Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.

Оглавление

Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5

Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11

Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13

II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 438.00 Кб (Скачать)

     Шаруашылық серіктестердің мемлекеттік үлестерін сатуда Оңтүстік Қазақстан – 88%, Жамбыл – 85%, Маңғыстау облыстары мен                 Астана қаласы – 80% болып, алда келе жатса Павлодар – 43%,                 Батыс Қазақстан – 61%, Шығыс Қазақстан облысы – 62% болып артта келеді.

     “Көгілдір фишкалар” бағдарламасы бойынша ipi кәсіпорындардың мемлекеттік пакет акцияларының бір бөлігін сату бойынша жұмыстар жүргізуде. 1998 жылы төрт “Көгілдір фишкалар”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Қазақмыс корпорациясы”, “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ-ның акцияларын жайғастыру бойынша келісім-шарттарға қол қойылса, кейінгі кезде “Қазхром”, “Қазмырыш”, “Қазақстан алюминий”, “Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі” АҚ-ның акцияларын жайғастыруға тендер жарияланды. Қазіргі кезеңде Қазақстан қор биржасында сатылымға қойылып жүр.

     1999 жылдың 25 қаңтарындағы жағдайға қарағанда мемлекеттік меншікте 1794 АҚ мен ЖШС-тіктердің мемпакет акциялары бар. Соның     563-інде мемлекеттің үлесі – 33%, 387-сінде 33% пен 51% аралығында, 844-інде 51%-тен көп болып тұр. 1998 жылдың 7 қарашасындағы жағдай бойынша 122 AҚ-ның мемпакет акциялары сенімдік басқаруда болса, 157 АҚ-ның мемпакеті шұғыл басқаруға бepілді.

     Осы орайда министірліктің жанынан бақылау-тексеру басқармасының құрылғанын да айта кетпеске болмайды. Бұл жаңа ведомствоның негізгі мақсаты мемлекеттік кәсіпорындардың, шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық жұмыстарына ревизиялар мен тексерулер жүргізу. Сонымен қатар жаңа құрылымның міндетіне инвестициялық тендерлер арқылы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде жасасқан келісімдердің, фирмалар мен компаниялар бас басқарушыларының алған міндеттемелерінің орындалу барысын қадағалау да жатады. Бұрын министірлік бұндай механизмге ие болмағандықтан жекеменшік консалтингтік фирмалардың қызметіне жүгінетін. Ал олар болса компаниялардың өздері берген материалдарына талдау жасау мен ғана шектелетін. Енді жекешелендіру Департаменті жағдайды терең талдап, тіпті Шартты бұзуға дейін баратын ықпал ету механизіміне ие болды десек артық айтқандығымыз болмас.

     1999 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағасын үш жылдың ішінде төлеу келісімімен 578 объект сатылып, жалға немесе басқаруға берілсе. Салынып бітпеген объектілердің 116-сы жалға немесе басқаруға беpiлдi. Мемлекеттік тұрғын қоры емес нысындарды жалға беруден мемлекет бюджетіне 475901,3 мың теңге немесе болжанғанның 95,2 пайызы түсті    1998 жылы әлеуметтік саладағы сатылымға қойылған 4960 объектінің     2716-сы 962285,1 мың теңгеге сатылып кетті.

     Сала  бойынша бөлсек: білім саласынан – 389, денсаулық           сақтаудан – 121, мәдениеттен – 362, туризм және спорттан – 12 және тағы басқаларынан 1823 объект.

     Жекешелендірудің  ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру  нәтижесінде Республикада 1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 95%, құрылыс 60%, саудада 85%-ға жетті. Жекешелендіру процесі және оны басқару нарықтық экономикада орын басқа елдерде қалыптасқан тәсіл.

     Қытайда басталған мемлекеттің иелігін алу процесінің нәтижесі келесі фактілерді куәландырады.

     Біріншіден, меншік жүйесіндегі құрлымдық өзгерістер барысында мемлекеттік сектордың тарылуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес нысандары қазіргі кезде өнеркәсіп – 44, сауда – 64 шаруашылық – 95% құрайды.

     Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіредi, ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар – бұдан да жоғары нәтижелерге ие.

     1978-1989 жж. арасында мемлекеттік өндіpіc көлемі 3,8 есе, ұжымдық кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 ж. меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8,25%-зы тиді, ал 1980 жылы бұл көрсеткіш 0,5%-ға тең болған. 1989 ж. соңында жеке қызметпен 12,5 млн. адам айналысқан.

     Екіншіден, кәсіпорынның шаруашылық дербестігі көтеріледі, шаруашылық құқығында және меншіктің бөлінуінде қалыптасқан әр түрлі ұйымдық түрлер пайда болды.

     Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесімен қабылданған “Кәсіпорындағы реформаларды тереңдету және олардың тіршілік әрекетін жандандыру” туралы құжат шаруашылық жауапкершілік жүйені енгізу және ұcaқ мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беруді заңдаған. 1986 ж. соңында жалға беру 3,5 мың ұсақ өнеркәсіпті кәсіпорындарды қамтыды.

     Қытайда мемлекттік меншікті басқару жүйесі істейді. Осы жүйенің басында мемлекеттік мүлік жұмысының басқармасы және әр түрлі аймақты деңгейдегі органдар қатарлары тұр. Бұл органдар орталық басқармамен қабылданған аймағына бақылау ревизиялық функциялары бар. Басқарманың аймақтық органдары бухгалтерлік ревизия жүргізуге құқы бар және мемлекеттік мүліктің жағдайын бағалау, жекеменшік құқығының өзгеру процесін басқару, кәсіпорынның сатылуы, бірлескен кәсіпорындарды құру, т.б. жұмыстар жүргізеді.

     Қытайдағы мемлекеттің иелігінен алу кезеңі төмендегідей:

     1) кәсіпорынның аяқталуына дербес шаруашылыққа ауысады, ол заңды және экономикалық жауапкершілікті толық бөлінуіне жетуге рұқсат береді.

     2)  екіншінің аяқталуына мемлекеттік меншікте инфрақұрылым объектілерінің тек негізгілері және де мемлекеттік капитал салымын құрылған кәсіпорын ғана қалады.

     Еуропалық елдерде жекшелендіру процесі әр түрлі формаларда қабылдаған: мемлекеттік кәсіпорындарды жеке заңды және жеке тұлғаларға сату; жеке инвесторлардың қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды қайта капитализациялау; мемлекеттің меншігі болатын немесе олармен бақыланатын кәсіпорынның жарты акцияларын сату. Ұлыбританиядағы жекшелендіру баяу қарқынды сипатқа ие. Біp жылда 2-3 кәсіпорын жекешелендіріледі. Ұлыбританиядағы жекешелендірудің қажеттілігі мемлекеттік кәсіпорындардың тиімсіздігі, жоғары капитал сыйымдылығы, өндірістік еңбектің ең төменгі тиімділігінен түсіндіріледі.

     Ұлыбританиядағы жекешелендіру процесін хронологиялық 3 кезеңге бөлуге болады.

     1 - кезең (1979 - 1984 жж.) – нақты салалардағы кәсіпорындарды сатумен сипатталады. Бұл мемлекеттік секторды қажеттілігін дотацияландыруды төмендетуді ынталандырады. Бұл өлшемі бойынша үлкен емес компаниялар.

     2 - кезең (1984 ж. жазы - 1987 ж. күзі) – бұл кезеңнің мақсаты акция иелерінің шеңберін ұлғайту.

     Жекешелендірудің осы формалары ретінде Британ телефон корпорациясы және Британдық газ корпорациясы көрсетілген. Өкімет монополиялық құрлымдық салаларын сақтап қалып оларды толығымен сатты.

     3 - кезең (1987 ж. қазіргі кезге дейін) – коммуналдық шаруашылық салаларын белсенді сатылуы, олардың бәсекелестік басымдығын арттыру мақсатымен сипатталады.

2.2 .Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері 

     Еліміз егемен болып, дербес даму жолына түскен алғашқы айларында-ақ мемлекеттік басқару органдары қайта құрылды. Олардың қатарында өкілеттілігі Президенттің 1991 жылғы 22-ceyipiндe №318 жарлығымен бекітілген Қазақ КСР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі: мемлекеттік комитеті де болды.

     “"Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы”" заңды іске асыру мақсатында елімізде әзірленген және Президент қаулысымен бекітілген 1-ші бағдарлама - Қазақстанда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы болатын.

     Жекешелендіру – 1-ші кезеңде ынталы сипатта болды. Мемлекеттік органдар жекешелендіру туралы шешімді кәсіпорын ұжымы жекешелендіруге өтініш бергеннен кейін ғана қабылдады. Kәciпорынды мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің нысанын таңдау еңбек ұжымына берілгені, осы кезеңдегі жекешелендірудің ерекшелігі болып табылады.

     Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ, акционерлеу және жекешелендіріп отырған кәсіпорынның балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымына ақысыз беру арқылы жүзеге асырылды.

     1-ші кезеңде жоғарыда аталған тәсілдермен 4771 нысан жекешелендірілді, бұл-жекешелендіруге жататын барлық нысанның 28%. Олардың ішінде еңбек ұжымдарының ұжымдық меншігіне берілген 472 кеңшар бар.

     Өкінішке орай, ынталы жекешелендіру өз қарқыны бойынша да, қаржылық түсімдері бойынша да күтілген нәтижелерді әкелмеді. Ұжымдардың көбісі меншіктенуші болғысы келмеді. Себебі, меншіктенгеннен кейін жұмыстарды қаржыландыру керек еді, ал ұжымдардың, әрине, ақшасы болмады.

