Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кесте 5. кейбір елдердегі жұмыссыздық деңгейі, 2002
Елдер |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
Норвегия |
2,9 |
Польша |
5,1 |
Жапония |
5,4 |
АҚШ |
5,8 |
Канада |
7,1 |
Ресей |
8,0 |
Қазақстан |
9,2 |
Украина |
10,2 |
Германия |
10,9 |
Оның үстіне, кедейшілік проблемасын еңбек нарығындағы келеңсіз жағдай да шиеленістіре түсті, олар: еңбек қызметіндегі табыстардың күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейлері,бірқатар мемлекрде еңбекке қабілетті жастағы халықтың еларалық еңбек көші-қонымен бейнет көрулері, жұмыспен қамтылған халықтың ұзын санының экономикалық қызметтің жеке салаларына шоғырлануы. Кедейшілік ауқымдарында қоғамда ұлттық байлақты бөлудегі орасан үлкен теңсіздік ықпал етті.
Достастық мемлекеттердегі кедейшілік сипатына халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі ерекшеліктер қатты әсерін тигізді. Жаңа мемлекеттер, бүкіл халықты дерлік қамтитын және оған әлеуметтік кепілдіктердің біршама жоғары деңгейін қамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік кепілдіктердің біршама жғары деңгейін қамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік қорғау жүйесін мирас етті.
ТМД елдердің тәжірибесін
жалпылау мен кедейшілік проблемасын
зерттеп-зерделеу жөніндегі халықаралық
тәжірибе негізінде ТМД елдерінің
Статистикалық комитеті әлеуметтік
индикаторлардың үлгілік
Сонымен қазіргі кезде ТМД елдері үшін жұмыс істейтіндердің басым көпшілігінің еңбек табыстарының нақты мазмұнын елеулі арттырумен сабақтас өзара байланысты экономиканы көтеру және жұмыспен өнімді қамтылуды ұлғайту айрықша өзекті мәселе болып табылады. ТМД елдеріндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігін бәсеңдетуге әзірше шамасы келмейтіні туралы болжам жасауға болады. Халықтардың осал жіктерінің табыстары мен тұтынуын қамтамасыздандырудың осы саласы, жұмыспен қамтылудан түсетін бастапқы табыстарды қалыптастыру жүйесі сияқты, сондай-ақ реформалауды жалғатыруды қажетсінеді. ТМД елдеріндегі кедейшіліктің осы сияқты сан түрлі бағалаулары қолданылады. Осы арқылы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әр елдің өзінікд ерекшеліктері көрінеді.
Қорыта айтсақ, ТМД елдері мен дамуы әр түрлі елдердің кедейшіліктері әлеуметтік-экономикалық жағынан да демографиялық жағынан да бір-бірімен ерекшеленеді. Соның ішінде біздің еліміздің де кедей таптарының өзіндік айырмашылғы бар. Олар құрылымына байланысты, жасына, аймақтық ерекшелігіне, экологиялық, климаттық жағдайына байланысты ерекшеленеді.
Кедейлікті жеңу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру – Қазақстан алдындағы стратегиялық мақсаттарының бірі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кедейлік мемлекеттің экономикалық әлсіздігін көрсетеді және саяси тұрақсыздықтың басты себебі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі елдің қазіргі даму кезеңінде кедейшіліктің деңгейін төмендету болып отыр. Адам дамуы потенциалының көзарасы бойынша, кедейлік дегеніміз нормаға сай өмір сүруді қамтамасыз ететін мүмкіндіктердің жоқтығы. Кедейліктің біржақты айқындалған анықтамасы жоқ, ал оны өлшеу айқындалған еркшеліктердің қиындықтарымен, осы құбылысты бағалау мен толық жинақталған мәліметтердің жоқтығымен байланысты. Кедейлік деңгейін сандық өлшеу және халықтың әсіресе, экономикалық жағынан әлсіз топтарын анықтау - әлеуметтік көмек жүйесін тиімді қамтамасыз етуге ұмтылатын кез-келген мемлекеттің маңызды міндеті.
Кедейшілік деңгейінің ойдағыдай азаюы экономика мен әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан өзгерістердің нәтижелерінен, және олардың өмір сүру деңгейіне, жұмыспен қамтамасыз етуде және әр түрлі төлемақылар құрылымында қандай көрініс табуына байланысты. Жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі мен еңбек ақы және еңбек өнімділігінің жоғарылау үйлесімділігі – көптеген елдерге кедейліктен шығуға мүмкіндік берген тарихи биіктеудің маңызды бөлімі болды.
Сонмен қатар, экономикалық өсу әрқашан да кедейлер санының азаюын тудырмады себебі, жоғары жылдамдықтың жеткіліксіздігінен немесе үдемелі қозғалыстың толығымен жоқтығынан, халықың кедейленген топтарының қажетілілктерін қанағаттандыру үшін сапасы мен құрылымының бердей еместігі. Ол көбәне кедейліктің азаюына ықпал етеді, егер адам дамуы процесін кеңейтуге бағытталған мемлееттік қорлар және жұмыспен қамтду көбейту қоса жүрсе. Өсу кедейліктің масштабына ықпал етпейді, егер өмір сүру деңгейіне әсер етпейтін қаражаттар, мемлекеттің басқар қорларына немесе халықаралық қарызды өтеуге бөлінсе.
Кедейлердің мүддесін есепке ала отырып, өсу стратегиясының маңызды бөлшектері елдің жағдайына байланысты екенін көреміз, бірақ кедейлік мәселелерін табысты шешудің мақсатты міндеттері болуы керек. Бұл жерде басымдық бола алады:
Кедейлердің мүддесін есепке
ала отырып экономикалық саясат механизмін
құру. Адами және табиғи қорларды инвестициялық
деңгейде ұстау керек және оларды
мынандай тұрғыда қайта бөлу үшін
мемлекеттің күш жігерін
Кедейлердің мүддесін есепке
алғандағы экономикалық саясаттың
басты міндеті – халықты
Осылацша Республикадағы кедейлік тұрақтылықпен сипатталады және күшейе түсуде. Онымен күрес тсратегиясы глобальды шарттарды, сондай-ақ саяси қолдауды қажет етеді. Ол мынандай жағдайларға негізделуі керек: біріншіден, ол кедейлер мүддесін есепке ала отырып экономикалық өсуге, әсіресе қорлары тапшы аймақтарға, ауыл аймақтары тұрғындардың кедейлікпен күресу қабілетін нығайту және осы мақсат үшін тиісті саясатты және ұйымдастырушылық өзгерістерді, кедейлердің потенциалдық мүмкіндіктерін бекіту үшін кедейлердің ең қажетті экономикалық активтері жерге, тұрғын үйгеғ сонымен бірге медициналық қызметтерді алуға және білім алуға қол жеткізу мүмкіндігін белгілеу.
Бүгінде жалпы кдейлікпен күресте басты фактор ретінде жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру болып отыр. Өсіп келе жатқан жұмыссыздық байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық*ы кеңейте түседі. Жұмыссыздық ол кедейшіліктің ең түпкі тамыры. Осыған байланысты нарықтық экономикадағы ең маңызды және өзекті мәселе болып жұыссыздарды әлеуметтік қорғау болып тубылады. Жұмыссыздарды қорғаудың маңызды формасы – оларды жұмыспен қамтатасыз ету. Республикадағы жұмыспен қамтамасыз ету орындарының маңызды міндеті – жұмысқа орналастыру* Сондықтан да, ***ыс орынд*ры*ың жетіспеушілігі кезінде көне мамандық сапаларының өзгеруі және жаңа мамандықтардың пайда болуы кезінде бірінші орынға жұмыссыздарды қажетті маманға қайта оқыту, өз ісін ұйымдастыру және кәсіпкерлікке оқыту болып табылады.
Барлық аймақтық экономиканың дамуында ұзақ және орта өндірістер маңызды рөл атқарады. Олар жұмыссыз халықты жұмыспен қамтамасыз етуде басты үлесті алады және экономиканың өсуі мен өнім өндіру үшін қажетті қайнар көз болып табылады. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуде көптеген жұмыс орындарын ашу елдегі жұмыссыздықтың біршама азаюына және кедейшіліктің болмауына алып келеді.
Осыған орай жалпы аймақтық көрсеткіш бойынша 2003 жылы елде 244,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 273,5 мың жұмыспен қамтамасыз ету мекемелеріне тіркелгендердің екеуінің бірі жұмыспен қамтылған. Бұл статистикалық мәліметтерге қарап мемлекеттің мұқтаждығы бар халыққа жасап отырған қамқорлығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ та елдің географиялық жағдайы, табиғаты, экономикалық жағдайы әр аймақта алуан түрлі болғандықтан, көрсетіліп отырған көмектер жеткіліксіз.
Әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі жоғарыда айтып өткендей қазіргі оларды алушылардың кедейшілік деңгейін азайтуға толық шамада жәрдемдесе алмай отыр. Жалпы, зейнетақымен қамсыздандыруды қосқанда, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік қауіптер орнаған жағдайда халық кедейшілігінің алдын-алу мақсаттарында одан әрі жетілдіруді, оның нысанылылығын күшейту мен тиімділігін арттыруды талап етеді. Алдағы уақытта әлеуметтік тьөлемдердің мөлшерін өсіруді қосқандла, бірқатар шаралар қабылдау қажет. Міндетті әлеуметтік сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысанына айналуы тиіс. Оған қосымша, әлеуметтік саясат еңбюек және әлеуметтік қатынастарды аймақтық экономикалық теңсіздіктерді түбірімен жоюға бағытталуы керек. Әсіресе, көп балалы отбасыларға, соның ішінде ауылдық жерлердегі отбасыларына, толық емес отбасыларына, жағызбасты аналарға, қарт адамдарға, әлеуметтік оқшауландырылмауы үшін мүгедектерге, мигранттарға, әсіресе оралмандарға, босқындар мен шарасыз қоныс аударғандарға жаңа орынға жайғасулары мен олардың кәсіби мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалану үшін ерекше көңіл бқлу қажет. Мемлекеттік атаулы көмегі ақшалай түрде немесе кедей тұрмысты отбасылар, әсіресе балалар үшін азық-түлік және бөтен тауарлар беру түріндегі заттай жәрдемақылармен ұштастырылғаны жөн. Әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік жұмыскерлер институты жұмыс істейді. Осындай шаралар кедейшілік деңгейін азайту бойынша анағұрлым нысаналы және икемді қызмет жүргізуге септігін тигізер еді.
Бүгінгі күні осындай мемлекетке тәуелді халықтың санын азайтудағы әлеуметтік қорғаудың рөлі өте зор. Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. “Әлеуметтік қорғау” түрлі елдер әрқалай түсінеді. Дамыған елдердің көпшілігінде “әлеуметтік қорғау” термині үкімет ұйымдастыратын әлеуметтік бағдарламаларға және мұқтаж адамдарға ақшалай және заттай нысанда бөлінетін құжаттарға қатысты қолданылады. Жалпы халықты әлеуметтік қорғау – адамдардың өмір сүруіне керекті жағдайларды қамтатасыз ететін шаралар жүйесі.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуындағы үш кезеңді өлшеуге болады. Бірінші кезеңде (1992-1996) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жаңа заңнамалық база жасау қолға алынып, халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек төлемі, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері және халықтың ең осал топтарын әлеуметтік қорғау сияқты басым бағыттардағы әлеуметтік серіктестіктерді дамыту үшін негіздер қаланды. Екінші кезеңде (1997-1999) экономиканың өрлеуіне байланысты белсенді саясат жүргізу үшін мемлекетке нақты мүмкіндік пайда болды. Бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды, мәселен, халыққа шағын, несие беру бағдарламасы, қоғамдық жұмыстарды дамыту, зейнетақы жүйесін реформалау және басқалары. 1999 жылы сәуіп айынан бұрын қолданылып келген жеңілдіктер арнайы мемлекеттік жәрдемақы нысанындағы ақшалай төлемдерге өзгертілді. Мұндай шара мемлекеттік бюджет қаражаттарын анағұрлым ұтымды пайдалануға, оның орындалуына бақылау жүргізуге, сондай ақ әлеуметтік көмекті атаулы көрсетуге және бұрын жеңілдіктер пайдаланып келген барлық азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға бірдей мүмкіндік жасауға жағдай туғызды.
Үшінші кезеңде (2000ж бастап) “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”, “Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтылу туралы туралы” Заңдары, 2000-2002 жылдарда кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарлама, 2003-2005 жылдардағы кедейшілікті азайту жөніндегі Бағдарлама сияқты бірқатар заңнамалық актілер мен мемлекеттік бағдаламалар қабылданды. 2001 жылғы маусым айында халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы мақұлданды, ол әлеуметтік қорғау жүйесінің одан арғы дамуы мен жетілдіруін көздейді. Халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін жасау мақсатында 2003 жылғы сәуір айында “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Заң қабылданды, Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қауіптердің келесі түрлері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуді көздейді: еңбекке қабілеттілікті жоғалту, асыраушыдан айрылу және жұмыстан айрылу. Еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның жобасы қаралуда.
Халықты әлеуметтік
қолдау мәселесі әрдайым мемлекетіміздің әлеуме
Халықты әлеуметтік қолдауды одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін Республикалық семинар-кеңестің талқылауына Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауының аясында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, аз қамтылған балалы отбасыларын әлеуметтік қолдау, мүгедектерді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының орындалу мәселесі шығарылды.