Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24

Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28

Файлы: 1 файл

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы.doc

— 264.00 Кб (Скачать)

Нарыққа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. «Астық үшін айқас» кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өңдіріп отыр. Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2008-2010 жылдар «Ауыл жылдары» болып жарияланды. 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біз аграрлық секторды тиімді қызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске қостық.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өңдіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді.

Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі нарықтын тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.               Республика бүкіл әлемде мойындалған бірқатар бірегей технологияларға ие болып отыр. Бұл әлеует әлі де өзінің мәнділігін сақтап отырғанын қытайдың Қазақстаннан сульфидтік қорғасын концентраттарын қайта өндеу жөніндегі технологияны ендіру дәлелдейді. Бұл технологияға 14 елден патент алынып, ГФР-да, Италияда, Канада, Боливия зауыттар салынғаны белгілі.

Жаңа материалды игеруде «Казатомпром» кәсіп орындары көшбасшы болып отыр, бұларда жаңа және аса жана технологиялар негізінде табиғи уранның ұнтағы, уран таблеткалары, оксидтік керамика, бериллийлік қола секілді бұйымдар игерілген және игеріле бастаған. Уранды жер астында сілтісіздендіру жөніндегі жаңа технологияларды қолдану оны өндірудің 3700 тоннаға дейін ұлғайтуға және республикаға әлемдік уран рейтингінде 3-орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Кесте 2  - Сауда-саттықтың негізгі көрсеткіштері

 

 

2006

2007

2008

2009

2010

Бөлшек сауда ауқымы, млн.тг.

719 550

826 325

968 938

1 095189

1 312978

Сауданың мемлекеттік секторы

336

406

411

370

370

Мемлекеттік емес сектор

719 214

825 919

968 527

109 48 19

1301,5

Көтерме сауда айналымы млн. тг

926 327

111 26 15

156 51 28

144 20 82

2 321570

 

Есепті кезеңде  бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1312,9 млрд. теңге құрап, 2009 жылғы, қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 6,7 пайыз өсті.

Кесте 3- Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы

(млн. АҚШ доллоры)

 

 

2006

2007

2008

2009

2010

Барлық сауда айналымы

15085,1

16254,3

213335,4

32877,5

45201,5

Экспорт

8639,1

9670,3

12926,7

20096,2

27849,0

Импорт

6446,0

6584,0

8408,7

12781,3

17352,5

ТМД елдерінің сауда айналымы

5954,1

5237,5

6912,8

10215,1

12200,7

Экспорт

2644,6

2194,3

2980,5

4097,2

4066,8

Импорт

3309,5

3043,2

3932,3

6117,9

8133,9

Өзге мемлекеттер сауда айналымы

9131,0

11016,8

14422,6

22662,4

33000,8

Экспорт

5994,5

7476,0

9946,2

15999,0

23782,2

Импорт

3136,5

3540,8

4476,4

6663,4

9218,6

 

2010 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 45201,5 млн АҚШ долларын құрап 2009 жылға қарағанда 37,5 есе өсті. Сонын ішінде экспорт 27849 млн. АҚШ доллары (38,6 пайыз өсті), импорт17352,5 млн. АҚШ доллар құрайды. (35,8 пайыз өсті).

 

 

Кесте 4 - Қазақстан Республикасында негізгі экспортқа шығарылатын тауарлар көлемі (млн. АҚШ доллоры)

 

 

2006

2007

2008

2009

Мұнай және газ конденсаты

4254,8

5027,9

7012,5

11417,1

Көмір

232,2

172,4

249,7

266,8

Мұнай өнімдері

129,9

119,3

252,5

420,7

Табиғи газ

79,1

215,3

228,9

495,8

Мыс, мыс ерітпелері

604,7

577,7

616,5

1011,1

Қорғасын

56,2

53,2

46,8

83,4

Хлопок

83,3

105,3

140,3

170,9

Бидай

321,1

325,1

522,6

389,6

Ет және ет өнімдері

5,1

1,1

0,7

0,4

Жүн

5,0

4,7

4,8

5,4

 

Кесте 5- Қазақстан Республикасына кіргізілетін  импорт тауарларының негізгі түрлері. (млн. АҚШ доллоры)

 

2006

2007

2008

2009

Шәй

25,9

25,9

31,2

44,1

Өсімдік майы, маргарин

54,5

61,5

44,8

42,1

Қант

123,0

99,2

132,2

153,0

Кондитерлік тағамдар

66,9

74,6

98,3

145,3

Алкагольді ішімдіктер

16,2

21,9

31,3

59,9

Көмір

4,7

5,1

10,2

19,9

Газ және мұнай

232,2

230,6

259,4

510,9

Мұнай өнімдері

290,9

185,5

270,5

511,0

Электроэнергия

43,0

28,5

42,6

70,4

Химия өндірісі

907,0

983,6

1272,4

1632,6

Көлік, барлығы

1852,2

1881,7

2152,5

3421,9

Женіл автомобильдер

225,5

228,7

347,7

549,7

Ауыр автомобиьдер

70,9

82,0

104,2

274,8

 

Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын жасау индустриялық- инновациялық дамудың басым бағыты бола алады. Талдау көрсеткендей, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары, тотбаспайтын, подшипниктік, қоспалы және басқа барлық түрлерін тұтыну артып, барған сайын арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Өткізуге байланысты кей кездері туындайтын қиындыққа қарамастан, болат нарығы тарылған емес. Болат пен қорытпалар динамикасы алдағы кезде де дамитын болады. Оларды өндіру үшін барлық компоненттерге ие Қазақстан әлемдік нарықтын осы сигментінде елеулі  тұлғаға айналуына болады, бірақ әзірше басқа елдер үшін жеткізіп беруші ғана болып отыр.

 

 

 

2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары

 

              Қазақстан экономикалық жаңару мен халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға қосылуда.  Қазақстанның БСҰ-ға кіру жолындағы келіссөз үрдістері тоқтусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін зандарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілуде. Еліміздің осы халық аралық эономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашады.[Қ.Р. жолд]

              Қазақстанның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграция-лану процесі өте маңызды кезеңдерінің біріне - Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге таяп келеді. Ал оған бүгінде 148 мемлекет мүшелікке өткен, 30-дан астам ел бақылаушы мәртбесіне ие. Бұл ұйымның ережелері мен жасалған келісімдер әлемдік суданың 95 пайыздан астамын реттейді. БСҰ-ның ең басты мақсаты, оның өмір сүруінің мәні дүниежүзілік сауданы мейілінше ырықтандыру және соның негізінде кіріккен, неғұрлым өміршең әрі тұрақты көпжақты сауда жүйесін құру болып табылады.

              Бүкіләлемдік сауда ұйымы 1995 жылы Мароккодағы Маракеш келісімі негізінде құрылады, өз бастауын 1948 жылы құрылған «Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімдер» (ГАТТ) ұйымынан алады. Қазіргі танда БСҰ- басты халықаралық ұйым болып табылады. Ол тауар, қызмет және интелектуалды меншікпен сауданы реттейді. Бұл реттеу халықаралық саудада мемлекеттің бірігейлік іс- әрекет принциптерімен комплексті іс шаралар жүргізу арқылы іске асырылады [16,181б]

              Қазақстан бұл ұйымға кіру туралы 1996 жылы ресми өтініш берді және сол сәттен бастап қазірге дейін келіссөз процесі жалғасуда. Республикада жүзеге асырылып жатқан терең экономикалық қайта құрулар, дүние жүзінің 70-тен астам елмен қауырт сыртқы экономикалық байланыстар, жаһандану үдерімен қосылу БСҰ-ға кірудің артылықшылықтары мен салдарлары жан жақты талдауды талап етті.

Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы