Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.

Оглавление

Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5

Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11

Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13

II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 438.00 Кб (Скачать)

     Кез келген экономикалық ұғымдар жүйесіндегі қайшылықтар себеп-салдарлы байланыста өзара тәуелді дамитын құбылыстарді көрсетеді. Меншік формаларының арасындағы қайшылықтар нақтылы өмірде олардың тиімділігін дәрежесімен анықталады, ал олардың өміршеңдігі критерийі (өлшем бірлігі) нарық, заңдылықтары шаруашылық түрлерінің тиімділігін, олардың әлеуметтік-экономикалық жіктелуін объективті құбылысқа айналдырады.

     Құбылыстың сыртқы көріну формасы мен ішкі мәні сәкес келмейді. Мәселен, өндipic құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген патриархальды (натуралды) шаруашылық пен жәй тауар өндірісін салыстыру елеулі айырмашылықтарды көрсетеді. Оқшауланған дербес өнім өндірушілер өз қажеттерін өздері өтейді, жеке меншігі тек өзіне қызмет етеді. Ал, жай тауар өндіpici базар айырбас арқылы өзгелердің қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық мәнге ие болады. Қоғам тарапынан тікелей әдістерімен жеке меншік институтына қол сұғуға шектелген, керісінше, жанама әдістер құралдар мен тетіктер кең пайдаланылады. 

1.3. Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері

мен формаларына сипаттама 
 

     Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын         болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.

     “Меншік” ұғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономиялық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіpic құрал-жабдықтар мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.          Меншік – қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы – қондырманың элементі болып саналғанымен, қоғамның белгілі-бір даму кезеңінде санатқа (базис) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

     Оған бірден-бip дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты, экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

     Меншікті заңдылық-құқықтық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік – заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды құқықтық нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр нормаларын қабылдау, жәй әділеттік ережелері т.б. арқылы да көрсетеді.

     Қоғамда меншікті 2 түрге бөліп қарастырады: жеке меншік және қоғамдық меншік. Осы 2 меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К.Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне К.Маркс еңбектерінде қатаң үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, “К.Маркс "Капиталында” бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлерін айтқанын ескерген абзал.

     Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К.Маркс прогрессивті құрылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) – тауарлы, рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. “Адамның жеке дара оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жерде дара оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны ыдыратады”. Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі сипаты туралы айта келе К.Маркс, бұл қоғамда “...қоғамның, не жеке бастың еркін және толық мағынада дамуы мүмкін емес” деп жазды.

     Сонымен, жеке меншік – адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайлық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады.

     Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық, немесе қауымдастық түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге жеке адам меншік иесі болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына берілді.

     Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.

     Tіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектің және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекттік меншік түрі көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында 88,6%-і құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі – 5%-дан 30%-ғ дейін ауытқыды.

     Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрлымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

     Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуын алып келеді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.

     Осыдан  мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.

     Жеке  меншіктің дамуы XIX-ғ-ң 2-ші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-ғ-ң 2-ш1 жартысынан жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кез келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.

     Жеке  меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдемақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.) есебінен жасалады.

     Жеке  меншіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіpіc тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік – бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлығының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндірy экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.

     Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай-ақ өзінің мағынасы да өзгереді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік, кооперативтік түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

     Рынокқа өткенге дейін ҚР-да кооперативтік меншік-колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжыммен көрсетеді. Қазіргі жағдайда ол – акционерлік меншік, біріккен, аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылады.

     Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуде бірге өндіру мақсаты азаматтардың өз еркі. Кооперативтер – Англияда XIX-ғ-ң басында пайда болып, кейінрек мұндай ұжымдар көптеген батыс Eypoпa елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Тек 100 жылдан соң әлемнің 12 елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің 60%-ы келді.

     Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халыкаралық байланыста болады.

     Меншіктің бір түрінен басқасына өтуi эволюциялық жол мен бәсекелестік күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-дың негізінде асады (мысалы, Х1Х-ғ-ғы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе одақта болғаін мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен қалыптасуын айтамыз.

     Муниципиалды  меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. “Муниципиал” – латынның "municipialis" немесе немістің "munizipalitet" сөздерінен шыққан, “қаланы басқару” деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның “municipium” сөзі “қаланы өзін-өзі” басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципиалды меншікке өкімет ұйымдары, мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. ҚР-да осындай мүліктер – коммуналды меншік деп аталады.

     Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқa түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара ic-әрекет экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді. 

     Қазіргі уақытта ҚР-да төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:

Меншіктің экономикалық түрлері 

Жеке Ұжымдық Мемлекеттік
Еңбектік  Еңбектік емес Жеке топтық Республика  меншігі  Обл. ауд. Муни. меншік
Еңбек табысы есебінен Мұрагерге қал-дырылған мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие мекемелеріне сал-ған қаржылар; акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан табыс а) Жалгерлік меншік

ә) Ұж. Кәс/рын  м/гі

б) Кооперативтік  м/к

в) Акционерлік  м/к меншік:

а) қоғ/қ  ұйым/ң м/гі

ә) діни ұйым/ң м/гі меншік:

а) шарқ қоғамы м/і (серіктестік)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар) меншік:

а) шетел мем/ң м/гі (концессия)

ә) біріккен меншік (шетел мем/ті кәсіпорын)

 Рес/қ меншік: 

 сулар,  өсімдіктер 

 әлемі,  жануарлар  

 әлемі,  әуе кеңестігі

Коммуналдық меншік (тұрғын үй ком/қ шаруа/ғы, мәдениет ж/е денсаулық сақтау, халыққа  білім беру, жергілікті бюджет қорлары)
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

 

2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері 

     Қазақстанда шағын жекешелендіру аяқталған болатын. Бұл бағдарлама бойынша көптеген объектілер жекешелендірілген еді. Қазіргі кезеңде жекешелендіру процесінің тиімділігін арттыру үшін Қаржы министірлігі меншіктің бірыңғай мемлекеттік реестірін құрды. Қай мемлекет болсын, қай меншік иеci болсын өзінің қарамағында не байлықтың бары білгісі келетіндей заңды құбылыс. Әрине, мемлекет байлығын әр түрлі. Заңды тұлғалар түріндей меншіктен басқа жер, оның қойнауы, су, табиғи ресурстар, жануарлар, есімдіктер әлемі және тағы басқалар. Бара-бара жер реестірін, республикамыздың табиғи байлығы реестірін құру көзделуде. Бұл әрине, көп жұмысты қажет етеді. Бірақ онсыз еліміздің барлық нақты активтері туралы толық мағлұматқа ие болу мумкін емес. Бүгінгі күні реестірде 23000-дай заңды тұлғалар тіркелген. Бұл тізім күн сайын толығуда. Таяуда реестірге заңды тұлғалардың жылжымайтын мүліктері, көліктері туралы да мағлұматтарды кіргізу туралы шешім қабылданды.

     1998 жылы ҚР қаржы министірлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы өз жұмыстарын жалғастырды. Мемлекеттік меншік объектілерін сату негізінен аукциондарда, тендерлерде, Қазақстан қор биржасында жүргізілді. Мысалы: “Алматы ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның жарғылық қорынын 31,9% болып табылатын мемлекеттік пакет акциялары 105,3 млн теңгеге, “Тұран Әлем Банкі” ЖАҚ-ы 72млн АҚШ долларына, “Промикатор” АҚ-ның 90% мемлкеттік пакеті 2 млн теңгеге, “Гербициттер” АҚ-ның 90% мемлекеттік пакеті 47 млн теңгеге, “Геотекс” АҚ-ның 90% мемлекеттік пакетің 2 млн АҚШ долларына сатылды. Сонымен қатар төмендегі кәсіпорынның мүліктері мен мүлік кешендерін өткізу бойынша тендерлер өткізілді: Шикісай тау-кен байыту комбинаты мен Көктау руднигінің мүлік кешендері (сатылу бағасы – 50 млн теңге), Жомарт Үшқатын станциялары темір жол учаскесінің мүлік кешендері (сату бағасы – 16,9 млн теңге) "Қазфосфор" АҚ-ы мүлігінің бір бөлігі 11030000 АҚШ доллары. Кейбір кәсіпорындар жеке жобалар бойынша сатылды.Соның ішінде 31% мемлекеттік пакет акциялары үшін 180 млн теңгеге сатылған (39% мелекет акциялары) “Техеспастка” АҚ-ы бар. Осы 1998 жылы жеке жобалар бойынша жекешелендіруден республика бюджетіне 5247152 мың теңге түсіп, сатылған 503 AҚ мен ЖЖС-терден түскен сапа 646194 мың теңге болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері