Кедейшілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың

Оглавление

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать)
    • Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге жәрдемдесу;
    • Кәсіпкерлікті, бәкелестік пен факторлық өнімділікті дамытудың экономикалық және заңнамалық жағдайларын жасау. Бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісінің өсуіне, өндіріске жұмсалатын шығындарды азайтуға және еңбек төлемін көбейтуге септігін тигізуі керек;
    • Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктері үшін зейнетақылар мен атаулы жәрдемақылардың мөлшерлерін айтарлықтай  көбейту.

Осы бағыттардағы прогресс 2005жылғы 1 шілдедегі жағдайға қарағанда  анық байқалып отыр. Мәселен, жалақының  ең төменгі мөлшері 2001 жылы күнкөріс минимумы мөлшерінің 80%-ын, ал зейнетақылар 90%-ын құрады. Бірақ 2004 жылы бұл көрсеткіштер осы деңгейден асып кетті. Ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері (базалық төлемді есептегенде) 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-ға жуық асты. Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2001-2005 жылдардағы аса маңызды көрсеткіштері экономикалық өсу саласы мен халықтың әл-ауқатының артуында оң үдерісті көрсетеді.

 

Диаграмма 6. ҚР кедейлік ахуалын сипаттайтын негізгі индикаторлардың 2001-2005 жж динамикасы (серпіні)

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсуі және макроэкономикалық тепе-теңдік Қазақстан халқының әл-ауқатын баламалы арттыруды қамтамасыз етті. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 2005 жылғы деңгейі 3338,5 долларды құрайтын болады және ол 2000 жылғымен салыстырғанда 2,7 есе ұлғаяды. Бұл орайда халықтың нақты табыстары 43,5%-ға, нақты жалақылары 65,7%-ға, ең төменгі зейнетақы – 2700 теңгеге (1,8есе), орташа зейнетақы 2,1 есеге өседі. 2005 жылы табыстары күнкүріс минимумынан төмен халықтың саны 2000 жылғы 31,8%-бен салыстырғанда 14,3% болады. Ең дәулетті және ең төменгі халықтың 10%-ы табыстарының арақатынасы 2000 жылғы 11,9 есемен салыстарғанда 7,5 есені құрайды. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша дамыған елдерде орын алған арақатынасқа қазірдің өзінде ақ жақындап келеді.

2008 жылдың 1 қаңтардан  бастап ҚР Президентінің халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауына сәйкес зейнетақының мөлшері ұлғайтылады және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етіледі. Осылайша біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуі халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз. Мұның өзі 1млн 675мың іргелік зейнетақы алушыларды қамтиды, әрі оның мөлшері 2008 жылы шамамен бір мың теңгеге немесе 35%-дан аса артады. Ең төменгі зейнетақылық төлемдер 2008 жылы шамамен 1500 теңгеге немесе 15% көбейеді. Зейнетақының мөлшерін бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықтаған кезде әділдік орнату үшін зейнеттік заңнамада көзделген зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу өзгертіледі, ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртебеге дейін арттырылады. Зейнетақыларды есептеу үшін қабылданған табыстарды заңнамалық шектеу есебінен бұрын зейнетақылары төмендетілген жарты млн-ға жуық зейнеткер (483мың адам) өздерінің зейнетақыларына әжептәуір үстеме алады. Ынтымақшыл зейнетақының орташа мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға дерлік артады. Ынтымақшыл зейнетақының ең жоғары мөлшері 2008 жылы 21 713 теңгеге дейін, немесе 76%-ға өседі. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілетін тұрақтандыру үшін зейнетақы төлемдерін индекстеу сақталсын және ол тұтыну бағалары индексінің болжамды өсімімен екі пайыз арттырыла жүзеге асырылады [35]. 

Білім және кедейшілік. Білім адамдардың тұрмыс деңгейі мен сапасына кешенді ықпал етеді. Елдегі білімділіктің анағұрлым жоғары деңгейі өзге бірдщей жағдайларда еңбек өнімділігінің өсуіне, ЖІӨ көлемдерінің ұлғаюы мен кедейшілік ауқымдарының азаюына септігін тигізеді. Кәсіптік білімділік адамдардың өз мүмкідіктерін толығырақ іске асыруларын қамтамасыз етіп, өзге бірдей жағдайларда олардың жұмыспен қамтылуларына, материалдық игіліктерге арқау болады және кедейшіліктің орнау қаупін азайтады. БҰҰ жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз етуге ерекше маңыз еретіні баршаға аян. Даму деңгейі төмен елдерде көбіне кедей тұрмысты адамдардың жағдайларын біршама жақсартуға бастауыш білімнің өзі де жетеді, өйткені сауатты адамдар анағұрлым жоғары еңбек өнімділігін жасауға, жаңа машықтарға үйренуге қабілетті, демек, оларға кедейшілік қаупі азырақ төнеді.

Қазақстанда жалпыға  бірдей бастауыш білім беру мәселесі практика жүзқінде орындалған. 90 жылдардың соңына қарай бастауыш біліммен қамтудың таза коэффициенті 99,5% құрады, соның ішінде ер балалар – 98,8%, қыз балалар – 99,1%, 15-24 жастардағы қазақстандықтар арасындағы сауаттылық еркектерде – 99,9%-ды, әйелдерде 99,9% құрады. Соған қарамастан білім сапысының проблемасы сақталып отыр және балар мен жастарды оқумен толық қамтымау проблемасы пайда болды. Бұл білімнің барлық сатыларынан көрініс тауып отыр [36]. Мектепке дейінгі білімдегі балаларды мектепке дейінгі тұрақты ұйымдармен қамту 90-шы жылдары үш еседен артық кеміді. 15-17 жастағы балаларды оқумен қамтудың деңгейі төмен. Жаңа мыңжылдықтың бас кезіне қарай жалпы орта білім алмаған және еш жерде оқымайтын 15 жастағы шамамен 8%, 16 жастағы 5% және 17 жастағы 7% балалар болды. Ауылдық меендердегі мектептердің тең жарымына жуығы тек бастауыш және орталау білім берумен ғана қамтамасыз етіп, бұл жағдай толық орта білімі жоқ ауыл балалары санының ұлғаюына ұшыратты. Кәсіптік-техникалық мектептердің мамандықтар тізбесі негізінен индустриялық-қалалық жағдайлардағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне нысаналанған, бұл кәсіптік білімнің осы түрінің мүмкіндігін ауылдық мекендегі тұрғындар үшін азайтады. Орта және жоғары кәсіптік білім алу үшін күндізгі оқу нысанының басымдығы кедей тұрмысты адамдардың білім алу мүмкідіктерін шектейді. Кәсіптік білімді бюджеттік қаржыландырудың жетімсіздігі де сондай-ақ кедей отбаслар перзенттері үшін кедергі жасайды [37]. Сарапшылар білім саласындағы өзге де проблемаларды беллгілейді.   Сапалы білім алу үшін ауылдық мекендегі немесе шағын қалалардағы балалардың емес, ірі қалаларда тұратын балалардың мүмкіндіктері молырақ, кедей тұрмыстылардан гөрі тұрмыстылау отбасындағы отбасындағы балалардың мүмкіндіктері көп; жетім балалар мен денсаулықтары осал балалар үлестен көбірек құр қалған. Мектепке дейінгі білім саласындағы нақты теңсіздік күшейе түсті, өйткені оларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ата-аналардың материалдық мүмкіндіктеріне байланысты. Жалпы орта білім беруде аз жабдықталған ауыл мектептерінің саны жылдан-жылға өсуде. Сондағы мұғалімдер өздері алған кәсіптік білімдердің ауқымынан тыс пәндер бойынша сабақтар жүргізуге мәжбүр болады. Жалпы есептегі осындай мектептердің үлесті салмағы 1998-2002 жылдары 6,7%-ға өсті [38].

Тұрақсыз материалдық  жағдай, жұмыссыздық пен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. 2002 жылы жүргізілген кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің білі болып табылатының айғақтайды, он кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының  1,5% атап көрсетті [39].

Бұл орайда кедей тұрмысты отбасыларындағы 59,8% орта мектепті бітірген немесе бітіріп жатқан балалардың оқуды одан әрі жалғастыруда мүмкіндіктері жоқ, осы респонденттердің 76,0% негізгі себеп ретінде ақылы оқуға ақшаның жоқтығын атады. 1999-2002 жылдары жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы кәсіптік білімі бар адамдардың үлесі 8%-дан астам шамаға өсіп, 2002 жылы 60,7%-ды құрады [40]. Әсіресе осы үлес 2002 жылы едәуір ұлғайды (6,7%-ға). Жұмыссыздар арасындағы жоғары және аяқталмаған жоғары кәсіби білімдегі адамдардың үлесті салмағы 2002 жылы 12,2%, орта және бастауыш кәсіптік білім алғандар – 38,1%, ал кәсіби білімдері жоқ адамдар 49,7% болды [41]. Осы деректер еңбек нарығында білім деңгейлері анағұрлым жоғары адамдардың біршама жоғары бәсекеге қабілеттілігі туралы айғақтайды. Оның үстіне, үй шаруашылықтарының материалдық игіліктері отбасы мүшелерінің білім деңгейлеріне тікелей байланысты. Статистикалық деректер үй шаруашылықтарындағы орта есеппен жан басына шаққандағы табыстың үй шаруашылығына кіріс кіргізетін адамдардың білім деңгейлерінің өсу шамасына қарай жоғарылайтынын көрсетеді. Мәселен, 2001 және 2002 жылдары өз құрамында жоғары кәсіптік білімді адамдары бар үй шаруашылықтарының табыстары өз құрамында жалпы орта білімді адамдары бар үй шаруашылықтарымен салыстырғанда шамамен 1,7 есеге көп болған. Үй шаруашылықтарын зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтарындағы отағасы – еркектердің білім деңгейінің бүкіл шаруашылықтар бойынша орташа алғандағыдан төмен екендігін көрсетті. Отбасы қожайындары білімді үй шаруашылықтарындағы үлесті салмақ 2002 жылы жалпы 15,1%-ды құраса, ал кедей тұрмысты үй шаруашылықтарында осы көрсеткіш небәрі 6,0% ғана болды. Керісінше отбасы қожаларының не білімдері жоқ, немесе орта білімі бар үй шаруашылықтарындағы үлесті салмақ жалпы үй шаруашылықтары бойынша 84,9%-ды, ал кедей тұрмысты үй шаруашылықтарында 94,0%-ды құрады. Әйелдер басқаратын үй шаруашылықтарын білім деңгейі бойынша  отағасылық бөлу осы тұжырымды растайды. Зерттеулер нәтижелері сондай-ақ анағұрлым жоғарыбілім, әсіресе қыздар мен әйелдердің білімділігі олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайларының жақсаруына және отбасындағы балалар санын реттеуге арқау болатынын көрсетті. Өзге бірдей жағдайлар кезінде осы факторлар кедейшілік ауқымдарын кемітуге септігін тигізеді. Сонымен қатар адамдардың білім деңгейлерінің экономикалық өсуге ықпалы, адамдардың табыстары мен кедейшілікті азайту бұдан да күштірек болу мүмкін еді. Нарықтық реформалар бастапқы кезеңінде Қазақстан нарықтық экономиканы қалыптастырумен сабақтастырылған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа үрдістерін ескеру арқылы білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін дұрыс анықтай алмады. Бұл жағдай ашылатын жұмыс орындарының саны мен құрылымы және кәсіби білім жүйесінде кадрлау даярлау арасындағы сәйкессіздікпен көрінді. Тұтас бірқатар жылдар бойы  жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері жоғары және арнайы орта білімді мамандардың экономикада жұмыспен қамтылу құрылымына сай болмады. 2001/02 оқу жылында кәсіптік білім беретін оқу орындарын жоғары білімді 59,8% мамандар және арнайы орта білімді 40,2% мамандар бітіріп шықты. 2002/03 оқу жылында жоғары білімді мамандардың үлесі 62,2%-ға ұлғайса, ал арнайы орта білімдердің үлесі 37,7%-ға дейін кеміді. Сонымен бірге 2002 жылы жұмыспен қамтылғандардың осы санаттары арасындағы экономикадағы бөлу 38,7 және 61,3%-ды құрады. Ірі сәйкессіздіктер сондай-ақ мамандықтар бөлігінде кәсіби кадрлар даярлау мен жұмыспен қамтылған мамандар қызметіндегі бағыттар арасында байқалды.

 

Кесте  30. Мамандар даярлап шығару мен біліктілік деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы, 2001ж

Қызмет және мамандық бағыттары

Оқу орындарын бітіріп шыққандар, %

Біліктілік деңгейі  бойынша жұмыспен қамтылғандар, %

       

А. Жоғары кәсіптік сатысы

   

Жоғары кәсіптік білімнің

Жоғары біліктілік деңгейі

 

Барлығы

100

100

 

Соның ішінде:

   

1

Жаратылыс ғылымдары  мен инженерлік қызмет бағыттары

19,6

30,1

2

Биологиялық, ауылшаруашылық қызмет бағыттары және денсаулық  сақтау

8,2

24,5

3

Гуманитарлық-әлеуметтік және қызметтің өзге бағыттары (соның  ішінде экономика және басқару; мәдениет, өнер және сәулет)

72,2

45,4

Б. Орта кәсіптік сатысы

   

Орта кәсіптік білімнің

Орта біліктілік деңгейі

 

Барлығы

100

100

 

Соның ішінде:

   
 

Физика-математикалық  және инженерлік қызмет бағыттары

18,5

18,8

 

Жаратылыс ғылымдары  және денсаулық сақтау

16,6

36,2

 

Қаржы-экономикалық, әкімшілік  және әлеуметтік қызмет бағыттары

64,9

45,0


Жоғары оқу орындарын  бітіріп шыққандардың құрылымында  гуманитарлық-әлеуметтік қызмет бағыттары  бойынша жоғары біліктіліктегі мамандар едәуір басым болды, соның ішінде экономика және басқару, мәдениет, өнер және сәулет саласындағылар, бірақ  республика экономикасында мұндай мамандарға қажеттілік көп төмен еді. Керісінше жоғары оқу орындарын бітіргендердің жалпы көлемінен жаратылыс ғалымдары мен инженерлік қызмет бағыттары бойынша 19,6 %, биологиялық, ауылшаруашылық қызмет бағыттары және денсаулық сақтау бойынша 8,2% адам оқу бітірді. Ал осындай кадрларға экономикадағы қажеттілік анағұрлым жоғары болды (жаратылыс және инженерлік мамандықтар бойынша – 30,1%, биологиялық, ауылшаруашылық бағыттары мен денсаулық сақтау бойынша – 24,5%). Сонымен, республикада бірқатар қызмет түрлерінде біршама жоғары және біршама төмен білімді және/немесе кәсібиліктегі жұмыскерлердің табыстарын теңгеру үрдісі орын алады, ол сапалы еңбекті ынталандыруға нұқсан келтіреді. Жұмыс істейтіндердің білім және біліктілік деңгейі олардың табыстары мен тұрмыстағы тұтыну стандарттары арасындағы өзара байланыстың талдауы, адам әлеуетіне инвестиция жасаудың тиімділігін арттыра отырып, табыстар жөніндегі мемлекет саясатының икемді құралына айналуы мүмкін.

Кедейшіліктің гендерлік  құбылыстары. Қазақстан дамуының қазіргі заманғы кезеңінде жүргізілетін экономикалық және әлеуметтік реформалардың басты мақсаты қоғам және адам дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Осындай даму әлеуметтік жайлылық пен теңдікті ұйғарады. Қазақстанда білім саласында жыныстар теңсіздігі жоқ, сондықтан білімнің барлық деңгейлерінде гендерлік теңсіздікті жою міндеті біздің елімізде орын алмаған. Қазақстандағы гендерлік теңсіздік, негізінен, саяси және экономикалық салалардан аңғарылады. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің жынысына қарай кемсітушіліксіз теңдігін ең алғаш БҰҰ Жарғысы жариялады (1945ж) және ол осы заманғы кезеңде даму мүдделеріне қатысты әйелдер мен еркектер арасындағы серіктестік қатынастардың жетістігі ретінде қаралады. Әйелдердің жағдайына қатысты БҰҰ-ң Төртінші Дүниежүзілік конференциясы (Пекин 1995ж) жыныстар теңдігін тұдырымдады, ол тіршілік әрекетінің барлық салаларында олардың нақты және тең құқықты серіктестігін іске асыру мақсатында қоғамды қайта құру мен еркектер мен әйелдер арасындағы қатынастарды өзгертудің қажеттілігін көрсетеді. Реформалау үдерістерді республикадағы экономика және әлеуметтік саланың барлыққ секторларында түгел дерлік, еңбек нарағында еркектер мен әйелдер жағдайларының елеулі айырмашылықтарын, табыстар, тұрмыс деңгейі бойынша дифференцияция туындатты. Қаржы, несие ресурстарына, меншікке соның ішінде жер және жылжымайтын мүлікті иелену мүмкіндігі бойынша әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылыққа қатысты факторлар жа өз әсерін тигізді. Өтпелі кезеңнің  салдары саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы гендерлік теңсіздікті күшейтті, олар мына себептерге байланысты:

  • Еркектер мен әйелдердің еңбек нарығындағы, жұмыспен қамтылу саласы мен әлеуметтік еңбек қатынастарындағы жағдайларына;
  • Капиталға, меншік пен билікке қол жеткізу мүмкіндігіне;
  • мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауға әйелдер мен еркектердің қатысуына;
  • отбасылық табысты және уақыт ресурстарын бөлу кезіндегі үлесіне.

Барлық осы көрсеткіштер бойынша әйелдердің мүмкіндігі еркектердің  мүмкіндігімен салыстырғанда анағұрлым шектеулі болып шықты. Әйелдердің білімділік деңгейінің еркектерден анағұрлым жоғары болғандығына қарамастан жалпы экономика салалары бойынша жал шартымен жұмыс істейтін адамдардың жалпы санында әйелдердің әлдеқайда төмен үлесі байқалады. Еркектер мен әйелдердің еңбек төлеміне қатысты гендерлік айырмашылықтар соңғы онжылдықта одан сайын ұлғая түсті. Мәселен, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бас кезінде жалпы республика бойынша әйелдердің орташа жалақысы еркектердің орташа жалақысының 70%-н құраса, ал 2004 жылға қарай ол 61,7% болды. Осы арақатынас мынадай белгілермен анықталады, әйелдер анағұрлым төмен еңбек төлеміндегі секторларда көбірек шоғырланған, еркектер сектор ішіндегі экономикалық қызмет түрлері бойынша әлдеқайда жоғары еңбекақы төленетін қызметтерді атқарады. Мәселен, осы арақынас 2003 жылы өнеркәсіпте – 67,9%-ға, қаржы қызметінде – 61,4%-ға, мемлекеттік басқаруда – 76,1%-ға, білім саласында 84,6 %-ға тең болды. Айлық азырақ төленетін әйел еңбегі басым салаларда (білім және денсаулық сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылық) еркектер мен әйелдердің еңбек төлеміндегі айырмашылық ең аз.

Информация о работе Кедейшілік