Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.

Оглавление

Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5

Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11

Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13

II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 438.00 Кб (Скачать)
ify">     - сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.

     Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетел заңды тұлғасы бола алады.

     Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық, бәсекелестік, құқыктық ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіру жүргізудің заңды лауазымды тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.

     Жекешелендірудің объектілері болып мелекеттік мүліктің келесі түрлері табылады:

     - өндірсті және өндірісті емес бөлімшелер және кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі құрлымдық бірлігі, олардың жекешелендіру тұйық технологиясының циклы;

  - кәсіпорынның мүлкі, кәсіпорынның құрамына жекешелендіруге жататын, оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді;

     - шаруашылық серіктестіктерді жарғылық қордың акциялары мен үлестері.

     Жекешелендіру – саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде іске асырылады.

     Республикада  жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның құрлымының өзгерту мақсатында арнайы бағдарлама құрылды.  

2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа

және жерге жеке меншік 

     2002 жылдың cәyіp айында Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жеке меншік құқығын енгізу мәселесі әңгіме болып, бұл туралы Елбасы да өзінің оң пікірін білдірген еді. Соған байланысты арнайы жұмысшы тобы да құрылған болатын. Ақпан айының басында “Жер туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы баспасөз бетінде жарияланып, халық талқылауына ұсынылды.

     Ақпанның 15-інде Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетте өткен баспасөз маслихатында жерге жеке меншік енгізу мәселесі егжей-тегжейлігі әңгіме болып, жиналғандардың сұрақтарына жан-жақты жауап бepiлді.

     Жер реформасы дегеніміз шынайы жер иесін қалыптастыру, шаруа адамының таңдауына еркіндік беру, ауылдық жердегі өнім өндірушіні қолдау, сөйтіп жерді толық нарыққа енгізу, – деді аталмыш комитетінің төрағасы Бақыт Оспанов.

     Жеке  меншік құқығына кімдердің ие бола алатындығы заң жобасының тиісті бабында анықталған. Ол бойынша республикамызда туып, тұратындар және елге қайтқан оралмандар, олардың ұрпақтары жерді жеке меншікке ала алады. Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген 2,3 млн. адамға шартты жер үлесін пайдалану құқығы туралы куәлік берілген. Енді соларды жеке меншік иелігіне айналдыру мәселесін шешу үшін заңда түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

     Елбасы  Қазақстан халқына Жолдауында “ауыл экономикасына мемлекеттік қолдаудың өсе түскен көлемінің де, жерге жеке меншік құқығын енгізудің де – тегінде, осының бәрінің де, еліміздің экономикасындағы аграрлық сектордың үлесін ұлғайту, тиісінше ауылдағы әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жасалып отырғанын” атап көрсетті. Бұл біздің қоғам үшін аса маңызды қағида дер едік. Ceбeбi, ауылды көтерудің негізгі факторы – агро-өнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық дамуы, оның экономикасын тез қарқынмен қазіргі нарықтық, жағдай негізінде көтеру болып табылады. Ол үшін Қазақстанда нарықтық экономика мемлекетін құру жер қатынастарын жаңартуды талап ететінін де жете түсінген жөн. Жер реформасы әрине, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ, құнарлығын арттыру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту, жылжымайтын мүлік пен жер рыногын жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың болуын көздейді.

     Шаруашылық жүргізудің барлық нысандары жерле меншік түрі сияқты әр түрлі болуы қажет. Мұны әлемдік тәжірибе және өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жер рыногы өмірдің сұранысы екенін де білyiмiз керек. Ал оған шек қою тығырыққа апарады, яғни пайдадан гөрі зиянға батырады. Дамыған өркениетті елдерде жерді сатып алу мен сатуға тыйым салу бұрыннан жойылған. Жерді кім қандай мақсатпен сатып ала алады?. Ол – сол жерде өздігінен жұмыс істей алатын адам. Мемлекет заң негізінде жерді сатып алу мен сатуды, жердің тиімді пайдалануын қатаң түрде қадағалап отыруы қажет.

     Еліміздің Парламенті бірінші оқылымда қабылдаған Жер кодексі жер қатынастарын реттейтін маңызды нормативтік құқықтық акті болып табылады. Жер кодексінің негізгі мақсаты экономикадағы аграрлык секторды өркендету, ауыл мен селоны жаңарту, жерге меншік құқығы мен шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту болып табылады. Біздің ойымызша, жаңа заңнама жерді тиімді пайдалану мен қорғаудың саяси, экономикалық құқықтық және әлеуметтік негізін құрайды. Жер кодексінің қабылдануы экономикада нарықтық қатынастарды жаңа сатыға көтерді.

     Ауыл  шаруашылық жерлерін жеке меншікке беру ісіне аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерлерін нарықтық айналымға жіберуді қамтамасыз ету өте маңызды. Жерді сату кезінде түсетін қаржы республикалық бюджет, ұлттық қорды толтырудың қайнар көзі болып табылады.

     Ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 90,9 млн.ға немесе барлық жерлердің 33,4 пайызын құрайды. Олардың ішіндегі жайлым            65 пайыз, жыртылған жер 22,3 пайыз, басқа да алқаптар 12,5 пайызын алып жатыр. Оның ішінде Жамбыл облысы бойынша жүргізіліп жатқан жер реформасының нәтижелеріне сәйкес аграрлық секторларға экономикалық өзгерістер енгізілуде. Қазіргі кезде 9803 агроұжымның 9553-i шаруа қожалықтары. 154-i жеке меншік серіктестіктері, 80-i өндірістік кооперативтер, 14-i – акционерлік қоғамдар және 2-і мемлекеттік өндірістер.  Барлық өркениетті елдерде жерді жеке меншікке беру арқылы жерді үнемді және тиімдi пайдалануға, мемлекеттік қайшылықтарды болдырмауға тырысады. Шаруа қожалықтары мен фермерлерге еркіндік, таңдау құқын бере отырып, жерді адамдардың өмірі мен қызметінің негізі ретінде және табиғи байлық ретінде келешек ұрпаққа жеткізуді көздейді.

     Жерге меншік құқығының әрқилы түрінің дамыған орталығы Батыс Еуропа елдеpi екендігі көпке мәлім. Аталған мемлекеттерде меншік қықығының түрлері жер ресурстарына үнемді ұқыптылық негізде қолданылып, экономиканың дамуына жақсы жағдайлар туғызған. Жер қатынастарын құқықпен реттеу саласында үлкен жеңістіктерге жеткен мемлекеттердің де нарық экономикасына тез өтyi мен жылжымайтын мүлік, жер рыногын жасауда табысқа жетyi ешкімдi де таңғалдырмайды. Өйткені, жер ресурстарын неғұрлым тиімді пайдаланған мемлекеттер дамыған, өркениетті мемлекеттер қатарына жатады.

     Жер кодексі көп салалы экономикамыздың құқықтық негізін құрудың жалғасы болып табылады. Бұл заң жер қатынастарын реттеуге заңдылықтардың күшеюіне, жылжымайтын мүлік рыногының пайда болуы мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың жер құқықтарын сақтауға, әp түрлі шаруашылықтардың жандануына және соларға бірдей жағдай жасауға бағытталған.

     Әрине, аграрлық реформалардың ic-шараларын жүзеге асырғанда, Қазақстанның өзіне тән ұлттық сипаты мен қалыптасқан дәстүpi бар екендігін ұмытпауымыз қажет.

     Жерге жеке меншік құқығын беру, оны сату және сатып алу мәселесін шешкенде, біз ең алдымен жер саясатының негізгі мақсаты – жерді, ауыл шаруалшылыгының негізгі экономикалық жадығаты ретінде, тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуіміз керек. Орыстың ұлы ғалымы К.А.Тимирязев былай деген екен: “Жерді иелену тек қана азаматтардың жеке құқығы ғана емес, сонымен біpгe келешек ұрпақ алдындағы міндеті мен үлкен жауапкершілігі”.

     Жер, ең алдымен, сол жерде еңбек етіп жүрген шаруаларға, фермерлерге және тауарлы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кооперативтер мен серіктестіктерге берілуі тиіс. “Жерде кім еңбек етсе, оны кім өңдесе — соған” деген басты қағиданы қолдана отырып, жерді бөлуді жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін пайдалануға берілетін жерлердің өлшеулі көлемін анықтап алған жөн сияқты.

     Жерді сатудағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі Жер кодексінің жобасында нақты анықталған. Міндетті түрде ақының төленуі түрлі жеңілдіктер және тегін беру мүмкіндіктері тиісті органдар тарапынан қадағаланып отыруы тиіс.

     Жер кодексі қабылданғаннан кейін міндетті түрде аграрлық, экологиялық, қаржылық және салықтық заңдарға да, өзара байланысты болған нормаларға да өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек. Өйткені, Жер кодексіндегі жаңа нормалардың қабылдануына байланысты аталған заңдарда аз-кем кереғарлық пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің толық бағдарламасы қажет (кезеңдері аймақтық ерекшеліктері, жекешелендіру үдермесі, субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, жерді берудің жариялылығы, жерді иемденудің түрін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету, бақылаудың қоғамдық институттарын іске араластыру және т.б.).

     Жер кодексі көздеген ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді нарықтық айналымға жіберу, экономикамыздағы аграрлық секторды дамыту, түптеп келгенде, еліміздің азық-түлік мәселесін шешуге және ауыл шаруашылығын өркендетуге бағытталған.

     Жер кодексінде көрсетілгендей, “Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу және ағаш өcipy үшін беріледі”. Аталған құқықтар тек ақы төлеу негізінде беріледі. Мемлекет жерді сату арқылы өз бюджетіне қомақты пайда түсіреді, шаруаларға жерді иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Жердің меншік иесі өзінің жер төлемдерімен заңда тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасауға, атап айтқанда, уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретіндe өткізуге, кепілдікке беруге, сыйлауға және мұра етіп қалдыруға құқылы.

     Қорыта айтқанда, Парламент бірінші оқылымда қабылдаған Жер кодексі экономиканың дамуына жақсы жағдай туғызатын, елімізге керек аса маңызды заң болып табылады.  
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Ал, енді осы курстық жұмыста тоқталған мәселелерге жалпы тоқталып, қорытындылау жасап өтсек. Менің тақырыбымның өзекті мәселесі ретінде өтпелі дәуірдегі меншік қатынастары болған соң, қорытындыны өтпелі кезеңнен бастағанды жөн көрдім.

     Өтпелі  дәуірдің ғаламдық стратегиясы – қоғамдық дамудың әлемдік заңдылықтары негізінде даму тенденцияларын айқындаумен негізделеді.

     Бұл тенденцияның мазмұны экономикалық теорияда жаңа парадигманы іздеуге тіреледі. Осы тұрғыдан посткеңестік өтпелі дәуірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиясы – тоталитарлық жүйеден посттоталитарлық демократиялық қоғамға, ал одан, демократиялық-индустриалдық типтегі қоғамнан постиндустриалдық қоғамға өту болып табылады.

     Өтпелі кезең стратегиясын жеке меншікке өту деп бағалау, орны толмас шығындар алып келеді. Ceбебі, рынок – негізгі мақсат емес, оған жету құралы, өздігінен үздіксіз дамып отырады. “Таза” жеке меншікке негізделген капитализм және рынок ХІХ ғ. басында ғана болды. Ал, дамыған елдер корпорациялық, трансұлттық меншікке негізделген рынокты бастан кешіріп отыр.

     Өтпелі кезеңге тән бастапқы жағдай – тоталитарлық экономиканың жоспарлы даму сипаты мен мемлекеттік реттеудің ерекше көрінісі болды. Қоғамдық өмірдің бар саласындағы кең жайылған тоталитаризм дерті, салдарлары “батпандап кіpiп, мысқылдап шығатын” құбылыс. Бұл үшін саяси-құқықтық жүйеде, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени ағарту салаларында кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру қажет болады.

     Біріншіден, экономикалық кіріптарлықтан еңбек адамдарын құтқару мәселесі, екіншіден, экономикалық емес мәжбүр етуші күштерді жою мәселесі – мемлекеттендірілген экономикалық құрылыстың өтпелі кезеңде түбірінен өзгеруін күн тәртібіне қояды. Негізгі бағыт - аралас экономика жүйесін қалыптастыру. Мұның астарында формальды түрде бірлескен меншік иесі (ассоциаланған) болып есептеліп келген еңбек иелерінің үлесін заңдастырылған құқықтық құжаттармен негіздеу.

     Осы тұрғыдан, акционерлік, ұжымдық меншік және шаруашылық cepiктестіктерін іс жүзінде заңдастыру, мемлекеттік қорғау қажеттілігі – аралас экономика заңдылығы.

     Өтпелі  дәуірдің мазмұнын жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту деп бағалау жиі кездеседі. Жоспарлау, басқару меншіктің функциясы, туынды қатынас ретінде ic-әрекеттің тетігін көрсетеді.

     Жалпы өтпелі кезең заңдылықтарының жүйесі өте күрделі құбылыс екені даусыз. Ал, осы құбылыста экономикалық жүйенің түбегейлі өзгерістерін, жаңаруын ғылыми негіздеуде шешуші роль атқаратын мемлекеттік меншікті түбірінен қайта құру заңдылықтарын айқындау маңызды мәселе.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері