Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24

Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28

Файлы: 1 файл

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы.doc

— 264.00 Кб (Скачать)


 

ЖОСПАР

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

1    Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері

1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің  табиғаты мен қағидалары......

1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................

1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9

 

2  Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13

2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15

2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17

2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24

 

Қорытынды......................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.   

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады.  Немiс экономика-сының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi:  “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыздың “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елу елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты.

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.

Менiң бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ҚР-сы экономикасының тұрақты дамуының бiрден-бiр даңғыл жолы екендiгiн айтып өту болып табылады. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшiн мен курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей мiндеттердi  айқындап алуым керек. Оларға:

-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі қызметтерін зерттеу;

-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі қағидаларын қарастыру;

-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі проблемаларына тоқталу;

-Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторларын анықтау;

-Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуын қарастыру;

-Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайына тоқталу;

-Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттарын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1    Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері

 

1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары

Бәсекеге қабілеттілік - қор мен бәсекенің шектеулі жағдайында әлемдік шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға мүмкіндік беретін мемлекет экономикасының маңызды сапасы.

Әлемдік тауар рыноктарындағы белгілі бір сегменттерін өрістету немесе кеңейту қабілеттігімен, халықаралық саудаға мемлекеттің кіру деңгейімен анықталады. «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады», деп 2006 жылы наурыз айында мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтып өткен болатын.

Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор – инновациялық даму, жоғарғы технологияларды пайдалану, экспортты тұспалданған өнімдерді дамыту. Ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау жөнінде Еліміздің үкіметімен нақты шаралар қабылданды. «30 корпоративті жетекшілер» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда, «Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі корпорация» АҚ құрылған, Қазақстанның даму институттары инновациялық жобаларға қаржы салу үшін жағдай жасауда.

Бәсекеге қабілеттілік қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономика-сының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi:  “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады [1,215б].

Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни, әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.

Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.

Бәсекеге қабілеттілік жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.

Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.

Бәсекеге қабілеттіліктің экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.

Бәсекеге қабілеттіліктің негiзгi қағидалары: [2,105б].

-рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардың еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;

-материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;

-сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;

-өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;

-рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.

Бәсекеге қабілеттілік өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қабілеттілігі қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға, салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.

Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.

Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.

Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.

Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:

-бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;

-рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;

-рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;

Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:

1. Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;

2. Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;

3. Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;

5. Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;

6. Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технология-лардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;

7.Инновацияларды енгiзу.

Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады.  Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.

Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады.

Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы