Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Оглавление

Кіріспе
І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары.
ІІІ. Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
3.1. Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру.
3.2. АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік
3.3. Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі.

Файлы: 1 файл

ksipkerliktin_mni._manyzy._erekshelikteri (1).doc

— 176.00 Кб (Скачать)

Қаржы кәсіпкерлігінде  қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында.

Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды  талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.

Қаржы келісімінің  негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет  етеді.

Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.

Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады.

Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын  кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде  ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді:

  • Мәселені анықтау (диагностика);
  • Шешімдерді, жобаны жасау;
  • Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.

Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас  бірнеше жыл болуы мүмкін.

АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.

Бірде бір күрделі  экономикалық және басқару шешімдері  экономикасы дамыған елдерде  ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті  қолданусыз қабылданбайды.

Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді.

Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді.

Бизнестің бұл  ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы  кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.

Сақтандыру  кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік  зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.

Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты  сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті  сақтандыру түрлері тікелей жатады.

Кәсіпкерліктің  әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен  өте тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет.

Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді. [1. 14 – 18 беттер]

 

 

ІІ.       Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті  ұйымдастыру нысандары.

 

2.1.    Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру  нысандары.

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына  байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.

Кәсіпкеріліктің бұл  нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі  реттейтін кәсіпорынның белгілі  ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде  жүзеге асады.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға  байланысты:

  • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
  • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
  • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
  • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
  • Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Ұйымдастыру-құқықтық нысанды  таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру  мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды  тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі  жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке  жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.

Кәсіпкерліктің осы нысанының  артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық  және т.б.

Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?

Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының  міндеттеріне барлық өзінің жиынтық  мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.

Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2 %), қала және жол көлігінде – 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда – 1815   (4,5 %), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады. [1. 21 – 24 беттер]

Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға  болады.

Бірақ үлкен көлемдегі қаржы  ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.

Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір  уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.

Серіктестік екі және одан көп әріптестердің  қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.

Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз  тең материалдық жауапкершілік  алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.

Серіктестіктің қатысушылары екі  топқа – толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.

Коммандиттік серіктестікте әріптестердің  бір бөлігінде шектелмеген, ал бір  бөлігінде шектелген жауапкершілік  болуы мүмкін.

Қоғам екіден кем емес азаматтар  немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.

Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша  жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік  алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.

Ең көп таралғаны акционерлік  қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту  құқығы берілген. Акционерлік қоғам  қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.

Кәсіпкерліктің негізгі  ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.

Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.

Ассоциация  – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.

Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар  кіреді.

Ассоциацияны құрудың  негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум  – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).

Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революция  жағдайында консорциумдар жаңа салаларда  және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде  пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.

Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.

Картель – бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-экономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру. [2. 26 – 42 беттер]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.    Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерлікті  дамытудың мемлекеттік саясаты.  

 

Шағын кәсіпкерліктің мынадай  “әлсіз” жақтары бар:

  • Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;
  • Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
  • Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
  • Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
  • Сыртқы ортадан-банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

Соңғы уақыттарда республика шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын  кәсіпорындардың қоғам алдында  өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономиклық жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

Кәсіпкерік еркіндігі  мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

Мемлекттің шағын кәсіпкерлік  атынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.

Біріншісінің мәні шағын  кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

Қолдану қызметтері шағын  кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.

Шағын кәсіпкерлік “төменнен” бастамасы бойынша тіршілікке қабілетті.

Мемлекеттің міндеті  шағын кәсіпкрлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті  дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсенділікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының  арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының  “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы” заңында қарастырылады:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері