеуге байланысты баптар (21,52-57) қарастырылған.

    Осы кодекстің 52-бабында: "Борышкердің дәрменсіздігі деп - жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі", — деген анықтама берілген.

    Сотта банкроттық бойынша істі қозғаудың  маңызы, борышкердің дәрменсіздігінің жоғарыда аталып өтілген сыртқы белгілері мен өлшемдерінен көмде-кем емес. Бұл жерде мәселе сот тәжірибесінде жинақталған, қолданыстағы заңның көйбір кем шін тұстарында.

    Мәселен заң соттық кредиторлардың банкроттық түралы істерді қозғау туралы арыздары бойынша олардың бастамашылық еркіне көз жұмып бағынуға мәжбүр етіп қойған. Себебі жоғарыда аталған банкроттықтың сыртқы белгілерін қазіргі нарықтық замандағы мүліктік айналымға қатысушылардың кез келгенінен табуға болады. Сондай-ақ кредитор борышкерді банкрот деп табу туралы арыз берерде құрамды заң талаптарын сақтаса болғаны, сотысы арыз негізінде 5 күн мерзім ішінде банкроттық туралы істі қозғауы қажет.

    Заң шығарушымен банкроттық туралы істі қозғаудың мұндай жетілдірілген механизмі - дәрменсіз борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру жүргізілетін оңалту рәсімдерін кеңінен қолдану үшін жасалған шығар. Бірақ статистикалық деректер бойынша дәрменсіз борышкерді оңалту рәсімдерім ең аяқ тапған істерден гөрі, оларды таратумен аяқталған істер аса басымдырақ келеді.

    Бұл тұрғыда алдымен, сотта борышкерді дәрменсіз деп табу туралы кредиторлардың бастамасымен қозғалатын істерге талапты күшейту қажет. Яғни кредитор, шартты түрде сотқа борышкерді дәрменсіз деп табу туралы арызбен жүгінер алдында: талап-арыз беру тәртібімен қарызды өсіріп беру туралы сотқа жүгінгендігі туралы, сондай-ақ егер қарыз өндірілген болса қарызды  өндіру туралы сот шешімі және оның орындалу барысы туралы мәліметтер, жалпы тиісті шараларды барынша қолдана білгендігін растайтын өз талаптарының белгіленген құқықтық негіздерін ұсынуы қажет.

    Борышкердің әрменсіз деп тану туралы сотқа берілген арызға қарызды өндіру туралы тиісті сот шешімінің, сонымен қатар сол шешімнің орындалуы мүмкін емес екендігін растайтын дәлелдемелердің тіркелмеуі, яғни ұсынылмауы - соттың аталмыш арызды қараусыз қалдырып, оны қайтаруына бірден-бір негізі болуы қажет.

    Сонымен қатар тәжірибеде көп кездесетін кезектен тыс өтелетін төлемдерге байланысты мәселелерге де көңіл аудармауға болмас ( Заңның 75-бабының 1-бөлігі). Алдымен осы нормада көрсетілген төлемдерден басқа кезектен тыс өтелуге жатуға тиіс талаптар шеңберін анықтап алу қажет, Меніңше конкурстық өндіріс кезінде борышкердің іс-әрекетін қорғауға қажетті барлық түрлі төлемдер (күнделікті ағымдағы төлемдер) кезектен тыс өтелуі қажет.

    Кезектен тыс төлемдерінен бері салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жатқызылмайды. Бұл төлемдерді қанағаттандырудың заңда арнайы ережелері бекітілген (75-бап 5-бөлігі).

    Заң талаптарына сәйкес кредитордың борышкерге талаптары борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуі тиіс (71-бап 1-бөлігі). Бірен-саран жағдайларда кейбір кредиторлар осы норманың талабын сақтамастан, заңмен берілген екі ай мерзім өтіп кеткеннен соң, өз талаптарымен конкурстық басқарушыға өз өтініштерін қанағаттандыру туралы жүгініп жатады. Осы жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан, не оны қараудан бас тартқан жағдайда кредиторлар тарату балансын бекіткенге дейін конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан да банкроттық ісі көлемінде қаралуға тиіс кредитолардың шексіз талаптарының шеңберіне заңмен нақты шек қойылуы тиіс.

    Қазіргі таңда оңалтуды және конкурсты басқарушы арнайы лицензиясы бар үміткерлерді тағайындау жүйесінің тиісінше ұйымдастырылуы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет ететіндіктен, бұл жерде сөз оның жоғары кәсіби деңгейлігі жөнінде қозғалып отыр. Өйткені борышкердің қаржылық жағдайын бағалауды, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы өндірістік байланыстарын саралап-анықтауды, борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мақсатында құқықтық және экономикалық әдістерді қолдана білуді, сонымен қатар таратуды жүзеге асыру кезінде өзінің негізгі міндеттері, яғни борышкердің мүлкін сату, оның несие берушілерімен есеп айырысу міндеттерін тек кәсіби және адамгершілік деңгейі жоғары тұлға ғана игере алады.

    Бір жағынан, конкурстық басқарушылар қызметіне сот бақылау функциясын күшейту қажет. Сот банкрот рәсімдерін жүргізудің кез келген сатысында конкурстық басқарушыдан борышкерді тарату барысы туралы есеп беруді талап етуге, сондай-ақ егер сотқа конкурстық басқарушының өз міндеттерін тиісінше орындамауы жөнінде дәлелді фактілер белгілі болып жатса, онда сот өз бастамасымен оны борышкердің ісін жүргізу қызметінен шеттетуге құқылы болуы қажет.

    Сондай-ақ қазіргі таңда банкроттық заңын ең алдымен іс-жүргізу нормаларының қағидаларына сәйкес жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Ол үшін теориялық әдебиеттердің көмегінің үлесі қомақты болар еді, бірақ банкроттық инсттутын құқықтық реттеуге байланысты немесе әрекет етуші заң нормаларын саралауға қатысты әлі де болса отандық оқулықтар мен фундаментальді еңбектер жарыққа шын қойған жоқ, тіпті жоқтын қасы. Ал мерзімді басылымдарда жарияланып жүрген жұмыстар банкроттық заңын тәжірибеде қолдану кезінде оған түсіндірмер етінде ғана қолданылып жүр.

    Әрине бұл мақала көлемінде банкроттық заңында кездесетін барлық кемшіліктерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырып, ұсыну мүмкін емес. Дегенмен де қазіргі қолданыста жүрген "Банкроттық туралы" заңның кейбір кемшін тұстары туралы сөз қозғалып, заң нормаларын жетілдірудің жолдарын көрсетуге міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ  БӨЛІМ  КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ

            II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері

         Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

    Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің  мүлкі мен міндеттемелерінің  өтімділік деңгейінің жетіспеуіне  байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

    Банкроттық  кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.

    Банкроттықтың  пайда  болуының  негізгі  себептер келтірейік:                                                                      

    1. Шаруашылық жүргізу  жағдайын  жасаудың объективті себептері:

    - экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын   базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

    - инфляцияның аса жоғары деңгейі;

    -  фирманың құнды қағаздарының  нарықтық құнының төмендеуі;

- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

    2. Шаруашылық жүргізуге тікелей  қатысты субъективті себептер:

    -   банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

    - жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс   зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;                                                                

    -   өндіріс көлемінің төмендеуі;

    -   ұқсас, бірақ сапасы жоғары  өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;           

    -   ақталмаған жоғары шығындар;

    -   өнімнің төменгі рентабельділігі;

    -   өндіріс циклінің өте көлемді  болуы;                      

    -   үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

     ескі басқарма   басшьшарының   нарықты   құруға   бейімделе   алмауы,   сұранысы   жоғары   өнімдерді шығаруда    іскерлік    көрсетпеуі,    инвестициялық,     бағалық,   қаржылық   саясаттың   тиімдісін   таңдай алмауы.

Информация о работе Банкрот