Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3.1. ендірме.
Қазақстандағы халықтың
1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейшілік индексі (ХКИ) есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 (БҰҰДБ ұсынған сәйкесткке қарай дамушы және дамыған елдер үшін) халықтың жоқшылық индекстері негізінде әзірледі. Ол төрт көрсеткіш қамтиды:
1998 жылдан 2002 жылға
дейінгі уақыт кезеңінде
1998 және 1999 жылдары ХКИ еркектер мен әйелдер үшін бөлек есептелді, бүл ретте оның белгілері мына ахуалды көрсетті, тіршілік әрекетіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда Қазақстандағы еркектер мен әйелдердің жағдайлары біркелкі емес. 2001 жылы халықтың кедейшілік индексін тұңғыш рет сондай-ақ ауылдық аймақтар мен қалалық қоныстар үшін есептеліп, қала және ауыл кедейшілігінің арасындағы елеулі айырмашылықтарды ашты.
Адам дамуы қөзқарасы тұрғысынан кедейшілікке баға беру мен мониторинг жасау кезінде тұтас қатардағы көрсеткіштер пайдалануы мүмкін, олар қоғамдағы кедейшілік пен теңсіздіктің әркелкі аспекттерін сипаттайды. Кедейшілік көрсеткіштерінің көпшілігі қазір мыңжылдық табалдырығында даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары мен Міндеттері ретінде белгілі.
1991 жылы КСРО
ыдырауының нәтижесінде
Экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігінің осындай деңгейі кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар елдерінде халықтың жоғары деңгейдегі тұрмысын қамтамасыз ету үшін объективті кедергілер пайда болды. Дербес дамудың бастапқы кезінде ТМД арасындағы жөнге салынған макроэкономикалық және шауашылық байланыстар бұзылды. Нарықтық негіздердің бастамасы жоспарлық жүйелердің орнықтылықтарын күйретумен, сондай-ақ бірқатар жаңа мемлекет басшылықтарының жаңсақтықтарымен жалғасты. Осы жағдай тұңғмық экономикалық құлдырау мен трансформациялық дағдарысқа ұшыратты. Осының барлығының әлеуметтік салдарлары абсолютті кедейшіліктің жедел өсуі мен экономикалық теңсіздікиің, сондай-ақ солардың ауқымдарын қысқарту үшін ресурстардың жеткіліксіздігінің көрінісі болды.
Нарықтық өзгерістердің басталуына байланысты жаңа мемлекеттердің көпшілігі бірнеше экономикалық дағдарыстарға ұшырады, ол еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауына, соның салдары ретінде, кедейшілік деңгейінің өсуіне себеп болды. Оның үстіне кедейшілік кедейшілік проблемасын еңбек нарығындағы келеңсіз жағдай да шиеленістіре түсті, олар: еңбек қызметіндегі табыстардың күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейлері, бірқатар мемлекеттерде еңбекке қабілетті жастағы халықтың еларалық еңбек көші-қонымен бейнет көрулері, жұмыспен қамтылған халықтың ұзын санының экономикалық қызметтің жеке салаларына шоғырлануы. Кедейшілік ауқымдарына қоғамда ұлттық байлықты бөлудегі орасан үлкен теңсіздік ықпал етті.
ТМД елдеріндегі
кедейшілік сипатына халықты әлеуметтік
қорғаудың мемлекеттік
Кесте 12. Кейбір елдерде денсаулық сақтау мен білімге жұисалатын мемлекеттік шығыстар, 2000 жыл
Ел |
Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар, ЖІӨ% |
Білімге жұмсалатын шығыстар, ЖІӨ% |
Германия |
8,0 |
4,6 |
Канада |
6,5 |
5,5 |
Швеция |
6,2 |
7,8 |
Жапония |
5,9 |
3,5 |
Ұлыбритания |
5,9 |
4,5 |
АҚШ |
5,8 |
4,8 |
Венгрия |
5,1 |
5,0 |
Ресей |
3,7 |
4,4 |
Қырғызстан |
3,5 |
5,4 |
Украина |
2,9 |
4,4 |
Қазақстан |
2,1 |
3,3 |
Біріккен Араб Эмираттары |
1,9 |
2,5 |
Эквадор |
1,6 |
1,2 |
Тәуелсіздік алғаннан кейін кедейшіліктің күрт өсуіне байланысты өтпелі экономикалы жас мемлекеттер әлеуметтік қорғау жүйесін реформалауға бірден кірісіп кеткен жоқ. Белгілі бір шамада бұл кедейшіліктің үдере таралуын тежеген фактор болып табылды. Алайда ТМД елдерінде жеке және аралас меншік нысандарының даму шамасына қарай, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық рөлінің өзгеруіне байланысты “әлеуметтік қорғаудың социалистік жүйесін” сақтап қалу тек проблемалы ғана емес, сонымен бірге орташа және жоғары табыстағы халық үшін қажет болмай қалды. Бизнеске салынатын жоғары салықтар мен әлеуметтік төлем алатындар арасындағы асыраудағы жандар жұмыспен қамтылудың өнімділігіне бөгет жасады. Сондықтан 90-шы жылдары өтпелі экономикалы елдерде нарықтық экономикамен үйлесетін халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негіздері қызу құрыла бастады. Көпшілік елдерде әлеуметтік және медициналық сақтандыру дамытылып, зейнеткерлерлік жүйелер реформаланды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек өтінімді және атаулы қағидаттарға көшті. Халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғаудың жаңа саласы - әлеуметтік қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелерінің желісі шын мәнінде жедел дами бастады. Қазіргі кезде ТМД елдерінде азды-көпті шамада халықты әлеуметтік қорғаудың “ескі” және “жаңа” жүйелері қатар қолданылады. “Ескісі” әлі жойылмаған, ал “жаңасы” толық шамада құрылмаған мұндай өтпелі ахуал әлеуметтік қорғаудың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген “ескі” мемлекеттік кепілдіктер, жеңілдіктер мен төлемдер жойылған жоқ, бірақ олар материалдық етілмеген. Сонымен қатар жаңа енгізілген атаулы төлемдер кедейшіліктен арылу үшін жеткіліксіз. Сақтандыру төлемдерінің тұтас қатардағы деңгейі де сондай-ақ жоғалған еңбек табыстарын өтемейді. Зейнеткерлік жүйелер олардың қатысушыларын материалдық игілікпен қамтамасыз етпейді.
ТМД елдеріндегі кедейшілік өлшемі өтпелі кезеңдегі ерекшеліктерді көрсетеді. Достастықтың көпшілік мемлекеттерінде күнкөріс минимумы негізінде кедейшілікті өлшеудің абсолюттік әдісі ресми қабылданған. Күнкөріс минимумының негізін ең аз тұтыну себетінің құндық бағасы қалайды. Сонымен, ТМД елдерінде кедейшіліпен күресу, ең бастысы, өте қажет тауарлар мен қызмет көрсетулердің белгіленген (абсолютті) тұтынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын деңгейге дейін халықтың ең төменгі табыстарын (тұтынуларын) көтеру мәселелерін шешуді көрсетеді. ТМД елдеріндегі абсолютті кедейшілік көрсеткіштері, қағида бойынша, Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен ТМД үшін Дүниежүзілік банктің ұсыныстарына сәйкеседі, ол ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритеті (СҚП) бойынша күніне 4,13 АҚШ доллары деңгейіндегі табыстарды құрайды.
Кедейшілікті өлшеудің салыстырмалы әдісі қағида бойынша, Достастық мемлекеттерінде ресми қабылданған әдіс болып табылмайды. Салыстырмалы кедейшілік тұжырымдамасын пайдалану үкіметке ортақ әлеуметтік-экономикалық пробламалардың себебінен жеткілікті қаражаттары жоқ кедей тұрмыстыларға қатысты анағұрлым жоғары міндеттемелер қояды. Осымен бірге экономикаларының өтпелі ахуалынан туындаған бірқатар себептерге қарай орта есеппен жан басына шаққандағы табыстарды өлшеу кезінде объективті қиындықтар орын алады, өйткені солар туралы қолданыстағы ақпарат үнемі рас бола бермейді.
Кедейшіліктің
ресми белгіленген
ТМД елдерінің тәжірибесін жалпылау мен кедейшілік проблемасын зерттеп-зерделеу жөніндегі халықаралық тәжірибе негізінде ТМД елдерінің Статистикалық комитеті әлеуметтік индикаторлардың Үлгілік жиынтығын әзірлеп, пайдалануға ұсынды, ол кедейшілік пен теңсіздік көрсеткіштерін қамтиды (1.4.1 ендірме).
1.4.1 ендірме.
ТМД Статистикалық комитетінің
деректері бойынша халықтың
А. Халық кедейшілігінің көрсеткіштері Табалдырықты көрсеткіштер:
Кедейшілік ауқымдары:
Б. Халықтың жеке топтары арасындағы кірістерді (шығыстарды) бөлудегі теңсіздіктер Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) Халықтың квинтильді топтары бойынша кірістерді (шығстарды бөлу).
В. Жеке тұтыну (деңгейі мен құрылымы) 1. Ең аз азық-түлік себетіндегі тамақ заттарының (өнімдерінің) калориялылығы мен құрамы [19] |
Достастық мемлекеттерінің көпшілігінде осы көрсеткіштер ресми қолданылады. Армения мен Грузияда салыстырмалы және субъективті кедейшілік белгіленеді. Беларусьта кедейшіліктің ұзақтығы мен оның әлеуметтік-демографиялық құрылымы ескеріледі. Ресейде үй шаруашылықтар иелігінде ресурстар, күнкөріс минимумынан екі және одан да көп есе аз табыстардағы тақыр кедейлердің саны, орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстар мен күнкөріс минимумының арақатынасы есептеледі. Қырғызстандағы өлшем – тақыр кедейшілік шегі. Украинада – кірістер және шығыстар бойынша кедейшіліктің біріктірілген сараптық бағалары т.с.с [20].
Сонымен, қазіргі кезде ТМД елдері үшін жұмыс істейтіндердің басым көпшілігінің еңбек табыстарының нақты мазмұнын елеулі арттырумен сабақтас өзара байланысты экономиканы көтеру және жұмыспен өнімді қамтылуды ұлғайту айрықша өзекті мәселе болып табылады. ТМД елдеріндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігін бәсеңдететін әзірше шамасы келмейтіні туралы тұжырым жасауға болады. Халықтың осал жіктерінің табыстары мен тұтынуын қамтамасыздандырудың осы саласы, жұмыспен қамтылудан түсетін бастапқы табыстарды қалыптастыру жүйесі сияқты, сондай-ақ реформалауды жалғастыруды қажетсінеді. ТМД елдерінде кедейшіліктің сан түрлі бағалаулары қолданылады. Осы арқылы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әр елдің өзіндік ерекшеліктері көрінеді.
Кедейшілікпен күресу және Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жөніндегі қазіргі бүкіл қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түйіндей келгенде, таяу кезеңге жоспарланған адам дамуы саласындағы мынадай негізгі ұлттық мақсаттарды бөліп атауға болады: