Кедейшілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың

Оглавление

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

Еліміздегі  кедейлік деңгейінің дәйекті түрде  төмендеу үрдісіне қарамастан, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы балалардың үлесі әлі де жоғары – 62,6%. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2005 жылғы 28 маусымда «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес бала тууына байланысты (2003 жылдан бастап) берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақымен қатар Заң бойынша қосымша жәрдемақының жаңа екі түрі енгізілді:

- отбасының  табысы ескерілмей 3 АЕК-тен 4,5 АЕК-ке  дейінгі мөлшерде төленетін, бір  жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі (2006 жылғы 1 шілдеден бастап) жәрдемақы;

- және 18 жасқа  дейінгі балаларға 1 АЕК мөлшерінде (үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан  бастап төленеді) төленетін жәрдемақы.  Бұл жәрдемақыны тағайындау критерийі  азық-түлік себетінің құнынан төмен табыс – ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % болып табылады. Бұл ретте, балаларға арналған жәрдемақы алатын отбасы аз қамтылғандар санатынан шықпаса оған қосымша атаулы әлеуметтік көмек төленеді.

Балалы отбасыларға  әлеуметтік қолдау жасау саласындағы заңдардың іске асырылуына жасалған мониторинг жергілікті атқарушы органдар жұмысында мынадай:

– отбасының  жиынтық табысын анықтау;

- бюджеттік  қаражатты қалдықты принциппен  қаржыландыру, тиімсіз жоспарлау  және пайдалану; 

- аудандық бөлімдер  жұмысының жеткіліксіз деңгейде ұйымдастырылуы, ақпараттық жұмыстың нашар болу мәселелерінде бірқатар кемшіліктер анықтады.

Сондай-ақ, семинар-кеңесте  мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында  заңдарды іске асыру мәселесі де қаралды. Кемтар азаматтарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат оларға өзге азаматтармен бірдей қоғамның өміріне қатысуға тең мүмкіншіліктер туғызу, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатта 2005 жылы мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруді, әлеуметтік қолдауды күшейтуді және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» жаңа Заң қабылданды, 2006 жылы «2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы бекітілді».

Осыған орай, басты назар 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне, оны іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысында орын алған кемшіліктерге, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындау мәселелеріне аударылды.

Семинарда қаралған маңызды мәселелердің бірі – Семей  ядролық сынақ полигонындағы  ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы заңдарды іске асыру.

2006 жылдан бастап 1949 жылдан бастап 1990 жылға дейін  төтенше және ең жоғары радиациялық  қатер аумақтарында тұрып жатқан  және тұрған жұмыс істейтін  және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қайта басталады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың алдында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, бұрын өтемақы алған адамдардың деректер қорын жаңғырту, азаматтарға өтемақыны қайта төлеу фактілеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бойынша жұмысты қамтамасыз ету міндеттері қойылған.

Семинар-кеңестің жұмысында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Экономика  және бюджеттік жоспарлау, қаржы, денсаулық сақтау, білім және ғылым, индустрия және сауда министрліктерінің өкілдері, облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінің, протездік-ортопедиялық орталықтардың басшылары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қатысты.

Жұмыстың нәтижелері бойынша семинар-кеңес қатысушылары жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін одан әрі  арттыру жөніндегі ұсынымдарды:

- кедейлік мониторингінде және халықтың «әлеуметтік осал» санаттарының жеке қажеттіліктерін анықтау;

- Қазақстан  Республикасы Президентінің тапсырмаларын  және Үкіметтің әлеуметтік саясатын  мынадай мәселелер бойынша: аз  қамтамасыз етілген халықтың, объективті  себептермен өзін дербес қамтамасыз ете алмайтын санатына материалдық көмек көрсету;

- аз қамтамасыз  етілген халықтың еңбек етуге  қабілетті бөлігі үшін біліктілікті  арттыру, қайта оқыту және өнімді  жұмыспен қамтуға ықпал ету  негізінде кедейлік шеңберінен  белсенді шығу мүмкіндіктерін кеңейту іске асыру үшін нақты жағдайлар жасауды мақұлдады [8 ].

ҚР Президентінің  халыққа жолдауы бойынша 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы  мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есеге арттырылады. Баланың бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:

  • тұңғыш бала туғанда – 5790 теңгеге дейін, немесе 177%-ға;
  • екінші бала туғанда – 6369 теңгеге дейін, немесе 167%-ға;
  • үшінші бала туғанда – 6948 теңгеге дейін, немесе 159%-ға;
  • төртінші және одан көп бала туғанда – 7527 теңгеге дейін, немесе 153%-ға көбейтіледі.

Балалы отбасыларын  қолдауға қажетті қосымша қаражат 9,5 млрд теңгені құрайды. Бұдан бұрын  қабылданған шаралар еліміз халықының  тұрақты өсуіне қол жеткізуге  жағдай жасады. Мәселен, 2000 жылы 220 мың бала туса, 2006 жылы 290 мың бала туған. 2005 жылы ғана халықтың табиғи өсімі туу есебінен 121 мың адамды құрады [9].

2000 жылдан бастап Қазақстандағы  кедейлік ауқымының қысқаруына  көп көңіл бөлінуде. Сонымен 2000-2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламада жұмыс орындарын құру арқылы кедейлікті азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Оны жүзеге асырғаннан кейін Үкімет 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны қабылдады, онда кедейлікті азайтудың маңызды факторы жалақы мен зейнетақыны олардың ең төмен деңгейін дәйекті түрде көтеру негізінде өсіру, сондай-ақ халықтың төмен табысты деңгейіне атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Тұтастай алғанда кедейлік ауқымы елде қысқарып келеді. Бірақ осы процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кедейлік себептерін және оның қысқару факторларын анық көре білу керек. Республикадағы кедейлік ауқымы туралы қолда бар статистикалық деректер оның ең жоғары мөлшері 1998 жылдары байқалғандығын көрсетеді, ол кезде халықтың 39%-ының тұтынуға пайдаланған табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен болды. Келесі жылдары бұл үлес біртіндеп төмендей берді, 2003 жылы ол 19,8% құрады.

Кесте 6. Қазақстандағы кедейлік деңгейі табыс тұрғысынан қарағанда

 

Кедейлік ауқымы, %

Кедейлік тереңдігі, %

Кедейлік шегі, %

Қор коэффициенті, есе*

Джини коэффициенті (халықтың 20%-дық топтары бойынша)*

Джини коэффициенті (халықтың 10%-дық топтары бойынша)*

1996

34,6

11,4

5,2

0,319

-

1997

38,31)

12,1

3,1

10,2

0,338

-

1998

39,01)

12,8

3,8

11,3

0,347

0,376

1999

34,5

13,7

5,5

9,4

0,332

0,350

2000

31,8

10,3

4,0

8,3

0,307

0,323

2001

28,4

7,8

3,1

8,8

0,322

0,339

2002

24,2

6,1

2,2

8,1

0,312

0,328

2003

19,8

4,6

1,6

7,4

0,300

0,315

2003 1-тоқсан

25,3

6,8

2,7

8,5

0,315

0,331

2003 2-тоқсан

14,6

3,1

1,0

9,2

0,324

0,341

2004 1-тоқсан

19,1

4,3

1,5

7,4

0,297

0,312

2004 2-тоқсан

19,9

4,8

1,7

8,2

0,311

0,327


* Бұрын  жарияланған статистикалық деректер  әдіснаманы нақтылауға байланысты  өзгертілген. 1999-2003 жылдар аралығындағы серпінділік қатардың есептері жыл бойы зерттеуге қатысқан үй шаруашылықтары бойынша біртұтас әдістеме бойынша жүзеге асырылған. 
1) 1999 жылы енгізілген тұтыну нормативтері бойынша қайта есептелген.

1996-2004 жылдар  бойында кедейлік индикаторларының серпіні республикада кедейліктің оның таралу ауқымы, тереңдігі және шегі сияқты барлық үш аспектісінде қысқарғандығын көрсетеді. Табыстағы теңсіздік көрсеткіштері – қорлар коэффициенті және Джини коэфициенті – сондай-ақ елеулі қысқарып отыр. Мәселен, Джини коэффициенті халықтың 10%-дық топтары бойынша 1998 жылы 0,376 шамасынан 2003 жылы 0,315 мәніне дейін азайды. 2001-2004 жылдардағы кедейлік деңгейі көрсеткіштері 2001 жылы енгізілген тұрмыс деңгейі мәселелері бойынша үй шаруашылықтарын зерттеудің жаңа желісінің деректері, сондай-ақ баламалылық шкалаларын пайдалана отырып кедейлікті бағалаудың өзгерген әдіснамасы негізінде анықталды. Республикада жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыс бойынша елеулі өңірлік алшақтық байқалады. Олардың ең жоғары және ең төменгі мәндерінің ара қатынасы өңірлер бойынша 2003 жылғы екінші тоқсанда 3,4 есе құраса, ал 2004 жылы 2,9 есе қысқарды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін саралау екі есе аз, бірақ сондай-ақ жеткілікті ауқымда (2003 жылдың 2 тоқсанында – 1,6 есе, 2004 жылы – 1,5 есе). Тұтынуға пайдаланылған табыстың өсуі 110,9% құрады. Бірақ күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 3,0% өсті, яғни тұтынуға пайдаланылған табыстың нақты өсуі тек қана 7,9% құрады. 2004 жылдың екінші тоқсанында табыс күнкөрістің ең төменгі деңгейінен орта есеппен 1,4 есе жоғары болды. Табыстың өсу қарқыны жыл сайын күнкөрістің ең төменгі деңгейінің өсу қарқынан 7,7% асып отырса (2004 жылдың екінші тоқсанында болғандағыдай) республика бойынша сегіз жылдан кейін табыс күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 2,5 есе асып түседі. Бірақ бұл кедейліктің жоғалуына әкелмейді, өйткені өңірлер бойынша олардың ара салмағында (сатып алу қабілеттілігінде) ерекшеліктер сақталуы мүмкін; қазір олар 2,6 есе құрайды.

Еңбек табысы халықтың барлық ақшалай табысының дерлік үштен төрт бөлігін құрайтындығын ескеретін болсақ, оның ішіндегі екіден үш бөлігінен астамы – жалдамалы қызметкерлер табысы, онда кедейліктің бар болуында жұмыссыздық маңызды роль атқаратындығын мойындау қажет. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы екінші тоқсандағы деректері бойынша есептері халықтың жұмыссыздығы мен кедейлігі деңгейінің арасында күнкөрістің ең төменгі деңгейіне қатысты айқын байланыс болған (осы екі көрсеткіштер арасындағы корреляция коэффициенті 0,5 құрады). Есептен көріп отырғандай жұмыссыздықтың 1 пайыздық пунктке төмендеуі кедейліктің 4,2 пайыздық пунктке қысқаруын қамтамасыз етеді. 2004 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық пен кедейлік арасында айқын емес, яғни біркелкі байланыс байқалады (корреляция коэффициенті 0,33 құрады). Регрессияның теңелуі жұмыссыздықтың 1 пайыздық пунктке қысқаруының өте маңызды еместігін көрсетті. Ол кедейліктің 3 пайыздық пунктке қысқаруына әкеледі. Жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын үй шаруашылықтарына көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Біз қарастырып отырған кезеңдерде кедейлік шегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 40% құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2003 жылдың екінші тоқсанында адам басына шаққанда бір айда орташа мөлшермен 1120 теңге АӘК алатын АӘК алушылар саны 652 мың адамнан асты. Бір жылдан кейін АӘК алушылар саны 470 мың адамға дейін азайды, адам басына шаққандағы бір ай ішіндегі АӘК мөлшері 1110 теңгеге дейін азайды. 2003 және 2004 жылдардың екінші тоқсанында АӘК алушылар саны өте кедей адамдар санына пайызбен - тиісінше 39,1 және 47,6% құрады. Осылайша, елімізде кедейлік табыс тұрғысынан қарағанда азаюда. Алайда оның деңгейі жоғары болып қалуда. Кедейліктің азаюына күнкөрістің ең төменгі деңгейіне қарағанда табыс деңгейінің артуы, жұмыссыздықтың азаюы және жеткілікті атаулы әлеуметтік көмек көрсету өз ықпалын тигізуде. Табыс пен күнкөрістің ең төменгі деңгейі және кедейлік арасындағы ара қатынас тығыз - 0,9 деңгейде екендігін есептер көрсетуде. Кедейлікті жою үшін халықтың орташа табыс деңгейін күнкөрістің ең төменгі деңгейімен салыстырғанда бір жарымнан екі жарым есеге дейін көтеру қажет, бұған біздің есептеуіміз бойынша сегіз жыл кетуі мүмкін.

Жұмыссыздықты азайту кедейлікті азайтуға да әсерін тигізеді. Біздің есебіміз бойынша жұмыссыздықты 2,8%-ға дейін азайту, бұл фактордың кедейлікке тигізетін әсерінің мүлде жойылуына әкеп соқтырады. Яғни, бұл көрсеткіштің мәнділігі төмендей бастайды. Мұнымен қатар еңбек ақы төлеу рөлі артады. Мұны ҚР Статистика жөніндегі агентігі жүргізген үй шаруашылықтарын сұрау нәтижелері де дәлелдеді. Табысы төмен үй шаруашылықтарының жартысы 2003 жылғы кедейліктің негізгі себебі - төмен еңбек ақы десе, ал үштен бірі - жұмыстың жоқтығы деп жауап берді.

"АӘК деңгейі", яғни, АӘК алушылар санының орташа  республикалық көрсеткішпен салыстырғандағы  өте кедей адамдар санына қатынасы  кедейліктің ең төмен деңгейімен қалыпты байланысты көрсетеді (корреляция - 0,46-ға тең). Кедейлікке байланысты корреляция азық-түлік қоржыны бойынша пайызбен - 0,33 болды. Мұның өзінде бұл көрсеткіштің орташа республикалық мәнге қарағанда 2 есе артуы шектен шыққан кедейлікті 18,4%-ға азайтады. Кедейлік себебін үнемі бақылау және оның азаюына ықпал ететін жекелеген факторларды бағалау бұл процесті басқаруға мүмкіндік беріп, еліміздегі кедейлікті азайту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

       Қәзіргі кезде республикада халқын әлеуметтік қорғау жүйесі негізгі  екі элементтен тұрады: әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қызмет көрсетулер. Әлеуметтік төлемдер әлеуметтік қамсыздандыру (зейнетақылар төлеу және мемлекеттік жәрдемақылар) мен әлеуметтік көмекті (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйге берілетін көмек, тағы басқалары) қамтиды. Әлеуметтік қызмет көрсетулерге протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтатасыз ету, дәрігерлік әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетулер, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі оң өзгерістерге қарамастан, мемлекеттік жәрдемақы мөлшері, негізінен күнкөріс минимумынан сәл-ақ жоғары. Атап айтқанда, 2002ж 1 қаңтарында енгізілген мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі табыс деңгейлері “кедейшілік шегінен” немесе күнкөріс минимумынан 40% -н аспайтын халықтың ең аз қамсыздандырылған жіктеріне көрсетіледі. Атаулы көмектің отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2002 жылы 998 теңгені құрады. 1,137 млн қазақстандықтар 2002 жылы атаулы әлеуметтік көмек көмек алды. Жұмыстың жоқтығы мен кедей тұрмысты халықтың төмен табыстары 2002 жылы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрылымын алдын-ала анықтады, олар: балалар, жұмыссыздар және жұмыс істейтін азаматтар. Өзгелер санатынан мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер, оралмандар және басқалар кіреді. 

 

Кесте 7. 2000-2002 жылдардағы мемлекеттік төлемдер. [6, 52]

Информация о работе Кедейшілік