Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9

2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24

Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28

Файлы: 1 файл

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы.doc

— 264.00 Кб (Скачать)

Cондықтан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар  мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға –тиімсіз болып көрінеді. [5,42б]

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымем қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа  өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.

Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.

Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.

Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мумкін. Олардың негізгілері:

• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;

•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:

• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;

•  саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.

Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:

• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;

• саланың салыстырмалы баяу өсуі;

•үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұракты шығындардың жоғары деңгейі;

•дифференциацияның жоқтығы (тиісінше - конверсия шығындары);

• қуаттардың секірмелі өсімі;

• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.

Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезо деңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді. [6,102б]

Өнімді нарыққа шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне қарағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалық өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.

Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.

Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.

 

 

2  Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы

2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы

 

Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.  

Экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып табылады. Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.

2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде, қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен, экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi жеттi. [7,42б]

Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен  салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады:

Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция тартылуда;

Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына керi әсерiн тигiзуде;

Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;

Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр;

Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық,  салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;

Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпте қызмет көрсетушi әр түрлi инжинирингтiк, инновациялық,  маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың жай ғана  қызметтерден аса алмауы;

Жалпы ұлттық өнеркәсiптердi және ауыл шаруашылығының бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында ондағы кәсiпорындарды қаржыландырудың толық жетiлмеуi, соның iшiнде лизингтiк несиелеудiң ауылшаруашылығында дамымай отыруы.

Мiне осы мәселелердi шешiп, дамудың тиiмдi жолы болып табылатын бәсекелi экономиканы қалыптастыру бүгiнде елiмiз алдындағы басты қызметтiң бiрi екенi дау тудырмайды. Өйткенi бәсекеге қабiлеттiлiк қазiргi уақытта тек Қазақстан экономикасы үшiн ғана өзектi мәселе емес, ол әлемдегi әр мемлекет үшiн бүгiндi басты мәселе болып отыр. Сондықтан, бүгiнде бәсекеге қабiлеттiлiк әлем мойындағын теориясы мен тұжырымдары жасалу үстiнде. Осы теорияның негiзiн жасаған бәсекенiң атасы болып табылатын Гарвард бизнес мектебiнiң профессоры Майкл Портер ұлттық мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне ерекше көңiл бөледi, өйткенi осы көрсеткiш әр елдiң дүние жүзiндегi орнын анықтайды. Ол төрт фактормен анықталады. [8,4б]

Бiрiншiсi - әр елдiң iшкi тұрақтылық деңгейi.

Екiншi – мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгi, яғни мемлекет жүргiзiп отырған саясаттың сол елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жасаудағы ықпалы.

Үшiншi – бизнестiң тиiмдiлiгi, басқаша айтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс қимылының жаңашылдығы, үзбей жаңартып отыру деңгейi;

Төртiншi – инфрақұрылым, немесе ұлттық экономика салаларында қолданылып отырған технологиялардың, қарым-қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми зерттеу орындарының даму нәтижесi, инновациялардың дамуы арқылы.

2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары

 

Ендi осы бәсекелiк ортаның дамуының негiзгi факторларының Қазақстан экономикасындағы жағдайына тоқталайық:

Бiрiншi фактор, яғни экономиканың тұрақтылығы елiмiзде жақсы деп айту қиын. Өйткенi соңғы бiрнеше жылдарда ЖIӨ-нiң өсуi тұрақты 10%-дан астам болып отырғанмен, ол негiзiнен әлемдегi шикiзат бағасының өсуi нәтижесiнде болып отыр. Ал егер шикiзат бағасы төмендеп кетсе қайтемiз немесе шикiзат қорымыз таусылса не iстеймiз деген алдымызда үлкен сұрақ тұрады. Ал мұны шешудiң бiрден бiр жолы жамудың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, бәсекеге қабiлеттi, индустриялы-инновациялы экономикаға көшуiмiз керек;

Екiншi фактор, экономиканы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң және ондағы саясаттардың тиiмдiлiгi. Бұл iс шаралар елiмiзде егемендiгiн алған ылдардан бастап iске асып келе жатыр. Ал бүгiнде негiзгi мемлекеттiң жүргiзiп отырған саясаты, елiмiздiң ұлттық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етiп отыру және әлемдiк деңгейде елiмiздiң бәсеке қабiлетiн көтеру, яғни, алдынғы қатарлы дамыған 50 елдiң қатарына қосылу болып табылад. Осы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасында 2003-2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялы дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиясы қабылданды;

Үшiншi фактор,  ел iшiндегi кәсiорындардың жаңашылдыққа үзбей iлесiп отыруы және жаңа технологиялармен өнiм өндiруi. Дәл осы мәселе бүгiнде дереу шешудi қажет етуде. Өйткенi жоғарыда атап өткендей отандық өнеркәсiптердiң өнеркәсiптiк құрал-жабдықтарының 80%-дан астамы тозығы жеткен. Бұндай өндiрiс өз кезегiнде орны толмас шығындарға алып келедi. Ол үшiн елiмiзде отандық өнеркәсiптердi ғылыми-техникалық, инновациялық қолдау шараларын жүргiзуiмiз, кластерлiк жүйеге өтуiмiз, несиелеудiң лизингтiк формаларына өтуiмiз керек;

Төртiншi фактор жоғарыдағы аталған үш факторлар негiзiнде және олармен тығыз байланыста экономикада бәсекеге қабiлеттiлiктiң төртiншi факторы да дамиды. Елiмiздегi қарым-қатынасты жандандыру үшiн iшкi аймақтық және сыртқы көлiк тораптарын жүргiзуiмiз керек және байланысты дамытуда әлемдiк стандарттарға өтуiмiз керек.

Сондықтан да Президенттiң 2004 жылы 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында “мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы ролi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуге, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және басты салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн” деп атап өткен.

Бүгiнгi  таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажеттi болып отырған бәсекелiк ортаны тиiмдi қалыатастыру үшiн және оны дамуының мәселелерiн келесiдей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жеткiзуге болады. Сонымен, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн келесi шараларды жүзеге асыруымыз керек:

-Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн жоғарлатуды мемлекет өз қызметi деп алуы керек;

-Отандық өнеркәсiптердiң арасында өзара бәсекелестiктi дамытып, олардың әлемдiк деңгейдегi бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

-Өнеркәсiп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;

-Әр түрлi дамыған елдердiң компанияларының стратегиялық альянстарына кiруге талпыныс жасау;

-Ғылыми-өндiрiстiк ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиiмдi қызмет ететiн ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бiрлестiктер құру;

-ҒЗТКЖ-ның әр түрлi субъектiлерi арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;

-Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшiн несие жүйесiн және лизингтiк қатынастарды дамыту;

-Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру үшiн өнеркәсiптiң жоспарын құру, оның басты мақсаты iшкi және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестiк күреске басымдылық көрсетуге бейiм iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын ұйымдастыру;

-Қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновация-лық стратегияны саналы түрде жүзеге асыру.

Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы