Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9
2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28
Осынау ірі сауда ұйымының негізгі функциялары мыналарды қамтиды: көпжқты және қатысушылырдын саны шектеулі сауда келісімдерін реттеу мен жүзеге асыру; көпжақты сауда келісімдері үшін форум реттеудің жолдарын іздестіру; ұлттық сауда жолдарын бақылау; жаһандық экономикалық саясатты қалыптастыруға қатысушы басқа да халықаралық мекемелермен ынтымақ-тастық болып табылады [17]
БСҰ-ның бір мүшесіне жасалған жағдайлар немесе концессиялар осы ұйымның басқа да мүшелеріне таралатындығына кепілдік беретін неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызу принцептерін қабылдау; импорттық тауарлар нарыққа түскеннен кейін олардың ел ішінде өндірілген осыған ұқсас тауарларға жасалғаннан кем түспейтіндей қолайлы режимге ие болуын талап ететін ұлттық режим принциптерін қабылдау; транспаренттік немесе ішкі құқтық құжттардын ашықтығы, мөлдірлігі; кедендік тарифтеу барлық елде дерлік отандық экономика өнімдерін қорғау жөніндегі белгілі бір шаралрдың сақталуымен қоса жүргізіледі. Соңғысы шетелдік тауарлар мен қызметтердің ұлттық нарықтарға баса-көктеп енуінің әсерінен сақтандыратын тосқауылдар жасалынуына бағытталған келіссөздердің тақырыбы болып табылады. Бұл өз елінің өндірушілері үшін қолайлы жағдайлар жасуға ұмтылатын әлемдік шаруашылыққа қатысушылардын табиғи реакциясы.
Көп жақты сауда жүйесін орнатудың басты принцептері: [18]
- Дискриминациясыз сауда — яғни мемлекеттер қандайда бір мемлекеттің саудасына өзге қатысушы мемлекеттерге қарағанда ерекше сауда режимін бермеуі керек.
- Халықаралық сауданың либеризациясын ұйымдастыру,— яғни халықаралық сауда жолындағы кеден тарифтерін төмендету және өзге да кедергілерді жоққа шығаруға бағытталған көпжақты келісімдер жүргізу.
- Импортты шектеу шараларын қолдану тек БСҰ-ережелеріне сәйкес жүргізу—яғни мемлекеттің өз сауда саясатын жүргізудегі протекционизмді қолданудан бас тарту. Бұл әрине қатн жүйе емес. БСҰ мемлекеттермен өз ішкі нарығын қорғауға мүмкіндік беретін белгілі шаралар қолданылады. Мысалы: мемлекеттің нарығына белгілі бір тауар тым көп енгізілсе және жергілікті нарыққа аса қатерлі болса бұл туардын импорттауына уақытш тыиым салу , қорғаушы пошлиналар енгізуге мүмкіндік беріледі.
- Сауда саясатының болжамдылығы— яғни сауда саясатын белгіленген ережелер бойынша жүргізу және өзіне жүктелген міндеттерді бір жақты бұзуды болдырмау.
- Бәсекелестікпен әрекеттену— мемлекеттердің әділетсіз сауцда әдістерінен бас тарту.
Қазақстан БСҰ-ға кіру жолында өзіне тиімді жолдарды іздестіруде. 1999-2000 жылдар арлығында импортты алмастыру саясатының белсенді жүргізіліп, басты мақсат оандық өндірісті жетілдіру негізіндегі протекционизм бойынша сұрақтар қозғалғанда БСҰ мен келісімдер тоқтатылады. 2006 жылы бұл келіссөздер қайта жанданып келеді. БСҰ-ның беделді мемлекеттері— АҚШ, ЕО, Австралия, Канада, Швейцария, Қазақстанға деген қатынастары қатан түрде көрінуде. Олардың талаптары: атқарылып жатқан импортты кеден пошлинасы деңгейінде республиканың қабылдауы, барлық міндеті емес келісімдерге қосылу, қызмет нарығына жетудегі одан әрі либерализациялау, ауыл шаруашылығын субсидиялау ауқымын қысқарту [19,38б]
Әрине Қазақстан өз тарапынан көптеген отандық өңдірушілерді қорғауға тырысады. Сондықтан берілген талаптарды өзінің экономикалық жағдайына сай аударуға тырысады. Сонымен қатар мемлекеттің азық- түліктік қауіпсіздік үшін алдын-ала 86 түрлі өнімдердің тізімін құрды. Бұл өнімдерді қорғау үшін шаралар жүргізуге мүмкіндік беру жайлы сұрауы берілді. Сол сияқты өнеркәсіпте да ерекше слалар тізімі құрылды. Ол бойынша қазақстан импортты тарифтерді бәсендетуді мақсатетеді (оған текстиль, тігін, тері, аяқ-киім, кокс, резенке, плстмас бұйымдар жатады).
Келісім-шарт негізінде, тактикасын анықтай келе Қазақстан мен Ресейдің арасында БСҰ-ға кіруде келісімділік блгіленді.Себебі Ресейдің брлық экономикалық қуатын сараптасақ онда ол БСҰ-да өзіне тиімді жағдайлар жасай алады. Егер Ресей үшін бұл мүмкін болатын болса, онда Қазақстан да ол жеңілдіктерді алуы мүмкін.
Қазақстанның БСҰ кіру нәтижелері банк және сақтандыру қызметі нрығына да әсері тиеді. Банктердің қазіргі жағдайы мен жүйесінің капитал қорының әлі де болса аздығы абсолютты мінезі мен ЖІӨ бойынша қаржы секторын шетел банк бәсекелестігінің қасында өте осал етеді. Сол себепті заннамадағы шет ел банктерінің Қазақстанның банк жүйесінде қатысуын 25 пайызға шектеуді қолдану бір шама жеңілдіктер беруі тиіс.
«БСҰ-ға кіру —Қазақстанның әлемдік экономикадағы интегрциялану жолындағы жүйелі қадам болып табылады.»—Н.Ә.Назарбаев[20,
Мемлекеттің БСҰ-ға кіруі үшін негізгі жағдайлар қазіргі кезде бір шама сай келеді. Ең бастысы ЖІӨ өсу қарқыны соңғы бес жылда 10 пайыздан асады. Биылғы жылы жан басына шаққанда ЖІӨ 3,440 доллар құрайды және 1999 жылы салыстырғанда 3 есе артады.
Тұрақты өсу экономиканың көптеген секторларында байқалады: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспортта. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі1,6 триллион теңге құрады. Бұл 2008 жылға қарай ЖІӨ- нің екі есе өсетіні болжамдалады, яғни белгіленген он жылдық стратегиялық жоспардан екі жыл ерте орнайды. [21,112б]
Бәсекеге қабілетті экономиканы құру әлемдік экономикаға интеграциямен тығыз байланысты. Сол себепті әлемдік сауданың 95 пайызы келетің БСҰ-на Қазақстанның кіруі келген сайын өзектілігі күшее береді.
Қазақстан үшін бұл міндеттің өзектілігін ел басы 5 пунктпен белгіледі: [22,6б]
Ең біріншіден; Қзақстанның жалпы сауда айналымының 50 пайызы БСҰ-ға мүше мемлекеттер кіреді, ал бұл ұйымға ресей мен Украинаның кіруі, біздің сауда айналымындағы БСҰ мүшелерінің үлесі 90 пайызға өседі. Сол себепті біздің мемлкет үшін ірі сауда партнерлерімен жалпы құқ кеністігінде саудаласу маңызды болып келеді.
Екіншіден, Қазақстан заңнамасын БСҰ-дың негізгі келісімдерімен сәйкестеп құрылуы болашақта отандық өңдірісшілердің бәсекеге қабілетін арттыру тиісті.
Үшіншіден, Қазқстанның БСҰ-ға енгеннен кейін отндық өнімдерге деген сауда кедергілері БСҰ мүшелері тарапынан қойылмайды.
Төртіншіден, қызмет нарығына ену мүмкіндігі көптеген экономика секторларын қаржы, тлекоммуникация, транспорт одан әрі либерализацияға ұшырайды. Бұл сектторлардғы бәсекелестіктің дамуы олардың сапасын арттырып , бағасын түсіруге әкелуге тиіс.
Бесіншіден, сыртқы сауд режидерінің БСҰ талаптарына сай ету, процедураларының транспоренттылығын артырып, коррупцияға біршама тосқауыл қояды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда Қазақстанның бәсекелестік дамуы үшін түрлі бағдарламалар қарастырылып, құрылып жатыр. Және жыл сайынғы нәтижелерді сараптай келе олардың бір шама іске асырылатыны айқын. Сонымен қатар Ел басы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын мемлекеттік дамудың негізгі жолдарын айқындап отырады. Ал 2009 жылдан бастап бұл жолдаулар бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Мемлекетіміз сол бағыттарды ұстанып келеді. Сонымен қатар экономикада бәсекелік қабілеттілікке жетуде жаңа жобалар әсіресе кластерлік жүйе, ДСҰ- на кіру қарастырылуда. Жалпы мемлекеттің қазіргі тандағы экономикалық жетістіктері айтарлықтай жеткілікті. Алайда іске асырар мақсаттар мен жұмыстар көлемі әлі екі есе.
Қазақстан Республикасы үшін бәсеке елдің даму стратегиясында ең бір манызды белес болып табылады. Қазіргі кезенде ел экономикасы тұрақтануда деп сипатталады, алайда нарықта тауар мен қызметтердің сапасы әлі де жақсаруын талап етеді.
Қазақстан Республикасының бәсеке қабілеттілігінің міндеттерін іске асырудағы ұсыныстар:
1. Экономикалық дамудың негізгі мақсаты болып адам басына шаққандағы пайданың тұрақты дамуы болып табылады. Оған жету үшін экономкиалық модельді дұрыс тандау қажет. Сол арқылы болашақ экономикалық дамудың негізі салынады. Қазіргі таңда әлемде екі негізгі әдіс қолданылады, олар: Ағылшы- Американдық және Неміс- Жапон модельдері болып табылады.
Қазақстан үшін тиімді әрі жобасы бойынша ұқсастау, біздің экономикамызға бейімді Неміс-Жапон моделі болып табылады. Ол әлде қайда жоғары тұрақты әрі ұзақ уақытты экономикалық даму қарқынымен сипатталады. Тарихи қысқа кезеңде неғұрлым берік, бәсекеге қабілетті экономика құруға мүмкіндік береді.
2. Өнімді экспортқа жылжытуды қамтамасыз ету үшін өнім өңдіру және өткізу жөніңдегі ірі орташа және шағын кәсіпорындарды коммерциялық ұйымдарға кезең- кезеңмен өзгерте отырып, олардың өзара іс-қимылы негізінде салалық одақтар құру.
3. Мемлекет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерінің ысырабын азайту үшін машина жасау кәсіпорындары өнімді фермер шаруашылықтарында тікелей өңдеп, сақтау үшін шағын өндірістер жасап шығаруға ұмтылуы қажет. Ондай шағын өңдірістер көкөніс пен жемісті алғаш рет өңдеуге сүт, ет өнімдерін өңдеуге арнайы жасалуы қажет.
Біздің мемлекет табиғи бай ресурстар негізінде көтерілу мүмкіндіктері зор, бірақ белгілі салалар туралы сөзге келгенде мемлекет ұтылады. Атап айтқанда ғылым, технология мен білім беру. Бұл салалар мемлекеттің тікелей назарында болуы керек. Себебі бәсекеге қабілетті болу бұл жалпы бүкіл мемлекеттің аумағында жүргізу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абдикаримова А.Т. Импортозамещение и проблема расширения рынка Республики Казахстан. Автореферат.- Караганда, 2008
2. Айнабек К.С. Диалектика рыночной экономики.- Астана, 2006
3. Ақжігіт О. Дүниежүзілік сауда ұйымы // Жас қазақ үні-2010,15 қараша -6б
4. Ақбекұлы Д. Қарқын жоғары, сапа жақсы.// Көкшетау-2009, 16 қыркүйек
5. Алшанов Р.Әшімбаева А.Бүкіләлемдік сауда ұйымы және Қазақстан // Егемен Қазақстан-2009,-4 ақпан
6. Алимбаев А. Методологический подход выбора стратегии развития кластеров.// Саясат,-2010-№1-с85
7. Арынов Е.М. Экспортная ориентация национальной экономики Автореферат.- Бишкек 2004
8. Әділ Б. Бәсеке мақсаты және кластерлер // Ақ жол Қазақстан 2010,13 мамыр- 4б
9. Әзизұлы А. Кластерлер жүйесі қайда апарады// Жас қазақ үні-2010,28 тамыз-8б
10. Әзизұлы А. Келгенде бәсекеге шықпайды үнім // Жас қазақ үні-2010, 12 қазан-4б
11. Әкімов Р. Алдағы мақсатқа жету біздің ортақ ісіміз //Кокшетау-2010,13 қантар
12. Бегежанов Э.Б. Теоритические аспекты международной конкурентоспо-собности Республики Казахстан. Автореферат.-Караганда, 2008
13. Бобович И.Н. История экономики.- Москва,2007
14. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы.
15. Джумагельдиева Т. А. Экономический механизм развития конкуренции в Республике Казахстан. Автореферат.- Алматы,2007
16. Донских А. На орбите глобального бизнеса // Казахстанская правда-2006,15 апреля.
17. Дүние жүзілік сауда Ұйымына кірудің манызы // Көкшетау-2009,25қараша
18. Ерғалиев Ж. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен өндеу.//Арқа ажары.-2010, 28 маусым.
19. Жаманкулов Б.С. Импортозамещение в Республики КазахстанВ условиях рыночных отношений: теория, практика и перспективы. Автореферат - Алматы, 2010
20. Жамалов А. Дүниежүзілік сауда ұйымы // Алтын Орда-2006,24-30 наурыз
21. Жаукина М.А. Влияние конкурентоспособности на устойчивое развитие Казахстанской экономики //Хабаршы.-2009-№6(46)-с120-
22. Жумашева Г.Ж.Некоторые теоритические аспекты оценки конкурентоспо-собности: Параметры оценки конкурентоспособности товара // Вестник.- 2009-№2-с 6-8
30
Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы