Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24

Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28

Файлы: 1 файл

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы.doc

— 264.00 Кб (Скачать)

 

1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері

 

Таза капитализм  механизмі ретінде нарықтық жүйе болып саналса да, сол экономиканың негізгі, маңызды рөл ойнаушысы-бәсеке. Ұсыныс пен сұраныс нарық механизімінде ұйымдарға, ұжымдарға тұтынушылардың тілектерін білдіреді. Ал бәсекеге қабілеттілі болса осы талап-тілектерді қанағаттандыруда, мекеме мен ұйымдарды шикізат шығарушыларды тағы басқаларды дұрыс бағыттап отырады.

Бәсеке бұл - қазіргі замандағы аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені нарықтық жүйден айрылмас бөлік ретінде үнемі жаныңда болады. Әсіресе біздің еліміз үшін тап қазіргі кезеңде маңызды мәселе болып табылады. Мемлекетіміздің қазіргі заманға сай техника мен технология арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіруге талпынып және экономикасы жоғары деңгейдегі мемлекеттерге дейін жетуге тырысуда. Сондықтан да Ел басшысы еліміздің бәсекесі жайлы халыққа жолдау арнайды. Бұл жолдауда Қазақстанның экономикасы да, халқы да, жалпы елдің өзі бәсекеге қабілетті деңгейге жету үшін негізгі жолдарды  сараптайды.

              Нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекеқабілеттілікті дамытпай-ынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағын үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін біріктірудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенің көріп отырмыз. Нарықтық экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестеу мүмкін емес. Бәсекені - нарықтың кең құқылы субъектілерінің араласуында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласында пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеледі, яғни нарықта кейбір кәсіпорын-дардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизімінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және тағы басқа экономикалық реттеушілер көлемін анықтау болып табылады.

Бәсекені, оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалалық және бағалалық емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы —жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен да  бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. [3,24б]

1.Жетілген бәсеке нарығы — кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардын түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұларға нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын- бидай, көкөніс, жеміс-жидек және т.б.

2.Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі "монос"- бір, "полео"-сатамын) — көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады. Өнімдерін бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы - киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, жағар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.

3.Олигополия (грек сөзі "олигос" – аздау, ''полео"- сатамын) — бірнеше деген сатушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны тіпті, осылардың кейбіреулері  нрықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті  және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп құра алмайды. Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы: алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) немесе жіктелген (мысалы: автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор және т.б.).

4.Таза мопополия нарықтың бұл түрінде бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады жөне ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы кіреді: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін жөндуші және басқа да қоғамдық кызмет жасау жүйелері.

Бәсеке-құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Төртінші жетілген бәсеке кезінде бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нрықта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзінде монополист болуы мүмкін, егер онын тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер онын нрықтық қарқыны басқа өнідрушілермен тепе-тең болса. [4,73б]

Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік монополияға қарсы органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі ерекше роль атқарады. Бәсекенің қатынастар дамуына белгілі әсері бар. Әр  бір кәсіпкердің мақсаты: пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да бір тауардың ұсынысы сұраныстан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әр қайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өңдірудің көлемін қысқартады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін әр бір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ал осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.

Бәсеке көптеген фирмалардың жаңа салаға кіруіне, сонымен бірге өндірісті ұлғайтуға, бағаларын төмендетуге әсер етеді. Көптеген  фирмалар бәсеке әсерінен өндіріс технологияларын жаңа эффективті әдісіне көшіреді. Ал фирма тиімді өндіру технологиясын қолданбаса өзге бәсекелес фирмалардан қалып қоюы даусыз.

 

1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні

 

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.

Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.

Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.

М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.

Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:

А.  Негізгі   құрауышы   өнімнің  өзімен  тікелей  байланысты   және   оның  сапасына   көп   көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

В.Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.                                                           

С. Үшінші  құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.

Кәсіпорын өнімінің Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:

• Баға;

• Сапалық;

• Жаңалық;

• Жарнама;

• Пайдалану сенімділігі;

• Көркемдеу, мәнерлеу;

• Буып-түю, т. б.

Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа  тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен өз   қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы  әлемде әмбебап сипатқа ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық  және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы  десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу  мерзімі, өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда  қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады.

Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы