Банкротқа ұшырау жағдайындағы банктерді қаржыландыру көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:26, реферат

Краткое описание

Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең манызды көсеткіштерінің бірі екенін білеміз. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

вера.docx

— 37.29 Кб (Скачать)

– Бақылаушылардың пікірінше, Альянстың несиелік саясаты неғұрлым тәуекелді болған. Бүгінгі таңда  несиелендіру портфелі қалай бағаланып  отыр, ендігі жерде несиелеу қай  тұрғыда дамымақ?

– Банктің жалпы несиелендіру портфелі бүгінде 628 миллиард теңге  шамасында. Портфельдің 40 пайызын бөлшек амалдар құрайды. Сонымен бірге  бөлшек несие-лердің 40 пайызға жуығы  валюта түрінде берілген. Теңгелік несие¬лердің валюталық тәуекелге ұшырамайтындығы түсінікті. Ал валюталық несиелер орайында біз қазір қарыз алушылар банкке қарыздарынан одан әрі де құтыла беруінің тетіктерін қарастырып жатырмыз.

Банктің ішкі проблемаларының  бірі несиелендіру портфелінің қарқынды өсуі болғандығымен де келісемін. Әйткенмен, соңғы бір жарым жылда бөлшек несиелердің берілуі іс жүзінде  тоқтатылып тасталды. Соның нәтижесінде  бөлшектеулі портфель азайып, корпоративтік  қоржын ұлғая түсті. Алайда егер біз  бұдан әрі де осы саясатты жалғастырсақ, онда жыл аяғында іс жүзінде бөлшек пайда болмай қалады. Сөйтіп, біз  корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін банкке айналамыз. Бірақ  бұл біздің басты кәсібіміз емес. Қазір біз бөлшек амалдарды қалай  дамыту жөніндегі стратегиямызды айқындауға тиіспіз. Осы ретте әлемдік үлгілерді  пайдаланып, бөлшек амалдар жөніндегі  кеңес¬шілерді тартатын шығармыз деп  ойлаймын. Өмір ақиқаты, жаңа жағдайда болса да, бөлшек амалдарды одан әрі де дамыта бере-тіндігімізде болып отыр. Бұған ешқандай күмәніміз жоқ.

– Банк капиталына кіру туралы шешімді қабылдай отырып, мемлекет алға қойған мін-деттердің бірі шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашы¬лығын несиелеу болатын. Бұл салаларды банк мұның алдындағы жылдарда да несиелеп келді. Ендігі жерде, өзгерістерді есепке ала отырып, банк қандай несиелік саясат жүргізбекші?

– Біз “Самұрық-Қазына”  және “Даму” қорларымен шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру үшін банкке 7 жыл мерзімге 18 миллиард теңге мөлшерінде нысаналы несиелер беру жөнінде бас келісім-шартқа қол қойдық. Бұл біздің стратегиямызбен де тікелей байланысты. Бұл қаржы “Даму” қоры жүзеге асыратын, шағын және орта бизнесті қолдайтын тұрақтандыру бағдарламасының үшінші траншы аясында бөлінуде. Займ бизнес үшін несиелік ресурстардың құнын кемітіп, қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ бұрынырақ алынған займдарды қайта қаржыландыру есебінен кәсіпкерлердің қарыздық ауыртпашылығын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша тағы 15 миллиард теңге алдық. Сондай-ақ банк студенттерді жеңілдікпен несиелендіру жөніндегі бағдарламаның агенті екенін айта кетейін.

Мемлекет бөлген қаржыларды бақылау жайына келсек, Қаржы қадағалау  агенттігі арнайы ко¬миссия құрды. Оған реттестірушінің, құқық қорғау органдарының, “Нұр Отан” ХДП және қаржылық қоғамдастықтың өкілдері кірген. Бақылау тетіктері дәл айқындалған регламент те әзірленді.

– Әркімді толғандыратын  тағы бір сұрақты банктің сыртқы міндеттемелерін орындауға қабілеттілігі жайында қойғымыз келіп отыр. Сыртқы қарыздан құтылу, банктің өтімділігі жөніндегі іс жайы қалай? Меншік иесінің ауысуына байланысты несиешілер займдарды мерзімінен бұрын қайтаруды талап етіп жүрмей ме деген қауіп жоқ па?

– Керісінше, меншік иесінің ауысуы және акционерлер құрамына мемлекеттің кіруі инвесторларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет сияқты мүмкіндігі зор акционердің келуіне орай банктің өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігіне несиешілердің сенімділігі әлдеқайда арта түспек.

Қазір біз өзіміздің ковенанттарымызды (эмитенттің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндеттілігі) мұқият бақылаудамыз. Биылғы жылы біздің төлемдеріміз 595 миллион долларды құрайды. 65 миллион доллар сомадағы бірінші төлем наурызда жүзеге асырылмақшы. Банк өтімділігі орайында ешқан¬ түйткіл болмағандықтан, төлемдер мерзімінде орындалады.

– Қазақстандықтарға қандай кеңес айтасыз: қазіргі жағдайларда қаржылық істерді қалай жүргізген жөн болмақ, төлемдер бойынша дефолтты қалай жібермеуге болады, қайтіп үнемдеуге болады, жинақтаған қаражатын ұлғайту үшін инвестицияны қайда салады?

– Әдетте мұндай ақыл-кеңестер әмбебап әрі жалпыға белгілі. Ең бастысы – үрейге бой алдырмау, сыбыстарға ермеу, банктер мен депозиттер арасында шапқылай бермеу. Банктерге өз ақшаңды дұрыс орналастырған абзал: тіпті, теңге девальвациясына да қарамастан, депозиттегі салымдар үйде сақталған ақшаға қарағанда жақсырақ жұмыс істейді. Өз жинақтауларыңызды әртараптандырып, әртүрлі валюта түрінде сақтаңыздар. Сол жағдайда тәуекел барынша азайып, бірыңғай салымға қарағанда неғұрлым жоғары кіріс қамтамасыз етіледі.

      Қазіргі  замаңғы банк жүйесін құруда  қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі танда  қазақстандық  банктер  алдында  бірқатар  ағымдағы маселелер мен проблемалардың  шешімін табу қажет, оларды  ойдағыдай іске асыру банктердің  сенімділігін мен тиімділігін  арттыруға септігін тигізеді.

     Қазақстанда  банк  ісін тиімді дамытудың  маңызды элементі  несиелік ұыймдардың  ішкі  және  сыртқы  бақылау  жүйесін  құру  тәсілдемелерін  жетілдіру болып  табылады.

    Жүргізілетін  зерттеулер  нарық  жағдайнда  бақылаудың  мәні  де  өзгеретін  көрсетті,  ендігі  уақытта ол:

  • Басқарушылық  қызметтің  ажырамас  бөлігі;
  • Басқарушылық шешім  қабылдау  процесінде  ақпараттық  қамтамасыз  етудің  көзі;
  • Басқарушылық  шешімдердің  орындалуы  туралы  қажетті  ақпарат алуға болатын  кері  байланыс механизм ретінде болады;

Бірқатар  банктерде  тәуекел-менеджмент  жүйесі  мүлдем  құрылмаған  болса, басқаларында  -  осы  функцияның тәелсіздігі  қаматамасыз  етілмеген,  үшіншілерде- жоғары  басшылық  тәуекел  менеджерлердің  туындаған  проблемалар жөніндегі  ескертулеріне  құлақ  аспайды.  Банк  жүйесінің  даму  кезеніңде  басшылық  тәуекелдерді  басқарудың  тиімді жүйесін  құру  үшін  айтарлықтай күш- жігер  салуға  тиіс.

 Тәуекел – менеджмент  банк  қызметінде  ұйымдастырылған   жүйе  болып  табылады. Осы жүйенің мақсаты банк  тәекелдерін барынша қысқарту,  оларды  алдын алу,  қадағалау,  оларды бақылау және  мониторинг  жүргізу,  сондай  -ақ  жоспарланған  пайданы алу және  банктің имиджін нарықтың  тұрақты қаржы    субъектісі  ретінде сақтау  үшін  барынша күш –жігер  салу  болып табылады.

   Тәуекел  - менеджментті  ұымдастыру  үшін  банктердің  қосымша  қаржы  шығыны,  басқару, қадағалау  және  талдау  жүйелерінің  болуын, сонымен  бірге тәуекелге  бас  ұра   алатын  және  банктің  беделі,  оның  қаржылық  жай  күйі  немесе  тіпті  банкроттық  жөнінде  сөз  қозғалған қиын  жағдайда  жеке-дара  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын  жоғары  білікті  даярлауды  қажет  етеді.

Шетелдік  тәжірибиені  зерттеу  банк  жуесінде  тәуекел  –менджментті  күшейту  проблемасы  Батыс  Еуропа  елдерінде  өзекті  боып  табылатынын  көрсетті. Осы  елдерде  сыртқы  аудиторлар  жылына  бір  рет  жүзеге  асыратын  сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы  жол  берілген  қателіктерді,  туындайтын  тәуекелдерді  ерте  білу  және  ықтимал  шығындармен  залалдардың  алдын  алу  мақсатында  күн  сайын  жүргізілетін  ішкі  бақылаудың  күшейгені  байқалады.  Тәуекел- менеджмент бастапқы  бақылау  жүесінен  еркешеленетін  ішкі  бақылау  жүйесінің  маңызды  элементі,  сондай-ақ  мәмілелер  мен  операцияларды  күнделікті  бақылау,  тәуекелдерді  басқару,  реттеу  және  бақылау  жүйесі  болып  табылады.

 Коммерциялық  банктерде  тәуекелдерді  басқаруды  тиімді   жүзеге  асыруда банктік тәуекелдерді сыныптаудың маңызы  зор болып табылады.

   Қазақстанның  Ұлттық  банкі  банк  қызметінің  тәуекелін басқару   мен моноторингінде  тәуекелді келесі  түрлерге  бөлуді  ұсынады:

  1. Кредит  тәуекелі
  2. Пайыз  тәуекелі
  3. Өтімділіктің ысырап  болу  тәуекелі
  4. Операциялық  тәуекел
  5. Валюталық  тәуекел
  6. Баға  тәуекелі
  7. Ел тәуекел
  8. Құқықтық  тәуекел
  9. Бедел  тәуекелі

      Банк  қызметінде  кез-келген  операцияны орындағанда   тәуекелдік  болады, өйткені  тәуекелдіксіз  кәсіпкерлікті  елестету  мүмкін  емес.  Банк  операцияларымен   байланысты  тәуекелдіктерді   басқару-іс  жүзінде  банк  қоржынымен, яғни  банктің  кірісін  қамтамасыз  ететін  активтердің  қажетті   жиынымен  байланысты  тәукелдіктерді  басқару  болып  табылады.

      Тәуекел-  менеджмент жүйесі  банктің   ішкі  бақылау  жұмысының   төмендегі  жалпы  және  ерекше  принциптеріне  сәйкес  болуға  тиіс:

  • Тұтастай  ішкі  бақылау  жүйесіне қатысты  және банктің  жұмыс тиімділігіне     ықпал  ететін  принциптер;
  • Басқару жүйесін  ұйымдастыруға қатысты  принциптер:
  • Тәуекел факторларын басқаруға 0атысты принциптер;
  • Ақпаратқа  қатысты  принциптер;
  • Электрондық  ақпараттық  жүйелерге  қатысты  принциптер.

       Қорытындыланған  сапа  көрсеткіштерін  белгілеу  үшін  тәуекел –менеджменттің  ойдағыдай  процесіне  тән   сипаттамалар  анықталады,  олар:  ашықтық, өлшем  дәлдігі,  уақтылы   сапалы  ақпарат,  әртараптандыру, дербестік,  егжей-тегжей  стратегиясы.  Соңғы  жылдары салады  тәуекелдерді  басқарудың  арнайы  механизмдері  әзірленген   болатын.  Жүргізілген   талдау  тәуекелдерді  басқаруды  келесі жүйеге  біріктіру тәсілдемесін  жасауға және  әрбір элемент шектреінде  топтардан тәуекел-менеджмент  құралдарын  жеке  бөліп алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі  заманғы  банктер  тәуекелдерді  басқару  жүйелерін  қалыптастырғандабірқатар  қиындықтармен  кездеседі.  Осы  проблемаларды   төмендегі саннаттар  түрінде  құрылымдарға  бөлуге  болады:

  1. Ұйымдастыру проблемалары:  банк  акционерлері тарапынан  тәуекел  менеджментінің  маңызын  (пайдалалыққа  баса  назар  аударуын,  шетелдік  тәжірибеге  қарамастан  біздің тарихымызда  сол  немесе  басқа  тәуекелдердің  ықпал ету салдарынан  акционерлер залал шеккен  дағдарыстың болмағанын )  жеткіліксіз түсіну.
  2. Кадр проблемалары:  тәуекелдерді  басқару саласында  білікті  қызметкерлердің    болмауы  тәуекел-менеджменттің  құрылу  тиімділігін  айтарлықтай  төмендетеді, бұл  жүргізілген  мөлшерлік  есептеулердің  нақтылығы  мен   объективтілігіне  әсер  етеді.
  3. Техникалық  проблемалар  нақты  тарихи  және  талдау  деректерінің  болмауы  немесе  олардың  қорытыланбауы.  Біздің  экономика  жағдайына  бейімделген және  бүкіл  банк  жүйесі  щеңберінде  салыстырма  талдау  жасауға  мүмкіндік  беретін  әдістемелердің  болмауы.  

Қазіргі  уақытта  банктерде  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін    тәуекелдерді  басқару  жүйелерінің  болуына  баса  назар  аударылады  Халықаралық  ұйымдардың  ұсыныстарына  сәйкес  банктерде  тәуекелдерді  басқару  енгізу  банк  жүйесінің  тұрақтылығын нығайтуға  және  өсуіне  ықпал  ететін  негізгі  шара болуға  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе  2012 ж

 

Бақылау  сұрақтары:

  1. Банкроттың пайда болуының  басты себептері?
  2. Банк тәуекелдеріне нелер жатады?
  3. Банкрот салдарынан ұшыраған  банктерге  мемлекеттік  каржы  бөлу.
  4. Банкротқа  ұшыраған  банктердің  мемлекеттік  қаржыландырудың  себептері?
  5. Банктің  банкротқа  ұшырауына   әсер ететін  факторлар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары

  1. Банктерге қандай факторлар әсер етеді

а. Қолайлы, қолайсыз

б. Сыртқы, ішкі

в. Тиімді, тиімсіз

г. Тікелей, жанама

2. Банктердің зиянға ұшыраудың  негізгі жүйесі

     а. Несие

     б. Инфляция

     в. Төлем  қабілеті

     г. Пайыздық  шығындар

3. Сыртқы факторлар   қаншка пайызды құрайды

     а. 33

     б. 18

     в. 26

     г. 72

  4. Қайта  құрылымдаудың  мәні

     а. Қарыздың  бір бөлігін есептен шығару

     б. Шығындарды  азайту

     в. Төлем  қабілеттілігін арттыру

     г. Ақпараттармен   қамтамасыз етілу

Информация о работе Банкротқа ұшырау жағдайындағы банктерді қаржыландыру көздері