Ірі бизнесті дамыту құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 12:51, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандық ірі бизнес ұлттық экономиканың «локомотиві» іспеттес. Ол еңбек өнімділігі бойынша да, тиімділік бойынша да, өсу қарқындары бойынша да көптеген орта және шағын компаниялардан неғұрлым тиімдірек болып табылады. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты реформалар өткізілген жылдарда ірі бизнесте негізгі ақша көлемі шоғырланған. Нәтижесінде қазіргі уақытта ірі бизнестің шеңберінде еңбек ақылары жоғары, біліктілігі жоғары менеджерлер қызмет етеді.

Оглавление

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту -
ірі бизнесті дамытудың негізгі құралы .............................................................. 6
2. Ірі бизнесті дамытуда барысында кездесетін
тосқауылдар мен проблемалар …....................................................................... 10
2.1. Ірі кәсіпорындар кеден процедураларын жүзеге асыру
барысында туындайтын қиындықтар ................................................................ 10
2.2. Салық салу .................................................................................................... 12
2.3. Техникалық реттеу ....................................................................................... 15 2.4. Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары ........................ 17
3. Ірі бизнесті дамыту құралдары ...................................................................... 22 3.1. Ірі бизнесті дамыту мақсатындағы ведомствоаралық
қарым – қатынастарды жүзеге асыру ................................................................ 22
3.2. Сыртқы тәуекелдерді басқару ..................................................................... 25
Қорытынды .......................................................................................................... 28
Қосымшалар …..................................................................................................... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ РАЗВИТИЕ КРУПНОГО БИЗНЕСА НА КАЗ.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

2.Ірі бизнесті дамытуда барысында кездесетін тосқауылдар мен проблемалар

2.1. Ірі кәсіпорындар кеден процедураларын жүзеге асыру барысында туындайтын қиындықтар. 

    Барлық кәсіпорындар дерлік қазіргі  кезде жүргізіліп отырған кеден  процедураларының (көптеген, қымбат  тұратын және уақыт бойынша  ұзаққа созылған) ауыртпалығының саудаға тосқауыл жасап отырғанын атап көрсетті. Оларға мыналар жатады: кедендік бағалау процедурасының кемелсізідігі; УСҚ қызметтерінің құнының жоғарылығы; кедендік рәсімдеуді кешіктіріп отырған немесе оларды пайымдау| өз бетімен қолданудың кейбір жағдайларында қолданатын кедендік таптастыру жүйесі; кедендік декларацияны рәсімдеу мен қарастыруға байланысты кеден делдалдарының кінәсінен контейнерлердің тұрып қалуы, кедендік органдардағы «бір терезе» үлгісіндегі (ТАИС -1 және ТАИС -2 және Web — declarant) электрондық құжат айналымының болмауы жатады. Бұған кедендік тазалау процедураларын жылдамдатуға арналған қосымша төлемдерді алу маұсатында кедендік рәсімдеуге арналған қажетті құжаттарды дайындауға қойылатын аса көтеріңкі талаптарды жатқызуға болады.

    Экспортты жылжытудағы тосқауылдарға  шығыс бағыттағы жүк артуды  жүргізу үшін Астана қаласындағы  «ҚазТрансСервис» АҚ беретін  темір жол, теңіздік контейнерлер  арқылы тауарларды экспортттаудағы  тиеуге арналған кодтарды мемлекет  аралық растаудың міндетті процедурасы жатады, егер жүк арту шығыс бағытында болса, онда оны Астана қаласындағы «ҚазТрансСервис» АҚ береді, ал егер жүк арту батыс бағытында болса, онда оны Мәскеу қаласындағы «ТИС» ЖШҚ береді. Процедура 2 күннен 10 күнге созылады. Сонымен қатар, өнімді автокөлікпен арту үшін транспорттық компаниялардың міндетті түрде TIR-корнеті болуы керек, ал қымбат өнімді арту үшін компанияның қызыл жолақты TIR-корнеті болуы тиіс, ол тапсырыс берушіні қосымша шығындар шығаруға мәжбүр етеді. Тауарларды порттарда теңіз контейнерлерімен тиеу 1,5 айға созылады. Сонша ұзақ күту процесі алыс шетел елдердің сатып алушыларын алаңдатады, сондықтан олар ынтымақтастыққа соншалықты ынталы емес.

