Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 18:17, курсовая работа
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді ұйғарды.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.............................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау...............................................................................................................19
2.3Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ............22
3КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары..................................28
3.2Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі..........................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................39
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф = –––––
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы
біз моральдық тозудың
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст – Ф қалпына келтіру
U u 1 = –––––––––––––––––––––
Ф баст.
Мұнда:
Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны.
Екінші ретті моральді тозу:
N 2 – N 1
U u 2 = –––––––––––––
х 100%
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
Бірінші нысаны бойынша, негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.
Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.
Сапалық тозу – экономикалық
категория болып табылады. Табиғи
және физикалық тозу заңдылығын зеттеу
негізінде берілген еңбек құралдарының
экономикалық ескіру мерзімі анықталады.
Еңбек құралдары өз ретінде негізгі
қорлардың бекітілетін
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен сұрыптарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі қорлардың сапалық
тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды:
өндірісте және жабдықтарды жаңартудағы
жаңалықтар; технологиялық процестерді
жетілдіру – жаңа технологияны
қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар
Сапалық тозу ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.
Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].
Негізгі қорларды пайдалану
процесінде табиғи және моральдық жағынан
тозады. Олардың жекелеген бюджеттері
негізгі бөлшектер мен
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Сонымен бірге, негізгі қорлар уақытынан бұрын тозып кетпеу үшін оларды мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.
Күрделі жөндеуде негізгі қорлардың объектісін тұтастай алғандағыны салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.
Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі де бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектен барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстыратын немесе қалпына келтіріп агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:
Қ бқ - Қ ж
М А
= −−−−−−−−− х 100 %
Қ бқ х М қ
Мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,
М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдауы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортизациялық қор – негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық ресурсы ретінде есептеледі. Амортизациялық қор негізгі қорладың қарапайым жұмыс істеуіне арналған, ескі негізгі қорларды жаңа құралдармен ауыстыру, әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты амортизация негізгі қорлардың жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде қабылданады.
Жылдам техникалық прогрестің шарттарында әрдайым жаңа техникалардың жаңартулары болып жатады, жаңа және жоғары өндірістік механизмдер мен аппараттардың түрлері ескі техникаларды ауыстырып тұрады.
Негізгі құралдар, айтып өтелік, өндірістік үрдісте саны көп өндірістік циклдарға қатысып, ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, уақытысымен тозу процесіне ұшырап, табиғи нысанын сақтай отырып, бөліктермен өз құндылығын дайындалатын өнімге ауыстырады. Осындай негізгі қорлардың ерекшелігі оларды неғұрлым қажетті және пайдалануға тиімді етіп жасалынады.
Негізгі қорларды өндірістік
процесінде жұмыс істеуі мен қарапайым
кеңейтілуі гармониялық түрде бірігеді
және өзіндік ерекшелігі бар шартты
түрде сипаттамасы болады. Келесі
формулаларды пайдалана отырып, біз
негізгі қорлардың
Толық қалпына келтіру амортизациясы:
Ф баст. + Ф ж
Н қк
= ––––––––––––– х 100% = ––––––––––.
Т н х Ф баст. Ф баст.
мұнда,
Т н – НҚ-дың мөлшерлі қызмет жасау мерзімі.
Негізгі қорлардың тозуына қарай күрделі жөндеуге, модернизациялауға кететін амортизация мөлшерін осы формула арқылы есептеп таба аламыз.
Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі – амортизациялық қорды пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды шеше алады.
Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі қорларының ары қарай жүргізілуіне, жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті тұрақтандырып, қаржылық ресурстардың өсуіне жол беруі абзал. Тек сонда ғана кәсіпорындарды негізгі капиталы өсіп, жоғары тиімділікке апаруы мүмкін.
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.