Банкрот

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

Оглавление

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------3
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ---------5
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме------------------------------------5
I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі-----------------7
I.III Банкротқа ұшырау жолдары------------------------------------------------ 10
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ----------------------------------------------------------------------------------15
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері------------------------15
II.II Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі------------------------------------19
II. III Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау--------------------------22
ІІІ. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ----------------------------------------------------------------23
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау--------------------------------------23
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары--------------------------------------------------------------------------25

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

БанкротАР.doc

— 155.00 Кб (Скачать)
 
    ЖОСПАР 

                                         КІРІСПЕ

     Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

       "Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

    Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

       Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе. олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР "Азаматтық Кодексінің" 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, "Банкроттық туралы" заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес банкрот ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады.

    Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады. 
 
І БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ

I.I  Банкрот туралы жалпы түсініктеме

    Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген банкроттық туралы соңғы заңның күшіне енгеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты. Әрине бұл уақыт оның жағымды (күшті) және осал (әлсіз) тұстарына баға беруге, тәжірибеде қолдану кезінде байқалған ол қылықтарын атауға мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.

    Банкроттық институты ең алғаш орта ғасырларда сауда құқығы инсттуты ретінде пайда болып дами бастады. Ол сол замаңғы тауар-ақша қатынастарының қарқындалуымен тікелей байланысты болды. Бұл институттың субъектілері - саудамен айналысатын жеке тұлғалар болған. Ал жеке кәсіпкерлерді олардың бірлестіктері - сауда серіктестіктері алмастырған кезде, арнайы заңның күші сауда құқығындағы заңды тұлғаларға да таратыла бастады.

    Дәрменсіздік (банкроттық) мәселелерін реттейтін алғашқы заңдардың шығу тарихы XV ғасырдың ортасына жатқызылады. Ол кездің заң шығарушысы негізінен қылмыстық сипаттағы қатаң нормаларды қолдана отырып тауарлық айналымға әсер етуді көздеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, дәрменсіз борышкерлерге қолданылатын ең қатаң шаралардың өзі банкроттық қатаң болуды тия алмады.

    Бірте-бірте азаматтық-құкьқтық сипаттағы нормалардың саны ұлғайып, дәрменсіздікке байланысты заңнамалардың мақсаты әжептеуір өзгеріске түсіп, олар барған сайын өркениеттілік сипатқа ие бола бастады.

    ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы банкроттық туралы заңнамалар-банкротқа ұшырағаңдардың мүлкін олардың кредиторларына үлестіріп беру үшін оны қолма-қолақшаға айналдыруды негізгі мақсат ретінде көздеді. Сонымен қатар, бұл заңдар адал борышкерлерді коммерциялық сәтсіздіктерден пайда болған міндеттемелері мен қарыздарынан құтқара отырып, бәрін қайта бастауға мүмкіндік беруді демақ сат өтті.

    Сонда қарап отырсақ, заң - ол әрқашан да, тіпті прецеденттік құқық қолданылатын мемлекеттерді қоса алғанда дәрменсіздікті құқықтық реттеудің бірден-бірқайнар көзі болып табылған.

    Отандық құқықтық жүйеде банкроттық институтының пайда болуын ел экономикасының 1990 жылдары нарықтық қатынастарға көшуімен байланыстыруға болады. Нарықтық экономикада банкроттық рәсімдерінің рөлі мен оның құқықтық реттеу мәселелерінің маңызы өте зор:

    - біріншіден нарықтық қатынас жағдайында банкроттықты - экономиканы сауықтыруға бағытталған және де кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін қорғайтын құрал ретінде қарастырсақ;

    - екіншіден банкроттық нарықтық  экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс;

    - үшіншіден өтпелі кезең тұсында банкроттық көптеген мәселелердің (өндірістің өсуі, төлемсіздік, т.б.) өз шешімін табуына әсер ететіндіктен, ол ұлттық өндірісті қорғаудың құрамды бөлігі болып табылады.

    Кеңестік дәуір тұсында оның құрамында болған одақтық мемлекеттердің құқықтық жүйесінде банкроттық институты қолданылған жоқ, тіпті сол заманда оның дамуы мүмкін емес еді. Себебі мемлекеттің бірыңғай экономикалық жүйесі тек әкімшілік-бұйрықтық әдіспен басқарылатын мемлекеттік секторға ғана жұмылдырылған болатын. Бірақ көршілес Ресейдің революцияға дейінгі құқықтық кезеңінде конкурстық құқық (банкроттық), конкурстық процесс кеңінен қолданыс тапқан еді. 

I.II   Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі

      Сондай-ақ басқа да шетелдік елдер (Италия, АҚШ, Англия, Германия Франция және тағы басқалары) тәжірибесінде банкроттық институтының құқықтық реттелу мәселелерінің өзіне тиесілі заң ғасырлық тарихы болды.

    Бұл механизмге қоғамның ғасырлар бойы ерекше қызығушылық тудыруы, ең алдымен банкроттық институтымен шешілуге жататын мәселелерге байланысты болса керек. М.В.Телюкина Банкроттық институты-біріншіден ол кредиторлардан олардың талаптарын орындауға мүмкіншілігі жоқ борышкерді қорғауды қамтамасыз етуді көздесе; екіншіден ол мүліктің сақталуын және оның кредиторлар арасында әділ бөлініп берілуін қамтамасыз ете отырып әрбір кредитордың мүддесін борышкердің және басқа да кредиторлардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғауды көздейді» дейді. (М.В. Телюкина. Проблемы несостоятельностии банкротства юридических лиц. Дис.к. ю.н., М.: МГУ, 1997),

    Банкроттық  заңнамаларының ерекшелігі сол, егер оларды дұрыс, әрі тиісінше қолдана білсе, онда ол ең алдымен борышкер мен кредитор арасындағы қатынасты реттеуге қол жеткізеді.

    "Банкроттық  туралы" заң бәсекелестік пен  нарықтың қатаң талаптары тұсында әрқашанда әлеуметтіктендіктің кепілі ретінде қызмет атқарады.

    Біздің  заңнамамызға банкроттық институты азды - көпті әзірленген түрінде Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 14 қаңтардағы "Банкроттық туралы" заңымен енгізілген болатын. Бірақ кәсіпкерді банкрот деп жариялау мүмкіндігіне бұған дейінде, мысалы 1990 жылғы 14 қаңтардағы Қазақ КСР-нің "Шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" заңымен жол берілген еді (С.И.Климкин. Заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша. А.: Қаз ГЗУ баспа үйі, 2001).

    1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жою және сонымен бір кезде қабылданған "Банкроттық туралы" заң күші бар Жарлығы бекітілгенге дейін 1992 жылғы банкроттық туралы заңның күші жүрді. Бертін келе аталмыш Жарлықты 1997 жылы 21 қаңтарда жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" заңы алмастырды.

    Әзірше  бұл заң республикамызда банкроттық мәселелерін құқықтық реттеуді жүзеге асыратын соңғы заң болып есептеледі. Ол - дәрменсіз борышкерді оңталудың арнаулы рәсімдерін өткізудің, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсімінің шарттары мен тәртібін белгілейді. Бірақ 1998 жылдың өзінде-ақ оған өте маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп үлгерді. Оларды әзірлеу кезінде шет елдің осы саладағы тәжірибесімен отандық тәжірибе, сондай-ақ ұлттық экономика мен заңнамалардың дамуы ескерілді.

    Банкроттық  рәсімдері ерікті және мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Заң соның құқықтық нөгізін қалыптастырады. Бірінші жағдайда банкроттықты тануды сот борышкердің, ал екінші жағдайда оның кредиторларының және өзге де тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырады.

           Кез келген, соның ішінде "Банкроттық туралы" заңды алсақ, ол жүзеге асырылуы барысында оның белгілі бір нәтиже беруі қөп жағдайда заң шеңберінде қабылданатын нормативтік актілердің саны мен сапасына, заң ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті құқықтық шаралардың дер кезінде әзірленуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда заңды жүзеге асыру механизмдеріне мейлінше тәуелді болып келеді. Сондықтан да егер "Банкроттық туралы" заң дұрыс жұмыс істеп, қандай да бір жетістікке қол жеткізгіміз келсе, онда оны тиімді қолдануды қамтамасыз ететін механизмдерді ойлап табуымыз қажет.

    Жалпы алғанда, банкроттық мәселелерін қарастырғанда анықтауға жататын ең басты сұрақтардың бірі – банкроттық ұғымының түсінігі. Түп негізі Италиядан шыққан банкроттық термині - тікелей аударғанда "бұзу" деген мағынаны білдірген. Ортағасырдағы конкурстық құқық, яғни банкроттық – борышкерге қатысты жеке қадағалау жүргізумен сипатталды. Бұл сол замаңғы борышкердің мүлкіне қорғаншылық жасаудан көрініс тапты.

    Г. Шершеневич банкроттық деп меншік иесінің  барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіздігін көрсететін, арнайы куәландырылған оның мүліктік жай-күйін қарастырған (Г.У.Шершеневич. Учение о несостоятельности. Казань, 1890).

Информация о работе Банкрот