Кедейшілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың

Оглавление

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать)

 

Әлеуметтік  төлемдердің түрлері, теңге

2000

2001

2002

Күнкөріс минимумы

4007

4596

4761

Зейнетақылар 

4462

4947

5818

Соның ішінде:

Жасына қарай (жай халық)

4298

4773

5665

Толық көлемде

4333

4807

5695

Алушының жұмыс  стажы толық емес кезде

2653

2980

3509

Еңбек сіңірген жылдар үшін

11229

11829

12102

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың  барлығы

3451

3630

4095

Солардың  ішінде жәрдемақы алушылар

Жасына қарай

2175

2325

2469

Мүгедектігіне қарай

2990

3153

3774

Асыраушыдан айрылған жағдай бойынша

4144

4371

4631

Әулетті құрылымдар

Мүгедектігіне қарай

10165

9722

9740

Асыраушыдан айырылған  жағдай бойынша

6079

6043

6018


 

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша мемлекеттің атаулы көмегін сұраған үй шаруашылықтарының үштен екі бөлігінен астамы оның маңыздылығын танып, үй шаруашылығының бюджетіне оң ықпал жасайтынын көрсеткен. Соған қарамастан, үй шаруашылықтарының үштен бір бөлігі атаулы көмектің пайдасыздығын атаған, өйткені мұндай көмек іс жүзінде олардың материалдық жағдайларын өзгертпеген. Оның үстіне, кедей тұрмысты халықтың 60%-н астамы мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін мүлде сұрамаған, өйткені, олардың пікірі бойынша, не оны алуға үміт артпаған, немесе осындай көмек алуға өздерінің құқықтарын растау үшін анықтамалардың ұзын санын жинау қиын болған, немесе оларды төлемдердің төмен мөлшері қызықтырмаған.

 

Диаграмма 1. Мемлекеттен  атаулы әлеуметтік көмек алғандар, 2002ж

 

 

 

Кедейшілік  проблемасын мойындай отырып, Қазақстан  үкіметі оның шешімін табуүшін айтарлықтай  күш-жігер жұмсауда. Осы проблеманы шешу мақсатында елде бірқатар бағдарламалар  жұмыс жасауда. 1997 жылы “Қазақстан 2030” ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдауға байланысты “денсаулық сақтау, білім және қазақстандықтардың әл-ауқаты” даму саласындағы ұлттық жеті басымдықтың бірі болып жарияланды. 2003-2005 жылдарды Қазақстан Республикасында кедейшілікті азайту туралы Бағдарлама. Бұл Бағдарлдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы №296 Қаулысымен бекітілген. Бұнда кедейшілік проблемасына республикадағы адам әулетін даму көзқарасы тұрғысынан қарайды. Оның мақсаты экономикалық өсу, өнімді жұмыспен қамту және халықтың табыстарын ұлғайту, кедей тұрмысты бұқара халықтың денсаулық сақтау және білім салаларындағы қызмет көрсетулерге мүмкіндіктерін арттыру, саяси шешімдер қабылдау үдерісіне қоғамдық институттарды қатыстыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасау жолымен кедейшілікті азайту болып табылады. Бағдарлама кедейшілік проблемасын шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік және салалық өзге бағдарламалармен үйлесімді іске асырылады, олар: “Білім”, “Халықтың денсаулығы”, “2004-2010 жылдарында ауылдық аумақтарды дамыту Бағдарламасы”, “Ауыз сулар”, 2001-2005 жылдарда ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет жүргізу жөніндегі Бағдарлама және т.б. құжаттар.

Көптеген елдердегі  сияқты, Қазақстанда да кедейшілік қаупі ауыл тұрғындары үшін жоғары болып келеді. 2002 жылы ауыл кедейшілігінің деңгейі 35%-ға жуық шаманы құрады. Бұл жоғары көрсеткіш неге байланысты. Біріншіден, жұмыссыздық – барлық елдердегі сияқты, жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және бұқара халық табыстарының төмен деңгейімен сабақтасады. Көп жанды отбасылардың қалың саны (асыруаында адамдар көп) сияқты демографиялық факторлар жағдайды одан бетер ушықтыра түседі.

Ауылда жұмысқа  орналасу мүмкіндігі, әсіресе жастар үшін өтек шектеулі. Мемлекет ауылды негізгі  жұмыс беруші міндетін атқарады, мұндай жұмыс орындары көбіне әлеуметтік сектордың қарауында. Ауыл халқының тұрмыс деңгейіне табиғи инфрақұрылымның тозуы, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері санының жеткілксіздігі, қауіпсіз ауыз суы мен суармалы судың тапшылығы, сондай-ақ экологиялық проблемаларда ықпалын тигізеді. Ауыл жолдарының жартылай бүоінген жай-күйлері ауылдың экономикалық дамуын шектейді. Мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт мекемелері сандарының қысқаруы ауыл тұрғындарының, осы әсіресе кедей тұрмыстылардың жағдайын тежейді.

Ауылда дамытуға мемлекеттің қолдау көрсетуі, қаржыландыру көлемін ұлғайту ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталуы тиіс. Салық салу саясаты ауыл шаруашылығындағы түрлі салалардың дамуы үшін қолайлы  болуы керек. Осы жағдайларды  мемлекет тарапынан жасап отыр деп айта аламыз, бірақ та әлсіздеу.

Жалпы осы кедей  халқының деңгейін төмендетуде, қоғамдық институттардың алатын орны өте зор. Солардың қызметін айта кетуді жөн  көрдім. Біріншіден біз кедей халықтың деңгейін төмендетудегі мемлекеттік  органдардың істеп отырған әрекеттеріне тоқталамыз.

Мемлекет кедейшілік деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін ең негізгі институт. Біріншіден, ол бизнес жасауға жағдайдың жасалуынан оған қоса налогтың инвестицияның сонымен  қатар, жеке кәсіпкерлер арасында бәсекелестің тууына жағдайдың жасалуынан көрінеді. Екіншіден, әлеуметтік салада халыққа мемлекеттік көмек көрсету (денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту) мақсатында бюджетті қаржыландыруды ұйымдастырудан көрінеді және қоғамдық инфрақұрылымның  құрылуынан (қоғамдық объектілердің құрылысы, жол, транспортпен қамтамасыз ету). Үшіншіден, елдегі әлеуметтік жағдайы нашар халықтың тобына міндетті түрде әлеуметтікғ көмек көрсету.

Соңғы жылдары  әлеуметтік салада халыққа мемлекеттік  көрсету қызметінің көтерілуіне  шаралар қабылданды. Жаңа зейнетақы жүйесіне көшу жүйесі және әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілу іске асырылады. 2004 жылдың соңында мемлекеттік орталықтан зейнетақы алушылардың саны 1603,4 мың адамды құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,5 пайызға қысқарғанын көрсетеді.  Сонымен қатар, зейнетақы 2003 жылмен салыстырғанда 8 пайызға өсті. Елдің әлеуметтік экономикалық дамуына мақсатты түрде бағытталған бағдарламалы бюджеттің құрылуымен қамтамасыз етілді. Бюджет ол ағымды бюджетке яғни, мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктерінің орындалуына бағытталған бағдарламалардың есебінен және даму бюджетіне яғни, экнономикадағы инвестицияға кеткен шығын мен есептелетін болып екіге бөлінді.

Сонымен қатар, халыққа административтік базалық  қызмет көрсетудің іске асырылуын талап  етілді, олар дегеніміз, бірінші ретті медико-санитарлық көмек көрсетілу, алыс жақтағы ауылдық аймақтардың халқына, сапалы орта білім алуға мүмкідік жасау.

Болашақта атаулы көмек жеткілікті түрде көрсетілуі талап етілді. Бұл бағыт бізде қызмет етуде, бірақ әлі жеткілікті түрде дамымаған. Жалпы атаулы көмек ол кедейліктің шегіне жеткен адамдар тобына беріледі. Аталған мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмекті алушылардың саны 2003 жылы 651,8 мың адамды құраса, ал 2004 жылы ол 470,2 мың адамды құрады. Халыққа көрсетіліп отырған мемлекеттік атаулы көмек орта есеппен 1110,2 теңгені құрайды.

Жалпы аймақтық тұрғыда көрсетіліп отырған көмекті  айтатын болсақ олар төмендегідей мәліметтерді береді. Атаулы көмек 2003 жылы Алматы облысында 914 мың адамға көрсетілген болатын. Нақ сол кезде астана қаласында атаулы көмек 2 мың адам алды. Ал келесі жылы аймақтық деңгейде бұл көрсеткіштер екі еседей қысқарылды. Қызылорда облысында ол 36,3 пайызға қысқарылды, ал батыс Қазақстанда, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында бұл көрсеткіш 12 пайыздан 16 пайызға көтерілді.

 

Кесте 8. Аймақтық деңгейдегі 2003-2004 жылдардағы атаулы көмекті алғандар және көрсетілген көмектің орта айлық көлемі [10].

 

 

Атаулы көмек  алушылар саны

Атаулы көмектің орта айлық көлемі

2003

2004

2003

2004

Қазақстан Республикасы

651842

470242

1119,5

1110,2

Ақмола 

27520

20980

1104,7

1240,4

Ақтобе

40349

22934

1020,1

1087,2

Алматы

91140

41073

988,2

937,9

Атырау

52323

36709

1323,1

1343,7

Шығыс Қазақстан

74193

64308

1096,5

1204,0

Жамбыл 

47786

34476

731,5

765,1

Батыс Қазақстан

32326

21570

1197,2

1243,7

Қарағанды

48635

36199

1057,6

1115,8

Қостанай

22098

21167

746,8

771,4

Қызылорда

41753

34062

1954,1

1243,9

Маңғыстау

15904

12291

1876,3

1645,2

Павлодар

35884

21952

1307,7

1304,6

Солтүстік Қазақстан

23571

23085

1022,4

1142,5

Оңтүстік Қазақстан

86152

69793

882,5

898,4

Астана қаласы

1878

1983

1478,4

1518,2

Алматы қаласы

10330

7660

1421,0

1642,3


 

Келесі кезекте  басқарушы емес ұйымдардың және кәсіподақтың кедейлік деңгейінің төмендеуіндегі алатын орнын қарастырайық. Басқарушы емес ұйымдар кедейшілікті жеңуге тура немесе жанама түрде бағытталған әлеуметтік мағыналы бағдарламалармен айналысады. Басқарушы емес ұйымдар жұмыспен қамту, шағын несие беру, кәсіпкерлікті дамыту, қайырымдылық, жағдайы нашар халыққа әлеуметтік қолдау көрсету, реабилитациондық, физикалық, психологиялық мәселелері бар адамдармен коррекциондық жұмыс істеу, жазылмайтын аурулармен жұмыс істеу, тәуекелді топтармен (нашақорлар, маскүнемдер, асыраусыз қалған балалар), адамдық құқықты қорғау, экология тағы басқа бағдарламалардың жұмыс істеуімен айналысады. Кәсіподақ ол Қазақстандағы әлеуметтік реформаның келісімді т.рде енуіне бағытталған жұмысқа қатысады. Дәл қазіргі уақытта профсоюздың жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ету және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жүйесі жеткіліксіз түрде қызмет етуде.

Келесі кезекте  жеке меншікті секторлардың кедейшілік деңгейінің төмендеуіндегі алатын орнына тоқталайық. Жеке меншік секторлары кедейшіліктің  деңгейінің төмендеуінде белгілі деңгейде орын алады. Қоғамдағы еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда және хал-ахуалы нашар халықтың тобына қайырымдылық көмек көрсету арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемалардың шешілуіне септігін тигізеді. Жұмыскерлерге толық емес түрде әлеуметтік жағдайы нашар халықтың тобына арналған жаңа жұмыс орындарын ашу туралы стимул қолданылуда. Қайырымдылық қорына келетін болсақ, ол бағыт біздің елде әлі жеткілікті түрде дамымаған.

Келесі кезекте  кедейлердің өздерінің шешім  қабылдаудағы алатын орны туралы тоқтала кетсек. Жалпы кедейліктің деңгейін төмендетуде әлемдік тәжірибенің көрсетілуі, ол ең бір сапалы бағдарлама, әлеуметтік көмекті алушы топтарды қоса, аймақтық деңгейде сол аймақтың тұрғындарының қатысуы   мен нақты бір мақсаты шешімдер қабылдау болып табылады. Бүгінгі күні кедей халық, олардың мәселесін шешу туралы бағдарламалар қалай құрылып, қалай қолданылып жатқандарынан бейхабар десек қателеспеппіз. Бұл дегеніміз қазіргі әрекет етіп отырған программалар кедейлердің өздерінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермегендіктен жиі мақсаттарына жете бермейді.

Сонымен кедейшілікпен  күресуде билік басындағылардың, халықтың, бизнестің, кәіподақтың пікірлеріне  аздап тоқтала кеткенді жөн көрдім.

Биліктің пікірі:ауыл шауашылығында өндірісті көтеру; шағын, орта кәсіпорындар жұмыс істеуі керек; мемлекет жағдайы нашар халықтарға әлеуметтік көмек көрсету керек, ал еңбекке жарамды халық тобы тпбыс таба білуі керек; кедейлерге заттай көмек көрсету жолдарын ашу; әлеуметтік көмек көрсету критерлерін жақсарту; минималдық жалақыны көтеру; кедейліктің шынайы келбетін анықтау.

Информация о работе Кедейшілік