     1993 жылдың наурызында қабылданған “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы” мемлекеттік меншікті қайта құрылуының тәртібін анықтады. Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына, салық тиістілігне, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ipi кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды. ТМД елдерінде кеңінен таралған ынталы жекешелендіру жүйесі жойылып, мемлекеттік меншікті басқарудың және жекешелендірудің бірыңғай жүйесі құрылды.

     Заңдарда өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымның меншік жүйесі жойылды, жолдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз күштерін жойды.

     Шағын жекешелендіру меншіктенушілердің қалың тобына пайда болуы үшін нақты негіз қалыптастырды. Жекешелендірудің дәл осы кезеңінің нәтижесінде дүкендердің осыған дейін бос тұрған сөрелерінде тауарлар пайда болды, қоғамдық тамақтандыру мен халыққа қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істей бастады. Шағын кәсіпкерлік нысандарының ¾ бөлігі (б000-нан астам) жеке меншікке берілді.

     Бұл кезеңде кейбір ерекшеліктер де болды. Сатып алушылар сатып алған мүлік үшін төлейтін соманың 50%-ын ақшалай қаражатпен, ал 50%-ын тұрғын-үй купондарымен төлеуге құқылы болды.

     Республика  Үкіметі бастамашысы болған кәсіпорындарды акционерлеу – жаппай жекешелендірудің және кейбір жеке жобалар бойынша жекешелендірудің алдын-ала сатысы болды. Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың 10%-ы шамасында артықшылықты акциялар түрінде ақысыз алу құқығы берілді.

     Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында Чехия, Ресей және басқа да мемлекеттердің тәжірибесі зерттелді. Бұрын-coңы болмаған инвестициялық жекешелендіру қорлары – ИЖҚ құрылды. Қорларға жеке тұлғалар және мемлекеттік қатысы жоқ заңды тұлғалар құрылтайшылық етті, олардың 169-ы лицензия алды. Дүние жүзілік банк ең қолайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру купондарын – ИЖҚ беру механизмі қолданылды және ол салушының ИЖҚ-н ұтымды салу жағдайында, яғни тандаған инвестициялық қордың табысты қызмет ету жағдайында дивиденттер алуын қамтамасыз етуге бағытталады.

     Әр азаматтың қорды еркін таңдау құқығы болды және өз купондарын әр түрлі ИЖҚ-ға үлестіре алды. Жинақ банкілерінің бөлімшелері азаматтардың тапсырмалары бойынша купондардың белгілі бip санын олар көрсеткен ИЖҚ-ға берді. Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеттің жанында құрылған Ақпараттық-есептеу орталығы Жинақ банкі ақпаратының негізінде қорлар салымшыларының толық мәліметтер базасын қалыптастырды. Қазіргі уақытта кез-келген салымшы қандай да болсын қорға салған купондар туралы толық ақпарат ала алады.

     Купондық жекешелендіруге 11 млн-нан астам адам қатысты, бұл – республика халқының 67%-ы. Купондық жекешелендіру кезеңінің ішінде 1707 акционерлік қоғамның акциялары сатуға шығарылды, олардың ішінен 1529 акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакеттері толығымен сатылды, бұл – сауда-саттыққа шығарылғандардың – 89,57%-ы.

     Қоғам мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижелеріне қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, өзі де теріс бағалайтындығын негізінен купонды жекешелендіру кезеңінде қойылған мақсаттарға жете алмай келе жатқанымызбен түсіндіруге болады. КСРО-ның кезінде қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі кәсіпорындар жұмысының жаппай тоқтауына соқтырды, ал бұл факторлар тиісті түрде ескерілмегендігін мойындау қажет. Басқаша айтсақ, купон салушылар қысқа мерзім ішінде дивиденттер алады деген сенім ақталмай келеді.

     Осы кезеңде энергетика, металлургия, көлік, телекоммуникация, ipi сауда орталықтары салаларындағы объектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Осындай жекешелендіру шеңберінде 3 кәсіпорын Шымкент кондитерлік фабрикасының, Алматы темекі комбинатының Қарағанды металлургия комбинатының пакеттері мен активтері сатылды.

     Агроөнеркәсіптік жүйедегі мемлекет иелігінен шығарып жеке жекешелендіру оның әр түрлі салалары мен кәсіпорындарының өзіндік ерекшеліктері ескере отырып жүргізілді. Бұрынғы кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындардағы фермерлік және шаруа қожалықтарына, ауылшаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға және шаруашылық етудің басқа да мемлекеттік емес нысандарына қайта құрылып жатты. Мемлекеттік мүлік конкурста немесе аукционда сатылды және ауылшаруашылық кәсіпорны мүлкінің сату бағасының 75%-ына дейін тұрғын үй купондарымен төлеуге pyқсат берілген болатын.

     Республикада 1993-1995 жылдары 1490 мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындары жекешелендірілді, бұл аграрлық-өнеркәсіптік саладағы мемлекеттік кәсіпорындар жалпы санының 70,2%. Осы мен қатар, аграрлық-өнеркәсіптік жүйеде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері