Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.

Оглавление

Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5

Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11

Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13

II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 438.00 Кб (Скачать)

     Жеке  адам мүддесі мен қоғамдық мүдде арасындағы қайшылық – мемлекеттік меншіктің аса маңызды кемшілігіне айналады. Енді, қоғамның барлық дертінің кілті – мемлекеттік меншік сияқты көрінеді. Ал, негізгі қатынас – меншік пен еңбек арасындағы қайшылық – дамудың қайнар келеңкеленіп қалды...

     Нарық қатынастарына өту кезеңінде аса өзекті мәселелердің бірі - өндіргіш күштерді жаңа жағдайларға бейімдей отырып, түбірінен қайта жаңарту мәселесі.

     Өтпелі кезеңдегі өндірістік қатынастар жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, көп жағдайларда, өндіргіш күштердің өркендеу дәрежесіне жете көңіл бөлмеді деп айтуға негіз бар.

     Мәселен, жекешелендіру құбылысы – әлеуметтік жағдайларды түбірінен қайта құpyғa есептелгенімен, Қазақстан өндіргіш күштерінің даму тарихын, заңдылықтары мен бағыт-бағдарларын толық ескерді деп мойындау ақиқатқа сәйкес келмейді. Техникалық жағынан мешеу қалған ауыл шаруашылығын, жалпы агро-өнеркәсіптік кешеннің және т.б. салаларда жекешелендіру құбылысының ақпараттық сипатта жеке-дара үрдіс жүргізілуі, объективті себептермен қатар, субъективті көзқарастардың реформа дәуірінде белең алуына да байланысты. Жекешелендірудің әдіс-тәсілдері мен түрлері көп жағдайда қалыптасқан технологиялық және экономикалық байланыстарды ыдыратты...

     Тәуелсіздік алған кезеңде Қазақстанда жүргізілетін реформа қоғамдарының өзара тәуелді болмысын айқындауда, күрделеніп кеткен қарама-қайшылықты құбылыстардың түбегейлі үндестігін зерделеу процесінде Президенттік жолдау аса маңызды құжат ic- қызметін атқарады. Ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды айқындауда жеке-дара әр кезеңде жүргізілген бағаны ырықтандыру не мемлекеттік меншікті жекешелендіру және өндipic монополияларын шектеу саясаттары өзара үндестік таппауы түсінікті құбылыс. Сол себепті, жалпы халық топтарының мүдделерінің ортақтығына жік салатын, қажетті болса да тepіс салдарын дәлме-дәл есептеу мүмкін емес реформалардың жеке бағыттарын “ортақ мүшелікке” келтіру қажеттігі туады.

     Сонымен, меншік дегеніміз – адамдар арасындағы өндipic факторларына және олардың нәтижелеріне байланысты иемдену қатынастары болып табылады. Ал, ұғымның ішкі мән-мазмұнын талдасақ, меншік ұғымының ішкі элементтері ретінде қажеттіліктер мен мүдделердің және өндipic факторларының өзара үш жақты байланысын айтуға болады.

     Меншік қатынастарын түбегейлі жаңарту – еңбек иелерінің меншік иесі құқығын күшейту арқылы аса серпінді тетіктерге жол ашады. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

      
  1. Алшанов Р.А., “Экономикалық қайшылықтардың Маркстік теориясының қалыптасуы”, /Алматы, ҚазМУ, 1998 ж./
  2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б. “Меншік диалектикасы”, /Алматы, ҚазМУ,1993 ж./
  3. Әубәкіров Я.Ә., ”Экономикалық реформа туралы”, /Ақиқат – Алматы,1995 ж. №12/
  4. Әбдуов Т., “Жекешелендіру қалай жүріп жатыр”, /Егемен Қазақстан – 1997-17 Ақпан/
  5. Байжұмаев Б. “Меншік қатынастарын оқып-үйренудің методикалық мәселелері”, /Алматы, ҚазМУ, 1993 ж./
  6. Байжұмаев Б., “Өтпелі дәуір:меншік трансформациясы”, /Алматы – 1998 ж./
  7. Баймұқанов Б.Б., “Мемлекеттік меншік сол елдің иелігі үшін қызмет етуге тиіc”, /Жетісу – 2000-12 Желтоқсан/
  8. Бектұрғанов Ә., “Жер әркімнің иелігіне пайда әкеледі”, /Егемен Қазақстан – 2003-22 Каңтар/
  9. Данышұлы Б., “Баға жетпес, байлығымыз: Жер қадірін біле- білгенге барған сайын арта түсуде”, /Егемен Қазақстан – 1999-21 Қараша/
  10. Құдайбердиев Н., “Жекешелендіру не берді?”, /Қаржы-қаражат – 1999-7-29-32 бет./
  11. Раханов М., “Жеке-меншік – нарықтық экономиканың негізі”, /Егемен Қазақстан – 2001-20 Cәyip/
  12. Іңкәрбайқызы Б., “Жерді сатып, не ұтпақпыз?”, /Заман Қазақстан – 1998 — 20 Караша./
  13. К.Маркс, “Капитал”, 1-том, 7-бөлім, 21-тарау, /Алматы, Қаз. мем. бас, 1963 ж./
  14. К.Маркс, “Экономикалық қолжазбалар”, 1857-1861ж.ж. /Москва – 1980 ж./

Информация о работе Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері