Арал теңізі және экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2012 в 07:00, контрольная работа

Краткое описание

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997).

Файлы: 1 файл

Нурия и Даулет.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін  бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе  елсіз даладағы шабындықтар мен  батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара  үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр  беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр. Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қаратал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық  және оның қарама-қайшылықтары да өте  көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

 

Балқаш қаласының  тарихы

 

Тарих көшіне ілескен  Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап.екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді. Кеңес Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар,комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз - көшпенді қазақтар тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жолдан жырақта іске асты. Жүкті алғашқыда ат-түйемен тасыды. Тағы бір жылы Балқаш көлі арқылы Бөрлі-Төбе айлағынан Бертіс шығанағына жүк тасымалданды. 1935 жылы Балқаш-Қарағанды теміржолы уақытша пайдалануға беріліп, жылу электр орталықтарының құрылысы басталды.1935 жылы мыс алыбының негізгі цехтарымен өндіріс объектілерін салуда үлкен бетбұрыс кезеңге аяқ басты. Осы алып құрылысты тезірек салып бітіру ынтасы құрылысшылардың да өз батырларын туғызды. Қазақтар, орыс, белорус, украин, татар, армян және басқа ұлт өкілдері тізе қосып еңбек етті. 1938 жылы 24 қарашада алғашқы Балқаштың қара мысы алынды. Ал қаланың негізгі құрылысы 1934 жылы басталған болатын. 1937-1938 жылдары құрылыс майданындағы ең бір екпінді, қарқынды істер атқарылған кезең болды. Атап өтер болсақ, Қоңырат руднигінің құрылысы, “Ударник” кинотеатры, Балқаш ТЭЦ-і қатар салынып жатты. Ұлы Отан соғысының қарсаңында ашылған Гүлшат пен Шығыс Қоңыраттағы мырыш пен молибден кеніштері қорғаныс өнімдерін жабдықтауда өте маңызды қадам еді. 1941 жылы Москва түбінен көшіріп әкелінген Кольчугино түсті металлдар заводы комбинат құрамына кірді.“Темірді қызған кезінде соқ ” демекші комбинатты алғаш жоспарлауда қаланы жасылдандыру идеясы да іске асып, 1935 жылы СССР ғылым Академиясының көшпелі сессиясы Балқашта өтті, нәтижесінде Тораңғалықта ботаникалық бақтың орыны белгіленді. Өсімдіктерді климатқа бейімдеу, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қадам қаланы тек қана жасылдандыру ғана емес, онда бау-бақша өсіру дәстүрінің де негізін салды. 1958 жылғы комбинатты ірі көшенді қайта жабдықтауға дейін де, оның құрамына 25 цех болды. Кейбір цехтардың қуаты жеке - дара заводтарға пара-пар болатын. 1971 жылы Саяқ кеніші қатарға қосылды. 1985 жылы ерекше құрылым сұйық ваннада балқыту(ПВЖ) қондырғысы пайдалануға берді. Бұл құрылыс жоғары өнімділігімен, отын үнемдеумен және басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді. Екінші сұйық ваннада балқыту құрылысының аяқталуы мен 1999 жылғы Ванюков пешінің қайта жабдықталуы өндірістің өнімділігін арттыра түсті. Қазіргі уақытта БТКК –да таңдаулы мыс балқыту комплексі жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай өндірісте енді шикізат алумен қатар дайын өнім шығару қолға алына бастады. 1986 жылы тұңғыш мыс сымдары алынса, 1997 жылы I-ші алтын құймасы мен байытылған күміс алынды. 1997 жылы 7 ақпанда Балқашмыс мүліктік базасының негізінде “Қазақмыс” корпорациясының структуралық құрамында-Балқаш тау-кен комбинаты құрылды. 2003 жылы мырыш заводы іске қосылып қазыналы Балқаш керегесін кеңге жая түсті.Міне, енді ару Балқаштың жағысында мыс алыбы мен қатар қазақтың сұлу қаласы Балқаш қаласы гүлденіп, түрлене түсті.Тарихқа үңілсек 1938 жылы 2 сәуірде КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен “Прибалхашстрой” құрылысшылар кенті Балқаш қаласы статусына ие болды. 1976 жылы СССР Министрлер Кеңесінің шешімімен Балқаш қаласына ерекше архитектуралық құрылысы мен үлгілі құрылымы үшін мемлекеттік сыйлығы табыс етілді. Жыл өткен сайын қаланың көлемі кеңейіп, халық саны өсе түсті. 1987 жылы сәуірде Балқаш еңбеккерлерінің экономикалық-мәдени жетістіктері мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы неміс басқыншыларына қарсы күрестегі ерен ерліктері үшін Халықтар достығы орденімен наградталды.

Балқаш балықшыларының жеке сала болып  қалыптасуы 1930 жылдан бастау алады. Көреген бабамыз Қараменде би айтып кеткендей “ойында балығы, қырында киігі” ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің балығымен де атағы шықты.

 

 

 

 

 


Информация о работе Арал теңізі және экологиясы