Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:45, курсовая работа
Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.
Кiрiспе …………………………………………………………….................... 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері ..................................................................................... 5
Меншік мәні және элементтері ............................................................. 5
Меншік қатынастарының даму заңдылықтары .................................. 11
Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама ......................................................................................................... 13
II. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері .......................................................................... 17
2.1. Экономикадағы күрделі жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері ..................................................................................................... 27
2.2. Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері ............................................................................... 20
2.3. Қазақстан Республикасындағы реформа және жерге жеке меншік .............................................................................................................. 27
ІІI. Қорытынды ……………………………………......................................... 30
Қолданылған әдебиеттер ............................................................................. 32
Қажеттіліктер мен мүдделер – әлеуметтік қауымдастық түрлеріне сәйкес меншіктің (полритэкономиялық тұрғыдан) жанды тұлғаларын қалыптастырады: жеке адам, отбасы, қауым, ру, тайпа, ұлыс, ұлт, халық. Бұл тұлғалардың даму тарихы – меншіктің ішкі құпиясы ретінде тарихы, этнографиясы т.б. ғылымдар шұғылданатын зерттеу нысаны.
Экономикалық теория үшін маңызды - қажеттіліктер мен мүдделердің себеп-салдарлы, өзара тәуелді байланысын жалпы сипаттау.
Екіншіден, меншік тұлғаларының өзара біріккен қажеттіліктері мен мүдделері жүйесінің даму заңдылықтарын белгілеу ғана.
Қауымнан жеке отбасыларының дербес шаруашылық жүргізуге бөлінуі, яғни өндіргіш күштер дамуының белгілі кезеңдерінде сәйкес жеке меншік институтының қалыптасуы әлеуметтік қауымдастық даму заңдылықтармен қатар жүреді.
Жалпы философиялық негізде талдау – адам қажеттіліктерінің табиғи (материалдық) негіздерімен бірге, оның әлеуметтік, рухани қажеттіліктерінің де үздіксіз дамуын көрсетеді. Осы тұрғыдан, қажеттілік дегеніміз – адам болмысындағы табиғат пен әлеуметтік факторлардың сезімдегі тіршілік етуге бағытталған түсінікті ғана бейнелейді. Бұл түсінікті түйсіктен (инстинкт) ерекшеленуі – ойлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты көп сатылы деңгейде қалыптасады, сезімдік үлгі, мүдделер сипатында бекиді, қажеттіліктер мен мүдделер ұғымдарын жіктеу де ойлаудың абстракциялы жүйесінде ғана айқын көрінедi.
Қажеттіліктердің жіктелуі жеке санада ғана жүзеге асады. Ал, мүдделердің жіктелуі өндipic жағдайлары мен қоршаған ортаның әсерімен әлеуметтік қауымдастықтардың әртүрлі деңгейлерінде ұлттық санада берік орнаған, құқықтық формалар арқылы айқындалады. Мәселен, өзіндік меншік, жеке меншік, қауымдық не ру-тайпалық меншік, ұлттық немесе қоғамдық меншік ұғымдары мүдделердің жіктелу туындысы ретінде тарихи-құқықтық формада бекиді.
Меншік нысандарының даму ерекшеліктеріне қатысты меншік құбылысы күрделенеді, әлеуметтік тегеурінді күшке айналады.
Иемдену құбылысын материалдық және адамдық факторлардың диалектикалық тәуелді байланысында зерттеп-талдау ғылыми нәтижелердің сындарлы сипатына әсерін тигізеді. Барлық қоғамдарға тән абсолютті ақиқат болуы тиіс емес, олардың ерекшелігі, өзіндік мазмұны қалыптасады. Екіншіден, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес меншік объектілерінің өндіріске тартылу сипаты, мән-мазмұны жаңа әлеуметтік формаларды талап етеді. Мәселен, адамның еңбекке қабілеті еңбек құралдары дамуымен тығыз байланысты және тәуелді қатынаста дамып отырады. Осы тұрғыдан, жұмыс күшін немесе еңбек қабілетін иемдену дегеніміз – жер және еңбек нәтижесі – өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің ерекше қырын ғана көрсетеді.
Объекті - нысандары иемдену ерекшеліктеріне байланысты талдауды жалғастырсақ.
Аса маңызды нысан - жерді иемдену құбылысы, негізінен, 2 сипатта көрінеді. Жер-ана ұғымы оның адамзат ұрпақтарының біріне opтақтығын көрсетеді. Тек дамыған қоғамда ғана жерді мемлекеттік шекаралармен бөлу санада бекиді.
Екіншіден, жер өндірістің жалпы негіздері ретінде табиғи байлықтардың қазбалары, жайылымдық және eгістік, орман-тоғай, су ресурстары түрінде өндіpic құрал-жабдықтары қызметін атқарады. Әлеуметтік қатынастардың нәтижесінде меншік нысаны ретінде жерге бұл қатынас әр түрлі дәрежеде жүзеге асады. Оған әсер ететін жағдай ретінде меншік титулын, еңбек құралдарының бар-жоқтығын, нақтылы еңбек қабілетінің қалыптасу деңгейлерін айтсақ жеткілікті.
Адам еңбегі нәтижесінде жасалған өндipic құрал-жабдықтарына меншік нысаны ретінде иемдену процесі бұрыннан бар, қордаланған байлықты иемденудің құқықтық формаларынан туындайды. Бастамасы белгісіз, соңы көрінбейтін үздіксіз өндіpic процесінің нәтижесі ретінде әлеуметтік негізделеді. Адамның өзін-өзі меңгеруі, табиғат заттарын игеруі, иеленуі еңбек процесі арқылы оның нәтижелерін де иемденуге жол ашады. Кез келген әлеуметтік құрылым осы негізде қоғам негізі – меншік қатынастарын нығайтады, құқықтық негізде қорғайды (жазба ескерткіштерден – Соломон жазбалары, Тәукенің “Жеті жарғысы”).
Осы меншік нысандары ішінде тарихи шешуші қызмет атқаратын – жерге меншік қатынастары. Мәселен, формациялық даму ілімінің атасы К.Маркс былай дейді: “Жерге меншік қатынастарынан өсіп шығатын өндipic құрал-жабдықтарына меншік жүйесі кез-келген экономикалық жүйенің базисін құрайды... Материалдық (рухани) игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында осы негізде адамдар олардың еркінен тыс өндірістік қатынастар жүйесіне енеді... Бұл қатынастар өзінің болмысын анықтайтын өндіргіш күштер дамуына әлеуметтік шек қояды...”
Меншік ұғымы белгілі жүйеде кең өpicтey, даму арқылы аса бай мазмұнды береді. Жалпы философиялық, политэкономиялық, заң-құқықтық және шаруашылық мүлік қатынастарының макро-микроэкономикалық деңгейлерде көрініс түрлерінің сан-салалы сандық және сапалық қасиеттері тарихи иемдену шарттарына байланысты. Меншік – жалпы ғылыми ұғым (категориясы) ретінде, оның кез келген тарихи түрлерінен ерекшелігі иемденудің әдіс-тәсіліне, сипатына және де ішкі элементтерінің сандық және саплық тәуелділігімен айқындалады. Потенциалды түрде алғанда “меншік” ұғымы өз бойында “құмыраға қамалған жынның” сиқырлы күшін жинақтап, мүдделер қозғалысы арқылы болжап білмейтін, есептелмеген заңдылықтарға алып келетін құбылыс ретінде сипатталады. Бұл құбылыстың жүйедегі орнын, атқаратын қызметін, жүзеге асу құралдарын айқындау үшін жалпы мүдделердің мақсат-мұратын, тәуелді байланыстарының қайшылықты бірлігін көрсету керек. Иемденудің қайшылықты болмысын мына үзіндіден анық бағалауға болады: “...Жеке адамдар әрқашан өз болмысынан шығады және шығып келеді. Олардың қатынасы нақтылы өздерінің өмір сүру процесінің қатынасы болып көрінеді. Ал олардың қатынасы өздерінің дербес тіршілігіне қарсы тұруы қайдан шығады? Олардың өздерінің өмір сүру күштері оларға үстемдік жүргізетін күштерге айналуы неліктен? Егер бip сөзбен жауап берсек: нақты сәттегі өндіргіш күштерінің дамуына тәуелді дәрежедегі еңбек бөлінісінен деп жауап беруге болады”.
Сол себепті, иемденудің 1-ші шарты болып өмір сүруді ұдайы өндірумен, қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты белгілі бір адамдар қауымдастығы шеңберінде жеке адам өміpi мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мүдделер келіп шығады.
Қандай да болмасын қатынас формасы (меншік-мүдде) сол форма кедергі болуы мүмкін өндірі|ш күштер қалыптасқанша тікелей материалдық өмірді өндірудің қажетті шарты ретінде қоғамдағы қажеттіліктер мен мүдделер дамуына жағдай жасауы тиіс.
Иемданудің 2-ші шарты – адамдардың тіршілік ету тәсілдерінен туындайтын материалдық өмірдің жағдайының өзі жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыру, тіршілік ету құралдарын өндірумен байланысты.
К.Маркс бейнелеуімен айтсақ, бұл – 1-ші тарихи акт (ic-әрекет), ал 2-шісі – “алғашқы қажеттілік, оны қанағаттандыру ic-әрекеті және де игерілген қанағаттандыру құралдар жаңа қажеттіліктерге бастайды”.
Осы 2 шарттан туындайтын иемденудің 3-ші шарты дамудың белгілі кезеңінде өскелең қажеттіліктерді қанағаттандыру табиғи еңбек бөлінісінен (қауым, отбасы) қоғамдық еңбек бөлінісіне көшуді анықтайды. Бұл еңбек пен оның нәтижесін бөлудегі теңсіздікті тудырып, иемденудің қарама-қарсы жағы, бөтенсу құбылысының мазмұнын айқындайды.
Енді, меншік жай қатынас емес, әлеуметтік жіктелуді көрсететін әлеуметтік-құқықтық қатынас. Осы тұрғыдан өте қызықты мысал, К.Маркстың айтуынша: “...Семьядағы құлдық – ... өте қарапайым және жасырын – 1-шi меншік болды. Меншік дегеніміз – бөтенңің жұмыс күшін билеу ұғымы бойынша адамдар қауымдастығындағы адамның өзінің болмысын билеудің ерекше көрінісі...”
Жұмыс күшіне “меншік” ұғымы қауымдық құрылыс өмірінен де айқын көрінеді “жеке адамдар өндіргіш күштердің бар жиынтығын иемденуді дербестікке жету үшін де жүзеге асырады”.
Меншіктің мәні, сонымен, өмip сүру үшін адамдар өмip cүpy жағдай-шарттарын иемдену-бөтенсу қатынастарына кіреді.
Өмір сүру негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар еңбек процесі мен нәтижесін пайдалануда әлеуметтік ерекшеліктерді нығайтып, иемденудің сандық-сапалық өлшемдерін дамытады. Бұл құбылыс енді иемдену мен бөтенсудің айырбас арқылы экономикалық қатынас ретінде аяқталмаған нәтиже мен жаңадан болатын иемденудің алғы шарты турінде біртұтас иемдену-бөтенсу құбылысының жіктелуін көрсетеді. Сан мен сапаны өлшеу ерекшеліктері иемденудің нақты көрініci – экономикалық қатынастар ұғымынан көрінеді.
Енді, иемдену қатынасының мән-мазмұны өзгереді, жануарлар дүниесінен айырмашылық – жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін, өнімді иелену, меңгеру, пайдалану мәндерінде бекидi. Ой енбегі мен дене енбегі айырмашылығы көріне бастайды. Жанды тұлғаның заттануы және керісінше объект-нысанның тұлғалануы санада бекиді.
Иемдену (меңгеру) адамның өз қасиеттерінен бастап, өндipic жағдайларын, нәтижесін, тіптен, әлеуметтік қатынастарды да қамтиды. Енді, экономикалық қатынастар заң-құқықтық негізде орнығады. Оның негізінде салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана, шек қою элементтерінің тарихи даму формасын көреміз. Заң-құқықтық форма экономикалық қатынастарды өзгертіп, түрлендіріп көрсететін сиқырлы айна (призма) ретінде өзіндік ерекшеліктерін алып келеді. Бұл бір жағынан, қауымдастық мемлекеттік негізде даму ерекшеліктерінен туындайды. Ал, екіншіден, еңбек (өндіріс) кооперациясына байланысты. Мәселен, қандай да болмасын еңбек процесін ұйымдастыру адамдарды ic-әрекеттің түр-түріне сәйкес қабілетімен жіктеп, белгілі қызметті атқаруға міндеттейді. Еңбекті ұйымдастыру, көп адамның еңбегін бip мақсатқа сәйкес жұмылдырып, басқару - меншік тұлғалар мен нысандарына ерекше сипат береді.
Меншік
экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесінде
көріне отырып, оның негізін, құрлысын
айқындайды. Осы арқылы әрқилы өндіріс
тәсілдеріне дамудың көзіне айналады.
Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне
байланысты, яғни табиғат заттарын иемдену
- адамдар үшін, адамдар арасындағы болатын
қатынасты, өз eңбeгі өнімдерiн иемденудің
алғышарттары ретінде сипаттайды. Меншік
иемдену еңбек мәнімен үндеседі. Бұдан
еңбек процесінің мән-мазмұны толықтырылуына
сәйкес меншік пен еңбектің ұқсастық (айырмашылық)
заңы шығады.
1.2.
Меншік қатынастарының
даму заңдылықтары
Ғылыми талдаудың ерекшелігі нәтижесінде меншік қатынастарының пайда болуы және қазіргі өміp сүру жағдайлары мен іс-қызмет ету шарттарын (жағдайларын) айқындау кез-келген қоғамдық құрылысқа қатысты нәрсе. Буржуазиялық жеке меншік немесе социалистік мемлекеттік меншік қатынастарының пайда болу, даму заңдарына сәйкес келуі тиіс. Бұл кез-келген реформаларды түрпайы (анайы) қорғаудан да анағұрлым күрделі міндет.
Еңбек пен капитал қайшылығы әсірелеп көрсету немесе олардың үйлесімділігін ғана бейнелеу нақтылы өмірдің қайшылықтарын ғылыми талдауға, әлеуметтік реттеуге бөгет жасайды. Мәселен, К.Маркс меншікті – “адамдардың қауымдастығы арқылы жүзеге асатын жеке адамдардың табиғи еңбек жағдайларына және өзіне тән (жағдайларды) ұдайы өндірудің объективті шарты” деп пайымдайды. Ғылыми ұғым күрделі қатынасты көрсете отырып өзіндік мәнге ие болды: меншік дегеніміз - қажеттіліктер мен мүдделер жүйесінің адамдардың өмip сүру жағдай-шарттарымен (өндіріс факторларымен) қайшылықты бірлігі.
Анықтама арқылы, енді меншікті мәнсіз ұғым емес, нақтылы элементтер жүйесі, зандылықтары айқындалуы мүмкін ғылыми ұғым ретінде танып білеміз. Сонымен қатар, анықтама арқылы меншіктің күрделі ұғымдар (категориялар) өндipгіш күштер және өндірістік қатынастармен байланысын жүйелеуге жол ашылды. Мәселен, базис, т.б. өндірістік қатынастар меншікпен байланысты айқындалады.
Екіншіден, адамның өзінің дамуы, болмысы өндіргіш күштер элементтері ретінде олардың еңбекке қабілетімен, еңбек кооперациясының өнімділік күші арқылы техника-технологиялық байланыстармен тығыз байланысты. Сол сияқты, адам болмысының дамуы – оның күрделенген қажеттіліктері мен мүдделері арқылы өндірістік қатынастардың барлық элементтеріне тікелей әсер етуші әлеуметтік формаға айналады. “Меншік” ұғымындағы негізгі 3 элементтің ғана өзара қайшылықтары мен заңдылықтарын айқындау қоғамдық дамудың генетикалық кілтін табумен бірдей.
Экономикалық әдебиеттерде иемденудің құқықтық негіздерінен бастау алатын, оның политэкономиялық мәнін терістейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, иелену, билеу, пайдалану құқықтарының экономикалық мәні жоқ, тек, құқықтық немесе мемлекеттік форма деген пікірі кең орын алған.
Сыртқы қайшылық көптеген әсер етуші күштердің әсерінен ішкі қайшылықтарды мүлдем басқа сипатта көрсетуі мүмкін. Мәселен, әлеуметтік жіктелу құбылысы кейбіреулер үшін жеке адам, ұлыстардың жалқаулығынан туындайтын сияқты болып көрінеді. Немесе өз тарихымызда болған “қоғамдық меншікке бейтараптық, бөтендік” деп қарау, қарадүрсін жалған ғылыми сипаттамаларда жеке меншіктің абсолютті прогрессивті мәні туралы пайымдауға жетелейді. Ал, ішкі қайшылықтар дамуы, сыртқы факторлар әcepi туралы жүйелі көзқарастар кітаптарда ғана қалды. Осындай “түсініксіз құбылыстардың” қатарында көлеңкелі экономиканың күшеюі мен мемлекеттік ақпараттың парақорлық адам болмысынан бар деп уәж айтады. ХХ ғасырдың (кейінгі 80-жылдардағы) тарихи эксперименттерге теориялық негіздерді алып қарасақ, көп жағдайларда ғалымдар мен саясаткерлер қоғам дамуындағы тepіc нәтижелері тек мүдделер қозғалысымен байланыстырады. Қазан революциясынан кейін меншікті тікелей мемлекеттендіру, коммуналау, ұжымшарлау т.б. құбылыстар, негізінен, жеке меншікті жойып, жоғары дамыған меншік түрлеріне күштеу арқылы өтуді теориялық жағынан “дәлелдейді”. Концепцияның діңі ретінде адамның жеке мүддесіне қарама-қайшылығын жою (шешу) пікірі әсіреледі.
Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы көріну формаларымен байланыстыру, советтік жүйедегі мемлекеттік меншікті жалпы халықтық, қоғамдық меншіктің ең жоғарғы прогрессивті түрі ретінде жеке меншікке, басқа меншік түрлеріне жасанды түрде қарсы қою идеологиялық сипат алып, меншік қатынастарының диалектикалық байланыстарын терістеуге алып келеді. Меншік диалектикасы, оның сыртқы түрлері қайшылығының қайнар көздері экономикалық құбылыстардың мәніне сәйкес ұғымның-атаудың ішкі қайшылықтарының мән-мазмұнымен анықталатынын көрсетеді.