Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Халықтың кедейшілік индексі. Қазақстан үшін залықтың кедейшілік индексі (ХКИ) есептеулері мынаны көрсетеді, 1998 жылы ел халқының 31%, 1999 жылы – 28,1%, ал 2001 ж 23,9% қазақстандықтар ХКИ-ң төрт құрамдас бөлігі бойынша үлестен құр қалды.
Кесте 18. 1998-2001 жылдардағы Қазақстандағы халықтың кедейшілік индексі
1998ж |
1999ж |
2001ж | ||||
Барлығы |
Еркектер |
Әйелдер |
Барлығы |
Еркектер |
Әйелдер |
Барлығы |
31,0 |
32,7 |
32,2 |
28,1 |
30,1 |
29,1 |
23,9 |
2001 жылы халықтың кедейшілік индексі ауыл аймақтары үшін де және қалалық жер үшін де алғаш рет есептелді. 2001 жылы 31% қазақстандықтардың болжалды өмір сүру уақыты 60 жастан аспады; 16 жастағы жастардың 10% оқумен қамтылмады; 10,4% экономикалық белсенді халық жұмыссыз болды және республика халқының 28,4% табыстары ресми күнкөріс минимумынан төмен болды.
Диаграмма 3
ҚР статистика
жөніндегі Агенттігі жүргізетін
12000 үй шаруашылықтарын жыл сайын
ішінара зерттеу деректері
Бұл ретте кедей тұрмысты еңбекке қабілетті халықтың 22,7%-15-24 жастағы жастар. Халықтың елеулі бөлігінің төмен жиынтық табыстары – Қазақстандағы кедейшіліктің маңызды себебі. Республикамыз үшін айрықшалықты нәрсе – “кедейшіліктің” жұмыссыздар үшін де, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық үшін де тән екендігі. ҚР халқының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы бүкіл өтпелі кезең аралығында біршама төмен деңгейде қалып отыр.
Кесте 19. 1998-2000 жж. халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы |
1998 |
1999 |
2000 |
Халықтың ақшалай табысы (айына орта есеппен жан басына шаққанда), теңге |
3020 |
3408 |
3983 |
Күнкөріс минимумының шамасынан төмен табыстардағы халық үлесі, % |
39,0 |
34,5 |
31,8 |
Жұмыс істейтін
халықтың төмен жиынтық табыстарымен
қатар республикадағы кедейшіліктің
маңызды себебі жұмыссыздар үшін
күрделі әлеуметтік-
1.4 Қазақстанда
кедейліктің пайда болу
Қазақстанда кедейлік мәселесі нарық қатынастарына өту нәтижесінде пайда болды. Тұрғындар жаңа экономикалық қатынастарға дайын емес еді, бұл тұрмыс деңгейінің төмендеуінің елеулі факторы болып табылды. Әлеуметтік қоғамның трансформациялануының салдары экономиканың күрт құлдырауына, жұмыссыздыққа, тұрғындарының табысының төмендеуіне және өткір бюджет дефицитіне әкеп соқтырды. Жағдай тек 1996 ж ғана, инфляцияны біршама тоқтатқаннан кейін, ал 1997 жылы ІЖӨ шамалап өсуіне қол жеткізгеннен кейін тұрақтала бастады. Сол уақыт ішінде ақшалай табыстарының атып алу қабілетінің төмендеуіне немесе жұмыстан айрылуына байланысты үйреншікті табыстарынан айрылған тұрғындардың әртүрлі категориялары зардап шекті. Бұрынғы жағдай жақсыдан гөрі жоғары топтардың ішінен дәрігерлер, мұғалімдер, білікті жұмыскерлер – кедейлер пайда болды [24]
Кедейліктің бірмәнді жаппай қабылданған анықтамасы жоқ, кедейліктің анықтамасына бірнеше көзқарастар бар.
Диаграмма 4
Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.
Елдегі қазіргі әлеуметтік-экон
Халықтың табыс деңгейі бойынша теңсіздігі еңбекке ақы төлеудегі айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.
Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:
1) табыстар саласында
ең төменгі әлеуметтік
2) салааралық және салаішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т.б.);
3) республикада орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;
4) ауылдағы еңбекпен қамтылу құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т.б.);
Парламент Сенатының депутаттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ( Министерство труда и социальной защиты населения) Гүлжан Қарағұсовамен кездесіп, Мемлекет басшысының ақпан айындағы халыққа Жолдауында айтылған қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеру мәселелерін талқыға салды. Әлеуметтік жаңғырулардың негізгі қорытындылары туралы айта келіп, министр елімізде халықтың мұқтаждары мен сұраныстарына жауап бере алатын әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі жасалғанын және оның дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде осы саладағы шығын мөлшері үш еседен астам өсіп, биыл 430,8 миллиард теңге болды. Бұл өз кезегінде ең төменгі мемлекеттік стандарттарды көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Әлемдегі ізгі міндеттердің бірі болып табылатын ана мен баланы қорғау еліміздің Ұлттық стратегиясындағы маңызды басымдықтардың бірі. Атаулы әлеуметтік көмек, баланың дүниеге келуіне байланысты бір жолғы жөргекпұл беру өткен жылғы балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесін толықтырды. Кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Ол сонымен қатар, кедейліктен арылуға, жұмыссыздықтың алдын алуға, қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсартуға бағытталған белсенді тәсілдер шараларына да байланысты. Әлеуметтік саланы дамыту бұрынғыша басым сала болып қала береді, алдағы жылы тиісті міндеттерді шешуге 108 миллиард теңге бөлінеді. Сенаторлардың сауалдарына жауап бере келіп, Гүлжан Қарақұсова, әсіресе, зиянды және ауыр еңбек жағдайына орай 1998 жылғы 1 қаңтарда өтілі толғандарға қолдау ретінде зейнетақы жинағын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етуге катысты зейнетақы жинақтаушы жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелеріне назар аударды. Министр жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарын дамытуға, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді тәсілдерін пайдалануға басымдық берілетін еңбекке тарту шараларын жүзеге асыруға байланысты қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын айтты [26].
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды [27].
Қазақстанда кедейшілік
Табыстар бойынша