Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кедейшілікі жою мүмкіндігінің индикаторы ретінде кедей тұрмыстыларға атаулы көмек көрсету арқылы кедейшілік тереңдігі қызмет атқара алады. Кедейшіліктен арылуға арналған ең төменгі шығындарға бөлінетін атаулы трансферттер кедейшілік тереңдігі көрсеткішінің барлық жеке мәндерінің (халықтың жетіспейтін барлық табыстарының немесе тұтыну көлемдерінің) сомасы ретінде есептелуі мүмкін, яғни тұрмыс деңгейі кедейшілік шегіне жетуі үшін әрбір кедей адамға қанша қосымша төлем жасау керек екендігі есептеп шығарылады. Ал егер мемлекет кімнің кедей емес екендігі туралы нақты деректермен қамтамасыз етілмесе, онда ешкімің кедей емес екендігіне сенімді болуы үшін кедейшілікті жоюға мемлекетке ең жоғары шығындар төлеуге тура келеді. Мүлтіксіз атаулы көмек кезіндегі ең жоғары шығындарға қатынасы PG тең. Атаулы жолданатын көмек көрсетілген жағдайда кедейшіліктің осы көрсеткіші кедейшілікпен күрес жүргізуге жұмсалатын шығындарды әлеуетті үнемдеудің индикаторына да айналады.
Кедейшілік өткірлігі “қоғамдағы ең кедей тұрмысты адамның қаншалықты кедей екендігін” анықтайды, яғни кедей тұрмысты халық арасындағы теңсіздікті айқындайды және кедейшілік проблемасының күрделілік дәрежесін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігінің дәрежесі неғұрлым жоғары болса, кедейшілік проблемасы да соғұрлым күрделі болады. Кейбір елдерде кедей тұрмысты халықтың үлесі жоғары болса да, кедейшіліктің тереңдігі таяз (кедей тұрмыстылардың көпшілігі кедейшілік шегінен тек аз ғана төмен боғанда) болу ықтимал, ал өзге елдердегі кедей тұрмыстылардың төмен үлесі кедейлер болып табылатындардың жоғары тереңдіктегі кедейшілігімен қатар жүреді (кедейшілік шегінен төмен тұрмысты халық біршама аз, бірақ олардың табыс деңгейі өте төмен болатын кезде). Кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі әсіресе кедейшілік деңгейін азайту жөнінде ұлттық стратегиялар әзірлеу үшін маңызды. Қабылданған шаралар кедейлер санын (кедей тұрмысты халықтың үлесін) өте нәтижелі азайтуы мүмкін, бірақ, оған кедейшілік шегімен салыстырғанда ең аз кедейшіліктегі адамдарды кедейшіліктен шығарудың есебінен (кедейшілік деңгейіне төмен ықпал жасау) қол жетуі мүмкін. Мемлекет тарапынан жасалатын араласулардың өзге үлгілері ең кедей тұрмыстылардың проблемаларын шешу үшін жараулары ықтимал, бірақ олардың кедей тұрмысты халықтың жиынтық үлесіне тигізетін ықпадлы мардымсыз болады (ең кедей тұрмысты адамдардың табыстарының деңгейі тек кедейшіліктің шегіне ғана жақындайтын, бірақ одан шықпайтын кезде). Кедейшіліктің барлық үш өлшемін: жалпы санын, кедейшілік шегінен алшақтығын және кедей тұрмыстылар арасындағы теңсіздік дәрежесін зерттеу үшін, яғни кедейшіліктің таралу ауқымдарының барынша толық сипаттамасын алу үшін а=0,1,2* кезінде Фостер – Грир – Торбек көрсеткіші қолданылады. Фостер – Грир – Торбек сыныбы көрсеткіштерінің табыстар бойынша кедейшілік ауқымдары мен тақыр кедейшілікті бағалауға мүмкіндік туғызатынын атап көрсету қажет. Ал кедейшіліктің өзге аспекттерін бағалау кезінде кедейшіліктің әр түрлі көріністерін ескеру мүмкіндік жасайтын көрсеткіштерді пайдаланған орынды, олар тек табыстың жеткіліксіздігі ғана емес, сонымен бірге адамның негізгі әлеуметтік физиологиялық қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылмауы, сондай-ақ білімнің белгілі бір деңгейімен толық қамтамасыз етілмеуі, өлім-жітімнің көбеюі және әлеуметтік қауіпсіздік пен адам дамуының өзге де аспекттерінің төмендеуі.
Теңсіздік көрсеткіштері де сондай-ақ кедейшілікке қатысты хал-жағдайды талдауға көмектеседі. Кедейшіліктің құрамдастырылған көрсеткіштері ерекше қатардан орын алады, олар ортақ бөлімге арнайы формула бойынша келтірілген тұрмыс деңгейінің жеке көрсеткіштерінің әлдебір ең төмен табалдырықты мәндерінің құрамаларынан тұрады. Мәселен, БҰҰ Даму Бағдарламасы халықтың жоқшылық индексін (ХЖИ - ИНН) ұсынды, оның құрамына жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай әркелкі көрсеткіштер кіруі мүмкін болады. БҰҰДБ адам дамуы туралы 1997 жылғы Баяндамасында дамушы елдерге арналған халықтық жоқшылық индексі (ХЖИ-1) қарастырылды, онда адам өмірінің үш аспекті көрсетілген (олар адам дамуының индексінің (АДИ) есебіне де кіреді, атап айтқанда, ұзақ өмір сүру, білім алу және лайықты тұрмыс деңгейі). ХЖИ-1 және ХЖИ-2 сәйкестігіне қарай дамушы және дамыған елдердегі кедейшілікті сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер. Қазақстан үшін олар толық жарай бермейді. Соғған байланысты адам дамуы туралы 2000 жылғы қазақстандық есепте халықтың кедейшілік индексі енгізілді. Адамның ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айырылу дәрежесін бағалау үшін оны есептеу кезінде “60 жасқа дейінгі өмір сүрмейтін халықтың пайыздық үлестегі” көрсеткіші пайдаланылады. Қазақстанда тиісті білім алу мүмкіндігінен айырылу дәрежесінің көрсеткіші ретінде “оқумен қамтылмаған 16 жастағы жастардың пайыздық үлесі бойынша” көрсеткіш пайдаланылды. Оның себебі былай, республикада балалар 6-7жаста метепке барады және орта білім алу үшін 11 жылдық оқу кезеңі кезінде 16 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің оқуды жалғастыруы тиіс екендігін күту керек. Бірақ, 9-шы сыныптан кейін оқуды тастағандар аз емес, демек, олардың оқужы жалғастыру мүмкіндіктері жоқ деген сөз. Одан әрі ХКИ есептеу кезінде “тұтыну деңгейлері күнкөріс минимумынан төмен тұрмысты халықтың пайыздық үлесі” көрсеткіші пайдаланылады, өйткені осы кезеңге дейін халық табыстарының деңгейін анық бағалау мүмкін емес. ХКИ есептеуде қолданылатын соңғы көрсеткіш – “экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыздық үлесі”. Кедейшілік анықтамасы мен өлшеміне қолданылатын осы аталған және өзге тәсілдердің өз кезегінде түрлі қырлары мен реңдері бар, олар осындай тәсілдердің, жалпы санын бірнеше ондықтарға дейін көрсетеді.
Өтпелі кезеңдегі кедейшілік. Шығыс Еуропа және ТМД-ң барлық елдеріндегі кедейшілік ауқымдарының ұлғаюы ұқсас себептермен анықталады, олар: нарыққа көшуге байланысты экономикалық және әлеуметтік күйзелістер, соның салдары ретіндегі - өндіріс пен табыстың төмендеуі. Бұл ретте өтпелі кезеңдегі кедейшілік деңгейі өсуінің таза сандық аспекті негізгі екі фактор арқылы белгіленеді: ұлттық табыс деңгейінің төмендеуі және оны бөлудегі өзгерістер. Егер Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа мен Балтия елдеріндегі қайта өсуге дейінгі өндіріс деңгейінің төмендеуі 15%-ға жуық шаманы құраса, ТМД елдеріндегі оның жиынтық құлдырауы орта есеппен 50% дерлік шамаға жетті. Өндіріс көлемдерінің соншалық елеулі төмендеуі кедейшіліктің күрт өсуіне ұшыратты. Бұдан басқа, барлық елдерде нарыққа көшудің күткен нәтижесі кедейшілікті тудыратын негізгі фактор – табыстар бойынша теңсіздіктің ұлғаюы болды. Бірқатар мемлекеттерде теңсіздіктің өсуі теңдессіз болып, болжалданған деңгейден едәуір асып кетті. Соңғы уақытта кедейшіліктің дәстүрлі көріністерінен басқа жаңа аспекттері пайда болды, ол – абсолютті кедейшілік ауқымдарының тұрақты деңгейде сақталуы кезінде ұлттық табысты бөлудегі теңсіздіктің күшеюі.
Кедейшіліктің негізінен сан жағынан ұлғаюына ұшыратқан факторлар ретіндегі өндірістің құлдырауы мен теңсіздіктің өсуінің сыртында экономикалық, әлеуметтік және саяси үдерістердің күрделі өзара іс-қимылдары бүркеніп жатыр. Жоқшылықтың пайда болуын шақыратын негізгі фактор тұрақты табыстан айырылу болып табылады. Кедейшіліктің негізгі себебі ретінде жұмыспен қамтылудың қанағаттанарлықсыз жағдайы саналады, мәселен, ақы төленетін жұмыстан айырылу, орындалған жұмысқа төлем жасамау немесе жаңа нарықтық экономикада бәсеке үшін қажет машықтардың болмауынан табыстың жеткіліксіз мөлшері. Өндірістің динамикасы мен ұлттық табысты анықтайтын негізгі факторлардың бірі – елдер жүргізетін экономикалық реформалардың тереңдігі мен сапасы. Бұл ретте географиялық жағдай, ресурстардың юолуы, экономикадағы бастапқы бұрмалаулардың ауқымы сияқты осындай бастапқы талаптар; институттардың өтпелі кезеңнің бастапқы жағдайындағы жай-күйі; сондай-ақ мемлекеттердің саяси жүйесінің сипаты маңызды факторларға айналады. Осы факторлар реформалар саясатын таңдауға және елдердің соларды іске асыру қабілетіне елеулі ықпал жасайды. Өндіріс көлемі өзгеруінің реформалар саясатын таңдауға тәуелділігі реформаларды таңдау мен кедейшілік арасындағы байланыстан көрініс табады: өнім шығаруды анағұрлым жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз ететін дұрыс тәсілдер кезінде кедейшіліктің деңгейі төмен болады. Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі реформалардың баяу жүргізілу барысында немесе оларды ішінара жүзеге асыру кезінде байқалады.
Сонымен, Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі кедейшілік проблемасын шиеленістірген негізгі фактор өтпелі үдерістен туындаған әлеуметтік-экономикалық күйзелістер болып табылады және олар өндірістің құлдырауы мен мемлекет бюджетінің де, сондай-ақ үй шаруашлықтарың да табыстарының азаюына ұшыратты. Экономикалық дағдарыстың нәтижесінде қоғамның табыстар бойынша жіктелуі күшейе түсті. Табыстардың жалпы құлдырау жағдайындағы экономикалық теңсіздіктің тереңдеуі табыстарды бөлудің төмен бөлігінде болғандардың азайып келе жатқан ресурстардан бұрынғыдан да аз үлесті алуларына әкелді. Өндірістің қысқаруы мен теңсіздіктің тереңдеуі сияқты осы көрсетілген факторлар көп жағдайда кедейшіліктің сан жағынан өсуін түсіндіретініне қарамастан, олар астарында экономикалық, әлеуметтік және саяси үдерістердің күрделі кешені жасырынып жатқан тікелей себептер болып табылады. Өйткені кезеңнің бас кезінде кедейшіліктің өсуі кәсіпорындардың тоқтауымен, мәжбүрлі демалыстармен, жұмыссыздықпен, инфляциямен, бағаларды ырықтандырумен сабақтасты. Макроэкономикалық шаралар мен тәсілдер үй шаруашылықтарының жағдайына негізгі үш аспектте ықпалд етулері мүмкін: үй шаруашылықтары табысының негізгі көзі ретіндегі табыстың өзгерістерімен көрінетін жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруі; нарық белгілейтін табысқа сәйкестендіруге мүмкіндік туғызатын әлеуметтік трансферттердің күр қысқаруы; сондай-ақ үй шаруашылықтары тұтыну себетінің құрамы мен сатып алу қабілетіне ықпал ететін салыстырмалы бағалардың өзгеруі. Кейбір айқын ұқсастықтарына қарамастан, еуропа және Орталық Азия аймағындағы өтпелі экономикалы елдер табыс деңгейін, демографиялық құрамын, кенттену дәрежесін, еңбек нарығының бейімделу үлгісін, мемлекеттік трансферттердің дамы мен атаулылығын қосқанда, көптеген параметрлер бойынша бір-бірінен елеулі айырмашылықтар арқылы өзгешеленеді. Сондықтан осы мемлекеттердегі кедейшіліктің құрылымы да әркелкі болады деп болжау қисынға келеді. Алайда ол барлық аймақ бойынша біршама біртекті болады. Қауіптің аса маңызды факторлары жұмыспен қамтылу, адамның жасы мен тұратын жері болып табылады.
1. Жұмыспен қамтылу - отбасы басшысының жұмысы жоқ болғанда немесе экономикалық белсенділік танытпағанда, ұалған халыұпен салыстырғанда кедейшіліктің анағұрлым жоғары қаупімен ұшырасатын үй шаруашылықтары. Жұмыссыздықтың деңгейі білім деңгейімен байланысты: тек бастауыш білімдері ғана бар адамдар орта мектеп және одан жоғары білімдері бар адамдармен салыстырғанда кедейшіліктің жоғары қаупіне душар болады.
2. Көпшілік елдерде
тараған пікірге қарамастан, жасқа
қарай, қарттармен
3. Тұратын жер
– көпшілік мемлекеттерде ауыл
халқы мен қала халқымен
Нарыққа көшу үдерістері
Қазақстандықтардың тұрмыс
Соңғы онжылдықта әлеуметтік
сала – денсаулық сақтау, білім,
ғылым, мәдениет елеулі
60%-дан астамының
орта есеппен жан басына
Экономикалық дағдарыстан
Кесте 16. 1996-2001 жылдардағы теңсіздік көрсеткіштері
Жыл |
Джини коэффициенті |
Қорлар коэффициенті |
1996 |
0,319 |
- |
1997 |
0,338 |
10,2 |
1998 |
0,347 |
11,3 |
1999 |
0,340 |
11,0 |
2000 |
0,343 |
11,9 |
2001 |
0,348 |
11,3 |
2002 |
0,312 |
9,8 |
Экономикадағы оң үдерістегі байланысты елдегі кедейшіліктің деңгейі де біртіндеп төмендей бастады. ЖІӨ динамикасын және Қазақстандағы экономикалық дамудың нәтижелері мен елдегі кедейшілік жағдайын көрсететін кедей тұрмысты халықтың үлесін көрсетеді (кедей тұрмысты халықтың үлесі күнкөріс минимумынан төмен тұрмыс кешетін халықтың үлесімен анықталады). Диаграммадан экономикалық өсудің мемлекеттегі кедейшіліктің деңгейіне ықпал ететін маңызды фактор болып табылатынын көреміз. Алайда, экономика дамуының оң үрдістеріне қарамастан, кұнкөріс минимумының шамасы орташа айлық жалақымен салыстырғанда анағұрлым баяу қарқындармен өсуде. Егер 1998 жылы осы алшақтық 2,9 есені құраса, ал 2002 жылы 4,3 есеге жетті.
Диаграмма 2
Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі сандық көрсеткіші табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі болып табылады, 2002 жылы күнкөріс минимумының шамасы айына 4761 теңге болды, ол ҚР Ұлттық банкінің осы кездегі ресми бағамы бойынша күніне 1 АҚШ долларынан сәл жоғары шаманы, ал ұлттық валюталардың СҚП бойынша – күніне 4,7 АҚШ долларын құрайды.
Кесте 17. 1996-2002жж. Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіші, %
Кедейшілік көрсеткіштері |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
Табыстары күнкөріс минимумы шамасынан төмен халықтың үлесі |
34,6 |
38,3 |
39,0 |
34,5 |
31,8 |
28,4 |
24,2 |
Табыстары азық-түлік себетінің деңгейінен төмен халықтың үлесі |
- |
12,7 |
16,2 |
14,5 |
11,7 |
11,7 |
8,9 |
Кедейшілік тереңдігі |
11,4 |
12,1 |
12,8 |
13,7 |
10,3 |
7,8 |
6,1 |
Кедейшілік өткірлігі |
5,2 |
3,1 |
3,8 |
5,5 |
4,0 |
3,1 |
2,2 |
Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөріс минимумының шамасы |
2821 |
3120 |
3336 |
3394 |
4007 |
4596 |
4761 |