    Қазіргі кездегі кедендік процедуралар  мен рәсімдеулер шетелдік мемлекеттерде қабылданған нормалардан асып түсіп жатыр және олар саудаға тосқауыл жасауда, осы жағдай ДБ «Doing Business " соңғы есебінің мәліметтерімен расталып отыр, ол бойынша 89 күндегі Қазақстанның экспорттық шығындары (3005, АҚШ долларын құрайды), ал экспорттық операция өткізуге арналған құжаттардың саны 11 болып отыр. Қазақстан бұл рейтинг бойынша зерттеліп отырған елдердің тізімінде соңғы 180 орынды иеленіп отыр. ДБ жасаған Транспорттық Логистиканың т.н. Көрсеткішіне сәйкес (LPI), 150 ел тізімі арасында Қазақстан 133 орынға ие болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Салық салу.

      Қосымша құн салығын қайтару  мәселесі. Экспортты қолдаудың маңызды  бағыттарының біріне, әсіресе биік  дәрежелі өңдеуден өткен тауарлардың  біріне, экспорттық қызметтің қайсыбір  аспектілеріне қатысты салық салуды реттеу саласындағы процедуралық мәселелерді шешу жатады. Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің негізін бағаның төмендігі мен сапаның жоғарылылығын үйлестіру құрастырып отырғандығы белгілі. Қазақстандық өңдеуші кәсіпорындардың өнімдеріне деген бағаның жоғары болуына банкілік несиелердің қымбатшылығы мен коммуналдық және транспорттық қызметтерден басқа, салық салудың қазіргі жүйесі, әсіресе қосымша құн салығы-де әсер етіп отыр. Салық салудың қазіргі қосымша құн салығы жүйесі өңдеуші кәсіпорындардың дамуын тежеп отыр, өңдеуші кәсіпорындардың көлеңкелі экономикадағы ресми мәлімделетіндермен салыстыруға болатын маңызды айналымдарын кетіруге ынталандырып отыруы, өндіріс жаңартуға және өнімнің сапалы жаңа түрлерін өндіруді қамтамасыз етуге арналған айналымдық қорлардың маңызды бөлігін бұрып әкетуге жетелеп отыр.

    Кәсіпорындардың өндіріс қорларының  физикалық және моральдық қартаюына  байланысты үдей түсетін т.  н. қосымша құнның жағымсыз  әсері бар болып отыр. Физикалық  және моралдық тозған жабдықтау жағдайында өнім өңдеуге арналған әрбір операция көп шығынды талап етеді, ол өнімді қымбаттата түседі және оның экспортқа шығу мүмкіндігін пайдасыз етеді. Тауарларды қосымша құн салығы тазалау барлық шетелдік мемлекеттерде олардың бағалық сипат бойынша бәсекелік қабілетін арттыру мақсатында қолданылып отыр. Қазақстанда экспорттық операция жүргізудегі қосымша құн салығы қайтаруда кездесетін барлық қиыншылықтар салдарынан әлемдік нарықтардағы тауарлардың бәсекелік қабілеті төмендейді. қосымша құн салығы қайтаруды тежеу экспортты дамытудағы негізгі кедергінің бірі болып табылады, ол кәсіпорындардың айналымдық қаражатын заңнамада белгіленген кезеңнен асып кететін бір кезеңге дейін тоқтатып қоюға мәжбүр етіп отыр, ол кәсіпорындар үшін жағымсыз болып отыр, олар үшін айналымдық қаражаттың болмауы экспортты тежеп отырған факторлардың бірі болып табылады. Сондай, ақ салықтық әкімшілік ету сыртқы нарыққа ұсынылып отырған өнім бағасына, сонымен қоса оның бағалық сипат бойынша төмен болып саналатын бәсекелік қабілетіне-де әсер етіп отыр. Импортталған тауарларға қосымша құн салығы төлеуді кейінге қалдыру механизмінің кемелсіздігі, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерліктің салық төлеушілері үшін биік импорттық кедендік баж салықтармен қоса отандық кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін төмендетіп отыр. Мысалы, дәрігерлік жабдықтар импорты қосымша құн салығы төлеуден босатылады, ал олардың қосалқы бөлшектерінің импортына қосымша құн салығы салынады және импорттық кедендік баж салықтарын төлеу қажет. Ақырында, елде өнім өндіргенше импорттық өнім сатып алу әлдеқайда пайдалы болып табылатын мынандай жағдай болып отыр.  Импортталған тауарларға қосымша құн салығын төлемеу мәселесі тек қана салық төлеушінің жабдықтарды сатып алуын ғана емес, оған қоса қосалқы бөлшектерді-де сатып алуды да ескеру керек, ол дегеніміз позициялар бойынша салық төлеушінің дебеттік сальдосын құрастырара алатын қосымша құн салығы төлеуді ескереді, себебі ол аквтивтерді капитализациялау мен сатып алу шығындарына жатады. Салықтық және бухгалтерлік есеп ара қатынасында МСФО және НСФО ұғымдарын нақтылап анықтау мен қолдануда кәсіпорындар мәселелерді кезедестіріп отыр. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері НСФО форматында жұмыс істеп отырса, ірі кәсіпкерлік субъектілері — МСФО форматында жұмыс жасауда. Мұндай жағдайда не істеу керек? Егер ірі кәсіпорынның орта кәсіпкерлікке жататын «туындысы» МСФО бойынша консолидациялық баланс құрайтын бас кәсіпкерліктің алдында есеп беретін болса? Сонымен қатар, алдыңғы жылдың табысына жататын корпоративтік кіріс салығы бойынша аванстық төлемдер мәселе болып отыр және кәсіпорындардың пікірі бойынша ол төленбеу керек, кәсіпорынның ақша құралдарын жоспарлауға байланысты ерікті сипатта болуы керек. Сонымен қатар құжаттар негізінде негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындарды толық шегеріп тастау тәртібін өзгерту қажет — тауар өндірушілердің шығындарын кәсіпорынның есептік саясатымен және ішкі технологиялық есеп-қисаптармен белгіленген нормалар шегінде шегеруіне рұқсат енгізу керек.

  Жекеленген  кәсіпорындардың пікірі бойынша, соңғы өнімді өндірушілері үшін шикізатты арзан бағамен сатып алудың құрылымын жасау қажет болып отыр, себебі әрбір тауар өндіруші үшін шикізатты аз көлемде стаып алу " біраз есе» қымбатқа түсіп отыр. Бір өнімге деген бағалардың әркелкілігі кімнің қалаай келісе алу мүмкіндігіне байланысты болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Техникалық реттеу. 

     Экспорттық рәсімдерді ресімдеу кезінде кәсіпорындарда экспорттағы дүмбіл өнімдер мен СТ-1 дайын өнімге шығу сертфикатын алуға байланысты қиындықтар туындайды. Бүгінгі таңдағы «қосарланған» сертификация (шикі және дайын өнімге-де) дайын өнім үшін ғана жобаланған мемлекеттік бақылау техникалық реттеу жүйесінің логикасына сәйкес келмейді. Халықаралық тәжірибеде, тәртіпке сай қайта өндірілетін өнеркәсіпке арналған өнімге сертификация жүргізілмейді, өйткені мұндай рәсім сауда ісіне кедергі болып табылып және дайын өнімнің қымбаттауына алып келеді. Сондықтан қайта өндейтін өнеркәсібі бар кәсіпорындардың сертификация жүргізбеуі орынды болар еді, себебі шығарылатын шикізат экспортшы-елдердің рассталған құжатына ие, ал қайта өндейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар дайын өнім шығарар кезде Қазақстан Республикасында өнімнің шығу сертификатын ресімдейді. Кейбір кәсіпорындарға әрбір топтама үшін 100 мың тенгеден келгендіктен сертификация құны кедергі болып табылады. Тауарларға техникалық талаптар дың айырмашылығы, ең бастысы міндетті талаптардың, саудалық шектеулердің өзіндік ерекше саласы болып қаралатын және санитарлық және фитосанитар лық шаралар және сауда мен техникалық тосқауылдар бойынша БСҰ арнайы келісімімен реттеліп, бағалау сәйкестілігінің ұлттық ерекше тәртібі мен рәсім дері халықаралық саудада белгілі бір кедергілер тудырады. («саудадағы техника лық тосқауылдар» немесе «санитарлық және фитосанитарлық шаралар») Тәжі рибеде техникалық тосқауылдар шетел нарығына казақстандық тауарлардың қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін маңызды ықпал болып табылады. Кіші және орта кәсіпорындар сертификатциялауға шығындар жасай алмайды, атап айт қанда, СМЖ өз-деңгейінде қолдап және ендіруде келтірілген зиян үшін қаржылық өтем бойынша жауап бере алмайтын және шетелдерде танылмаған отандық сертификацияланған компаниялардың қызметтеріне жүгіне отырып, нәтижесінде көптеген пайдалы тапсырыстардан айырылады. Көбінде кәсіпорын сапа жүйесін тек қана бір себеппен енгізеді, егер-де ол өнімді сатып алудың міндетті шарты болып табылса ғана. (мынандай жағдайда, егер өнім шетелге қойылып немесе ішкі нарықтағы тұтынушы басқа елді ірі компаниясы болып табылса). Тәжірибеге жүйені енгізу іске аспайды не болмаса тиімді жұмыс істемейді. Көптеген кәсіпорындар, мысалы, азық-түлік саласындағы НАССР (Ықтимал қатерлерді талдау және маңызды бақылау нүктелері) мен ИСО (Стандартизация жөніндегі Халықаралық Ұйым) стандарттар арасындағы айырмашылықты және олардың орындалу қажеттігін дұрыс түсінбейді. Көптеген кәсіпорындар үшін өнімнің қауіпсіздігі мен сапа жүйесін қолдау және ендіру бойынша түсіндірмелік пен оқыту семинарлары қажет. Халықаралық заңнамалар мен ұлттық стандарттардың жүйесін үйлесімдендіріп және жетілдірту мақсатында кәсіпорындарды халықаралық аккредитацияның қазіргі заманғы ғаламдық тетіктерімен, халықаралық қызмет пен сауда сертификациясының технологияларымен және құралдарымен таныстыру қажет, ұлттық жүйе сертификациясы мен аккредитациясына бірігу мемлекет жағынан үлкен шығындарды талап етеді, алайда мұнсыз қазақстандық кәсіпорындар Қазақстанның БСҰ кіру алдында тұрған табалдырықта қатаң бәсекелестік күресте лайықты бәсекелесе алмайтын болады. Техникалық кедергілермен байланысты мәселелердің шешімі халықаралық сәйкестендіруді, стандарттар мен мөлшерлердің үйлесімділігін, жалпы халықаралық мойындалған стандарттар мен техникалық мөлшерлердің қолданылу тәртібін қоюды қарастыруға міндетті. Қазақстандық кәсіпорындар шет елдердің аймақтарында патент алу және тауарлық белгілерді тіркеу кезінде қиындықтармен кездеседі. 
 
 
 

2.4. Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары. 

     Мемлекеттік кәсіпорындар үшін  проблемалардың бірі ол компанияның               ең алдыңғы басқарушыларымен  қарым-қатынас мәселесі болып табылады. Акционерлік қоғам жөніндегі заңнама мен азаматтық заңнама нормалары болса да, еншілес компанияның жедел қызметіне компания басқарушылары белсенді жағаласып, көбінде нақты жағдай туралы жан-жақты түсінігі болмай тұрса да, жедел шешімдерді өздігінен қабылдауға бір мүмкіндікте қалдырмайды (әкімшілік-директивті басқару әдісі). Нәтижесінде, еншілес кәсіпорынның топ-менеджменттерінің қызығушылығы төмендеп және жауапкершіліктері жойылады. Осының салдарынан өндірістің нәтижесі мен қаржы көрсеткіштері және жалпы алғанда басқару тиімділігі төмендейді (машинақұрылысы кәсіпорыны). Кәсіпорындардың пікірінше, холдингтер шегінде корпоративті басқару жүйесін барлық деңгейде ендіру және «сенімді басқару» тетіктерін белсенді қолдану мәселені шешуге септігін тигізер еді.

      Қазақстан әлемдегі теңіз бекеттерінен алыстатылған елдердің бірі және көліктік шығындары, сондай-ақ темір жол тасымалдарының құны отандық өнімді экспорттау кезінде  шығындардың айтарлықтай үлесін құрайды, бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілік пен оның өсуіне кедергі болып табылады. Мысалы, 2003 жылы РФ аймағы бойынша 1000 км 1 тонна астықты тасымалдау 16,95, АҚШ долларын құрады, ал мақта мен түк — 28,34, АҚШ долларын. Бұл көрсеткіштер тиісінше Қазақстан аймағы бойынша аталған тауарларды тасымалдауда 2,8 және 4,6 рет көп тарифті көрсетеді. Экспортшыларға белгілі бір өнімнің түрлері үшін арнайы вагондар мен темір жол вагондарының тапшылығы, теміржол вагондарының жоғары құны мәселе тудырады. Бір тәулікке жүздеген вагондарды қажет ететін ірі кәсіпорындар үшін кеденшілердің штаттық бірілігінің шектеулігінен және кеден бекеттерінің алшақтығынана вагондардың тұрып қалу проблемасы бар. Бұл жағдай кәсіпорынның қосымша шығындарына алып келеді және кәсіпорынның өзінде кедендік ұйымның өкілдігін талап етеді. Бұл сала қайта құрылым мен мемлекет-тасымалдаушы-жүк жөнелтуші жаңа экономикалық қатынас үлгісін ендіруді қажет етеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, энергиямен жабдықтауға қатысты мәселелер мынадан туындайды. Елді мекендерге электр қуатын жеткізу мен тасымалдау жүйесіндегі РЭК-тің монополялық жағдайы (жеке меншікте) кәсіпорындар үшін өзінің электроэнергиялық шығындарын басқару мүмкіндіктерінен айырады. Энергиямен жабдықтау мәселелері шешілер кезде РЭК айналып өту техникалық тұрғыдан мүмкін еместігімен байланысты, өйткені олар елді мекендерге бөлінген қуаттардың билеушісі болып табылады. Осыған орай, бұл ұйымдар еш қандай баламасыз негізде өздерінің жеткізу шарттарын кәсіпорындарға әмірлеу мүмкіндігіне ие. Көптеген кәсіпорындар үшін Үкіметтің «Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесі» туралы № 1044 Қаулысына сәйкес, қосымша қуатқа қосылу ең үлкен ауыртпалық болып табылады. Несиелік қорлардың қымбаттылығына орай кәсіпорындар бір реттік төлем орнына, ай сайынғы төлемді қалайды.

      Диагностикаланған кәсіпорындардың және олардың жалпы  санынан сұрау салынған кәсіпорындардың  пайыздық үлесінің кейбір проблемалары:

1. Маркетингтік қызметтің дамымауы және, ақпараттың жоқтығы (35%)

  • Кең көлемді, ақпараттар спектріне қол жеткізудің немесе, ақпараттардың жоқтығы: нарық және оның беталысы туралы, азық-түлік, өнімге деген талаптар, технологиялар туралы, құрал-жабдық жеткізуші, жиынтықтаушы, басқа елдің заңнамасы туралы, міндетті талаптар және басқалар.
  • Маркетинг саласы бойынша түсінік пен білімнің төмен-деңгейі. Бүгінде бар маркетингтік қызметтер көпшілігінде өздерінің бар қызметтеріне қызмет көрсетеді.
  • Консалтингтік маркетинг нашар дамығандықтан, бар маркетингтік зерттеулер қызметі өте қымбат.
  • Әсіресе, өңірлердегі консалтингтік қызмет нарығының бары туралы хабардарлықтың төмендігі.
  • Консалтингтің Алматы және Астанада топталғандығынан аймақтарда дамымауы.
  • Мемлекетттік қолдау құралдары мен бағдарламалары туралы нашар, ақпараттану.
  • ҰДИ қызметі мен оның мүмкіндіктері туралы нашар, ақпараттану (мысалға, саяси тәуекелділікті сақтау мүмкіндіктері туралы).
  • СӨП нашар дамуы, әсіресе өңірлерде.
  • Басқа мекен-жайға жіберу мәдениеті дамымаған (мысалға, егер компания СӨП сұрау салса, ал СӨП сұратылған, ақпаратқа жауап бере алмайды және ол, ақпаратты қайдан табу керектігін-де білмейді).
  • Мемлекеттік сектор мен жеке ұйымдардың арасында, ақпараттар легімен алмасы, бөлі үшін өзара қарым-қатынас жоқ.

2. Қаржылық мәселелер (27%)

  • Жеке меншік айналмалы қаражаттың жетіспеушілігі.
  • Коммерциялық банктердің қымбат несиелік қорлары, ақталмаған.
  • Бизнестің старттық қаржыландырудың нобайы мүлдем жоқ.
  • Даму институттарымен қаржыландыру тым жоғары бюрократтандырылған, мөлдір емес және осының салдары қаржы бақылау органдарының ұзақ және сансыз тексерулерін туғызып, жеңілдетілген қаржыландыру әсерін толығымен жояды.
  • Өте жоғары бюрократшылдыққа және біле тұра орындалмайтын шарттардың себептері бойынша мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасының (ҚР АШМ) тиімсіздігі.

Информация о работе Ірі бизнесті дамыту құралдары