Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 11:27, реферат

Краткое описание

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Файлы: 1 файл

ERSHAT.docx

— 28.50 Кб (Скачать)

Мемлекет — белгілі  бір аумаққа иелік етіп, сол  жердегі халықтың еркін дамуына  мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан  туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы  саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

 

Мемлекеттің белгілері

Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот  органдары, әскер, полиция жатады; мемлекеттің  тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);мемлекеттің  шекарасы анық белгіленген аумағы болады;мемлекеттің  әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік  мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді  ұстау үшін салық жинайды;мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен  қоғамды тәртіп орнатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекем құрылымы бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік  бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға  жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік  биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан  т.б. осы түрге жатады. Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

↑ 1,0 1,1 “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федерация - [ фр. federation - бірлестік, одақ , лат. federatіo – одақ, бірлестік] - мемлекеттік құрылым түрі. Федерация– заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің  біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерация Америка Құрама Штатта 1787 жылғы конституция бойынша  құрылды. Федерация құрамындағы  субъектілер федерац. жоғарғы одақтық  органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар, кантондар, провинциялар, республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси  дербестігі бар жекелеген мемлекеттік  құрылымдардан құралған күрделі  одақтық мемлекет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік  құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін  толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі  бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру  үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына  мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім Конфедерацияның  құрылуының құқықтық негізі болып табылады. Конфедерация қаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады. Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл  атқарады. Атап айтқанда, ажыратылған  ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы, Корея Республикасы мен КХДР); жаһандық интеграциялық процестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді халықаралық  құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мысалы, Еуропалық одақ негізіндегі  Еуропалық Конфедерация) тиімді рөл  атқарды немесе атқаруы мүмкін. Тарихта  Рейн Конфедерациясы (1254 – 1350 жылдары), Ганей лигасы (1367 – 1669), Швейцария (1291 – 1798 және 1816 – 1848), Нидерланд (1579 – 1795), АҚШ (1781 – 1789), Германия Конфедерациясы (1816 – 1848), Америка конфедерациялық  штаттары болды. Сондай-ақ, Конфедерация федеративтік мемлекеттің құрылуына  алғышарттар қалыптастырады. 1918 – 1922 ж., КСРО құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды  біріктірудің бастапқы кезеңінде Конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі  орын алды.

 Сонымен қатар “Конфедерация”  термині кейде одақ мағынасында  әр түрлі ұйымдардың атауы  ретінде де қолданылады (мысалы, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек  Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің  Конфедерациясы, Италиядағы Конфиндустрия,  т.б.).

Пайдаланылған әдебиеттер

 

"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том

 

 

Мемлекет басқаруы бойынша

Монархия (гр. μοναρχία —  біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен  шектелусіз, өз қалауынша дара билік  жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары  билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға  дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен  үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі  Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады. Монархия [1] (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды.

Феодалдық бытыраңқылық кезінде  монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының  дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық  бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі  біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды.Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия пайда болды.

Ондай мемлекетте монарх құзырындағы  мәселелер конституцияда нақты  белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды  мәселелер) әрі ол мемл. билік тармақтарының  арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде  көбіне монарх билігі символик. сипатта  болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы  ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің  органы немесе тікелей халықтың өзі  дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси  талас-тартыс үкімет билігі маңайында  жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық  мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған.

Дереккөздер

 

↑ Қазақша энциклопедия 6 том 27 бет.

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республика (лат. Respublіka –  халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік  басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің  билікті белгілі мерзімге сайланған  органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің  биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.

Парламенттік Респубкада жоғары билік иесі парламент болып  табылады. Мұндай Республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс  пен бітім мәселесін шешеді, әскерді  қамтамасыз етеді, халықар. шарттарды  бекітеді. Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы. Жартылай президенттік республика - немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бүл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен министрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді. Парламенттің де елдің жыл сайынгы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру қүзыры бар.

Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әртүрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі эр елде әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген.Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады.

 

Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қажеттіліктеріне орай президент қолында күшті билік шоғырланғандықтан, Қазақстан да супер президенттік Республикаға жатады.

 

 

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды  жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік  билік формасының ерекше көрінісі ретінде  монархиялық және республикалық  режімдер жағдайында ұшыраса береді.

 

 

 

 

 

 

Қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді  атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі  және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды  қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол  қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне  тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси  ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл  қоғамның жалғыз ресми өкілі  ретінде халықты азаматтық тұрғыда  біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік  мемлекетте ғана болады. Ол басқа  мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол  қоғамның ең жоғарғы билігін  өз қолында ұстап, ішкі және  сыртқы саясатын өз қалауымен  жүзеге асырады;

Информация о работе Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы