Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 11:27, реферат

Краткое описание

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Файлы: 1 файл

ERSHAT.docx

— 28.50 Кб (Скачать)

3) заң күші мен құқық  нормаларын шығару, құқық шығарма  мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының  болуы. Оның органдарында тек  қана басқару ісімен шұғылданатын  арнайы қызметкерлері болады. Қоғам  тәртібін сақтау үшін мемлекет  әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы  күштердің ықпалынан қорғану  үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

 

5) мемлекет органдары  мен онда қызмет ететін адамдарды  қаржыландыратын арнаулы материалдық  қор болады, ондай қор жасау  үшін алым-салық белгілейді және  жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар.  Сол аумақта билігі жүреді, өмір  сүреді және оны қорғау мақсатында  тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды  тиімді жүзеге асыру үшін аумақты  әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды  реттеп, оларды қажетті қалыпқа  салып, тәртіп орнату үшін құқықтық  нормалар жасалынады.Оларды жасап,  қабылдайтын мемлекеттің тиісті  өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі.

Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді  пайда болған табиғи ортасына қарай  ірі өзендер аймағында, теңіз  жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп  бөлуге болады. Мемлекеттің пайда  болуына әр түрлі табиғи орта мен  әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан  да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің  қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге  қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа  мемлекетке өзінің егемендігінің бір  бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды  жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру  бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

Буферлік мемлекет - екі  немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде  орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

Көпұлттық мемлекет - территориясында  әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын  мемлекет

Ұлттық мемлекет - белгілі  бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында  пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси  биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара  қатынасынын құқықтық формасы

Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен  сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық  бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс тү

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

↑ 1,0 1,1 1,2 1,3 1,4 1,5 1,6 1,7 Орысша-қазақша  түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын  басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы