Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.

Оглавление

Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5

Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11

Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13

II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 438.00 Кб (Скачать)

     1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті қайта құрылымдау мен жекешелендірудің 3-ші бағдарламасы бекітілді, ал 1997 жылдың басында секторлық бағдарламалар бекітілді. Олардың басты мақсаты – мұнай-газ және коммуникациялық кешеннің, өндіpіc, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет жәке спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процестерін жаңартудың негізінде Қазақстан экономикасында жеке сектордың басым орын алуына, қол жеткізу және оны күшейту болды.

     Әрбір көрсетілген сектор бойынша жекешелендірудің арнайы бағдарламасы бектілді, оларды іске асыру нәтижесінде 2615 акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттері немесе олардың жалпы санының 51,8%-ы және 2905 әлеуметтік сала объектілері, 6262 шағын бизнес объектілері, олардың ішінде 797 дәріхана, 993 май құю станциясы жекешелендірілді. Бұдан басқа 9226 автокөлік жекешелендірілді.

     Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған 4-ші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салық министрліктер мен ведомстваларға берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді: салық министрліктер мен ведомствалардың           өкілдері – Директорлар кеңестерінің құрамына енгізіліп, акционерлер жиналыстарын өткізуге, индикативтік жоспарларды бекітуге қатысатын болды.

Үкімет  сондай-ақ, “Көгілдір фишкалар” бағдарламасы ретінде мемлекеттің үлестік қатысуы бар 10 ірі кәсіпорынды анықтады. Олардың қатарына мынадай акционерлік қоғамдар кіреді: “Маңғыстаумұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі”, “Қазақстан алюминий”, “Қазхром”, ұлтаралық компаниясы, “Қазақстан халық жинақ банкі”,  “Қазақтелеком”,  “Қазақмыс”. 1999 жылы “Қазақстан халық жинақ банкі”,  акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бөлігі (16,7%), ал 2000 жылдың соңында "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қoғамы акцияларынын мемлекеттік пакеті жекешелендірілді.

     Осы бағдарламаның негізгі айырмашылығы – меншіктің республикалық және коммуналдық меншікке бөлінуі, бұл мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатын көздеді. 1999 жылы 953 акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі cepiктестіктің мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестері коммуналдық меншікке беріледі. Коммуналдық меншік объектілеріне жекешелендіру шешімі мен icкe асыру құқығы, яғни түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігі бар облыстар және Алматы мен Астана қалаларының әкімдерiне беріледі.

     Мемлекет  көп жылдар бойы әрбір мемлекеттік кәсіпорын қызметінің міндеттерін, олардың ел экономикасындағы ролін анықтамай келді. Бірінші қатарда мына мәселе шешілуі тиіс: қай мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік меншікке қалдыру қажет, ал қайсысын басқа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта ұйымдастыру қажет? Қайсысын акционерлеу керек және қайсысын тарату керек? Қазір мемлекетте 500-ден астам республикалық (еншілестерді қоспағанда) және 5000-нан астам коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бар, осылардың жартысы – залалды, осындай ауыртпалықты көтеріп жүру мүмкін емес. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік, қорғаныс сияқты айрықша немесе бірігей қызмет атқаратын кәсіпорындарды бөліп атап көрсеткен жөн. Қалғандарын кешіктірмей акционерлеу қажет. Бірақ, бұл жұмыс беталды емес, жекешелендірудің қолайлы тәсілі мен сәтін таңдай отырып icтелуі тиіс.

     Жекешелендірудің қорытындысы туралы біpep сөз. Он жыл ішінде сатылған көлікті ескермесек, 22 мың нысан жекешелендірілді. Осымен бірге мемлекет меншігінде 1182 акционерлік қоғамнын жарғылық капиталындағы мемлекеттің ұлесі бойынша төмендегідей үлестірілген акцияларының мемлекеттік пакеттері бар:

     225 акционерлік қоғамның жарғылық капиталының 100%-ы;

     292 АҚ жар-қ кап-ң 50%-нан астамы;

     186 АҚ жар-қ, кап-ң 25%-нан 50%-на дейін;

     187 АҚ жар-қ, кап-ң 25%-нан кем;

     292 АҚ – таратылу сатысында.

     Республикалық және жергілікті бюджеттерге жекешелендіруден және мемлекеттік меншікті пайдаланудан түскен қаражаттың құрылымы мен серпіні мынадай: 1995-2000 жылдар аралығында жекешелендіруден түскен қаражат – 216525 млн. теңге, мемлекеттік мүлікті жалдаудан – 3000,7 млн.тг., дивиденттер ретінде – 5408,1 млн. тг. болды.

     Жекешелендіру нәтижесінде өндірістің қалыптасуына және дамуына мүдделі меншік иелері, қожайындар тобы пайда болды. Ел экономикасына сонша қажетті инвестициялар тартылуда. Кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Сөйтіп, мұның бәрі республика экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасады. Жалпы ішкі өнімде жеке меншік секторының үлесі: өнеркәсіпте – 70-75%, ауыл шаруашылығында – 95%, құрылыста – 95% болып отыр. Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады. Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру негізінде жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:

     - көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлеу мен шаруашылық құрлымының шамалы рынокты жолмен тездетіп қалыптасуы, мемлекеттік меншік объектісін кіші және көпшілік жекешелендіру жүргізу;

     - тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы.

     - бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясы заңдандырумен қамтамасыз ету;

     - шағын және орта бизнестің дамуы;

     - ipi және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару;

     - шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шарушылық құрлымның қалыптасуы;

     - бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрлым жүйесінің күшеюі және дамуы.

     Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды анықтайды.

     Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты. Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.

     Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:

     - мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;

     - жекешелендіруге тыйым салынған объектілер. Қазақстан Республикасының меншігінен шығарылып тастаған, жекешелендіруге жатпайтын объектілер;

     - жер, су, әуе кеңестігі, жануар және есімдік әлемі, табиғи ресурстары, т.б.

     Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешеленген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр топтарының айрықшаландыруы мен байланысты іске асырылады.

     Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:

     - объектінің халық шаруашылық мағынасы;.

     - салаға қатыстылығы;

     - қызметкерлер саны.

     Кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыс істеушілер санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:

     -    жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;

     - жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейін орта кәсіпорындар;

     -  жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ipi кәсіпорындар. Жекешелендіру объектісі жыл сайынғы тізім жасалған кезде жекешелендіру салалардың, аймақтардың және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның кіші, орта және іpі топтарына жатқызылатыны анықталуы мүмкін.

     Осы таптарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендірудің процестерін нақты бағытталуының ашылуын қарастырады.

     Ол  бағыттар келесідей:

     - жеке жобалар бойынша ipi және бірегей мүлікті кешендерді жекешелендіру;

     - орта кәсіпорындардардың бірақ жекешелендірілуі;

     - кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.

     Жекешелендірудің жеке жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы базалық кәсіпорындардың оңтайлы ұйымдық құрлымын жасауға мүмкіндік береді және олардың басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобаны дайындау кезеңдерінен басталады.

     Жеке  жобаларға ерекше әлеуметтік өнім немесе қызмет түрі бар және мемлекеттің табиғи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:

     -  icтің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола алатындығы, сонымен біргe оның өмірлік кешен құнының бағалануы;

     - ұйымдастыру – құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі.

     Жеке жобалардың өту келесі әдістермен орындалады:

     - қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;

     - аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

     - баскаруды келісім-шарт жасау;

     - акциялардың ашық сатылуы.

     Басқаруға келісім-шарт заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық беретін тәсіл болып табылады. Берілген әдіс объектінің жекешелендірілген кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.

     Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі құқығының орындалуына мүмкіндік жасайды, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге тәжірибе алуға руқсат етеді.

     Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына таңдау еркіндік, бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын қамтамасыз етеді.

     Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиімді бөлуге мүмкіндік қалыптастырды.

     Көпшілік жекешелендірудi басқару мақсатты шаралар көмегімен қалыптасады:

     - Республика тұрғындарына инвестициялық купондарды бөліп беру;

     - комерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық жекешелендірілген қормен жүйелі мекемелер.

     Кіші жекешелендірілу тұтыну нарығын тауар жеке қызметпен қамтамасыз ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына нақты тұғырын қалыптастырады. Ол жекешелендіруге жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200 адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.

     Осы бағыт айналасында жекешелендірілген объектілердің негізгісі көтерме жеке бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өpіcі болып табылады.

     Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:

     Бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және оладың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет.

     Екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау.

     Үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.

     Бұл процесс ашық сипатта болу керек. Ал меншік ең жоғарғы бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.

     Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама сатып алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелендірілген тұрғын үй купондардың 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төлемін қарастырады. Қазақстанда жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында жекешелендірудің келесі процестері іске асырылды.

     Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны, объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген. Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғалар және шетелдік заңды тұлғаларға арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.

     Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:

Информация о работе Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері