Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:26, реферат
Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең манызды көсеткіштерінің бірі екенін білеміз. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін.
Банкротқа ұшырау жағдайындағы банктерді қаржыландыру көздері
Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең манызды көсеткіштерінің бірі екенін білеміз. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, сонын салдарынан банк банкротқа ұшырайды.
Сондықтан
банктің табыстарын үздіксіз
қашықтықтан бақылау қажет.
Операцияларды
жүргізуде пайыздық, пайыздық емес
және басқа да шығындары
Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:
Несиелер бойынша банктің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дуниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 67% - ішкі факторлар, ал 33 %-ы сыртқы факторлар үлесі тиеді.
Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез-келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс.
Банкроттың
басты себептеріне
Кез келген
банктің қызметінің табыстылығы
банктің берген несиелерінің
сапасына, яғни оның қайтарымдылық
дәрежесіне тікелей байланысты.
Несиенің уақытылы қайтарылмауы
банктің зиян шегуіне итермелейді.
Сондықтан да банктер несиелік
тәуекелді басқару
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты баанктің зиян шегуін сипаттайды
Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу- кез келген банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес бірақ, ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтвн толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б. жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.
Өткен 2009 жылы еліміздің
экономикасы, сондай-ақ қаржы секторы
əлемдік қаржыдағдарысының
2009 жылғы қаржы секторының тұрақтылығын айқындаған негізгі факторлар экономикалық өсудің жəне Қазақстандағы ішкі сұранымның бəсеңдеу тəуекелі, сондай-ақ клиенттердің қаржы жүйесіне сенімдерін сақтау маңыздылығы болып табылады. Тек Мемлекет Басшысының сенімді саяси еркіндігі, сол сияқты Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Агенттіктің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы шегіндегі шұғыл жəне үйлесімді іс-əрекет жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы əлеуметтік–экономикалық жағдайға теріс əсерін жұмсартып, еліміздің болашақта сапалы экономикалық өрлеуі үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірлескен іс-əрекеттер кешені банк секторындағы жүйелі тəуекелдерді барынша төмендету жəне банк жүйесінің тұрақты жұмысын қамтмасыз ету жəне қоғам тарапынан сенімділікті арттыру үшін провизияларды барабар деңгейінде сақтау бойынша 2009 жылғы негізгі міндеттерді іске асыруға бағытталды.
Біріншіден, жүйелі тəуекелдерді жою үшін жүйе жасаушыекі «БТƏБанкі»АҚ мен«АльянсБанк» АҚ қаржы институттарына қатысты проактивті шаралар қабылданды. Осы екі банктің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау рəсімінің басталуы банктердің барлық қаржы жүйесі мен ішкі депозиторларына теріс əсерін шектеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қосымша капиталдандыру түріндегі мемлекеттік қолдау «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ-ға көрсетілді. Экономиканы кредиттеу мақсатында банктерге қосымша өтімділік берілді.
«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы алдағы үш жылда БТА Банк, Альянс Банк және Темірбанктің акционерлер құрамынан шығатынын жоспарлап отыр. Бұл үдеріс, аталған банктерге қалай әсер етуі мүмкін және алдағы уақытта мемлекет банк секторын қолдау саясатын жалғастырады ма?
Қордың жүйеқұраушы банктердің
капиталына кіруі, жағдайдың қиын болуына
байланысты амалсыздан болған шара болды.
Бұл, уақытылы және дағдарысқа толық
ойластырылған жауап болды. Аталған
қолдау-көмектің басты бизнес-мақсаты,
аталып өткен банктердің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету болды, ал, әлеуметтік
мақсаты, салымшылардың мүддесін қорғау
болып табылды, салымшылар дегеніміз,
еліміздің халқының жартысын құрайды.
Басында, қордың жоғарыда аталған банктердің
активтеріне кіруі уақытша деп
белгіленген болатын. Үш банктің
қайта құрылымдау моделі, бүгінгі
күні эффективті болып отыр десек, артық
айтпағанымыз шығар. Бұл жасалған шаралар,
әлемнің қаржы тарихында
Мемлекеттің капиталға кіруі,
топ-менеджменттің ауысуы – соңғы
айлардың осынау оқиғалары активтері
мен өз капиталының көлемі жөнінен
ел банктерінің алғашқы бес-тігіне
еніп отырған Альянс Банктің көптеген
клиенттерінде бірсыпыра
Қайта құрылымдаудың мәні мынада: егер оны бірер ауыз сөзбен ғана тұжырымдасақ, бұл — қарыздың бір бөлегін есептен шығару. Биылғы жылдың ақпан айында альянс банк тап болған күрделі жағдайдан шығудың жалғыз жолы ғана. Сіздер өздеріңіз де білесіздер, жол берілген қаржылық тәртіп бұзушылықтар нәтижесінде Альянс Банк 1,1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде шығынға тап болды, бұл іс жүзінде оның өз капиталы мөлшеріне тең еді. Бұл күрделі кезең туындағанын, бұл ретте Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті консервациялау туралы жариялауына бүкіл негізі бар екендігін жақсы түсінікті. Сондықтан да қалыптасқан жағдайда Альянс Банктің қазіргі менеджменті алдында кредиторлар алдында қарызды қайта құрылымдау туралы жариялаудан басқа жол болған жоқ.
Қарыз жүктемесін азайту босатылған қаржыны қорды нығайтуға бағыттауға, сөйтіп жағдайды түзеуге мүмкіндік берер еді. Қаржылық қадағалау агенттігі мен «Самұрық-Қазына» қоры назарына банктегі проблемалар туралы ақпаратты жеткіздік және инвесторлармен келіссөздер жүргізуге мемлекеттік органдардың қолдауына ие болдық. Осы жылғы шілде айында Кредиторлар комитетімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, бұл олардың қайта құрылымдауға принципті түрде келіскендігін білдіретін еді. Әлгінде ғана айтып кеткендей , таяуда Лондонда кредиторлармен түпкі келісімге қол жеткізді. Қайта құрылымдау нәтижесінде кредиторлар алдындағы Альянс Банктің міндеттемелері көлемі қазіргі 4,3 млрд.-тан 1 млрд. АҚШ долларына дейін түсті, бұл кешірім жасаудың экономикалық тиімділігі банк капиталын барабар деңгейге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қайта құрылымдау және «Самұрық-Қазына» қорының тікелей инвестициясы нәтижесінде Альянс Банктің капиталы 55 млрд. теңге шамасын құрайды деп есептеп отыр, ал бұл қалыпты жұмыс істеу үшін әбден жеткілікті.
Шілде айында «Самұрық-Қазына» қорымен көздемелер туралы келісім-шартқа қол қойды. Бұл құжат бойынша мемлекет Қор арқылы Альянс Банк акцияларының бақылау пакетін алып, оның қорын толықтыруды 129 млрд.-қа жеткізуге ниеттенді. Алайда бұл келісімді аяқтаудың негізгі шарты кредиторлармен келісімге қол жеткізу болып табылады. Қайта құрылымдау туралы мәселе түпкілікті шешілген кезде «Самұрық-Қазына» қоры Альянс Банк капиталының 67%-нің иесі болмақшы.
Қайта құрылымдау процесін аяқтау үшін Альянс банкке енді барлығы бірер қадам жасау ғана қалды. Қазіргі уақытта банк кредиторлар үшін арнаулы меморандум дайындауда. Бұл құжат банк туралы барлық қажетті мәліметтерді, сондай-ақ қайта құрылымдау жоспарының өзін мазмұндайтын болады. Олардың барлығы таңдауды аяқтаған соң, банк кредиторлар арасында дауыс беру жүргізеді. Бұл дауыс беру нәтижелерін Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сот бекітеді, оның шешімі кез келген мемлекет аумағында орындалуға міндетті болып табылады. Біз барлық осы процестер желтоқсан айының ортасына таман аяқталады деп үміттенеді, сонда ғана Альянс Банкті толық қаржылық сауықтыру туралы батыл айтуға болады.
Альянс Банктің тағдырында
сөзсіз бетбұрыс сәт туды. Нақ осы
күні Лондонда Альянс Банк, «Самұрық-Қазына»
және 9 халықаралық банк кіретін
Кредиторлар комитеті арасында үш жақты
келісімге қол қойылды. Бұл келісім
биылғы жылдың шілде айында негізі
қаланған қайта құрылымдау шарттары
тізімін бекітті. Бұл келісімге
қол қойылуы біздің кредиторлардың
көпшілігінің қайта құрылымдау шарттарымен
келіскендігін білдіреді, енді олардың
өздері үшін неғұрлым қолайлы болып
келетін инвестициялық
Қайта құрылымдалу процесі аяқталғаннан кейін барлық проблемалар сиқырланған сияқты өздігінен жойылып кетеді деп қиялға берілуден аулақ болу керек . Керісінше, банк өмірінде қызу жұмыстардың жаңа кезеңі басталады деп өздеріне-өзі есеп бермек. Кредиторлардың, мемлекеттік органдардың және өзіміздің болашақ акционерлеріміздің сенімін ақтап қана қоймай, сонымен бірге клиенттердің сенімін қайтару үшін бар күш-жігерімізді жұмсаулары керек. Көптеген адамдардың жағдайдың шиеленісіп кетуінен қорқып, өз салымдарын қайтып алуға асыққаны жасырын нәрсе емес.
«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры тікелей инвестициялары мен қарызды қайта құрылымдағаннан кейін банк капиталды барабар деңгейге дейін қалпына келтіреді және рынокта өз қатысуын бірте-бірте кеңейтуді бастайды. Альянс Банкті шағын және орта кәсіпкерлерге қызмет көрсету ұстанымымен әмбебап қаржы институты ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ банктің негізгі акционері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры болып табылатындықтан біз ағымдағы жылдағыдай барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы әбден мүмкін.
Альянс нарық жағдайында мемлекеттің көмегінсіз кемелденіп шықты. Бұл үлкен артықшылық. Сонымен қатар банктің басты түйткілі де оның осылайша төтенше тез өсуінде болып табылады. Бизнес көлемі тым шапшаң ұлғайды. Осы жағдайда ішкі үдерістер – тәуекелдерді басқару жүйесі, өзара келісімді қарым-қатынастар жүйесі, халықаралық инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі, заңдық бөлім бизнестің өзімен орайласып үлгере алмады. Сол кезде әлемдік қаржы нарығындағы оқиғаларға байланысты өтімділік дағдарысы туды. Сөйтіп, мұндай ахуалға банк әзір болмай шығып, жоғарыда айтылған барлық проблемалар банк қызметіне әсерін тигізді. Осының өзі акционерлерді банк тізгінін ұстауға мемлекетті тартудың анағұрлым дұрыстығы жөніндегі тұжырымға алып келді. Акционерлер болса нақ осы шешімді қабылдады. Әрине, олар үшін бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ бұл әбден таразыланған және бүкіл клиенттер мен жалпы қоғам алдындағы жауапкершілікті сипаттайтын адал шешім болды. Жалпы алғанда, банк қалып үлкен қаржы институтына айналды деп айта аламыз. Ол өзінің өмір сүруге құқығын дәлелдеп берді. Қазірде оның жаңа қаржылық ақиқаттарда өз дамуын жалғас¬тыруына ешқандай кедергілер жоқ.
Информация о работе Банкротқа ұшырау жағдайындағы банктерді қаржыландыру көздері