Банкрот

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.

Оглавление

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------3
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ---------5
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме------------------------------------5
I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі-----------------7
I.III Банкротқа ұшырау жолдары------------------------------------------------ 10
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ----------------------------------------------------------------------------------15
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері------------------------15
II.II Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі------------------------------------19
II. III Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау--------------------------22
ІІІ. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ----------------------------------------------------------------23
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау--------------------------------------23
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары--------------------------------------------------------------------------25

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

БанкротАР.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

    Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.

    Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі  елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

    Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу  уақыты кез-келген  кезде  қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады.

    Төлем  қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табы тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ.ІІ Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін     қалпына келтіру шаралары

    Қаржылық  ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қежетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.

    Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың  барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын  алып, кәсіпорынның төлем қабілетін  қалпына келтіру үшін, кәсіпорын  келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:

    а)  қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін  сату;

    ә) басы  артық тауарлы-материалдық  қорлардан құтылу;

    б)  жарғылық капиталды өсіру;

    в)  айналым  қаражаттарын толтыру  үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды  алу;

    г)  шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

    ғ) активтерді басқаруды жақсарту;

    д)  қайтарылмайтын   немесе   қайтарылатын   негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

    Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

    Үшінші  бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.

    Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек. 
 
 
 

                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

         Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

    Мемлекеттік кредитжалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.

    Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілігінде және ақылығында. Алай»да бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәспорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

    Шартты  мемлекеттік кредит отандыцқ қарызгерлер: кәсіорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

    Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

    Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.

    Қарыздар  бойынша Қазақстан Республикасының  атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       Қолданылған әдебиеттер 

  1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңы
  2. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

         Алматы -2001 ж., 126 бет

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж., 225 бет
  2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж., 445 бет
  3. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 172 бет
  4. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001, 154 бет
  5. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.,

         385 бет

  1. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж, 168 бет
  2. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы.- А.,2001
  3. Оксибаев О.Бюджет и межбюджетные отношения: учет интересов экономической безопасности // Финансы Казахстана.- 2004.-N 5
  4. Омирбаев C. Финансы.- Астана: 2003
  5. Банроттық туралы заңдар, Заң - 2005

Информация о работе Банкрот