Ірі бизнесті дамыту құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 12:51, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандық ірі бизнес ұлттық экономиканың «локомотиві» іспеттес. Ол еңбек өнімділігі бойынша да, тиімділік бойынша да, өсу қарқындары бойынша да көптеген орта және шағын компаниялардан неғұрлым тиімдірек болып табылады. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты реформалар өткізілген жылдарда ірі бизнесте негізгі ақша көлемі шоғырланған. Нәтижесінде қазіргі уақытта ірі бизнестің шеңберінде еңбек ақылары жоғары, біліктілігі жоғары менеджерлер қызмет етеді.

Оглавление

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамыту -
ірі бизнесті дамытудың негізгі құралы .............................................................. 6
2. Ірі бизнесті дамытуда барысында кездесетін
тосқауылдар мен проблемалар …....................................................................... 10
2.1. Ірі кәсіпорындар кеден процедураларын жүзеге асыру
барысында туындайтын қиындықтар ................................................................ 10
2.2. Салық салу .................................................................................................... 12
2.3. Техникалық реттеу ....................................................................................... 15 2.4. Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары ........................ 17
3. Ірі бизнесті дамыту құралдары ...................................................................... 22 3.1. Ірі бизнесті дамыту мақсатындағы ведомствоаралық
қарым – қатынастарды жүзеге асыру ................................................................ 22
3.2. Сыртқы тәуекелдерді басқару ..................................................................... 25
Қорытынды .......................................................................................................... 28
Қосымшалар …..................................................................................................... 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ РАЗВИТИЕ КРУПНОГО БИЗНЕСА НА КАЗ.doc

— 201.50 Кб (Скачать)
="justify">3. Кедендік рәсімдер — көптеген және күрделі, қымбат, көп уақыт талап етеді (25%)

  • УСҚ (уақытша сақтау қоймасы) қызметінің жоғары құны.
  • Кедендік құжаттарды ұзақ ресімдеудің себебінен контейнерлердің тұрып қалуы артық шығындар тудырады.
  • Кедендік бағалаудың құны күрделіленген (кеден органдары қызметкер лерінің қарауына 6 әдіс), баға көрсетілген келісім-шарт болса да, тесеруді тек таңдап қана жүргізуі мүмкін.
  • Кедендік жіктеудің терең бөлшектемелері бар, бұл әр түрлі талқылау мен, ақыр соңында көптеген даулы жағдайларды тудырады.
  • Әрбір жеткізу бірлігін кедендік ресімдеу қажеттігі (мысалға, бір келісім бойынша жеткізу бірнеше вагонды құрайды, әр бір вагон рәсімдеуге жатады; немесе импорт пен экспорттаудағы күрделі жабдықтауда, қандай көп болса да, ресімдеуге оның әрбір құрамы жатады).
  • Кеден органдары қызметкерлерінің біліктіліктері жиі жеткіліксіз
  • Теңіз бекеттері арқылы жүктелген тауарларды қайта жүктеудің ұзақтығы (1,5 айға дейін кешігу)
  • «Бір терезе» үлгісі бойынша кеден органдарында электронды құжат айналымының жоқтығы (ТАИС-1 мен ТАИС-2 мен web-deklarant жұмыс істемейді)
  • Еркін қойма тәртібін алудың қиындығы

    Кедендік-тарифтік реттеу

  • Кедендік тарифтермен келісіп алмаушылық (мысалға, құрал жабдықты импорттау бажсыз, ал бөлшектері мен комплектілеріне жоғары баж салығы).
  • Қазақстанда өсірілмейтін (какао) немесе өндірілмейтін өнім немесе шикізатқа жоғары баж салығы.
  • Расталған немесе шешімін тапқан құжаттардың көп саны.
  • Жөнетілім үшін кодты мемлекетаралық растау.

    — басқа  қалада басқа код расталады

    — қазақстанда код бойынша және оны алудың орны туралы, ақпарат мүлдем жоқ.

    — кодты  растау көп уақыт алады, тасымалдау тәртібінде айтылғандай бұл өнімнің  бұзылып кетуіне әкеп соғады.

    — автокөлікпен жөнелтудің үлкен шығындары, көлік  компаниясында міндетті түрде ТИР жолағын талап етумен байланысты (қымбат өнімді тиеу кезінде ТИР қызыл жолақты болуы керек).

4. Шикізат проблемалары (22%)

  • Отандық сапалы шикізаттың жоқтығы.
  • Импортталған және отандық шикізаттың қымбаттылығы себебі, кәсіпорындардың көп бөлігі сатып алатын шикізат бағасын түсіру үшін жеткілікті үлкен көлемде мемлекет ішінде-де және одан тыс жерлерде-де сатып ала алмайтындығымен түсіндіріледі. (мысалға, метал, мата, тұқым және басқалар)
  • Шикізатты сатып алудың орталықтандырылған тетіктері мен құрылымдарының жоқтығы (Мемлекеттік жабдықтауға ұқсастығы)
  • Шикізатты жеткізушілермен жөнге салынған байланыстың жоқтығы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. Ірі бизнесті дамыту  құралдары. 

     3.1. Ірі бизнесті дамыту  мақсатындағы ведомствоаралық  қарым – қатынастарды  жүзеге асыру. 

    Қазақстанда ірі бизнесті  дамытудың басым бағыттары айқындалды. Солардың ішінен мыналарды ерекше атап өтуге болады:

    - технологиялық бизнес-инкубаторларда  идеясы бар талантты адамдардың  ақыл-ой жетістіктерін тәжірибеден  өткізіп, оны қолданысқа дейін  жеткізуге мүмкіндіктер жасау;

    - ғылыми-зерттеу орталықтарын тек  жоғары оқу орындарының жанынан  ғана емес, инновациялық инфрақұрылымның  өндірістік сипаты бар элементтерінің  жанынан да ұйымдастыру;

    - ұлттық холдингтер тарапынан  инновациялық инфрақұрылым элементтеріне  тікелей қолдау көрсету немесе қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданыс тауып жүрген «қамқорлығына алу» жүйесін қолдану;

    - инновациялар үшін тартымды бизнес-орта  мен инвестициялық климатты қалыптастыру;

    - инновациялық сипаттағы ірі жобаларды  жүзеге асырушы ұйымдарды, тұлғаларға елеулі салықтық жеңілдіктер беру және т.б.

     Қазіргі кезде ірі кәсіпорындар, әғни ірі бизнес субъектілері экономиканың негізгі буыны болып табылады. Ірі компаниялар  қолданып  отырған   электрондық сауда тәжірибесін  орта  және   шағын  кәсіпорындарға да  тарату керек. Бірқатар  негізгі   кәсіпорындар, олардың   қатарында     әлемдік   нарықтағы Қазақстанның брэндтері  болып табылатын «Қазхром», Eurasian Natural Resources Corporation, «Қазақхмыс»  және т.б.  кәсіпорындар бар,    біртіндеп электрондық саудаға  ауысып  келеді.  Олар өз саудаларын  Интернеттегі арнайы сайттарда   ұйымдастыруда  және  операциялардың   автоматты   жүргізілуінің   және оған  кірушілердің    кеңеюінің  арқасында  қаржы да,  уақыт  та  үнемдеуде. Қазіргі кездегі бірінші кезектегі міндет  -    электрондық  сауда   тәжірибелерін   орта және   шағын кәсіпорындарға  тарату болып табылады.

      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басшылық ететін бағыттар шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара қарым – қатынас шеңберінде жергілікті ұстауды дамыту, инвестицияларды тарту, техникалық реттеу мен метрологияны дамыту, Индустиализациялау картасының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру, геология мен жер қойнауын пайдалану сынды бағыттар бойынша негізгі жұмыс жүргізілді.

    Атап айтқанда, жергілікті ұстауды  дамыту шеңберінде қазақстандық  ұстаудың мониторингі әзірленді. 

       ТРМК КТРМ аумақтық департаменттері  1 993 кәсіпорындар үшін 6 438 «СТ - KZ» сертификаттары берілді.  

     1. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатысу мақсаттарында 1 251 кәсіпорын үшін 2 917 «СТ - KZ» сертификаттары ресімделініп, берілді, олардың ішінен 346 кәсіпорындар 10-20% көлемдегі жеңілдіктерді алды.

     2. Тауарларды ЕЭА аумағы мен  бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне шығару барысында 2 142 СПТ «СТ - KZ» сертификаттар берілді.

     3. «Самырұқ - Қазына»  ҰӘҚ тауарлардың,  жұмыстар мен қызметтердің отандық  өнім берушілерінің тізіліміне  енгізу мақсатында 1 268 кәсіпорындар 2 384 СПТ «СТ-KZ» алды.

       Сонымен қатар, қазақстандық ұстауды  дамыту үшін бірқатар нормативтік  актілер қабылданды. («Қазақстан  Республикасының кейбір заң актілеріне  қазақстандық ұстауды дамыту  мәселелері бойынша өзгертулер  мен толықтырулар туралы», «Жер  қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Сауда - өнеркәсіп палаталары туралы» ҚР Заңдары).

         Қазақстандық өндірушілер үшін  жеңілдіктер жүйесі көзделген: 

жер қойнауларын  сатып алулар барысында: 20%;

      «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ мемлекеттік сатып алулары мен сатып алуларында – 30 % дейін. Техникалық реттеуді дамыту шеңберінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген № 2243 Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарға сәйкес 105 техникалық регламенттерді әзірлеу мен қабылдау көзделген, олардың ішінен 2010 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша 94 техникалық регламенттер қабылданып, 68 техникалық регламенттер іске жүзінде қолданысқа енгізілді. 

         2010 жылы 3 468 бірлікті құрайтын стандарттар қабылданды, олардың ішінен халықаралық талаптарға сай келтірілгендер саны – 2 356 бірлік, ол халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің жалпы пайызы 68% сәйкес келгендігін білдіреді және тиісінше 2010 жылға жоспарланған көлемді толық жабады деуге болады. 2010 жылы жоспардан тыс мемлекеттік органдардың,                       сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің сауалдары бойынша 195 мемлекеттік стандарттар әзірленіп, бекітілді.

     2010 жылғы 27 қазанда Шанхай қаласында  (Қытай)  ILAC Келісулер жөніндегі  Кеңес отырысында дауыс беру қорытын-дылары бойынша Қазақстан Республикасының аккредитациялау жөніндегі орган – «Аккредитациядан өткізудің ұлттық орталығы» ЖШС ILAC-тің жаңа толығымен құқылы мүшесі болып жарияланды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2. Сыртқы тәуекелдерді  басқару  

     Осы тарау шеңберінде механизмдер мен тартылатын төте шет елдік инвестициялар көлемін шағымдау тәуекелін азайту жөніндегі басқару іс – шара лары  көзделген.

     Мысалы, ол үшін инвесторларға аймақтың елдерінде  жасалынатын жағ дайлардың тұрақты  мониторингі жүргізіледі және Қазақстанда инвестициялар ды тарту үшін аймақтағы елдермен салыстырғанда онан да жақсы жағдайларды құру үшін алдын алу шаралары қабылдануда.

     Нәтижесінде, 2010 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша                     13,1 $ млрд. тартылған, соның ішінде өңдеу  өнеркәсібіне 1,5 млрд. $ тартылды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% артық болып табылады. Осындай көрсеткіштер қабылданатын іс – шаралардың оң нәтижелерін сипаттайды.

      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 2010 жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылу барысының өткізілген талдауы стратегиялық бағыттардың жүзеге асырылатын іс – шаралары экономиканың басшылық етілетін салаларының өсуіне оңтайлы әсер ететіндігін көрсетеді. Атап айт қанда, индустриалды даму шеңберінде 3,7 трлн. теңге сомасына өнім өндірілді, тиісінше өңдеу өнеркәсібінің ИФО 118,4 % құрады. Тау – металлургия кешенінде 12 айдағы өндіріс көлемі  2010 жылы келесі көрсеткіштерге сәйкес болды:

     - металл кенін табу бойынша  – 651,2 млрд. теңге, ИФО – 101,3% (жаңа өндірістерді: «Васильков ТБК» АҚ, «Восход - Ориел», «Bapy Mining» ЖШС, «Оркен» ЖШС, «Тиолайн» ЖШС, «ССГПО» АҚ   енгізу арқылы өсу 1,3% құрады - өндірістер көлемінің өсуі нарықтың темір кен өнімге деген қажеттілігінің өсуіне байланысты);

     - металлургиялық өнеркәсіп бойынша  – 1 569,9 млрд. теңге, ИФО -  110,2    % («Қазақстандық электролизді зауыт» АҚ – алғашқы аллюминий өндірісі екі есе ретке өсті, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Төрт Құдық» ТБК» АҚ, «Васильковский ГОК» АҚ, «Завод Format» ЖШС, ферроқорытпалар Ақсу зауыты – «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы жаңа өндірістерін енгізілу арқылы өсу 1,3% құрады);

     - машиналар мен жаңа жабдықты  қоса санамағанда дайын металлдық  бұйымдарды өндіру – 95,9 млрд. теңге, ИФО – 131,4%                    («Kaztherm» ЖШС, «ССГПО» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «KSP Steel» ӨҚ, «УК ТМК» АҚ, «Жанатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС жаңа өндірістерін енгізу арқылы өсу 31,4% құрады).

     2010 жылғы 12 ай ішінде химия өнеркәсібінде  102,4 млрд. теңгеге өнім өндірілген, ИФО 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 137,1% құрады.

     Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын  дамыту шеңберінде 2010 жылдың 12 ай ішінде қол жеткізілген қорытындылар бойынша  рәсіңке және пластмасстан әзірленген өнімнің өндірісі 70,8 млрд. теңгені (ИФО – 148,4%), өзге де металлдан әзірленбеген өнімнің өндірісі – 194,8 млрд. теңгені құрады.

     2010 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында  негізгі фармацевтикалық өнімдерді  өндіру көлемі 21,3 млрд. теңгені, ал  ИФО – 148,8% құрады. Заттай алғанда  дәрі – дәрмектерді өндіру көлемі 17,1 млрд. теңгені, ИФО – 153,6% және фармацевтикалық препарат-тарды, өзге де тауарларды өндіру көлемі                   2,6 млрд. теңгені, ИФО - өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты 166,5%  құрады.

     2010 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында машина жасау саласының өнімді өндіру көлемі 342,5 млрд. теңгені құрады, ИФО – 158,6%.

     2010 жылғы 12 ай қорытындылары бойынша  өткен жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда жеңіл өнеркәсібінің  өндіріс көлемі 30,5 млрд. теңгені  құрады, соның ішінде тоқыма өнімдерінің көлемі 30,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 16,8 млрд. теңге сомасына (ИФО – 130,0%) тоқыма өнімдері киім – 10,7 млрд. теңге,  әзірленді.  Экспортты, соның ішінде отандық өндірістің химия өнімінің де ынталандыру мақсатында «Экспорт 2020» бағдарламасы әзірленді. 2010 жылы республикалық бюджеттен экспортты дамытуға арналған    іс – шараларға 500 млн. теңге бөлінді. Алдағы бес жыл ішінде жалпы сомасы 1500 млн. теңгеге қаржы қаражаттың бөлінуі жоспарлануда.

     Қазіргі кезде «Казфосфат» ЖШС мен «КазАзот» ЖШС минералды тыңайтқыштардың негізгі өндірушілері болып табылады. Қазіргі кезде қолданыстағы минералды тыңайтқыштарға жәрдемақыларды беру төлеу жөніндегі бағдарлама өнімнің кепілдік берілген сатып алуларын береді.

     Еліміздің инновациялық дамуын «ӨНІМДІЛІК - 2020» бағыты шеңберінде инновациялық гранттарды беру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, «Ғылым қоры» АҚ мен «ЦИТТ» АҚ инновациялық гранттарды алуға 307 өтінімдерді іріктеп алды. Энергетикалық кешені дамыту шеңберінде 13 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңартылатын энергетикалық қорларды пайдалану электроэнергетика дамуының және Қазақстан экологиясы саласындағы өзекті мәселелерді шешудің басым бағыттарының білі болып табылады. 2010 жылы шетелдік инвестицияларды тарту шеңберінде инвестицияларды көтермелеу және инвестицияларды өзара қорғау саласында 3 келісімге қол қойылды. 2010 жылы 2010 жылдың қорытындылары бойынша Global – 2000 тізіміне енгізілген 9 компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.  
 
 
 
 

Информация о работе Ірі бизнесті дамыту құралдары