Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа
Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
1.1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің табиғаты мен қағидалары......
1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі мәселелері....................
1.3 Бәсекеге қабілеттіліктің экономикалық мәні..............................................9
2 Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
2.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы..............13
2.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің мәні және факторлары..........15
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы...17
2.4 Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындағы бағыттары...........................................................................................................24
Қорытынды......................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................28
Қорыта келе, осы Жолдау бiздердi бәсекеге қабiлеттi экономика жасауға, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiруге шақырады. Елiмiзде отандық өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және тағы басқа шараларды iске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы және бәсеке қабiлетiмiз жоғары ел болуымызға тiкелей жол ашпақ. [9,8б]
Қазақстан Республикасында рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:
1) Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
2) Монополия жағдайын реттеу;
3) Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
4) Монополистерге ешқандай әсер етпеу.
Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады. [10,4б]
Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.
Бiздiң мемлекетiмiзде табиғи монополияларды реутеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын мұнай және газ саласына, элекетр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.
2.3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайы
Экономикалық құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Қазақстан жауапты тандау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі. Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-ші орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдердің қатарына кіреді. Қазақстан көмір өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 25,8 миллиард тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік қордың 3,6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір қоры мен оны өндіру бойынша Қазақстан Ресей мен Украйнадан кейін үшінші орын алады.
Біздің республиканың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілетін табиғи ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдын —70, темір рудасының —55, қара металдың — 46, көмірдің — 28 пайызы сыртқа кетіп жатты [11]
Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті шығармады, онда 4-ші және 5-ші қайта бөлісулер болмады. Жерімізде ресурстардың барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық.
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.
Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай газ секторында-"ҚазМұнайГаз", энергетикада-"КЕГОК", телекоммуникацияда "Қазақтелеком", темір жолда -"Қзақстан темір жолы". Қазір бұл салалар да реформалануда. Темір жол саласы қайта құрылымдау бағдарламасы жүргізілуде. Электр энергетикасы және телекоммуникация салаларына монополиясыздандыру міндеті қойылды [12,7б]
Экономикалық реформалар ЖІӨ құрлымында жақсы байқалды. Мәселен, 1991-ден 2008 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3 пайызға дейін өсті. ЖІӨ құрылымының мұндай өзгерісі осы заманғы жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ЖІӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарғысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда -66 пайыз, Ұлыбритания мен Германияда- 71 пайыз.
Жалпы 2008-2010 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5 пайыз болды. Бірақ тендестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді жүргізудің арқасында 2008-2010 жылдар кезеніңде ЖІӨ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9,4 пайыз болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтастай алғанда, 2008-2010 жылдары ЖІӨ 1,3 есеге өсті.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 7453,0 млрд. теңгені құрады. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайызды құрады.
Еліміздің экономикалық даму моделінің дұрыстығын дәлелдейді. Мұны нақты ЖІӨ згерістерінің динамикасы айқын көрсетеді. Мәселен 2008 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің артуы 106,3 пайызды құрады, бірақ бастысы— бұл көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа дейінгі 1990 жылдың психологиялық тұрғыдан манызды шебіне әбден жақындай түссек, 2009 жылдың қорытындылары бойынша бұл шепті еңсердік.
Мемлекеттін таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде табиғи байлықтар қоры мен миниралдық шикі заттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың экономикадағы дәстүрлі артықшылығын барынша пайдалану қажеттілігі көрсетілген.
2010 жылдын өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 5124,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2009 жылғы сәйкесінше кезенінен 4,6 пайыз артық.
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеніңде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасын қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жаныңдағы шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнекәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. [13,22б]
Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит рйетингі берілді. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды [14]
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірге теңіз кең орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвесторлардың мұнай- газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил ", "Шелл", "Эни", Шеврон Тексако", Тоталь", "Бритиш петролиум", "Лукойл", «Қытай ұлттық мұнай корпорациясы» бар. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды [9].
1 кесте—2006-2010 жылдар бойынша нвестициялр көлемі динамикасы
| 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Финанстық емес активтер инвестициясы, млн. тг. | 1158148 | 1307249 | 1472341 | 1547652 | 2273,4 |
Негізгі капиталға инвестициялар млн.тг. | 943398 | 1099986 | 1327864 | 1530628 | 2205,2 |
2010 ж. Қаңтар желтоқсанда негізгі капиталға жұмсалған инвестиция-лардың көлемі 2205,2 млрд. Теңге құрды бұл өткен жылғымен 1,2 есе жоғары.
Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард барль деп бағаланған аса ірі Қашаған кең орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндіру мен тәмәмдалмайды. Оларды әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес болатын. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциуымы болды. КТК-ның қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты іске асыра бастадық. Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазаргі динамикасы қол жеткізуге энргия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жоқ. Бұл— экономикалық өзгерістердің нәтижесі.
Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.
Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Кармет өндірісінің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Карметкомбинат металдармен және полимерлермен капиталға металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті [15,22б]
Казхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар «Қазақстан 2030» ел дамуының стратегиясында тұжырымдалады. Осы сәттен бастап реформалар жүйелілік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.
Бұл процес Қазақстан кезекті сынаққа— 1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс-жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық.
Қазақстан ТМД елдерінің арасынан бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті. Қазіргі танда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жниақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өнімді қаржы құралдарына салынған.
Информация о работе Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы